"Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, м

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 711 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 желтоқсанда № 31161 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісіне қатысатын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Техникалық қарап тексеру операторларына:

      1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасында тіркелген автокөлік құралдары), шетелдік жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен (шетелде тіркелген автокөлік құралдары) келісілмей ауыстырылған нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) бар, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптар бұзыла отырып, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ, сонымен қатар автокөлік құралдарының қауіпсіздігі саласындағы талаптарын бұзып қайта жабдықталған көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге;

      2) Осы Қағидалардың 18-тармағында көзделмеген негіздер бойынша міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден бас тартады;

      3) мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу мерзiмiнiң бұзылуына байланысты мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу шарттарын өзгертуiне.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" және "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңдарына сәйкес бақылау-диагностикалық жабдық қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеру техникалық қарап-тексеру орталықтарында мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:

      1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, жасы 7 жылдан асатын, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санаттағы, N1-3, O1-4, L1-7, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталғандарды қоспағанда арнайы және мамандандырылған көлік құралдары;

      2) әрбір алты ай сайын – автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын М1 санаттағы, адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған М2, М3, N, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған M1, N1-3, и O1-4 санаттағы.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі