Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы26 желтоқсанда № 12541 болып тіркелді.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 13-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 09 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 1106 бұйрығымен
бекітілген
  Нысан

Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысаны

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 24.11.2022 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      Ескертпе: "Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысаны" нысанын толтыру бойынша түсіндірме



      Аббревиатураның толық жазылуы:

      кВт∙с/м2 – киловатт∙сағат/ 1 (бір) шаршы метрге.

      Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау А4 форматындағы қағаз немесе металл тақтайшаны білдіреді.