БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
" 4) тозуды есепке жазудың тікелей әдісін қолдануды;";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Уәкілетті органның ведомствосы субъект ұсынатын тариф және тарифтік смета жобаларын жария тыңдаулар өткізу кезде талқылауға шығарады.
Жария тыңдауларды уәкілетті орган тарифті бекіту кезінде – тариф бекітілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, тарифті оңайлатылған тәртіппен бекіту кезінде, сондай-ақ тарифті Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес бекіткен кезде және Заңның 22-бабының 1-тармағының 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тариф бекітілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізеді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Тарифті жоғарылатпай бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінішке тарифті жоғарылатпай енгізілетін өзгерістер ескерілген тарифтік сметаның жобасы және өзгерістер енгізудің қажеттілігін негіздейтін және растайтын материалдар (шарттардың, орындалған жұмыстар/қабылдап алу-беру актілерінің, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың көшірмелері, теңгерімдік және қалдық құнды, жұмыс істеу мерзімін, жылдық амортизацияны, есептемелерді көрсете отырып, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің объектілер бойынша тізбесі) қоса беріледі.
Тарифті жоғарылатпай бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін есептемелерді және негіздейтін материалдарды субъект реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке дайындайды және уәкілетті органның ведомствосына береді.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Тарифтің қолданылу кезеңінде субъект жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес негіздейтін материалдарды қоса бере отырып және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті ұсынады.
Тарифті тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдана отырып бекіткен кезде субъект жыл сайын есепті кезеңнің 1 мамырынан кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органның ведомствосына, мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға уәкілетті орган айқындайтын тәртіпте есепті жылы нақты қол жеткізілген кірістер, шығыстар, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы, субъектілер қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді ұсынады.
Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепке қоса берілетін есептемелерді және негіздейтін материалдарды субъект реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке дайындайды.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Субъектінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебіне талдауды уәкілетті органның ведомствосы келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімде жасайды.
Егер субъектінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болса, уәкілетті органның ведомствосы бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілей отырып, жазбаша түрде сұратады.
Бұл ретте бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы субъектінің есебіне талдау жасау мерзімі субъектіні бұл туралы хабардар ете отырып, қажетті ақпарат алғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
106-1-тармақ алып тасталсын;
220-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мынадай:
анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге байланысты шығындарды үнемдеу;
субъектіге байланысты емес себептер бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемдерінің төмендеуіне байланысты шығындарды үнемдеу жағдайларын қоспағанда бекітілген тарифтік смета шығындары баптарының бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерлерден бес пайыздан астамға орындалмауы. Бұл ретте бекітілген тарифтік сметаны орындамаудың жалпы сомасынан көлемдердің төмендеуіне мөлшерлес толық алынбаған кіріс сомасы алып тасталады, негізсіз кірістің қалған сомасына уәкілетті органның ведомствосы уақытша өтемдік тариф енгізеді;
өткізілген конкурстық (тендерлік) рәсімдердің нәтижелері бойынша пайда болған ақшаның үнемделуі.";
302-тармақтың екінші тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) алғашқы рет құрылған немесе жаңа реттеліп көрсетілетін қызметті (жаңа реттеліп көрсетілетін қызметтерді) ұсынатын субъект ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметке немесе егер осы субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолданыстағы тариф объектілер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекітілсе, жаңа объектілер және (немесе) учаскелер сатып алған (салған) жағдайда немесе кірме жолдардың бөлінбейтін бөлігі болып табылатын кірме жолдардың жаңа учаскелерін сатып алған (салған) жағдайда көрсетілетін қызметтеріне субъектіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тариф бекітілген тарифтің, тарифтік сметалардың 7,8 және 9-нысан бойынша тарифтік смета жобасы;";
328-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"328. Субъект жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидалардың 329-тармағына сәйкес және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 11-нысан бойынша негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, алдыңғы күнтізбелік жыл үшін бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті ұсынады.
Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепке қоса берілетін есептемелерді және негіздейтін материалдарды субъект реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке дайындайды.";
330-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"330. Субъектінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін талдауды уәкілетті органның ведомствосы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Егер субъектінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы мерзімді белгілей отырып, бірақ кемінде бес жұмыс күнінен асырмай оны жазбаша түрде сұратады.
Бұл ретте бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы субъектінің есебіне талдау жүргізу мерзімі субъектіні бұл туралы хабардар ете отырып, қажетті ақпарат алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
338 және 339-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"338. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру және оны іске асыру үшін тартылған қарыз қаражатын қайтару, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды іске асыру үшін тартылған қаражатты қайтару:
тарифте ескерілген пайда мен амортизациялық аударымдар есебінен;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
339. Субъект анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық шығындарды төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге немесе ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде пайда болған, іс-шаралар орындалған жағдайда бекітілген инвестициялық бағдарламада және бекітілген тарифтік сметада көзделген шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес билік етеді.";
341-тармақтың 8) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8) энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген, "Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энргия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 10958 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша субъектінің бірінші басшысы бекіткен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қоса беріледі.";
345-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жаңа инвестициялық бағдарламаны іске асыру немесе бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту (мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды іске асыруды қоспағанда) бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асырудың қалған мерзіміне тарифті арттыруды талап еткен жағдайда оның қарауға қабылданғаны немесе оның қарауға қабылдаудан бас тартылғаны туралы (қағаз және электрондық) жазбаша хабардар етеді.";
354-тармақтың бірінші тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына субъектінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды жолдайды;";
361-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды іске асырған жағдайда субъект уәкілетті органның ведомствосына және (немесе) тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен жүгінеді.";
366-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"366. Тарифтің қолданылу кезеңінде субъект жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына, тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 367-тармағына сәйкес және осы Қағидаларға 1-қосымшаның 20, 21 және 22-нысандары бойынша негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті бір мезгілде ұсынады.";
369-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"369. Субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есебін қарауды уәкілетті органның ведомствосы, тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган ол түскен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Егер бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы мерзімді белгілей отырып, бірақ кемінде бес жұмыс күнінен асырмай оны жазбаша түрде сұратады.
Бұл ретте бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепке талдау жүргізу мерзімі, бұл туралы субъектіні хабардар ете отырып, қажетті ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
373-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"373. Тиісті салалардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган субъектінің инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есебін қарау қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 369-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өзінің қорытындысын жібереді.";
391-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қоса беріледі.";
393-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қоса беріледі.";
601-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"601. Тарифті өзгерту уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша жылына екі реттен асырмай және субъектінің бастамасы бойынша жылына бір реттен асырмай жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге мыналар:
1) стратегиялық тауарлар түрінің және құнының және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға тарифтердің (бағалардың) өзгеруі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайдың жариялануы;
3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі;
4) мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның өзгеруі;
5) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы;
6) жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі және сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде атом-энергетикалық кешен пайдаланатын, өзі өндіретін электр энергиясының және судың өзіндік құнының газдың және (немесе) оны тасымалдау бағасының өзгеруіне байланысты өзгеруі;
7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталмауы;
8) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ақпараты негізінде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын субъект қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
9) субъектілер қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізбеу;
10) субъектіге "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана" маршруты бойынша магистральдық газ құбырын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру негіз болып табылады.";
630-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тарифті қалыптастыру кезінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нақты, бірақ нормативтік санынан, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыдан аспайтын шығыстарды қамтиды;
Қуаты аз субъектілер үшін өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында жыл сайын белгіленетін жалақының ең төмен мөлшерінен төмен емес деңгейде айқындалады.
Жаңа объектілер, қуаттар енгізілген және инвестициялық бағдарламада көзделген өзге де іс-шаралар іске асырылған жағдайда тарифті қалыптастыру кезінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар өндірістік персоналдың нормативтік саны негізге алына отырып айқындалады.
Бұл ретте персонал санының, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның қажеттілігін есептеу және техникалық ысыраптарды есептеу тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде жүргізіледі.
Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау және топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының, сондай-ақ электр және жылу энергиясын аралас өндірумен энергия өндіруші ұйымдардың сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау салаларындағы субъектілер үшін өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары субъект персоналының нақты, бірақ нормативтік санынан аспайтын саны және өтінім берудің алдындағы жылғы статистика деректері бойынша өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша қалыптасқан орташа айлық жалақы негізге алына отырып айқындалады.
Субъект реттеліп көрсетілетін қызметтерді екі және одан да көп өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) көрсеткен және бірыңғай тариф бекітілген жағдайда, орташа айлық жалақы мөлшері өтінім берудің алдындағы жылғы статистика деректері бойынша өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес орташа айлық жалақының орташа өлшемді көрсеткіші деңгейінде енгізіледі:
мұнда:
– экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының орташа өлшемді көрсеткіші;
– өтінім берудің алдындағы жылғы статистика деректері бойынша І өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы;
– өтінім берудің алдындағы жылы i - өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) субъектінің нақты іске қосылған саны.
Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау және топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының, сондай-ақ электр және жылу энергиясын аралас өндірумен энергия өндіруші ұйымдардың сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау салаларындағы субъектілердің өндірістік персоналының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыcын негізге алына отырып айқындалған жалақысы өндірістік персоналдың өтінім берудің алдындағы жылғы статистика деректері бойынша субъект қызметтер көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қалыптасқан орташа айлық жалақысынан асқан кезде өндірістік персоналдың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақы негізге алына отырып айқындалатын жалақысы ескеріледі.
Қуаты аз субъектінің өндірістік персоналының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақы негізге алына отырып айқындалған жалақысы тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында жыл сайын белгіленетін жалақының ең төмен мөлшері деңгейінен асып кеткен кезде, өндірістік персоналдың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақы негізге алына отырып айқындалатын жалақысы ескеріледі.";
631-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нақты, бірақ нормативтік санынан аспайтын санын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақы негізге алына отырып айқындалады. Персонал санының қысқаруы нәтижесінде әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар іс жүзінде үнемделген жағдайда, әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар тарифте бұрын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерде ескеріледі, ал үнемдеу сомасын субъект әкімшілік персоналдың жалақы деңгейін ұлғайтуға бағыттайды.
Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, субъектілер басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің және әкімшілік персоналдың басқа да жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақылары бойынша шығындарға енгізілетін, субъектілердің әкімшілік персоналының еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар штат кестесіне сәйкес субъект жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларының ең жоғары және ең төмен деңгейі арасындағы арақатынас негізге алына отырып, он бес реттен аспай лимиттеледі.
Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау және топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының, сондай-ақ электр және жылу энергиясын аралас өндірумен энергия өндіруші ұйымдардың сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау салаларындағы субъектілер үшін әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары нақты, бірақ нормативтік санынан аспайтын санына және өтінім берудің алдындағы жылғы статистика деректері бойынша субъект қызметтер көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қалыптасқан орташа айлық жалақы негізге алына отырып айқындалады.
Субъект реттеліп көрсетілетін қызметтерді екі және одан да көп өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) көрсеткен және бірыңғай тариф бекітілген жағдайда, орташа айлық жалақы мөлшері реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсетілетін өңірлердегі (облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы) орташа айлық жалақының орташа өлшемді көрсеткіші деңгейінде, өтінім берудің алдындағы жылғы статистика деректері бойынша экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қосылады:
мұнда:
– экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының орташа өлшемді көрсеткіші;;
– өтінім берудің алдындағы жылғы статистика деректері бойынша І өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы;
– өтінім берудің алдындағы жылы i - өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) субъектінің нақты іске қосылған саны.
Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау және топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының, сондай-ақ электр және жылу энергиясын аралас өндірумен энергия өндіруші ұйымдардың сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау салаларындағы субъектілердің өндірістік персоналының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыcын негізге алына отырып айқындалған жалақысы өндірістік персоналдың өтінім берудің алдындағы жылғы статистика деректері бойынша субъект қызметтер көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қалыптасқан орташа айлық жалақысынан асқан кезде өндірістік персоналдың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақы негізге алына отырып айқындалатын жалақысы ескеріледі.";
635-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3) анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету немесе ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемдерін субъектіге байланысты емес себептер немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде пайда болған, іс-шаралар орындалған жағдайда бекітілген инвестициялық бағдарламада және бекітілген тарифтік сметада көзделген шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігі есебінен жүзеге асырылады.";
34-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
37 және 38-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 78 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 34-қосымша |
нысан
Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған Көрсетілетін қызмет түрлері бойынша тартылған активтерді бөлу туралы есеп
Есепті кезең 20 ___ жыл
Әкімшілік деректер нысанының индексі: РУ-жылу-2
Кезеңділігі: жылдық
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату және (немесе) онымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін
Кәсіпорынның атауы_________________________________
р/с № | Негізгі құралдардың атауы | Жыл басына тартылған активтердің қалдық құны, барлығы, мың теңге | Тартылған активтерді қызмет түрлері бойынша бөлу | |||||
№ 1 реттеліп көрсетілетін қызмет | № 2 реттеліп көрсетілетін қызмет | Өзге де қызметтер | ||||||
1-қосымшадан бөлу коэффициенті | Активтің құны, мың теңге, 3-бағ.*4-бағ. | 1-қосымшадан бөлу коэффициенті | Активтің құны, мың теңге, 3-бағ*6-бағ. | 1-қосымшадан бөлу коэффициенті | Активтің құны, мың теңге, 3-бағ*8-бағ. | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1. | Ғимараттар мен құрылыстар: | |||||||
1.1. | Тікелей тартылған * | |||||||
1.2. | Жалпы | |||||||
2. | Машиналар, жабдықтар және беру құрылғылары: | |||||||
2.1. | Тікелей тартылған * | |||||||
2.2. | Жалпы | |||||||
3. | Көлік құралдары: | |||||||
3.1. | Тікелей тартылған * | |||||||
3.2. | Жалпы | |||||||
4. | Шаруашылық мүкамал: | |||||||
4.1. | Тікелей тартылған * | |||||||
4.2. | Жалпы | |||||||
5. | Өзге де негізгі құралдар: | |||||||
5.1. | Тікелей тартылған * | |||||||
5.2. | Жалпы | |||||||
Барлығы | ||||||||
6. | Материалдық емес активтер |
Ескертпе:
* тікелей тартылған активтер, яғни бір (нақты) ғана көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты активтер бөлу коэффициенттері бойынша бөлінбейді және нақты көрсетілетін қызметке тікелей жатқызылады. Бұл ретте есепті толтыру кезінде тікелей тартылған активтердің құны осы кестенің тиісті 5, 7 не 9-бағандарына жазылады.
Басшы __________________________________ _________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
Бас бухгалтер _________________________________ ____________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
________ жылғы "___" ____________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша тартылған активтерді бөлу туралы есеп (индекс - РУ-жылу-2) кезеңділігі: жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) бөлу және (немесе) жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша шығындарды бөлу туралы есепті дайындауға арналған.
Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындар мен тартылған активтердің бөлек есебін жүзеге асырады.
2. Барлық көрсеткіштер құндық мәнде ондық белгісіз мың теңгемен толтырылады.
3. Есепке субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанды толтыру кезінде сол жақ жоғарғы бұрышта субъект кәсіпорынның атауын, ал оң жақ жоғарғы бұрышта уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетеді. Субъект мәліметтерді өткен күнтізбелік жылға толтырады.
5. Осы нысан активтердің құны алдыңғы қаржы жылының соңғы есепті күніндегі жағдай бойынша субъектінің негізгі құралдарының қалдық құны негізінде айқындалатын қызметтерге тартылған активтердің құнын бөлу үшін толтырылады.
6. Негізгі құралдардың әрбір тобы үшін бөлу коэффициенті жалпы негізгі құралдарды не материалдық емес активтерді бөлу коэффициентінің тиісті есебінің жиынтық жолынан көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша тартылған активтерді бөлу туралы есепке ауыстырылады. Әрбір көрсетілетін қызметке жатқызылған негізгі құралдар тобы активтерінің құны бөлу коэффициентіне тартылған активтер құнының туындысы ретінде анықталады.
7. 1-бағанда негізгі құралдардың атаулары бойынша реттік нөмірлері көрсетіледі.
8. 2-бағанда субъект ұсынатын көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша негізгі құралдардың атауы туралы ақпарат көрсетіледі.
9. 3-бағанда жыл басындағы тартылған активтердің қалдық құны туралы ақпарат көрсетіледі.
10. 4-бағанда осы Қағидаларға 1-қосымшада есептелген 1-реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша негізгі құралдар тобы бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.
11. 5-бағанда 1-реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша активтің құны туралы ақпарат көрсетіледі (3-баған * 4-баған).
12. 6-бағанда осы Қағидаларға 1-қосымшада есептелген 2-реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша негізгі құралдар тобы бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.
13. 7-бағанда 2-реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша активтің құны туралы ақпарат көрсетіледі (3-баған * 6-баған).
14. 8-бағанда осы Қағидаларға 1-қосымшада есептелген өзге де көрсетілетін қызметтер бойынша негізгі құралдар тобы бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.
15. 9-бағанда өзге қызметтер бойынша активтің құны туралы ақпарат көрсетіледі (3-баған * 8-баған).
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 78 Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 37-қосымша |
нысан
Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған: Көрсетілетін қызмет түрлері бойынша шығындарды бөлу туралы есеп
Есепті кезең 20 ___ жыл
Әкімшілік деректер нысанының индексі: РУ-жылу-5
Кезеңділігі: жылдық
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату және (немесе) онымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін
Кәсіпорынның атауы ____________________________________
р/с № | Атауы | Бух. есеп бойынша есепті кезеңдегі сома, мың теңге | Соманы көрсетілетін қызметтерге Тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесі, Тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу қағидалары бойынша бөлу | |||||||
Барлығы | Оның ішінде | № 1 реттеліп көрсетілетін қызмет | № 2 реттеліп көрсетілетін қызмет | Өзге де қызметтер | ||||||
Тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесіне, Тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу қағидаларына сәйкес тарифте ескерілмеген шығындар сомасы | Тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесіне, Тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу қағидалары бойынша сома | Бөлу коэффициенті | Осы көрсетілетін қызметтің шығындары сомасы, 6-баған* 5-баған | Бөлу коэффициенті | Осы көрсетілетін қызметтің шығындар сомасы, 8-баған * 5-баған | Бөлу коэффициенті | Осы көрсетілетін қызметтің шығындары сомасы, 10-баған* 5-баған | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1. | Негізгі құралдардың тозуы: | |||||||||
1.1. | Тікелей тартылған шығындар* | |||||||||
1.2. | Жалпы шығындар | |||||||||
2. | Материалдық емес активтердің амортизациясы: | |||||||||
2.1. | Тікелей тартылған шығындар* | |||||||||
2.2. | Жалпы шығындар | |||||||||
3. | Еңбекке ақы төлеу шығыстары: | |||||||||
3.1. | Тікелей тартылған шығындар* | |||||||||
3.2. | Жалпы шығындар | |||||||||
4. | Пайдалану шығыстары: | |||||||||
4.1. | Тікелей тартылған шығындар* | |||||||||
4.2. | Жалпы шығындар | |||||||||
5. | Кезең шығыстары: | |||||||||
5.1. | Тікелей тартылған шығындар* | |||||||||
5.2. | Жалпы шығындар | |||||||||
6. | Өзге де шығыстар: | |||||||||
6.1. | Тікелей тартылған шығындар* | |||||||||
6.2. | Жалпы шығындар | |||||||||
Жиыны: |
Ескертпе:
* тікелей тартылған шығындар, яғни бір (нақты) ғана көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты шығындар бөлу коэффициенттері бойынша бөлінбейді және нақты көрсетілетін қызметке тікелей жатқызылады. Бұл ретте есепті толтыру кезінде тікелей тартылған шығындар сомасы осы кестенің тиісті 7, 9 не 11-бағандарына жазылады.
Басшы ______________________________________ _____________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
Бас бухгалтер _________________________________ _____________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
________ жылғы "___" ____________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Көрсетілетін қызмет түрлері бойынша шығындарды бөлу туралы есеп (индекс - РУ-жылу-5, кезеңділігі: жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме жылу энергиясын өндіру және (немесе) тарату және (немесе) бөлу және (немесе) жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша шығындарды бөлу туралы есепті дайындауға арналған.
Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүзеге асырады.
2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық белгісіз мың теңгемен толтырылады.
3. Есепке субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанды толтыру кезінде субъект сол жақ жоғарғы бұрышта кәсіпорынның атауын, ал оң жақ жоғарғы бұрышта уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетуге міндетті.
Субъект алдыңғы күнтізбелік жылдың мәліметтерін толтырады.
5. Шығындарды қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп деректері пайдаланылады. Бухгалтерлік есепте тікелей шығындар әрбір реттеліп көрсетілетін қызметке және тұтастай өзге де қызметке сәйкес келетін жекелеген шоттарда (қосалқы шоттарда) қалыптастырылады. Жалпы шығындар үшін бухгалтерлік есепте шығындардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) көзделеді.
6. Бөлек есепке алуға реттеліп көрсетілетін қызметтерді және өзге де қызметті ұсынуға арналған субъектінің барлық шығындары жатады, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес Тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесіне, Тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу қағидасына (бұдан әрі –Тізбе және қағида) сәйкес ескерілмейтін және ескерілетін шығындар жатады.
1-бағанда негізгі құралдардың атаулары бойынша реттік сандары көрсетіледі.
2-бағанда субъект ұсынатын көрсетілетін қызмет түрлері бойынша шығындардың атауы туралы ақпарат көрсетіледі.
3-бағанда бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі жалпы сома көрсетіледі, мың теңгемен (4-баған + 5-баған).
7. Шығындардың жиынтық сомасы кезең шығыстарын субъект тиісті кезеңге Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құны" жолында көрсетілген деректерге сәйкес келеді.
8. Кезең шығыстарының жиынтық сомасы субъект тиісті кезеңге Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Кезең шығыстары" жолында көрсетілген деректерге сәйкес келеді.
9. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есептік (қалдық) құны тиісті күнгі бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес келеді.
4-бағанда Тізбеге сәйкес тарифте ескерілмеген шығындардың сомасы туралы деректер көрсетіледі.
5-бағанда Тізбе бойынша шығындардың сомасы туралы ақпарат көрсетіледі.
6, 7, 8, 9, 10 және 11-бағандарда реттеліп көрсетілетін (жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату және (немесе) жабдықтау және өзге де қызметтер (реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтер және уәкілетті органның ведомствосымен келісілген өзге қызмет) бөлінісінде Тізбе бойынша шығындар сомасының деректері көрсетіледі, оның ішінде:
6-бағанда субъектінің тиісті реттеліп көрсетілетін қызметін бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі;
7-бағанда реттеліп көрсетілетін қызмет шығындарының сомасы туралы деректер көрсетіледі (6-баған* 5-баған);
8-бағанда субъектінің тиісті реттеліп көрсетілетін қызметін бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі;
9-бағанда реттеліп көрсетілетін қызмет шығындарының сомасы туралы деректер көрсетіледі (8-баған * 5-баған);
10-бағанда субъектінің өзге қызметтерін (реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтер және уәкілетті органның ведомствосымен келісілген өзге қызмет) бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.
11-бағанда субъектінің тиісті реттеліп көрсетілмейтін қызметі шығындарының сомасы туралы деректер көрсетіледі (10-баған *5-баған).
Әрбір баптың ішінде шығындарды барынша егжей-тегжейлеуге жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 78 Бұйрыққа 3-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 38-қосымша |
нысан
Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады:
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған: Табыстарды көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бөлу туралы есеп
Есепті кезең 20 ___ жыл
Индексі: РУ-жылу-6
Кезеңділігі: жылдық
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату және (немесе) онымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: – ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін
Кәсіпорынның атауы ____________________________________
Есепті кезең | Бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі барлық қызметтен түскен кіріс, мың теңге | ||||||
Жалпы сома (барлығы) | Оның ішінде кіріс | ||||||
№ 1 реттеліп көрсетілетін қызмет | № 2 реттеліп көрсетілетін қызмет | ||||||
Ұсынылған көрсетілген қызметтердің нақты көлемі (Гигакалориялармен (бұдан әрі – Гкал)) | Бекітілген тариф (көрсетілген құн салығынсыз) (1 Гкал үшін теңге) | Осы көрсетілетін қызметтен түскен кіріс, 3-баған*4-баған | Көрсетілген қызметтердің нақты көлемі (Гкал) | Бекітілген тариф (қосылған құн салығынсыз) (1Гкал үшін теңге) | Осы көрсетілетін қызметтен түскен кіріс, 6-баған*7-баған | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі барлық қызметтен түскен кіріс, мың теңге | |||||||
Оның ішінде кіріс | |||||||
Өзге де қызметтерден | |||||||
Барлығы 12-баған + 15-баған | оның ішінде | ||||||
өзге де көрсетілетін қызметтер № 1 | Өзге де көрсетілетін қызметтер.. | ||||||
Көлемі | Бағасы |
Кіріс | Көлемі | Бағасы | Кірісі 13-баған * 14 -баған | ||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |
Басшы ______________________________________ _____________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
Бас бухгалтер _________________________________ _____________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
________ жылғы "___" ____________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Табыстарды қызмет түрлері бойынша бөлу туралы есеп (индекс-РУ-жылу-6, кезеңділігі: жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) жабдықтау және (немесе) кірістерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) тартылған активтерді қызмет түрлері бойынша бөлу есебін дайындауға арналған.
Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындар мен тартылған активтердің бөлек есебін жүзеге асырады.
2. Барлық көрсеткіштер құндық мәнінде ондық белгісіз мың теңгемен толтырылады..
Есепке субъектінің басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
3. Нысанды толтыру кезінде субъект сол жақ жоғарғы бұрышта кәсіпорынның атауын, ал оң жақ жоғарғы бұрышта уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетуге міндетті. Субъект мәліметтерді өткен күнтізбелік жылға толтырады.
1-бағанда есепті кезең көрсетіледі.
Бағандарда 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15 бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі барлық қызметтен түскен кірістер, мың теңге (жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және (немесе) тарату және (немесе) жабдықтау) және өзге де қызметтер (реттеліп көрсетілетін қызметтермен байланысты технологиялық қызметтер және уәкілетті органның ведомствосымен келісілген өзге де қызмет), оның ішінде:
2-бағанда бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі барлық қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі.
4. Кірістердің жиынтық сомасы субъект тиісті кезең үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан кіріс" деген жолда көрсетілген деректерге сәйкес келеді.
3-бағанда заттай мәндегі тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтің нақты көлемі туралы ақпарат көрсетіледі (қр Гигакалорий (бұдан әрі – Гкал));
4-бағанда уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф туралы деректер көрсетіледі (1Гкал үшін теңге);
5-бағанда есепті кезеңде тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі (3-баған* 4-баған);
6-бағанда заттай мәндегі тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтің нақты көлемі туралы ақпарат көрсетіледі (Гкал);
7-бағанда уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф туралы деректер көрсетіледі (1Гкал үшін теңге);
8-бағанда есепті кезеңде тиісті реттеліп көрсетілетін қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі (6-баған * 7-баған);
9-бағанда есепті кезеңде өзге қызметтен түскен кірістің деректері көрсетіледі (12-баған + 15-баған);
10-бағанда заттай мәндегі тиісті өзге қызметтердің нақты көлемі туралы ақпарат көрсетіледі(Гкал);
11-бағанда тиісті қызметтер ұсынылған өзге қызметтің бағасы туралы деректер көрсетіледі;
12-бағанда есепті кезеңде тиісті өзге қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі (10-баған * 11-баған);
13-бағанда заттай мәндегі тиісті өзге қызметтің нақты көлемі туралы ақпарат көрсетіледі;
14-бағанда тиісті қызметтер ұсынылған өзге қызметтің бағасы туралы деректер көрсетіледі;
15-бағанда есепті кезеңде тиісті өзге қызметтен түскен кірістің жалпы сомасы көрсетіледі (13-баған * 14-баған).