"Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 765 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31224 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 107 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.05.2024 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15722 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Бұйрықпен бекітілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларының:

      5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ұйымдастырылған аңшылық шаруашылықтар шекарасында аңшылық алқаптар осының алдындағы шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру материалдарының немесе шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру материалдарының негізінде қайта бекітіледі.

      Шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру жүргізілмей бұдан бұрын бекітіліп берілген аңшылық алқаптар болған немесе аңшылық алқаптарының шекаралары мен санаттары өзгерген жағдайда, мұндай аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру аңшылық пайдаланушы өз қаражаты есебінен жүргізген шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру негізінде, бекітіп беру мерзімі аяқталғанға дейін, кемінде бір жыл бұрын жүргізіледі",

      10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Өтінім мыналарды қамтиды:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды қайта бекітуге арналған өтініштің түпнұсқасы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің өтініш берушілерге қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген үлгілік нысанға (бұдан әрі – Үлгілік нысан) сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектісін дамыту жоспарының түпнұсқасы (екі жылға арналған);

      4) түсіндірме жазбасы бар кесте түрінде берілген аңшылық шаруашылығын дамыту жоспарының (аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде мәлімделген іс-шаралардың) орындалуы;

      5) түсіндірме жазбасы бар кесте түрінде берілген қайта бекітуге өтініш бергенге дейінгі соңғы 3 (үш) жылда шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру материалдары бойынша әзірленген аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарының орындалуы.";

      11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Облыстың жергілікті атқарушы органының сұратуы бойынша аумақтық бөлімше екі жұмыс күні ішінде, қайта бекітіліп берілетін аңшылық алқаптар бойынша жануарлар дүниесін пайдаланудың соңғы 3 (үш) жыл кезеңіндегі шарттық міндеттемелердің орындалуы (орындалмауы) туралы ақпарат береді.";

      22-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптарын қайта бекіту туралы шешімінің негізінде он жұмыс күні ішінде ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен өтінім берушінің арасында аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасалады.";

      Бұйрықпен бекітілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарының:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аңшылық алқаптар бұдан бұрын бекітіліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:

      1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;

      2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

      3) аумақтық бөлімшелерден алынатын аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (аңшылық алқаптары бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі);

      4) жануарлар дүниесін қорғауға арналған меншік немесе жалға алу құқығында материалдық-техникалық құралдарының болуы туралы анықтама.";

      Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекітіліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына қосымша алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
С. Мукатаев