Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2021 жылғы 16 шілдедегі № 349 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 шiлдеде № 23684 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 130) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
И. Кульшимбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 349 бұйрығымен
бекітілген

Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 130) тармақшасына сәйкес өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу тиянақтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Нұсқаулықта терминдер мен олардың анықтамалары "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мағынада қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2 тарау. Аварияларды жою жоспары

      3. Әрбір қауіпті өндірістік объект үшін Жоспар әзірленеді. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдар жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей, Жоспарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметі (бұдан әрі - авариялық-құтқару қызметі) келісуге ұсынады. Жоспар қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авариялық-құтқару қызметімен тікелей келісіледі.

      4. Жоспарда мыналар көзделеді:

      1) адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар;

      2) авариялардың пайда болуының бастапқы сатысында оларды жою жөніндегі іс-шаралар;

      3) авария туындаған кездегі персоналдың іс-қимылы;

      4) авариялық-құтқару қызметінің іс-қимылы;

      5) аварияға қарсы жаттығулар мен оқу дабылдарын өткізу кестелері;

      6) авария болған жағдайда құлақтандырылатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімі;

      7) қауіпті өндірістік объектінің схемасы көрсетіледі.

      5. Жоспар бекітуге жатады:

      бастапқы - қауіпті өндірістік объектіні іске қосу кезінде;

      мерзімді - жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей;

      кезектен тыс – Заңның 80-бабына сәйкес келмеген жағдайда, өндіріс технологиялары және технологиялық процесті басқару өзгерген кезде, авариядан кейін аварияның себептерін тексеру нәтижелері бойынша. Сондай-ақ, егер жоспардың қолданылуы ішінде қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйым өзге авариялық-құтқару қызметімен шарт жасаса. Күнтізбелік он күн ішінде жоспарға тиісті өзгерістер енгізіледі.

      6. Жоспар авариялық-құтқару қызметімен келісіледі және қауіпті өндірістік объектіде жұмыстар басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын ұйым басшысы бекітеді. Авариялық-құтқару қызметі ұсынылған жоспарды алған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды.

      7. Жоспар Заңның 80-бабына сәйкес келмеген жағдайда, авариялық-құтқару қызметі осы Нұсқаулықтың 5-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымның басшылығына жоспармен келіспейтіндігін негіздейтін бас тарту себептері көрсетілген дәлелді құжатты жазбаша нысанда жібереді. Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйым жоспарды авариялық-құтқару қызметіне келісуге қайта ұсынады.

      8. Жоспар (немесе одан үзінді) қауіпті өндірістік объектінің жалпыға қолжетімді орнында орналастырылады.

      9. Жоспарға мыналар кіреді:

      1) жедел бөлім;

      2) аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында міндеттерді бөлу және оның қолданылу тәртібі;

      3) авария туралы дереу хабарланатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімі осы Нұсқаулыққа 1 қосымшада келтірілген.

      10. Жоспар барлық қосымшалары бар түпнұсқада:

      объектінің басшысы;

      диспетчер немесе объект бойынша кезекші;

      авариялық-құтқару қызметінің басшысы.

      11. Объект басшысындағы Жоспардың данасына 2 қосымшаға сәйкес авария кезінде объектіге рұқсаттама бланкілері қоса беріледі аварияны жою жөніндегі жедел журнал осы Нұсқаулыққа 3 қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      12. Жоспардың жедел бөлігі осы Нұсқаулықтың 4 қосымшасында нысаны көрсетілген.

      13. Жоспарда мынадай шаралар көзделеді:

      персоналды авария туралы хабардар ету тәртібі;

      аварияның әсер ету аймағынан персоналды эвакуациялау тәртібі;

      зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету тәртібі;

      персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны тез арада эвакуациялау үшін техникалық құралдарды пайдалану;

      әрбір жұмыс орнынан (жұмыс аймағынан) персоналды эвакуациялауды жүзеге асыратын адамдарды тағайындау.

      14. Жедел бөлімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      персоналды эвакуациялау жолдары мен кіреберіс жолдары көрсетілген объектінің сызбасы;

      өрт сөндіру жүйесінің схемалары;

      желдету схемалары;

      электрмен жабдықтау схемалары;

      газ желілерінің схемалары;

      сығылған ауаны беру схемалары;

      байланыс және құлақтандыру жүйелері.

      15. Жоспардың жедел бөлігін жасау жөніндегі нұсқаулар:

      Жоспардың жедел бөлімі объектінің барлық учаскелерін қамтиды. Егер шығу жолдары мен адамдарды қауіпсіз шығару жөніндегі іс-шаралар осы учаскелер үшін бірдей болса, Жоспардың позициясына бір немесе бірнеше учаскелер енгізілуі мүмкін;

      әрбір позиция бойынша аварияларды жою үшін пайдаланылатын құралдар, олардың саны мен орналасқан жері көрсетіледі;

      Жоспардың жедел бөлігін оның пайда болуының бірінші сәтінде аварияларды жоюға тікелей қатысы жоқ іс-шараларды өткізу туралы нұсқаулармен қайта жүктеуге жол берілмейді.

      Персоналды авария туралы хабардар ету барлық жағдайларда бір-біріне тәуелсіз екі тәсілмен жүзеге асырылады.

3 тарау. Аварияға қарсы жаттығулар

      16. Аварияға қарсы жаттығулар (бұдан әрі-жаттығулар) пайдалану құжаттамаларының және жөндеу-пайдалану паспорттары мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нұсқаулықтардың талаптарын қолдана отырып, персоналдың практикалық дағдылары мен технологиялық бұзушылықтар туындаған кезде өз бетінше, тез және техникалық сауатты әрекет ету қабілетін алу мақсатында жүргізіледі.

      Персоналдың өз бетінше және ұжымдық іс-қимылдар негізінде авария мен оқыс оқиға кезінде қауіпті өндірістік факторлардың дамуын жою және алдын алу қабілетін тексеру мақсатында оқытудың және персоналмен жұмыс істеудің міндетті нысаны ретінде аварияға қарсы жаттығуға қатысу болып табылады.

      17. Аварияға қарсы жаттығу Жоспардың әрбір позициясы бойынша объектінің қызметкерлерімен және персоналымен жүргізіледі. Аварияға қарсы жаттығулар объектідегі жұмыс режимін бұзбай жүргізіледі.

      Жаттығуларды өткізу келесі міндеттерді шешуді қарастырады:

      1) персоналдың технологиялық бұзушылық туралы ақпаратты дұрыс қабылдау және талдау қабілетін тексеру, осы ақпарат негізінде оны белгілі бір іс-әрекет немесе нақты өкімдерді қайтару арқылы жою жөнінде оңтайлы шешім қабылдау;

      2) кез келген жағдайда және барынша қысқа уақытта жедел шешімдер қабылдаудың нақты дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету;

      3) қауіпті өндірістік объектілер персоналының кәсіптік даярлық деңгейін және жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды әзірлеу болып табылады.

      18. Жаттығуды өткізудің мақсаты объектінің авариялар мен инциденттерді жоюға дайындығын, персоналдың жою кезіндегі өз іс-қимылдарын білуін тексеру болып табылады.

      19. Аварияға қарсы жаттығудың қорытындылары актімен ресімделеді, онда аварияға қарсы жаттығудың барысы бойынша ескертулерді жою жөніндегі ескертулер мен ұсыныстар көрсетіледі. Аварияға қарсы жаттығуды талдау нәтижелері бойынша объектідегі жоспарда анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.

4 тарау. Оқу дабылы

      20. Жоспардың тиімділігін тексеру мақсатында әрбір объектіде жылына кемінде бір рет объектіге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі бөлімшесін шақыра отырып, оқу дабылы жүргізіледі.

      21. Оқу дабылын жүргізу объектіде жүргізілетін жұмыстардың, авариялар туындаған жағдайда авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етудің бұзылуын тудырмайды.

      22. Оқу дабылын өткізу міндеттері::

      объектінің, персоналдың адамдарды құтқаруға және аварияны жоюға дайындығын тексеру;

      Жоспардың объектідегі нақты жағдайға сәйкестігін тексеру;

      объектіге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерін тексеру.

      23. Оқу дабылын қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның техникалық басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.

      24. Жоспарға сәйкес объектіде оқу дабылын өткізу күні ұйым және авариялық-құтқару қызметі басшылығының бірлескен шешімімен айқындалады. Объектінің персоналына оқу дабылын өткізу күні мен уақыты туралы хабарланбайды.

      25. Дабыл басталғанға дейін тексерушілер:

      "авария" орны және сипатын белгілейді;

      оқу дабылының басталу уақытын белгілейді;

      бақылаушылардың саны мен орналасуын нақтылайды, оқу дабылын жүргізу тәртібін жасайды;

      шақырылатын авариялық-құтқару қызметтерінің санын анықтайды;

      авария туралы хабарланатын тізімнен шығаруға жататын адамдар мен мекемелердің тізбесін айқындайды.

      26. Оқу дабылын жүргізуге басшылық ететін адамдар оқу-жаттығу басталар алдында бақылаушыларға олардың міндеттерін түсіндіреді және оларды оқу дабылын жүргізу тәртібімен таныстырады.

      27. Барлық бақылаушылар белгіленген уақытқа дейін оқу дабылының жүргізілуін бақылау үшін орын алады.

      28. "Авария" туралы хабарлау тапсырылған бақылаушы белгіленген уақытта "авария" орнынан объектінің диспетчеріне (кезекшісіне) оның орны мен сипатын көрсете отырып, "авария" туралы қоңырау шалады.

      29. Объектінің диспетчерінде (кезекшісінде) тұрған бақылаушы оларды авария туралы хабардар етілмейтін адамдар мен мекемелердің тізбесімен таныстырады және қалған адамдар мен мекемелерді шақырудың дұрыстығы мен уақтылығын бақылайды.

      30. Тексерушілер аварияны жою жөніндегі жұмыстардың жауапты басшысының, құтқару жұмыстары басшысының, "аварияға" келген адамдардың іс-қимылдарын "аварияның" бастапқы кезеңіндегі олардың іс-қимылдарына ерекше назар аудара отырып, Жоспарда көзделген міндеттерді бөлуге сәйкес бақылайды.

      31. Бақылаушылар әрқайсысы өз бекетінде авариялық-құтқару қызметі персоналының, бөлімшелерінің іс-қимылын, авария кезінде пайдалануға жататын техникалық құралдардың жай-күйін, олардың дұрыс қолданылуын, қосалқы шығу жолдарының жай-күйін тексереді.

      32. Оқу дабылы кезінде:

      "авария" туралы хабарлау тәсілі және оған жұмсалған уақыт;

      авариялық-құтқару қызметі бөлімшесін шақыру уақыты және объектіге келу уақыты;

      объектіге "авария" туралы хабарланған лауазымды адамдардың келу уақыты;

      адамдардың "авариялық" учаскеден қауіпсіз орынға шығуына (шығуына) жұмсалған уақыт (егер мұндай шығару Жоспарда көзделсе) ;

      объектінің жауапты басшысының және өндірістік бақылау тұлғаларының Жоспарда көзделген адамдарды шығару жөніндегі іс-шараларды және "аварияны" жою жөніндегі жұмыстарды орындауы;

      "авария" орнында ("өрт" кезінде) өртке қарсы құбырда судың болуы, оның "өрт" орнындағы қысымы мен шығысы, "өрт" ошағына тікелей су беруге жұмсалған уақыт;

      персоналдың іс-қимылының Жоспарға сәйкестігі, олардың қосалқы шығу жолдарын білуі, жеке қорғану құралдарының болуы және оларды пайдалана білуі;

      персоналдың өртті оның пайда болуының бастапқы сәтінде сөндіру білігі;

      персоналдың "авария" кезінде "зардап шеккендерге" дәрігерге дейінгі Алғашқы медициналық көмек көрсете білуі;

      авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерінің авария түрі бойынша алған жарақтарының толықтығы мен дұрыстығы және оны пайдалана білу;

      бөлімшелердің адамдарды шығару, "зардап шеккендерді" шығару және оларға дәрігерге дейінгі Алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларды орындауы;

      авариялық-құтқару қызметі жеке құрамының өзара іс-қимылының үйлесімділігі мен анықтығы;

      бөлімшелердің "аварияларды" жою жөніндегі тапсырмаларды орындауы;

      құтқарушылардың газдалған атмосферада жұмыс істеу кезінде байланыс орнату және сигналдық кодты пайдалану білігі;

      бөлімше командирлерінің "авария" орнына және кері қарай әртүрлі бағыттар бойынша қозғалыс кезінде оттегі шығынын есептеу білігі;

      бөлімше командирінің іс-қимылының дұрыстығы және газдалған учаскелерде бөлімшені басқара білу;

      "авариялық" учаскеде өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіргіштердің, құмның немесе инертті шаңның, газдануды анықтауға арналған құралдардың, сигналдық ленталардың, өрт қалқандарының) болуы;

      адамдарды "авариялық" учаскеден шығару және авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерін "авария" орнына жеткізу үшін көліктің даярлығы;

      өртке қарсы су айдындарының, сорғылардың, өртке қарсы құбырлардың, вентильдер мен өрт гайкаларының болуы, жай-күйі және оларды пайдалану мүмкіндігі;

      материалдар қоймаларының, өртке қарсы поездардың жинақталуы және өртке қарсы поезды "авария" орнына жеткізуге жұмсалған уақыт;

      анықталады.

      33. Жерасты жұмыстары кезінде:

      "авария" кезінде жерасты қазбаларынан адамдардың шығуы кезінде көтергіш қондырғыларды пайдаланудың дұрыстығы және олардың жай-күйі;

      қосымша шығыс ретінде қызмет ететін қазбаларда және осы қазбалардың тарамдарында қазбаның атауы мен шығу бағыты көрсетілген көрсеткіштердің болуы.

      34. Оқу дабылы аяқталғаннан кейін тексерушілер объектінің бақылаушыларымен, басшыларымен және персоналымен, "аварияны" жоюға қатысқан авариялық-құтқару қызметінің тиісті бөлімшелерінің командирлерімен бірлесіп оқу дабылын талдауды жүргізеді.

      35. Бақылаушылар объектінің тексерілетін учаскесіндегі Ереженің Жоспарға сәйкестігі туралы, учаскенің, авариялық-құтқару қызметі бөлімшелерінің техникалық персоналының дайындығы туралы баяндайды.

      36. Жүргізілген оқу дабылы туралы Акт ұйым басшысына, тексерілетін авариялық-құтқару қызметі бөлімшесінің командиріне тапсырылады және оған бағалауды көрсете отырып және жүргізілген оқу дабылы бойынша ұсыныстар енгізе отырып, оқу дабылын жүргізуге қатысқан уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі қол қояды.

      Оқу дабылын өткізу нәтижелері объектіде жұмыс істейтін ұжымдардың жиналыстарында талқыланады.

      37. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйымның басшысына және авариялық-құтқару қызметінің командиріне жүктеледі.

  Қауіпті өндірістік
объектілерде аварияларды жою
және оқу дабылдарын және
аварияға қарсы жаттығуларды
өткізу жоспарын әзірлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
1-ші қосымша
  Нысан

Авария туралы хабардар етілетін лауазымды тұлғалар мен мекемелердің тізімі

№ р/с

Ұйым немесе лауазымды тұлға

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қызметтік

Үйінің

Қызметтік

Үйінің

телефон №

мекенжайы

1

Авариялық-құтқару қызметінің кезекшісі






2

Ұйым басшысы






3

Объект басшысы






4

Өрт сөндіру бөлімінің кезекшісі






5

Бас мамандар






а)







б)







в)







г)







д)







6

Объектінің бөлімше бастықтары






а)







б)







в)







г)







д)







ж)







з)







и)







7

Медициналық қызметтің басшысы






8

Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі






9

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кезекшісі






10

Ішкі істер бөлімі






11

Прокуратура






  Қауіпті өндірістік объектілерде
аварияларды жою жоспарын
әзірлеу және оқу-жаттығу
дабылдары мен аварияға қарсы
жаттығуларды жүргізу жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша
  Нысан

Рұқсат қағазы

      __________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      ___________________________________________________________________ берілді.

      (авариялық объектінің аумағына өту үшін)

      _______________________________________________

      (рұқсат қағазын берген адамның Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      20___ж. "___" ___________, ____ сағ. _____ мин.

      _______________________

      (қолтаңбасы)

  Қауіпті өндірістік
объектілерде аварияларды жою
жоспарын әзірлеу және оқу-
жаттығу дабылдары мен
аварияға қарсы жаттығуларды
жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
  Нысан

Аварияларды жою жөніндегі жедел журнал

      __________________________________________________________________________

      (ұйым)

      Авария болған орын ________________________________________________________

      Аварияның ситпаты ________________________________________________________

      Аварияның туындау уақыты (жыл, күн, ай, сағат, минут) _________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

Күні

Сағаты мен минуты

Аварияны жөніндегі тапсырманың мазмұны мен орындалу мерзімі

Тапсырманы орындауға жауаптылар

Тапсырманың орындалуы туралы белгі (күні, сағаты, минуты)

1

2

3

4

5






      Аварияларды жою жұмыстарының жауапты басшысы

      Қолтаңбасы ____________________

  Қауіпті өндірістік
объектілерде аварияларды жою
жоспарын әзірлеу және оқу-
жаттығу дабылдары мен
аварияға қарсы жаттығуларды
жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
  Нысан

Аварияны жою жоспарының жедел бөлімі

Аварияны жою жөніндегі іс-шаралар

Іс-шараларды орындауға жауапты адамдар мен орындаушылар

Адамдардың шығу жолдары

Құтқару бөлімшелерінің жүру жолдары

Құтқару бөлімшелеріне берілетін тапсырма

1

2

3

4

5






      Объект басшысы

      Келісілді: Авариялық-құтқару қызметінің басшысы