"Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 1 қарашадағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қарашада № 30438 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жер құқығы қатынастары, жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография, мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18000 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешiмдердiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) елеулі бұзушылықтар – жеке және заңды тұлғалардың өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың, жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскелеріне құқық беру немесе беруден бас тарту туралы шешімдерді қабылдауының, жерге орналастыру жобасын қараудың және бекітудің, сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасудың, жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты орналастырудың, сауда-саттық (аукциондар) және конкурстарды өткізудің белгіленген мерзімдерін сақтамаудан, сондай-ақ, жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының ұйымдастыру және өткізу қағидаларының және ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру талаптарын сақтамаудан көрініс тапқан жер заңнамасының талаптарын бұзу;";

      1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 5-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің м.а. Ауыл шаруашылығы министрі
__________Т. Жаксылыков __________Е. Карашукеев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2022 жылғы 17 қазандағы № 73
мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 1 қарашадағы
№ 357 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Жергілікті атқарушы органдар
қабылдаған шешiмдердiң
заңдылығы үшін жер құқығы
қатынастары саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына 1-қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

"Алдыңғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген өлшемшарттар сақталмаған кезде белгіленеді:)

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Жергілікті атқарушы органдар

1.

Бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жобалау және құрылыс салу жоспарларына (осы жобалар бар болса) және елді мекен аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес жер учаскелерін және жер учаскелеріне жалдау құқығын беру немесе нысаналы мақсатын өзгерту

өрескел

2.

Жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін берудің аукциондық және конкурстық тәсілдері қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншікте тұрған және сауда-саттықта (аукциондарда) және конкурстарда жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру

өрескел

3.

Жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтініштерін (қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтары үшін жер учаскелерін сұрату жағдайларын қоспағанда, өтініш келіп түскен сәтінен бастап он бес жұмыс күніне дейін) қарау

елеулі

4.

Жер комиссиясының оң қорытындысының және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасының негізінде жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау

өрескел

5.

Жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім (жер комиссиясының теріс қорытындысы шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде) қабылдау

елеулі

6.

Жер учаскесіне құқық беру туралы шешім (бекiтілген жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының он қорытындысы келiп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде) қабылдау

елеулі

7.

Жеке меншікте бола алатын жер учаскелеріне ғана жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдау

өрескел

8.

Ерекше жағдайларда ғана жер учаскесін мемлекет мұқтаждықтары үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдау (Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын халықаралық мiндеттемелер; қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттар үшін жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі; пайдалы қазбалар кен орындарының табылуы және оларды қазу; автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объектілерінің және авиатехникалық орталықтардың, теміржол көлігі объектілерінің, көпірлердің, метрополитендердің, тоннельдердің, энергетика жүйелері мен электр тарату желілері, байланыс желілері объектілерінің, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, магистралдық құбырлардың, инженерлік-коммуникациялық желілердің, стратегиялық объектілерге жататын мұнай өңдеу өндірісі объектілерінің, концессиялық жобаларды іске асыру, елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы (реконструкциясы); жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру; елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына немесе схемасына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету; елдi мекендердiң бас жоспарларын ерекше жағдайлардың тiзбесiне жатқызылатын объектiлерді салу бөлігінде орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектiлерді бюджет қаражаты есебінен салу)

өрескел

9.

Жер учаскелерін берудің белгіленген нормалары шегінде жер учаскелерін жеке меншікке беру, сондай-ақ жер учаскелерін қайталап тегін беруді болдырмау (ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және танаптық телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн суарылмайтын жерлерде – 0,25 гектар және суармалы жерлерде – 0,15 гектар; жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 гектар; бақ шаруашылығы, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн – 0,12 гектар)

өрескел

10.

Көрсетілген мақсаттар үшін бес жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдау (шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн;
халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн; мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;
бақша өcipу үшiн;
қызметтiк жер телімдері түрiнде;
ортақ пайдаланылатын жолдардың, мемлекеттік меншіктегі және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің құрылысы кезеңіне,
тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының қолданылу мерзіміне; Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғимараттарды (үй-жайларды) және құрылысжайларды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде;
ғибадат құрылысжайларының объектiлерi үшiн)

өрескел

11.

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, қандастарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын бермеу

өрескел

12.

Өз құзыреті шегінде жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдау

өрескел

13.

Жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдауға негіздеменің болуы

өрескел

14.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім (жер пайдаланушының өтінішті берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде) қабылдау

елеулі

15.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті (өтініш түскен күннен бастап он үш жұмыс күніне дейін) қарау

елеулі

16.

Жерге орналастыру жобасын (төрт жұмыс күні ішінде) қарау және бекіту

елеулі

17.

Жеке тұрғын үйлер құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар-жоғы туралы ақпарат беру

болмашы

18.

Бос жер учаскесін сауда-саттыққа (аукционға) шығару туралы ұсынысты (күнтізбелік жиырма күн ішінде) қарау

елеулі

19.

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында сауда-саттық (аукциондар) өткізу туралы хабарлама (сауда-саттық өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын) орналастыру

елеулі

20.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру

елеулі

21.

Жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар, жер учаскесін беру негіздемесі, нысаналы мақсаты, алаңы, орналасқан жері, құқық түрі, жалдау мерзімі көрсетілген ақпаратты (халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында және уәкілетті органының интернет ресурсында – ай сайын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында – тоқсанына кемінде бір рет) орналастыру

елеулі

22.

Сауда-саттық (аукциондар) және конкурстар (жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей) өткізу

елеулі

23.

Өтініш беруші жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылғандардың тізілімінде тұрған немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудан жазбаша бас тартуды (өтініш келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде) жолдау

елеулі

24.

Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау және материалдарды жер комиссиясына (өтініш келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде) енгізу

болмашы

25.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұратылған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алуды (елді мекеннің шегіндегі объектілер құрылысын қоспағанда, объектілердің құрылысы үшін жер учаскесі сұратылған кезде) беру мүмкіндігі туралы ұсыныстарды жер комиссиясына тапсырған сәтінен бастап жер комиссиясының қорытындысын (екі жұмыс күні ішінде) жасау

елеулі

26.

Өтініш берушінің жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін жер комиссияның оң қорытындысының бір данасын (бір жұмыс күні ішінде) оған беру

елеулі

27.

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алуға арналған сауалнама парағын, топографияны (жеті жұмыс күні ішінде) дайындауы және оларды бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз тасығыштарда жіберуі

болмашы

28.

Келісуші органдардың жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны (он екі жұмыс күні ішінде) беруі

елеулі

29.

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы қорытындыны (үш жұмыс күні ішінде) дайындауы және оны өтініш берушіге жолдауы

елеулі

30.

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің сәулет-жоспарлау тапсырмасы, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар және топография қоса берілген жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін (оң қорытындылар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) дайындауы және жіберуі

елеулі

31.

Уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына шешімнің, жер-кадастрлық жоспардың көшірмелерін (бір жұмыс күні ішінде) жолдау

елеулі

 
32.

Жер учаскесін таңдау мерзімін (он жұмыс күні ішінде) сақтай отырып, жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу, кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні қарау және жер комиссиясының қорытындысын дайындау үшін жер комиссиясына жіберу

елеулі

33.

Жер учаскесіне тиісті құқық беру не беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін өтініш берушіге (шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) табыстау (жолдау)

елеулі

34.

Сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын (жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей) жасасу

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2022 жылғы 17 қазандағы № 73
мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 1 қарашадағы
№ 357 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Жергілікті атқарушы органдар мен аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнің қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тексеру парағы

      ________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)
________________________________________________________________________________
(біртекті бақылау субъектілерінің (объектілерінің) атауы)
қатысты
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: _______________________________________
________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру/профилактикалық бақылау
тағайындау туралы акт
________________________________________________________________________________
(№, күні) Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
________________________________________
________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру
нөмірі________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________________
________________________________________________________________________________

Талаптардың тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жобалау және құрылыс салу жоспарларына (осы жобалар бар болса) және елді мекен аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес жер учаскелерін және жер учаскелеріне жалдау құқығын беру немесе нысаналы мақсатын өзгерту





2.

Жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін берудің аукциондық және конкурстық тәсілдері қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншікте тұрған және сауда-саттықта (аукциондарда) және конкурстарда жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру





3.

Жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтініштерін (қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтары үшін жер учаскелерін сұрату жағдайларын қоспағанда, өтініш келіп түскен сәтінен бастап он бес жұмыс күніне дейін) қарау





4.

Жер комиссиясының оң қорытындысының және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасының негізінде жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау





5.

Жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім (жер комиссиясының теріс қорытындысы шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде) қабылдау





6.

Жер учаскесіне құқық беру туралы шешім (бекiтілген жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының он қорытындысы келiп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде) қабылдау





7.

Жеке меншікте бола алатын жер учаскелеріне ғана жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдау





8.

Ерекше жағдайларда ғана жер учаскесін мемлекет мұқтаждықтары үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдау (Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын халықаралық мiндеттемелер;
қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттар үшін жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі; пайдалы қазбалар кен орындарының табылуы және оларды қазу; автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объектілерінің және авиатехникалық орталықтардың, теміржол көлігі объектілерінің, көпірлердің, метрополитендердің, тоннельдердің, энергетика жүйелері мен электр тарату желілері, байланыс желілері объектілерінің, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, магистралдық құбырлардың, инженерлік-коммуникациялық желілердің, стратегиялық объектілерге жататын мұнай өңдеу өндірісі объектілерінің, концессиялық жобаларды іске асыру, елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы (реконструкциясы); жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру;
елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына немесе схемасына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету; елдi мекендердiң бас жоспарларын ерекше жағдайлардың тiзбесiне жатқызылатын объектiлерді салу бөлігінде орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектiлерді бюджет қаражаты есебінен салу)





9.

Жер учаскелерін берудің белгіленген нормалары шегінде жер учаскелерін жеке меншікке беру, сондай-ақ жер учаскелерін қайталап тегін беруді болдырмау
(ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және танаптық телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн суарылмайтын жерлерде – 0,25 гектар және суармалы жерлерде – 0,15 гектар; жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 гектар; бақ шаруашылығы, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн – 0,12 гектар)





10.

Көрсетілген мақсаттар үшін бес жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдау (шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн;
халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн; мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;
бақша өcipу үшiн;
қызметтiк жер телімдері түрiнде;
ортақ пайдаланылатын жолдардың, мемлекеттік меншіктегі және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің құрылысы кезеңіне,
тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының қолданылу мерзіміне; Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғимараттарды (үй-жайларды) және құрылысжайларды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде;
ғибадат құрылысжайларының объектiлерi үшiн)





11.

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, қандастарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын бермеу





12.

Өз құзыреті шегінде жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдау





13.

Жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдауға негіздеменің болуы





14.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім (жер пайдаланушының өтінішті берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде) қабылдау





15.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті (өтініш түскен күннен бастап он үш жұмыс күніне дейін) қарау





16.

Жерге орналастыру жобасын (төрт жұмыс күні ішінде) қарау және бекіту





17.

Жеке тұрғын үйлер құрылысы, арнайы жер қоры үшiн жер учаскелерiнің бар-жоғы туралы ақпарат беру





18.

Бос жер учаскесін сауда-саттыққа (аукционға) шығару туралы ұсынысты (жиырма күнтізбелік күн ішінде) қарау





19.

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында сауда-саттық (аукциондар) өткізу туралы хабарлама (сауда-саттық өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын) орналастыру





20.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру





21.

Жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар, жер учаскесін беру негіздемесі, нысаналы мақсаты, алаңы, орналасқан жері, құқық түрі, жалдау мерзімі көрсетілген ақпаратты (халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында және уәкілетті органының интернет ресурсында – ай сайын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында – тоқсанына кемінде бір рет) орналастыру





22.

Сауда-саттық (аукциондар) және конкурстар (жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей) өткізу





23.

Өтініш беруші жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылғандардың тізілімінде тұрған немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудан жазбаша бас тартуды (өтініш келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде) жолдау





24.

Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау және материалдарды жер комиссиясына (өтініш келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде) енгізу





25.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұратылған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алуды (елді мекеннің шегіндегі объектілер құрылысын қоспағанда, объектілердің құрылысы үшін жер учаскесі сұратылған кезде) беру мүмкіндігі туралы ұсыныстарды жер комиссиясына тапсырған сәтінен бастап жер комиссиясының қорытындысын (екі жұмыс күні ішінде) жасау





26.

Өтініш берушінің жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін жер комиссияның оң қорытындысының бір данасын оған (бір жұмыс күні ішінде) беру





27.

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алуға арналған сауалнама парағын, топографияны (жеті жұмыс күні ішінде) дайындауы және оларды бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз тасығыштарда жіберуі





28.

Келісуші органдардың мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны (он екі жұмыс күні ішінде) беруі





29.

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы қорытындыны (үш жұмыс күні ішінде) дайындауы және оны өтініш берушіге жолдауы





30.

Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің сәулет-жоспарлау тапсырмасы, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар және топография қоса берілген жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін (оң қорытындылар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) дайындауы және жіберуі





31.

Уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына шешімнің, жер-кадастрлық жоспардың көшірмелерін (бір жұмыс күні ішінде) жолдау





32.

Жер учаскесін таңдау мерзімін (он жұмыс күні ішінде) сақтай отырып, жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу, кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні қарау және жер комиссиясының қорытындысын дайындау үшін жер комиссиясына жіберу





33.

Жер учаскесіне тиісті құқық беру не беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін өтініш берушіге (шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) табыстау (жолдау)





34.

Сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын (жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей) жасау





      Лауазымды адам (дар):___________________ ________________
(лауазымы) (қолы)
___________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

Бақылау субъектісінің
басшысы ____________________________ __________________
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)