"Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 408 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 желтоқсанда № 31075 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларында:

      38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 6-қосымшада жазылған.

      39. Мемлекеттік комиссияның кеңсе маманы өтінім мен Тізбеде көрсетілген құжаттар мен материалдар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде жауапты орындаушыны айқындау үшін Мемлекеттік комиссияның басшысына жібереді.

      Мемлекеттік комиссияның кеңсесінде өтінімнің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетіле отырып, оның тіркелгені туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік комиссияның жауапты орындаушысы өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Тізбеде көрсетілген құжаттар мен материалдар Мемлекеттік комиссияға сұрыптың атауын көрсете отырып (егер атауы айқындалмаса, онда селекциялық нөмірі көрсетіледі) және көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылып, жіберіледі. Сұрыптың атауы көрсетілмеген құжаттар (егер атауы айқындалмаса – селекциялық нөмірі) қаралмай, өтінім келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кері қайтарылады.";

      мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:

      "49-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде Мемлекеттік комиссия көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдалым туралы хабарлама осы Қағидалардың 49-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша Мемлекеттік комиссия селекциялық жетістіктің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынауға өтінімді қабылдау туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік комиссияның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Мемлекеттік комиссияға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым келіп түскен жағдайда ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік комиссия оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік комиссия шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" республикалық мемлекеттік мекемесіне жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 408 бұйрығына
қосымша
  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін сұрыптық
сынақтан өткізу қағидаларына
6-қосымша

"Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік сұрып сынағының деректері бойынша сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу танаптық тәжірибелер отырғызылған күннен бастап мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
дәнді, дәнді-бұршақты, жарма, майлы, техникалық, иіру, бір жылдық азықтық, көкөніс, бақша дақылдары, гүлді-сәндік дақылдар және картоп бойынша – кемінде екі вегетациялық кезең;
көп жылдық шөптер бойынша – пайдаланудың кемінде екі циклі;
жеміс, жидек дақылдары мен жүзім бойынша – кемінде екі шаруашылық түсім.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті беруші мен ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс өтінімді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақытының графигіне сәйкес белгілейді.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурста орналастырылған:
1) Мемлекеттік комиссияның – www. gco msor t. kz;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің – www. gov. kz.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына сынауға арналған өтінім;
2) селекциялық жетістіктің сауалнамасы (тиісті дақылға арналған нысан бойынша);
3) тиісті тектері мен түрлері үшін селекциялық жетістіктің сипаттамасы;
4) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің сұрып атауы (егер аты айқындалмаса, онда селекциялық нөмірі көрсетіледі) көрсетілген масштабты сызғышы бар фотографиялары;
5) өтінім беруге құқықты растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);
6) сынаққа берілетін сұрыпта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжат не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекциядағы сұрыптар үшін).
Веб-порталға жүгінген кезде:
1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына сынауға арналған электрондық құжат нысанындағы өтінім;
2) селекциялық жетістік сауалнамасының электрондық көшірмесі (тиісті дақылға арналған нысан бойынша);
3) тиісті тектер мен түрлер үшін селекциялық жетістік сипаттамасының электрондық көшірмесі;
4) электрондық форматта гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің сұрып атауы (егер аты айқындалмаса, онда селекциялық нөмірі көрсетіледі) көрсетілген масштабты сызғышы бар фотографиялары;
5) өтінім беру құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (құқықтық мирасқорлар мен делдалдар үшін);
6) сынаққа берілетін сұрыпта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекциядағы сұрыптар үшін).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының сұрыпты сынақтан өткізу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, сұрыпты сынақтан өткізу үшін қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптық сынағын жүргізу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар және "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары веб-порталда орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін шаруашылыққа
пайдалылығына мемлекеттік
сынау" мемлекеттік қызметін
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
қосымша
  Нысан


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарын сұрыптық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 13-үй, "Іскер" бизнес орталығы, 11-қабат, 1111-кабинет)

Өтінім нөмірі




Тіркелген күні





Селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынауға арналған өтінім

Өтініш беруші(лер)________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/заңды тұлғаның атауы және мекенжайы)
Азаматтығы ____________________________________________________
Почталық мекенжайы ___________________________________________
_______________________________________________________________
Телефоны _______________ Электрондық мекенжайы ________________
Селекциялык жетістік оригинаторының(ларының) атауы(лары) және қатысу үлесі,
процентпен
______________________________________________________________
______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тегі, түрі (қазақша атауы) ________________________________________
Тегі, түрі (орысша атауы) _________________________________________
Тегі, түрі (латынша атауы) ________________________________________
Ұсынылып отырған атауы________________________________________
Селекциялық нөмірі_____________________________________________
Автор(лар) (егер, автор(лар) өтініш беруші(лер) болып табылмаса)


Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Үйінің мекенжайы

Қатысу үлесі, процент











Мендегі (біздегі) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ

Алдыңғы өтінімдер

Тіркелген

Өтінім нөмірі

Кезеңі

Қандай атаумен

елі

күні



Қорғауға беруге





Шаруашылыққа пайдалылығына сынауға






Мен (біз) бірінші өтінімде берілген материал осы сұрыпты білдіретінін және осы өтінімге сәйкес келетінін мәлімдеймін(міз)
Оригинатор ұсынып отырған сынау (пайдалану) салалары
Мен (біз) селекциялық жетістіктің шаруашылыққа жарамдылығына мемлекеттік сынақ жүргізуді өтінемін(міз).
Мен (біз) менде (бізде) бар мәліметтер бойынша өтінімді қарауға қажетті және осы өтінім мен қосымшаға енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс екендігін мәлімдеймін (міз).
Мен (біз) үлгілердің тиісінше алынғандығын және сұрыптың репрезентативті іріктелгенін көрсететінін растаймын (мыз).
Мен (біз) Мемлекеттік комиссия мен оның инспектураларының нарядтары бойынша шаруашылыққа жарамдылығына сынау жүргізу үшін тұқымның қажетті мөлшерін, сондай-ақ сақтауға сұрыптың эталондық үлгісін өтеусіз беруге міндеттенемін (міз).
Өтініш берушінің (берушілердің) қолы (қолдары)
__________________ ___________________
___________________ __________________
___________________ __________________
___________________ __________________
___________________ __________________