"Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 224/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 363/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қазанда № 29960 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесімен (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талап) көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакеті ұсынылады.

      Процесс сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерден құралатын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында жазылған.

      Қазақстан Республикасының халқына жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде фотосуреттер мен қолтаңбалар үлгілері осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қабылдау және паспорттарын, жеке куәліктерін беру көрсетілетін қызметті алушылардың тұрақты тіркелген орны бойынша, сондай-ақ нақты болатын жері бойынша (эксаумақтық қағидат бойынша) паспорттың және (немесе) жеке куәліктің жоғалуына, оларды жарамдылық мерзімінің өтуіне, неке қию (бұзу) бойынша тегін өзгертуге, одан әрі пайдалануға жарамсыздығына, құжаттардың түр өзгерісіне байланысты ауыстыру, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алғаш рет алуына, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі негізінде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алғаш рет алуына байланысты жүзеге асырылады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу себебіне қарамастан, құжаттандырылатын адамның тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ХҚТ ТП ақпараттық жүйесінен алады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар дайындауға электрондық формулярларды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияда ХҚТ ТП арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы көрсетілген жұмыс орындарында жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерін түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсына алады.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Өтінішті қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді тіркеу талоны не жеке басты куәландыратын құжат алу үшін формулярды толтырылғаннан кейін бланкіден алынатын түбіртек беріледі.

      Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысанда өтінішті қабылдаудан бас тарту беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде арыздарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабының 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациядағы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде – ішкі істер органдарының кенттік басқармасы (бөлім), қалалық, аудандық, (қаладағы) аудандық көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімше, топ) (бұдан әрі – КҚҚб) қызметкері:

      деректер базасы бойынша тексеру (жеке басын сәйкестендіру, тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болуы, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 492-бабы бірінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару, Кодекстің 492-бабы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері бойынша әкімшілік хаттама жасау, ХҚТ ТП АЖ-да электрондық формулярды тіркеу, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүзеге асыратын графикалық ақпаратты (фотосуреттер мен қолдар) жинау кезеңіне жіберу.);

      электрондық формулярды толтыруды және ЭЦҚ-ны куәландыруды;

      дербес кодты, күнін және формулярды толтырған кезде қол қоюды (тергеу қамауындағылардың және бас бостандығынан айыру орындарда жазасын өтеп жатқан адамдарға, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан адамдардың болатын орны бойынша шығумен, сондай-ақ 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын ауыстыруына және оларды жоғалтуы бойынша қалпына келтіруіне байланысты өтініш білдірген азаматтарға, сондай-ақ туу туралы куәліктің негізінде 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтарына, ХҚТ ТП болмаған кезде, ХҚТ ТП-мен байланыс арналары істен шыққан немесе олардың құрал-жабдықтары істен шыққан жағдайда ресімделеді) жүзеге асырады.

      Электрондық формулярды тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті және қажет болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлды төлеуді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкке жіберіледі.

      Сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушы қалауы бойынша қызметті жеделдетіп дайындауға төлем төлеуі мүмкін.

      Екінші деңгейдегі банктерден нақты уақыт ("онлайн") режимінде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетіп дайындау үшін қабылданған төлемдер туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – "АӨО" РМК) келіп түседі.

      Мемлекеттік қызметті формулярмен алған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжатты жеделдетіп бергені үшін төлем туралы құжатты формулярға қоса ұсынады;

      аудандық (қалалық) ішкі істер органдарында ресімделген формулярларды жөнелту үшін 3 данада тізілімді қалыптастыру, оның біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екінші және үшінші – формулярмен бірге облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі - КҚҚБ) жолданады. Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін КҚҚБ-ға ХҚТ ТП арқылы тізілім жасалмай беріледі.

      КҚҚБ қызметкерлері ХҚТ ТП арқылы ресімделген электрондық формулярларды, сондай-ақ қағаз тасымалдағышта формулярларды "Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес дұрыстығы және толтырудың негізділігіне тексерісті жүзеге асырады.

      Деректер базасында бар электрондық формулярларда қамтылған мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған, ресімдеу кодтары сәйкес келмеген, графикалық ақпарат сапасыз жасалған кезде электрондық формулярлар қайтару себебін көрсете отырып, ХҚТ ТП-ға қайта ресімдеу үшін оны орындаусыз қайтарады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабының 9-тармағында көзделген негіздемелер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін жеделдіктің 1-санаты бойынша ресімдеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды.";

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын тыңдалғаны туралы хабардар етіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға пысықталғаннан кейін электрондық формулярды жолдау не егер көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Толтыру дұрыс және негізді болған жағдайда электрондық формулярлар ХҚТ ТП-ның келесі кезеңіне өтеді, ал формулярларға 3 данада жиынтық тізілім қалыптастырылады, оның біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екінші және үшінші аудандық тізіліммен және формулярлармен (қағаз тасымалдағышта) бірге Көші-қон қызметі комитетіне (бұдан әрі - КҚҚК) жолданады.

      КҚҚК қызметкерлері КҚҚБ-дан алынған жиынтық тізілімдерді формулярлардың кіріс жиынтық тізілімдерін есепке алу кітабына тіркейді, формулярларды толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеруді, деректер базасы бойынша іздестіруде болу мәніне тексеруді жүзеге асырады.

      Толтыру дұрыс және негізді болған жағдайда, сондай-ақ іздестіру есебі бойынша болмаған кезде электрондық формулярлар "АӨО" РМК-ға жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезеңіне жолданады.

      Жиынтық тізілімнің бірінші данасы формулярлардың аудандық тізілімдермен бірге номенклатуралық іске тігіледі, тіркеледі, жиынтық тізілімнің екінші данасы КҚҚК қолтаңбасымен расталады және 1 жұмыс күні ішінде "АӨО" РМК-ға формулялардың аудандық тізілімімен бірге жолданады.

      "АӨО" РМК келіп түскен электрондық формуляларға тексерісті жүзеге асырады және электрондық формулярға енгізілген, оның ішінде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетіп дайындауға ресімделген мәліметтердің деректер базасындағы мәліметтермен сәйкес келмеуі, графикалық ақпарат (фотосурет және қолтаңба) сапасыз жасалғаны анықталған кезде қателерді түзету үшін ТП кезеңіне қайтарылады.

      Бұзушылық болмаған жағдайда құжаттар дайындалады және дайындалған құжаттар тізілімімен бірге көрсетілетін қызметті беруші арқылы жолданады:

      1) жеделдетіп дайындау бойынша – Мемлекеттік корпорацияға;

      2) жалпы тәртіпте дайындалғандар – КҚҚБ-ға.

      Жалпы тәртіпте дайындалған құжаттарды облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының полиция бөлімдерінің көші-қон қызметі бөліністеріне дейін жеткізуді курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырады.

      КҚҚБ қызметкері жолдауға тізілімді және жиынтық тізілімнің үшінші данасын номенклатуралық іске тігеді және дайындалған құжаттар тізілімін дайын құжаттармен және формулярмен бірге КҚҚб-ға жолдайды.

      КҚҚ бөлімі қызметкері дайындалған құжаттар тізілімін дайын құжаттармен бірге тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру:

      1) Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді тіркеу талоны негізінде;

      2) Мемлекеттік корпорациядағы көрсетілетін қызметті беруші арқылы:

      формулярдан бөлінетін жеке басын куәландыратын құжатты алуға түбіртек негізінде (қағаз тасымалдағышта ресімдеу кезінде).

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын аумақтық полиция органдарына және Мемлекеттік корпорацияға жібереді";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      3-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабы) тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсыну кезінде көрсетеді:";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, түрін, мазмұнын және көрсету нәтижесінен құралатын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ұсынудың ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында жазылған.

      Жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерін түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсына алады.";

      5-тармақта он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабының 9-тармағымен көзделген.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын аумақтық полиция және Мемлекеттік корпорацияға жібереді";

      1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      3-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабы) тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсыну кезінде көрсетеді:";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, түрін, мазмұнын және көрсету нәтижесінен құралатын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ұсынудың ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында жазылған.

      Жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерін түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсына алады.";

      5-тармақта оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабының 9-тармағымен көзделген.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын аумақтық полиция және Мемлекеттік корпорацияға жібереді";

      1-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабы) тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсынады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, түрін, мазмұнын және көрсету нәтижесінен құралатын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарының тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ұсынудың ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында жазылған.

      Жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерін түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсына алады.";

      6-тармақта төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабының 9-тармағымен көзделген.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын аумақтық полиция органдарына және Мемлекеттік корпорацияға жібереді";

      1-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (А.Б. Аталықов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетін
атқарушы полиция генерал-лейтенанты
М. Кожаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы полиция
генерал-лейтенанты
2022 жылғы 30 қыркүйектегі
  № 781 бұйрығына
1-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
азаматтарына паспорттар,
жеке куәліктер беру"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы
1. Құжаттарды бірінші рет ресімдеу:
- 16 жасқа толмаған балаларға Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;
- 16 жасқа толған адамдарға;
- қолда бар жеке куәлік немесе паспорт;
- 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты немесе оны жоғалту негізінде;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде.
2. Жеке басты куәландыратын құжаттарды ауыстыру:
- қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты;
- жоғалтқанына;
- пайдалануға жарамсыз;
- құжаттардың түрін өзгертуге байланысты оларды дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес иесінің қалауы бойынша;
- шетелден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға оралғанына байланысты.
3. Азаматтың анықтамалық деректері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, туған жері немесе өзінің ұлтын көрсетпеу ниеті) өзгерген; шығарылған құжаттардағы жазбалардың дәл еместігі жағдайында.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамдағы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
- 16 жасқа толмаған балаларға Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;
- 16 жасқа толған адамдарға;
- қолда бар жеке куәлік немесе паспорт;
- қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты;
- жоғалтқанына;
- пайдалануға жарамсыз;
- құжаттарды дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес құжаттардың түр өзгерісіне байланысты иесінің қалауы бойынша;
- шетелден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға оралғанына байланысты;
- азаматтың айқындамалық деректері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, туған жері немесе өзінің ұлты және ұлтын көрсетпеу ниеті) өзгерген; шығарылған құжаттардағы жазбалардың дәл болмауы;
2) көрсетілетін қызметті беруші – қағаз тасымалданышта ресімдеу кезінде:
- 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты немесе оны жоғалту негізінде;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде

3

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі

Құжатты жалпы тәртіпте, оның ішінде порталға жүгінген кезде алу үшін - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін (өтінімді ресімдеу және жеделдетілген көрсетілетін қызметке түбіртекті төлеу күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi):
Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін - жеделдіктің 1-санаты бойынша 1 (бір) жұмыс күніне дейін; жеделдіктің 2-санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін;
облыс орталықтары үшін - жеделдіктің 1-санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін; жеделдіктің 2-санаты бойынша 5 (үш) жұмыс күніне дейін;
облыстардың қалалары және аудандары үшін – жеделдіктің 3-санаты бойынша 7 (жеті) жұмыс күніне дейін.
Құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

4

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны

қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді тіркеу талон негізінде;
2) Мемлекеттік корпорациясындағы көрсетілетін қызметті беруші арқылы: формуляр бланкіден оны толтырғаннан кейін бөлінетін жеке басты куәландыратын құжатты алу үшін түбіртек негізінде, портал арқылы ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарламаның негізінде.
Көрсетілетін қызметті алушы немесе өкілдік етуге өкілеттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып оның заңды өкілі не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген кезде.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға келмесе, Мемлекеттік корпорация жеке куәлікті және (немесе) паспортты оның дайындалған күнінен бастап бір жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге оны жою үшін тапсырады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан алынатын төлемдің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі

Көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетiледi.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (бұдан әрі - Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 615-бабына сәйкес мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергенi үшiн 8 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК), ал Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн бергені үшін 0,2 АЕК құрайды.
Салық кодексінің 622-бабына сәйкес мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
үш дәрежелі Даңқ орденінің және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған;
"Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі;
қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын, мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер немесе QR-code бойынша ХҚТ ТП арқылы жүзеге асырылады.
Жеделдетілген тәртіппен жеке куәлік және (немесе) паспорт берген кезде мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген қосымша төлем алынады. Белгіленген тарифтердің мөлшері "Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16576 болып тіркелген).
Жеке басты куәландыратын құжаттарды жедел дайындау бойынша қызметтер үшін төлем "АӨО" РМК-ның есеп шотына жүргізіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбіде – сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi;
Құжаттарды (формулярда ресімделген) қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18-00-ге дейін, сенбіде – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi;
2) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.
Мемлекеттік қызмет жеделдедіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезек портал арқылы брондалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде;
2) мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында;
3) порталдың – www.egov.kz орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзi жүгінгенде (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
ХҚТ ТП арқылы электрондық өтінімді ресімдеу кезінде мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге:
16 жасқа толмаған балаларға Қазақстан Республикасы азаматының паспортына, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарға, 16 жасқа толған адамдарға:
1) баланың туу туралы куәлігі не оның цифрлық нысаны;
2) жеке басын сәйкестендіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын растау үшін-ата-анасының біреуінің (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат не оның цифрлық нысаны;
3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, оны 16 жасқа толғанға дейін алған жағдайда;
4) шетелдік ата-анасының баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын алуға (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған кезде, олардың бірі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және ата-анасының екеуі бірдей осы кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған кезде) нотариалды түрде куәландырылған келісім-өтінішін ұсыну қажет;
- қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты:
1) қолданылу мерзімі өткен жеке басты куәландыратын құжаттар не олардың цифрлық нысаны;
2) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 492-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы (жеке куәліктің қолданылу мерзімі күнтізбелік 10 күннен бір айға дейін өткен кезде);
3) Кодекстің 492-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және әкімшілік айыппұл сомасын төлегені туралы түбіртек (жеке куәліктің қолданылу мерзімі бір айдан астам өткен кезде);
- жоғалуы:
1) жеке басты куәландыратын құжаттардың қайда, қашан және қандай жағдайларда жоғалғаны көрсетілген жазбаша өтінішті (16 жасқа дейінгі балаға дайындалған паспортты жоғалтқан кезде, құжатты қалпына келтіру туралы өтінішті оның ата-анасының біреуі немесе заңды өкілі ұсынады);
2) қолда бар жеке басты куәландыратын құжаттардың бірі не оны цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсыну;
3) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi берген қайтып оралуға арналған куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде);
4) жеке куәлікті және (немесе) паспортты ұрлау немесе жымқыру туралы арызды қабылдаған қылмыстық қудалау органынан қылмыстық құқық бұзушылық ретінде талон-хабарлама (Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген);
5) Кодекстің 492-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы (жеке куәліксіз тұрғаны үшін күнтізбелік 10 күннен бір айға дейін);
6) Кодекстің 492-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және әкімшілік айыппұл сомасын төлегені туралы түбіртек (бір айдан астам жеке куәліксіз тұрғаны үшін);
- пайдалануға жарамсыздығы;
1) бүліну, ескіру, жеке басты сәйкестендіру мүмкін еместігі белгілері бар жеке басты куәландыратын құжат (формулярды толтыру кезінде алынады);
- құжат иесінің қалауы бойынша, оларды дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес құжаттардың түрін өзгертуге байланысты;:
1) жеке басты куәландыратын құжаттар немесе олардың цифрлық нысаны (жеке куәлік үшін берілген күні – 2015ж.01.01. дейін, паспорт-2010ж. 01.01.дейін);
- шетелден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қайтуына байланысты:
1) Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы.
Тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ХҚТ ТП ақпараттық жүйесінен алады.
- азаматтың анықтамалық деректері өзгерген жағдайда (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); туған күні, жері; ұлты немесе өз ұлтын көрсетпеу ниеті):
1) жеке басты куәландыратын құжаттар не олардың цифрлық нысаны (анықтамалық деректерді ауыстыру туралы қорытынды шығаруды талап ететін жағдайлардан басқа);
2) неке қию (бұзу) туралы куәлік не оның цифрлық нысаны, заңды күшіне енген сот шешімі;
3) туу туралы куәлік не оның цифрлық нысаны.
4) айқындамалық деректерді өзгерту туралы қорытынды (ХҚТ ТП-да уәкілетті қызметкер АХАЖ АЖ-дан интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы алатын айқындамалық деректердің, туған жерінің өзгеруі туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
- шығарылған құжаттардағы жазудың дұрыс болмауы:
1) жеке басты куәландыратын құжаттар не олардың цифрлық нысаны;
2) енгізілетін мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттар (туу туралы, неке (некені бұзу) туралы куәлік) не олардың цифрлық нысаны;
3) белгіленген нысандағы азаматтың жеке басын тану хаттамасы (құжатталатын адамның фотосуреті дерекқорда жеке басын куәландыратын құжаттағы фотобейнемен сәйкес келмеген жағдайда).
Құжат үшiн мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар Салық кодексінің 622-бабына сәйкес растайтын құжаттарын ұсынады).
Тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ХҚТ ТП ақпараттық жүйесінен алады.
ХҚТ ТП АЖ арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіру ХҚТ ТП АЖ-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақысыз жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының фотобейнесі электрондық формулярға суретке түсіру жолымен, көрсетілетін қызметті алушының қолы – қол қою сканері арқылы енгізіледі.
2) көрсетілетін қызметті берушінің – қағаз тасымалдағышта ресімдеу кезінде:
- 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының немесе оның жоғалуының, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарды беру туралы алғаш рет өтініш берген 18 жастан асқан адамдардың туу туралы куәлігінің негізінде:
1) 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының түпнұсқасы;
2) туу туралы куәліктің түпнұсқасы;
3) азаматтың азаматтығын айқындауға арналған тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын анықтау және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру жөніндегі қорытындыны ұсынады.
4) республика азаматтығына жататынын растайтын 13-нысандағы анықтама;
- Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау кезінде:
1) ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы 7-нысандағы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауға байланысты құжаттарды алған кезде).
Құжат үшiн мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар Салық кодексінің 622-бабына сәйкес растайтын құжаттарын ұсынады).
Формулярды толтыру сәтте көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келетiн өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр екі фотосурет.
Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет-бейнесі көрінісімен және аузы жабық түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75% жуығын алатындай болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Суретке түсіру кезінде діни не медициналық себептер бойынша басты жабуды қоспағанда, ешқандай бас киім киіп түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда беті иектің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады, бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді. Көзі ашық және анық көрінуі тиіс, шашпен жабылмауы қажет. Көзілдіріктің жиегі көзді жаппайды, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді. Сонымен қатар, құжатталатын адамның униформада суретке түсуіне жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайда.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауына байланысты.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Тыныс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға және тергеу қамауындағыларға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алу кезінде жеке тұлғаларда жекелеген жағдайларда цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған электрондық түрде құжаттарды ұсыну мүмкіндігі бар.

  бұйрығына 2-қосымша
"Қазақстан Республикасының
азаматтарына паспорттар,
жеке куәліктер беру"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
4-қосымша

Тіркеу пунктінің коды Код регистрационного пункта

Өтінімді тіркеу Талон регистрации

Штрих-код и номер талона Өтінім штрих-коды мен нөмірі

ИИН / ЖСН: Тегі / Фамилия: Аты / Имя: Әкесінің аты (болған жағдайда) / Отчество (при его наличии): Туған кезі / Дата рождения:

Негіздеме-құжат / Основание: Құжаттың № / № документа: Берілген кезі / Дата выдачи: Берген орган / Орган выдачи:


Тапсыруға жатқзылған құжаттар / Документы подлежащие сдаче:

      _________________________________________________________________________

      Өтінім туралы мәлімет / Сведения о заявке

      Өтінім түрі / Вид Заявки Тапсырыс/Заказ

      _________________________________________________________________________


Тіркелген кезі / Дата регистрации

Тіркеу қызметкері / Сотрудник регистрации
___________________ Қолы/подпись

Тіркеу пунктінің мекежайыАдрес регистрационного пункта
__________________________________________________

Анықтама телефоныТелефон для справок
_______________

1414_____

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, өтінім бергеннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы қалаған кезде қосымша төлемге құжаттарды жеделдетіп әзірлеу мүмкіндігі бар:

      Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін: 1-санаттағы жеделдік – 1 жұмыс күні (қызмет құны – 4 983 теңге) 2-санаттағы жеделдік – 2 жұмыс күні (қызмет құны – 2 752 теңге) облыс орталықтары үшін: 1-санаттағы жеделдік – 3 жұмыс күні (қызмет құны – 4 983 теңге) 2-санаттағы жеделдік – 5 жұмыс күні (қызмет құны – 2 752 теңге) облыстардың аудандары мен қалалары үшін: 3-санаттағы жеделдік – 7 жұмыс күні (қызмет құны – 1 116 теңге) Өтінімді ресімдеу күні және жеделдік санатына төлем жасаған күн құжаттарды беру мерзіміне кірмейді.

      Ескерту: жеке басты куәландыратын құжаттарды жедел түрде дайындау мерзімі талонда өңірге байланысты көрсетіледі.

      Документы, удостоверяющие личность, выдаются в срок не позднее 15 рабочих дней со дня подачи заявки. При желании услугополучателя, за дополнительную оплату возможно ускоренное изготовление документов:

      Для городов Астана, Алматы, Актобе, Шымкент: 1 категория срочности – 1 рабочий день (стоимость услуги - 4 983 тенге) 2 категория срочности – 2 рабочих дня (стоимость услуги - 2 752 тенге) для областных центров: 1 категория срочности – 3 рабочий день (стоимость услуги - 4 983 тенге) 2 категория срочности – 5 рабочих дня (стоимость услуги - 2 752 тенге) для районов и городов областей: 3 категория срочности – 7 рабочих дней (стоимость услуги – 1 116 тенге) День оформления заявки и день оплаты за категория срочности не входят в срок выдачи документов.

      Примечание: сроки изготовления документов, удостоверяющих личность в ускоренном порядке отображаются в талоне в зависимости от региона.

  бұйрығына 3-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
азаматтарына паспорттар,
жеке куәліктер беру"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

        (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
  (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
  _________________________
  (көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атаулары:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________.

      Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден.

      Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._____________

      Телефоны______________________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" _________

  бұйрығына 4-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
халқын тұрғылықты жері
бойынша тіркеу" мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
  1-қосымша

"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы
1. Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу;
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде босқын мәртебесін алғандарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті беруші:
шетелдіктер мен босқын мәртебесін алған азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу үшін;
2) көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияда:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу үшін;
3) мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы:
Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу үшін.

3

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі

1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған, көрсетілетін қызметті беруші (босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) арқылы - 30 (отыз) минут ішінде;
портал арқылы - 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

4

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде босқын мәртебесін алғандарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу;
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағазтүрінде/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін:
Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын мекенжайы туралы мәліметтерді "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) енгізуі.
Портал арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тұрғылықты жері бойынша тіркелген туралы хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушынының "жеке кабинетіне" жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан алынатын төлемнің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбіде – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру - дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18-00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
2) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
Құжаттарды қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тіркелген немесе уақытша келген (тұрған) орны бойынша жүзеге асырылады, "электрондық кезекті" портал арқылы брондауға болады;
3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушылар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері жүгінген кезде, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында;
3) порталдың – www.egov.kz орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі жүгінгенде (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге өкілеттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияда:
- Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу;
1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй, саяжай құрылысының, адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжайдың, ғимарат немесе үй-жай иесінің (үй, саяжай құрылысының, адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжайдың, ғимарат немесе үй-жай иесінің өзінің қатысуы міндетті) жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның цифрлық нысаны және тұрақты не уақытша тіркеуге оның келісімі.
Тұрғын үй, саяжай құрылысының, адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжайдың, ғимарат немесе үй-жай иесінің (жалға алушының) тіркеу құқығын растау үшін көрсетілетін қызметті беруші үй, саяжай құрылысының, адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжайдың, ғимарат немесе үй-жай иесінің ЖСН мен жылжымайтын мүлік объектісінің ауданы, немесе үй, саяжай құрылысының, адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжайдың, ғимарат немесе үй-жай иесінің ЖСН мен МТК бойынша "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үйге меншік құқығының туындауы негіздерін растайтын меншік иесі туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерден алады;
тіркеу туралы ұйымның (мекеменің) әкімшілігі ұсынған өтінішхат (адамдар тұру (болу) үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда тіркеу кезінде);
2) жеке басты сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжат немесе оның цифрлық нысаны (14 жасқа толған балалар – туу туралы куәлік және Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (бар болған кезде).
Мекенжай деректеріне түзету енгізген кезде жеке куәліктің түпнұсқасы ұсынылады (чипте мекенжайды қайта жазуды жүзеге асыру үшін).
Республикадан тыс жерлерден тұрғылықты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары – паспортының тұпнұсқасын (паспортты жолғалтқан немесе қолдану мерзімі өткен жағдайда – қайтып оралу куәлігі), бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжатты не бұрын тұрған елінің құзыретті органы берген азаматтығының жоқтығы туралы құжатты (анықтаманы) ұсынады.
Бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжаты, азаматтығы жоқтығы туралы құжат (анықтама) болмаған кезде, азамат бұрын тұрған елінен көрсетілген құжаттардың бірі сұратылған (алынған) кезеңге уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеледі.
корсетілетін қызметті берушіге:
Босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жоғарыдағы құжаттардың тізбесін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
порталға (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін):
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен және тіркеуге келісім берген тұрғын үй, саяжай құрылысының, адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжайдың, ғимарат немесе үй-жай иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған немесе көрсетілетін қызметті алушының және тұрғын үй, саяжай құрылысының, адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжайдың, ғимарат немесе үй-жай иесінің ұялы байланыс операторы порталда пайдаланушылардың есептік жазбасына ұсынған абоненттік нөмірді тіркеген және қосқан жағдайда қысқа мәтіндік хабарлама түрінде бір реттік парольмен куәландырылған электрондық сұрау салу (абоненттік нөмірді тіркеу және қосу үшін порталға алғашқы сұрау салу пайдаланушының ЭЦҚ-мен куәландырылады).

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелері

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауына байланысты.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қағаз тасымалдағышта толтыра отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану мүмкіндігі портал арқылы электрондық сұрау салуды беру жолымен мемлекеттік қызметті алу кезінде көзделеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Мемлекеттік қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығымен жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалар өзінің тіркелген мекенжайы туралы, ал тұрғын үй иелері бір мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мәліметтерді портал арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті мобильді қосымшалар арқылы екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері арқылы алу мүмкіндігі бар.
Қызметті алу кезінде жеке тұлғаларда цифрлық құжаттар сервисі арқылы жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсыну мүмкіндігі бар.

  бұйрығына 5-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
халқын тұрғылықты жері
бойынша тіркеу" мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

        (Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
_______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында көзделген тізбеге сәйкес мерзімі өткен құжаттарды, құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атаулары:

      1.________________________________________;

      2. ________________________________________;

      3. ________________________________________.

      Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияың қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._____________

      Телефоны______________________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" _________

  бұйрығына 6-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
халқын тұрғылықты жері
бойынша тіркеу есебінен
шығару" мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы
1. Республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды тіркеуден шығару;
2. Сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандарды тіркеуден шығару;
3. Тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша тіркеуден шығару

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті беруші:
республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, шетелдіктер мен босқын мәртебесін алған азаматтығы жоқ адамдарды тіркеуден шығару үшін; сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айрылды деп таныған; тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша;
2) көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияда:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды; сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айрылған деп таныған; тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша тіркеуден шығару үшін;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы:
республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен; сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айрылған деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуден шығару үшін; тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы:
Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуден шығару үшін.

3

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі

1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап көрсетілетін қызметті беруші арқылы (босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) - 30 (отыз) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

4

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны

қағаз түрінде:
- республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды тіркеуден шығару;
- сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандарды тіркеуден шығару;
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін:
- тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша тіркеуден шығару

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

"Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) мәліметтерді енгізу жолымен тіркеуден шығару.
Портал арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі оның мекенжайында тұрмаған адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушынының "жеке кабинетіне" жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мекенжайдан кету парағын беру (қажет болған жағдайда).

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан алынатын төлемнің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбіде - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру - дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
2) Мемлекеттік корпорацияның - дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.Құжаттарды қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады, "электрондық кезекті" портал арқылы брондауға болады.
3) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері жүгінген кезде, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Құжаттарды қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады, "электрондық кезекті" портал арқылы брондауға болады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі жүгінгенде (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілдіктері көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адамы үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары):
1) Мемлекеттік корпорацияға және Мемлекеттік корпорациядағы көрсетілетін қызметті берушіге:
- адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжай, саяжай құрылысы, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша тіркеуден шығару үшін:
тұрғын үй иесінің жеке басын куәландыратын құжат не оның цифрлық нысаны (жеке басын сәйкестендіру үшін);
тіркеуден шығаруға жататын азаматтардың айқындамалық деректері көрсетілген еркін нысандағы тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару туралы өтініш;
- республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды тіркеуден шығару үшін:
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (жеке басын сәйкестендіру үшін) және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін);
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты-16 жасқа дейінгі балаларға;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат беру туралы аумақтық полиция органдарының анықтамасы;
- сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандарды тіркеуден шығару үшін;
адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжай, саяжай құрылысы, ғимарат немесе үй-жай иесінің жеке басын куәландыратын құжат не оның цифрлық нысаны (жеке басын сәйкестендіру үшін);
тұрғын үйді пайдалану құқығынан айыру туралы сот шешімі.
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары (меншік құқығын растау үшін) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "ХҚКО" БАЖ-дан алады.
2) корсетілетін қызметті берушіге:
Шетелдіктер және босқын мәртебесін алған азаматтығы жоқ адамдар жоғарыдағы құжаттардың тізбесін тапсырады.
3) Порталға тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару кезінде (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін):
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелері

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауына байланысты.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыға қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды олардың заңды өкілдері жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ пайдалану мүмкіндігі портал арқылы электрондық сұрау салуды беру жолымен мемлекеттік қызметті алу кезінде көзделеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Мелекеттік қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығымен жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті мобильді қосымшалар арқылы екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері арқылы алу мүмкіндігі бар.
Қызметті алу кезінде жеке тұлғаларда цифрлық құжаттар сервисі арқылы жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсыну мүмкіндігі бар.

  бұйрығына 7-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
  халқын тұрғылықты жері
бойынша тіркеу есебінен
  шығару" мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

        (Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
  ________________________
  (көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында көзделген тізбеге сәйкес мерзімі өткен құжаттарды, құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атаулары:

      1. ________________________________________;

      2. ________________________________________;

      3. ________________________________________.

      Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалған.

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияың қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._____________

      Телефоны______________________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

  бұйрығына 8-қосымша
  "Шекара маңындағы аумақтың
елді мекенінде тұрақты
тұратын жері бойынша
тіркелуін растайтын
мәліметтерді беру" мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы,
"электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

4

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді электрондық түрде беру

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан алынатын төлемнің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу жолдары

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кесесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, "электрондық кезекті" портал арқылы брондауға болады;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде;
2) мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында;
3) порталдың – www.egov.kz орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушылардың:
1)Мемлекеттік корпорацияға:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не оның цифрлық нысаны (жеке басты сәйкестендіру үшін);
туу туралы куәлік не оның цифрлық нысаны (жақын туысқандарына мәліметтер алу кезінде туысқандық байланыстарды растау үшін);
жақын туысқандарын қоспағанда, жеке тұлғаның осы адамға қатысты мекенжай анықтамасын көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін нотариалды куәландырылған келісімі;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық сұрау салу.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелер

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауына байланысты.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қағаз тасымалдағышта толтыра отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ, сондай-ақ портал арқылы бір реттік парольді беру немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жолдау арқылы субъектінің порталында тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызмет алуға;
әкімдік ғимаратындағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында (халықтың мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуы үшін) мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы электронды түрде ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушы – үшінші адам порталдағы "Үшінші адамдардың анықтамаларды алу" сервисі арқылы шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді ЭЦҚ болған жағдайда азаматтың оның мекенжай деректерін тексеруге сұрау салу жолымен мәліметтер алуға мүмкіндігі бар.

  бұйрығына 9-қосымша
  "Шекара маңындағы аумақтың
елді мекенінде тұрақты
тұратын жері бойынша
тіркелуін растайтын
мәліметтерді беру"
мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
2-қосымша

            Нысан

        (Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
  ________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында көзделген тізбеге сәйкес мерзімі өткен құжаттарды, құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атаулары:

      1. ________________________________________;

      2. ________________________________________;

      3. ________________________________________.

      Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден.

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._____________

      Телефоны______________________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы "___" _________