БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму |
|
министрінің міндетін атқарушы | Е. Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 661 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 20498 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакциядар жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырылған Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидалары бекітілсін."
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiнде:
тақырыбы жаңа редакциядар жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидалары";
1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеуді айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Заңмен сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
3) тұрғын үй көмегі - аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) меншіктегі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған жалғыз тұрғынжайды не оның бір бөлігін күтіп-ұстауға арналған шығыстар мен "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) айқындалған тәртіппен жергілікті өкілді органдар осы мақсаттарға белгілеген аз қамтылған отбасылар (азаматтар) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырманы өтеу үшін жергілікті бюджеттен берілетін төлем;
4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы.";
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Осы Қағидалардың 4-тармағы 5) - 10) тармақшаларында көрсетілген табыстар алынған уақытта ескеріледі және өтініш берушінің растайтын құжаттар қоса берілген еркін нысандағы жазбаша өтінішімен расталады.";
4), 5), 6) және 7) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"4) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
6) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;";
19) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек:
дәрілік препараттар;
санаторлық-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
мүгедектігі бар адамға бөлінген жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру мекемелерінің отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты және есепке алу қағидаларына сәйкес ұсынылатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан, және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен балаларға материалдық көмек;";
14-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;
жеті жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балалар, жетіден он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедектігі бар балаларға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
жеті жасқа дейiнгi мүгедектігі бар балалар, жетіден он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедектігі бар балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар;
үйде оқитын мүгедектігі бар балаларды оқыту шығындарын өтеу;
қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін жәрдемақы;
патронат тәрбиелеушілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін төлем;
мүгедектігі бар баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақылар;
отставкадағы судьяның ай сайынғы өмір бойғы қамтылымы;
зейнетақы төлемдерін алушыларға инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарнамаларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттің кепілдіктері;
төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар отбасыларға олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіргенге дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
стипендия, оның ішінде қаржыландыру көзіне қарамастан, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін мемлекеттік атаулы және атаулы стипендия;
табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде көрсетілетін көмекті қоспағанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;
қаржыландыру көзіне қарамастан, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларға және оқу орындарының басқа тыңдаушыларға төленетін стипендия;
жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелері мен ұйымдары белгілеген барлық төлем түрлеріне үстемеақылар мен қосымша ақылар.";
27, 28 және 29-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"27. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысында ескерілетін жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс осы Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесіне, осы Қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидалардағы 3-қосымшаға сәйкес Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидалардағы 4-қосымшаға сәйкес Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидалардағы 5-қосымшаға сәйкес Шөлді аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидалардағы 6-қосымшаға сәйкес Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидалардағы 7-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидалардағы 8-қосымшаға сәйкес Азық-түліктік пайдалануға арналған үй малы мен құстарының жасы, осы Қағидалардағы 9-қосымшаға сәйкес Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің үлгілік жеке нормативтік карточкасы негізінде есептеледі.
Нормативтiк карточкаларда келтiрiлген (осы Қағидалардағы 2-7-қосымшалар) орташа түсiмдi (өнiмдiлiктi), өндiрiстiк шығыстардың орташа деңгейiн, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшiн пайдаланылатын бағаларды облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып түзетеді.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауық, қаз, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс отбасының жиынтық табысына еркін нысандағы жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
28. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады. Табысты, шығынды айқындау үшін бір сотка жер (бір бас) өндірілген өнімнің құнынан (ocы Қағидалардағы 2 - 7-қосымшалар) шығысының орташа деңгейi шегерiледi. Алынған мөлшер он екі айға бөлінеді және есепті кезеңдегі айлар санына көбейтіледі.
29. Табысты есептеу үшін облыстарда (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) өсімдік және мал шаруашылығы өніміне қалыптасқан, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті жылға қалыптастырылатын Статистикалық жұмыстар жоспарында көздеген мерзімдерде мемлекеттік статистика органдарымен қалыптастырылған, өткен күнтізбелік жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады.
Өнім бермейтін жастағы (төл, балапан) үй малынан, құсынан (осы Қағидалардағы 8-қосымша) алынған табыс, есепті кезеңде ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою) жағдайда ғана, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде, мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған, оны сыйға тартқан немесе өткізген (сату, сою) тиісті айда нарықта қалыптасқан бағалар бойынша есепке алынады.
Малды (құсты) есепті кезеңде өткізу кезінде отбасының жиынтық табысына тиісті өткізген айда нарықта қалыптасқан, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған бағалар бойынша біржолғы табыс қосылады.";
31, 32 және 33-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"31. Осы Қағидалардағы 30-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
32. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеудің жеке нормативтiк карточкасын осы Қағидалардағы 9-қосымшаға сәйкес Орталық өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.
33. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеу кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, нормативтік карточкада көрсетілген (осы Қағидалардағы 2-7-қосымшалар) тиісті орташа көрсеткіштерден төмен, осы өңірдегі өнімділік және түсімділік көрсеткіштері бойынша және жиынтық табыс рұқсат етілген шекті көлемнен аспаған жағдайда, үй малын, құсты және жер телімінде (үй жанындағы телiм, саяжай және жер үлесі) өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін кіріс бермейтіндер деп белгілейді.
Шекті рұқсат етілген мөлшері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органымен алдын-ала келісілгеннен кейін өткен тоқсанда қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейінің еселігінде белгіленеді.";
1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан |
|
Республикасы азаматының) | |
жиынтық табысын есептеу Қағидаларына 1-қосымша"; |
2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу Қағидаларына 2-қосымша"; |
3-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) |
|
жиынтық табысын есептеу Қағидаларына 3-қосымша"; |
4-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын |
|
есептеу Қағидаларына 4-қосымша"; |
5-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу Қағидаларына 5-қосымша"; |
6-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу Қағидаларына 6-қосымша"; |
7-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін алуға | |
үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу Қағидаларына 7-қосымша"; |
8-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу Қағидаларына 8-қосымша"; |
9-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу Қағидаларына 9-қосымша". |
2. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде № 24039 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі нысанында жазылған.";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін онда кемінде 3 (үш) жыл тұрғанын растау қажет.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті қалыптастырады.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті "Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі" ақпараттық жүйесіне келіп түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.";
10-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.";
11-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сәйкестігі тұрғысынан "Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі" ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген қызметті алушының тұрақты тіркелуде болуын, санатқа тиесілігін растау, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін кірісінің болуын, меншік құқығында оған тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғын, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғанын тексереді. Мәліметтерді жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін өтініш беруші порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды негіздер туындаған не ұялы телефонға sms-хабарлама алған сәттен бастап береді.";
12-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) не Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес жазылған негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап, ол көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.";
13-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді."
13-1 тармақпен толықтырылып, мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Біріңғай байланыс-орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді."
1 және 2-қосымшалар осы тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 26793 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 679)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 679)-тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін Заңға сәйкес тұрғынжайға мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру тәртібін айқындайды."
9-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының сәйкес санаттар бойынша тұрғынжайға мұқтаж адамның есепке қойылуын және тұрғынжайға мұқтаж адамның мәртебесін растауы:
1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
Тұрғын үйге мұқтаж есебінде ЖАО-да кезекте тұрғанын растау және "Отбасы банк" АҚ-та тиісті мәртебесінің болуы Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасымен интеграциялау арқылы айқындалады.".
Өтініш
Мені "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 1-тармағына сәйкес ___ бөлмелі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй/жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу үшін мыналарға сәйкес есепке қоюды сұраймын:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдар есебінің тізімі
____________________________________________________________________
(Заңның 74-бабының 2-тармағына сәйкес тізімнің атауы)
2) санаты ___________________________________________________________
3) отбасы құрамы: _____________________________________________________
(отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) туыстық дәрежесі)
ЖСН: ______________________________;
4) қосымша табысы туралы мәліметтер (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеушi отбасыларға жататын азаматтар үшін):
____________________________________________________;
_____________________________________________________________________
(еңбекақы (зейнеткерлік салық салынатындарды қоспағанда), әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн; балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi; жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын, үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыстар, өзге де табыстар және жүгіну алдында соңғы он екі ай ішіндегі табыстың атауы мен сомасы);
5) отбасында жиырма екі аптадан асқан жүкті әйелдің болуы туралы мәліметтер, ЖСН:
______________________________________________________________________;
6) мүгедектігі бар бала туралы мәліметтер, ЖСН ___________________________;
7) мүгедектікігі бар адам, қарттық, жүрек-қан тамыр ауруларының және басқа ауыр науқастар туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызу), ЖСН:
______________________________________________________________________;
8) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектігінің болуы туралы мәліметтер ЖСН:
________________________________________________________________________;
9) жұмыс орны туралы мәліметтер: _________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың
қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер,
арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет
атқаратын адамдар санаттары бойынша азаматтардың тізімі үшін);
10) қорғаншы туралы мәліметтер: _________________________________________
(ЖСН, шешімнің (қорғаншылық) нөмірі, қорғаншылыққа алған күні, шешім
қабылдаған орган);
11) авариялық тұрғын үй туралы мәліметтер ________________________________
(жылжымайтын мүлік объектісінің түрі кадастрлық нөмірі, ел, облыс, аудан, елді
мекен, көше, үй, корпус, пәтер);
12) тиісті ауданы (тиісті ауданнан кем), жиынтығы және қабаттылығы бойынша тұрғын үй бөлінген кезде келісімі не бас тартуы: келісемін не келіспеймін (қажеттісінің астын сызу);
13) ұялы телефон нөмірі: _________________________________________________;
14) электрондық мекенжайы: _____________________________________________.
Менде және менімен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
20__ жылғы "__" _________.________________________________ (қолы)
Қосымша:
1.________________________
2.________________________ _________________________________
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті беруші "Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі" ақпараттық жүйесіне өтініш түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оны қарайды |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама не ұялы телефонған sms-хабарлама не осы мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат нысандарының жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 18.30-ге дейiн, түскі үзiлiсі сағат 13.00-тен 14.30-ге дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |