"Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 98 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 желтоқсанда № 30881 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда:

      1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Ақша-кредит саясаты департаменті (Р.Ж. Оразалин) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
Г. Пирматов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 21 қарашадағы
№ 98 Қаулыға
1-қосымша
Ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға
1-қосымша

Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шоттың нөмірі

Баланстық шоттың аты

2012

Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары

2013

Басқа банктердің корреспонденттік шоттары

2014

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары

2022

Шетелдік орталық банктердің талап ету бойынша салымдары

2023

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары

2024

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2034

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қысқа мерзімді қарыздар

2038

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

2044

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар

2048

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

2054

Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді қарыздар

2058

Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек

2064

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздар

2068

Қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек

2112

Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт қарыздары

2113

Басқа банктерден алынған овернайт қарыздары

2122

Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары

2123

Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдары

2124

Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдары

2125

Басқа банктерден бір түнге тартылған салымдар

2130

Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2131

Басқа банктер мен қаржы ұйымдарының мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2132

Басқа банктердің жинақ салымдары (бір айдан аспайтын)

2133

Басқа банктердің шартты салымдары

2134

Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)

2135

Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2138

Басқа банктердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2143

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2144

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары

2147

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2201

Мемлекеттік бюджеттің ақшасы

2202

Кастодиан банктердің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттарындағы инвестицияланбаған қалдықтары

2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары

2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары

2205

Жеке тұлғалардың талап ету бойынша салымдары

2206

Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2208

Жеке тұлғалардың шартты салымдары

2210

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері

2211

Заңды тұлғалардың талап ету бойынша салымдары

2213

Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын қысқа мерзімді салым

2214

Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)

2215

Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2219

Заңды тұлғалардың шартты салымдары

2220

Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)

2222

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары

2223

Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2224

Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2225

Клиенттермен өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешек

2226

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2228

Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар

2231

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2232

Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты

2240

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2243

Клинеттердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2245

Инвестициялық депозиттер

2551

Басқа банктермен есеп айырысулар

2552

Клиенттермен есеп айырысулар

2701

Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар

2702

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар

2703

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар

2704

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар

2705

Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар

2706

Қарыздар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар

2707

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар

2709

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар

2711

Басқа банктердің овернайт қарыздары бойынша есептелген шығыстар

2712

Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2713

Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2714

Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2718

Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар

2719

Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2720

Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар

2721

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2722

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар

2723

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2724

Клиенттердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар

2727

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар

2728

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2730

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар

2731

Басқа операциялар бойынша есептелген шығыстар

2741

Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы

2742

Талап ету бойынша салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2743

Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2744

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2746

Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2747

Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы

2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2749

Басқа да мерзімі өткен сыйақы

2755

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша есептелген шығыстар

2855

Құжаттамамен есеп айырысулар бойынша кредиторлар

2865

Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер

2891

Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер

2892

Форвард операциялары бойынша міндеттемелер

2893

Опцион операциялары бойынша міндеттемелер

2894

Спот операциялары бойынша міндеттемелер

2895

Своп операциялары бойынша міндеттемелер

2899

Басқа туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер

      Ескертпе: 2013, 2023, 2024, 2054, 2058, 2113, 2123, 2124, 2125, 2130, 2131, 2132, 2133, 2134, 2135, 2138, 2143, 2203, 2210, 2222, 2225, 2237, 2240, 2551, 2701, 2702, 2705, 2707, 2709, 2712, 2713, 2714, 2722, 2727, 2730, 2731, 2741, 2742, 2743, 2744, 2746, 2747, 2749, 2755, 2855, 2865, 2891, 2892, 2893, 2894, 2895 және 2899 баланстық шоттарында көрсетілген міндеттемелер құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 21 қарашадағы
№ 98 Қаулыға
2-қосымша
Ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға
3-қосымша

Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шоттың нөмірі

Баланстық шоттың аты

2036

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған ұзақ мерзімді қарыздар

2046

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2056

Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2057

Басқа банктерден алынған қаржы лизингi

2066

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2067

Алынған қаржы лизингі

2127

Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары

2141

Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан астам)

2207

Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2217

Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2218

Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам)

2227

Жалдау бойынша міндеттемелер

2229

Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам)

2230

Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек

2241

Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын ұзақ мерзімді салым

2301

Айналысқа шығарылған облигациялар

2303

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар

2306

Сатып алынған облигациялар

2745

Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар

      Ескертпе: 2056, 2057, 2127, 2141, 2227, 2301, 2303, 2306 және 2745 баланстық шоттарда көрсетілген міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.