"Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурызд

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 1063 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 қазанда № 30192 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабына сәйкес әзірленді.";

      2-тармақтың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) тиісті саланың уәкілетті органы – "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын және республикалық мүлікке қатысты құқықтарға ие Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, сондай-ақ мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін электрондық өтініш (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

      Өтінішке осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгерімдеріне беру үшін ұсынылатын мүлік есепте тұрған уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) атына электрондық құжат айналымының жүйесі арқылы жіберілген тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесі қоса беріледі.

      Қорытындыға тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) аппарат басшысы, ал мұндай лауазым болмаған кезде – тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам қол қояды.

      Қорытындыда осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген экономикалық орындылығы және мүлікті мақсатты пайдалану қажеттілігінің өлшемдері, сондай-ақ көрсетілген мүлікті бекіту болжанатын мемлекеттік заңды тұлға көрсетіледі.";

      7-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өтініштерді және оған қоса берілетін құжаттарды осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігіне өтініштерді ашу күнінде комиссия қарайды.

      Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысында осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген өлшемдер бойынша ақпарат көрсетілмеген кезде, комиссия өтінішті өлшемдерге сәйкес келмейді деп таниды;";

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өтініштерді қарау нәтижелері туралы комиссия шешімі әрбір өтініш бойынша дауыс беру арқылы өтініштерді ашу күнінде қабылданады және өтініштер берген барлық мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық почтасына автоматты хабарлаумен комиссия хатшысы ЭЦҚ пайдалана отырып, хаттамаға қол қою уақытынан бастап тізілімнің веб-порталында жарияланады.

      Мүлікті алуға ниет білдірген мемлекеттік заңды тұлғалардан бірнеше өтінім болған жағдайда осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген барлық өлшемдерге сәйкес келетін болса, бірінші өтініш берген мемлекеттік заңды тұлға басымдыққа ие болады.

      Егер өтінішті бірінші болып берген мемлекеттік заңды тұлға қажеттіліктері қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік артық болып қалса, онда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган оны келесі өтініш берушілерге ұсынады;

      7) комиссия оң шешім қабылдаған кезде, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган:

      мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне (мемлекеттік меншіктің бір түрінің шегінде) бекіту туралы;

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларында (бұдан әрі – № 616 қағида) белгіленген тәртіппен мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешімді қабылдайды.

      № 616 қағидаларда көзделген уәкілетті органның мекенжайына облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өтінішхаты немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына уәкілетті органның келісімі көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде мүлік сауда-саттыққа шығарылады.

      Беруші және қабылдаушы тараптар мүлікті қабылдап алу-беру актісіне уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қол қояды;

      Қабылдаушы тарап қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімдерде қол қоймаған кезде, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізіліммен қалыптастырылатын мемлекеттік заңды тұлғаның теңгеріміне берудің және бекітудің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік сауда-саттыққа шығарылады;";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджеттің кірісіне аударады.

      14. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.

      Сауда ұйымы сатушыдан қабылдап алу-беру актісі бойынша қабылдаған мүлік қайтарылмайды.

      Сауда ұйымының бастамасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) бұзылған кезде комиссиялық тапсырмаларда көрсетілген мүлікті сатуға алынған сома сатушыға төленуі тиіс.";

      16-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1. Алкоголь өнімін өткізу ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің, "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ сапа және қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігі туралы сараптама (зертханалық сынау, зерттеу) қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.

      Мұнай өнімдерін өткізу немесе мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру мен бекіту олар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің, "Техникалық реттеу туралы" және "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ сапа және қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігі туралы сараптама (зертханалық сынау, зерттеу) қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.

      Аталған мүліктің сараптамасы (зертханалық сынау, зерттеу) сотқа дейінгі іс жүргізу және сот талқылауы сатысында жүргізілмеген, сондай-ақ егер оны жүргізу бойынша шығындар бағалау құнынан аспайтын кезде, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган оны жүргізуді қамтамасыз етеді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берген өтінімдер кері қайтарылмайды.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті сату бойынша қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы 3 (үш) минут ішінде өтінім берілген мүлік бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.

      Қатысушының осы Қағиданың 29 және 30-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған кезде, тізілімнің веб-порталы өтінім қабылдауды және мүлік бойынша сауда-саттық нәтижелерін айқындағанға дейін кепілдік жарна сомасын бұғаттауды жүзеге асырады, сондай-ақ қатысушыны сауда-саттыққа жіберуді жүргізеді. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған кезде, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

      Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

      34. Тізілімнің веб-порталы сауда-саттықты өткізу басталғанға дейін кемінде 5 (бес) минут бұрын аукционға қатысу үшін электрондық өтінімді кері қайтарған қатысушының аукциондық нөмірін жояды.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Аукционды ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-бабының 6-тармағына сәйкес өзі енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалын өтейді.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Жылжымайтын мүлікті сату кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Ең төменгі бағамен сатылмаған және әлеуметтік қызмет субъектілері талап етпеген мүлік, сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзаты, тамақ өнiмдерi, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларға, нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, сәйкестендіру құралдарынсыз өткізілетін темекi бұйымдары мен құрамында шығарылған елі белгісіз темекi бар басқа да бұйымдар және тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетiн өзге де мүлiк, сондай-ақ одан әрі пайдалануға жарамсыз мүлік мүлікті жою туралы комиссияның шешімі болған кезде уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жойылады.

      Жою рәсімі комиссия мүшелерінің қатысуымен фототүсірілім және бейнежазба қолданыла отырып тіркеледі.

      Фото және бейне тіркеу мүлікті сақтау орындарынан тиеуді, жою орнына дейін тасымалдауды және тікелей мүлікті жою процесін қоса алғанда, цифрлық фотоаппаратқа және цифрлық бейнекамераға жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлік жойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде фото және бейне тіркеу материалдарының цифрлық форматта сақталуын қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның басшысы фото және бейне тіркеу материалдарын сақтауға жауапты қызметкерді айқындайды.

      Мүлікті жою қорытындылары бойынша мүлікті жою жөніндегі қызметтерді көрсетушінің өкілі (-дері), сондай-ақ комиссия мүшелері қол қоятын мүлікті жою туралы акт жасалады.

      Егер мүлікті жою кезінде комиссия мүшесінің қатысуы мүмкін емес болса, онда мүлікті жою туралы актіге белгі қойылады және оның болмауының дәлелді себебін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

      Мүлікті жою туралы актіде жасалған күні мен орны, әрбір заттың егжей-тегжейлі сипаттамасы бар мүліктің атауы, өлшем бірлігі, саны (салмағы), бір бірлігі үшін мүліктің құны теңгемен (бар болса), жалпы құны теңгемен (бар болса) көрсетіледі.";

      71-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаға 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 14 қазандағы
№ 1063 Бұйрыққа
1-қосымша
  Мүлікті тәркілеу бөлігінде
қылмыстық іс бойынша сот
үкімі негізінде не мүлікті
мемлекетке беру туралы
шешім негізінде тыйым
салынған мүлікті өткізу немесе
пайдалану қағидасына
1-қосымша

      нысан

Мүлікті сату бойынша ___________________________ қатысуға (аукцион әдісі көрсетіледі)

ӨТІНІМ

      1. Мүліктің сатылуы туралы жарияланған хабарламаны қарап және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген) Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасымен танысып, _________________________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә.* немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.*) ___________ 20 ___ жылғы "___" _______ ____________ мына мекенжай бойынша ________________________ болатын аукционға қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) сауда-саттыққа қатысу үшін мүлік бойынша сауда-саттық нәтижелері айқындалғанға дейін тізілімнің веб-порталы бұғаттайтын кепілдік жарнаны енгіздім(дік):

Мүліктің атауы

Мүлік үшін кепілдік жарнаның сомасы, теңге


Жиыны


      3. Қатысушыға қойылатын талаптарға мен (біз) сәйкес емес екенім (-із) анықталған кезде, мен (біз) аукционға қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен), электрондық аукцион нәтижелерінің хаттамасы және мен (біз) қол қойған сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін(-з).

      4. Мені (бізді) аукцион жеңімпаз(-дар)ы деп танылған кезде, өзім(-ізг)е электрондық аукцион нәтижелерінің хаттамасына өткізілген күні қол қоюды және сауда-саттық өткізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қоюды міндетім(-ізг)е аламын(-з).

      5. Мынадай:

      1) сауда-саттық өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған;

      2) белгіленген мерзімдерде сатып алу-сату шартына қол қоймаған;

      3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және сатушыда қалатынына келісемін(з).

      6. Осы өтінім электрондық аукцион нәтижелерінің хаттамасымен бірге сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күшіне ие.

      7. Өзім(із) туралы мынадай:

      Заңды тұлғалар үшін:

      Атауы ________________________________________________________

      БСН** ________________________________________________________

      Басшының Т.А.Ә.*______________________________________________

      Мекенжайы:____________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: __________________________________________

      Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК*** ______________________________________________________

      БСК**** ______________________________________________________

      Банктің атауы __________________________________________________

      Кбе***** ______________________________________________________

      Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН******/БСН**:_

      Жеке тұлға үшін:

      Т.А.Ә.*________________________________________________________

      ЖСН****** ___________________________________________________

      Паспорт деректері ______________________________________________

      Мекенжайы: ___________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: __________________________________________

      Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК ***______________________________________________________

      БСК****_______________________________________________________

      Банктің атауы __________________________________________________

      Кбе *****______________________________________________________

      Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН******/БСН**:

      ____________ 20 __ жылғы "___" _______

  (қолы) (жеке тұлғаның
Т.А.Ә.* немесе заңды
тұлғаның атауы және заңды
тұлғаның басшысының
немесе заңды тұлғаның
сенімхат негізінде әрекет
ететін өкілінің Т.А.Ә.*)

      Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы 20__ жылғы "___" ______ _____ сағат ___ минутта қабылдады.

      Қатысушының аукцион нөмірі ______________

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      *Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      **БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ***ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ****БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      *****Кбе – бенефициар коды;

      ******ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 14 қазандағы
№ 1063 Бұйрыққа
2-қосымша
  Мүлікті тәркілеу бөлігінде
қылмыстық іс бойынша сот
үкімі негізінде не мүлікті
мемлекетке беру туралы шешім
негізінде тыйым салынған
мүлікті өткізу немесе
пайдалану қағидасына
3-қосымша

      нысан

Мүлікті беру қажеттілігі туралы қорытынды

      Теңгеріміне мүлікті бекіту болжанатын мемлекеттік заңды тұлғаның атауы

      ____________________________________________________________________.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүліктің тиесілілігінің белгіленген нормативтері мен лимиттері шегінде мемлекеттік заңды тұлғалардан берілетін мүлікке қажеттілікті айқындау (автокөлік құралдары мен жылжымайтын мүлік үшін):

      мүліктің атауы__________________________________________________;

      қысқаша сипаттамасы____________________________________________;

      өлшем бірлігі___________________________________________________;

      саны___________________________________________________________;

      тиесілілік нормативін бекіту туралы құқықтық актінің түрі, оның нөмірі мен күні __________________________________________________;

      тиесілілік нормативі (саны, ауданы шаршы метрмен, қозғалтқыш көлемі текше сантиметрмен және басқа)___ _____________________________________;

      бухгалтерлік есеп деректері бойынша нақты саны (саны, алаңы шаршы метрмен, қозғалтқыш көлемі текше сантиметрмен және басқа)_______________;

      мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесі______________________________.

      Мүлікті мақсатты пайдалану және мемлекеттік заңды тұлғаларда өндірістік қажеттіліктің болуы:_________________________________________.

      Қабылданатын мүлікті күтіп-ұстау және пайдалану бойынша қаржылық қамтамасыз етілу:_____________________________________________________.

      Лауазымы (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)