БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12541 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
Е. Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысаны
Ескертпе: "Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысаны" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Аббревиатураның толық жазылуы:
кВт∙с/м2 – киловатт∙сағат/ 1 (бір) шаршы метрге.
Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау А4 форматындағы қағаз немесе металл тақтайшаны білдіреді.