ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, қазақ және орыс тілдерінде конкурстық (аукциондық) құжаттама әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен, концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келіседі.
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы концессиялық жобаның конкурстық (аукциондық) құжаттамасына салалық қорытынды дайындауды жүзеге асырады.
Концессиялық жобаның конкурстық (аукциондық) құжаттамасына салалық қорытынды:
1) саланың одан әрі дамуына әсер ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
2) концессиялық жоба мақсаттарының саладағы бар проблемаларды шешуге сәйкестігін;
3) концессионер мен концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, концессиялық жобаны іске асырудың баламалы нұсқаларын;
4) концессиялық жобаны іске асыру және мұндай іске асыру болмаған жағдайларда саладағы ахуалды;
5) концессиялық жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлуді;
6) концессиялық жобаны іске асырудан экономиканың сабақтас салаларына (аяларына) болжамды мультипликативтік әсер етуді;
7) құрылыс қызметін көздейтін концессиялық жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысымен қамтылмаған концессия объектісі компоненттері оңтайлылығын, жеткіліктілігін және құнын бағалауды қамтиды. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурстық (аукциондық) құжаттама құрамында концессиялық жобаның ТЭН-і және концессиялық жобаның ТЭН-іне ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы болмаған жағдайларда, концессия объектісінің барлық компоненттері бойынша оңтайлылықты, жеткіліктілікті және құнды бағалау қосымша жүргізіледі;
8) көлемдерін көрсете отырып, концессионерге беру жоспарланып отырған мемлекеттік қолдау шараларын және шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізілген жағдайда) бағалауды қамтиды.
Концессиялық жобаның конкурстық (аукциондық) құжаттамасына салалық қорытындыны дайындау:
егер жоба республикалық болса, концессиялық жобаның конкурстық (аукциондық) құжаттамасын әзірлеу аяқталған күннен бастап;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы концессиялық жобаның конкурстық (аукциондық) құжаттамасын тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына енгізген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Концессиялық жобаның конкурстық (аукциондық) құжаттамасына қорытындыға тиісті саланың мемлекеттік органының бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.
Конкурстық құжаттаманың мазмұны мен шарттары Заңның 17-бабына сәйкес айқындалады.
ТЭН құрамында табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жобаның тариф белгілеу тәртібі "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының талаптары ескеріле отырып әзірленеді.";
26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген) рейтингілік агенттіктер тізбесіне енгізілген халықаралық рейтингілік ұйымның рейтингі берілгенін растайтын құжатты;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурс (аукцион) өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын, ал қайталама конкурс (аукцион) өткізілген кезде кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында конкурс (аукцион) өткізу туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде міндетті түрде жариялайды.";
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес конкурсты (аукционды) өткізу барысында ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген жағдайда, ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурс (аукцион) шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.";
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурс (аукцион) шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде тиісті шешімдер комиссияның хаттамалық шешімімен ресімделеді.";
2) тармақшада:
төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуетті концессионердің бірінші басшысы немесе уәкілетті өкілі қол қойған және әлеуетті концессионердің мөрімен (болған жағдайда) расталған соңғы қаржы жылындағы соңғы есепті күнге арналған "Негізгі құралдар" бухгалтерлік балансы баптарының таратылып жазылуын.
Әлеуетті концессионердің бірінші басшысы немесе уәкілетті өкілі қол қойған және әлеуетті концессионердің мөрімен (болған жағдайда) расталған, дебиторлық және кредиторлық берешектің пайда болу күні мен болжамды өтеу күні көрсетілген, берешектің не үшін пайда болғаны, сондай-ақ олардың құнсыздануы бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы қаржы жылындағы соңғы есепті күнге олардың таратылып жазылуын қамтиды. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыз шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;";
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"есебі мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы, конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берілген, үш айдан астам уақыт ішінде бір теңгеден кем мөлшердегі (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек туралы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек туралы ақпарат жөнінде мәліметтерді;";
он төртінші және он бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген) сәйкес әлеуетті концессионерге қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктің немесе банк филиалының қол мен мөр (болған жағдайда) бар, екінші деңгейдегі банк немесе банк филиалы алдында әлеуетті концессионердің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астамға созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы.
Егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктің немесе банктер филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады. Анықтама конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы екі айдан ерте берілмеуі тиіс.";
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жай серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса берілуге тиіс;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) әлеуетті концессионердің контрагенттермен жасасқан, концессиялық жобаға инвестициялардың тартылуын растайтын конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы алдында кепіл ретінде алдын ала келісім шарттарының және банктік қарыз, қаржыландыру шарттарының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі. Қаржыландыруды, кепілдіктерді алдын ала келісу шарттарына конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының алдында контрагенттерде тізбесі конкурстық (аукциондық) құжаттамада белгіленетін қажетті қаржы қаражатының бар екенін растайтын құжаттар қоса беріледі;";
42-тармақтың 1) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"екінші деңгейдегі банктің немесе банк филиалының қол мен мөр бар анықтамасының түпнұсқасында әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астамға созылған мерзімі өткен берешегінің болуы;";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"есебі мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерде үш айдан астам уақыт ішінде бір теңгеден кем мөлшердегі (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек туралы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек туралы ақпараттың болуы;";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Келіссөздерге конкурсқа қатысушы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушымен келісу бойынша банктерді, қаржы ұйымдарын, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі үшінші тұлғаларды тарта алады.
Келіссөздердің қорытындылары конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мен конкурсқа қатысушының уәкілетті адамдары қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша комиссияның олардың нәтижелері туралы тиісті шешімі қабылданады.
Келiссөздер барысында Заңның 20-бабының 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурстың (аукционның) шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлерi мен сипаттамаларына өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптарда:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Конкурстық (аукциондық) құжаттама сараптамасының қорытындысы мыналарды:
конкурстық (аукциондық) құжаттаманың паспортын;
конкурстық (аукциондық) құжаттаманың Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) және концессия саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалауды;
ақпараттық парақты бағалауды, оның ішінде концессионерге ұсыну жоспарланып отырған мемлекеттік қолдау шараларын және шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздерін бағалауды;
конкурстық (аукциондық) құжаттама шарттарын бағалауды;
концессия шартының жобасын бағалауды;
конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға, Концессиялар жөніндегі комиссияға, өзге де мүдделі адамдарға:
конкурстық (аукциондық) құжаттаманың сапасын арттыру;
концессиялық жобаны басқару сапасын арттыру;
концессиялық жобаны іске асыру тиімділігін қамтамасыз ету және тәуекелдерді басқару бойынша ұсынымдарды қамтиды.
Конкурстық құжаттамаға сараптама жүргізу кезінде екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізілген жағдайларда ақпараттық парақтың қаржылық және техникалық-технологиялық бөлімдерін, сондай-ақ конкурстық құжаттама және шарт жобасы шеңберінде концессионерге беру жоспарланып отырған мемлекеттік қолдау шараларын және шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздерін бағалау талап етілмейді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Концессия шартының жобасын конкурстық (аукциондық) құжаттама құрамында бағалау мыналарды:
1) концессия шартының жобасын Заңның 21-бабына сәйкестігіне талдауды;
2) конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкес концессия шартының жобасын талдауды;
3) сыртқы жағдайлар өзгерістерінің концессиялық жобаны іске асыруға әсерін бағалауды қоса алғанда, концедент пен концессионердің тәуекелдерін талдауды;
4) концессионердің қызметін мемлекеттік қолдауды ұсыну, сондай-ақ концессионердің шығындарын өтеу және кірістерін алу шараларын, көлемдері мен шарттарын талдауды;
5) тараптардың жауапкершілігін, концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде туындауы мүмкін дауларды қарау шарттарын талдауды;
6) конкурстық (аукциондық) құжаттама құрамында концессия шартының жобасы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтиды.
Концессия шартының жобасын конкурстық құжаттама құрамында бағалау кезінде екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізілген жағдайларда концессионер қызметіне мемлекеттік қолдауды ұсыну, сондай-ақ концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу шараларын, көлемдері мен шарттарын талдау талап етілмейді.".
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Мынадай:
1) Қағидалардың 19-тармағының 2) тармақшасының сегізінші абзацы:
"есебі мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы, конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берілген, үш айдан астам уақыт ішінде бір теңгеден кем мөлшердегі (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек туралы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек туралы ақпарат жөнінде мәліметтерді;" деген редакцияда 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
2) Қағидалардың 42-тармағының 1) тармақшасының төртінші абзацы:
"есебі мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерде үш айдан астам уақыт ішінде бір теңгеден кем мөлшердегі (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек туралы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек туралы ақпараттың болуы;" деген редакцияда 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
5. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отыз алтыншы, отыз жетінші, қырық сегізінші және қырық тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі