"Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту тура

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 11-1-4/497 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29951 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11240 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 53-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру Қағидаларының 41-тармағына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Балаларды есепке қою үшiн асырап алушылар, не болмаса олардың сенім білдірген адамдары (бұдан әрі - өтініш беруші), Министрлікке мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған балаларды есепке қою туралы өтiнiштің екі данасы;

      2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған балаларды есепке алудың жеке карточкасының екі данасы;

      3) шетелдіктердің асырауына берілген балаға – Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі – бала) берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы;

      4) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге баланың тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім (салыстырып-тексеру үшін);

      5) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке басын сәйкестендіру және салыстырып-тексеру үшін);

      6) баланың 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосуретi;

      7) баланың туу туралы куәлiгi (салыстырып-тексеру үшін);

      8) шетелдіктердің баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы сотпен куәландырылған сот шешімі (салыстырып-тексеру үшін).

      "Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-1 қосымшасында қамтылған.

      Балаларды есепке қою осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтініш беруші осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Осы Қағидалардың 2-тармағының 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері істі қалыптастыру үшін екі данада жасалады.

      Осы Қағидалардың 2-тармағының 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.

      Өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанының расталуы, оның қабылданған күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыттың көрсетілуімен Министрліктің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады.

      Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тапсырған күннен бастап, бес жұмыс күннің ішінде қабылданған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және балаларды есепке қоюды жүзеге асырады немесе өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Есепке қойылғаннан кейін осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжат өтініш берушіге кері қайтарылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға екі күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруіне мүмкіндік беру үшін өткізілетін тыңдаудың уақыты, күні мен орны туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке қоюды жүзеге асырады не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.";

      6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";

      6-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағым қарайтын органға жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 6-3-тармағымен толықтырылсын:

      "6-3. Министрлік осы бұйрыққа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бақылау балалардың "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген құқықтарының сақталуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.";

      Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру Қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру Қағидаларына 2-1-қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған www.gov.kz.

  ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) балаларды есепке қою туралы өтiнiштің толтырылған екі данасы;
2) балаларды есепке қою жеке карточкасының толтырылған екі данасы;
3) шетелдіктердің асырауына берілген балаға - Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі – бала) берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы;
4) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге баланың тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім (салыстырып-тексеру үшін);
5) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке басын сәйкестендіру және салыстырып-тексеру үшін);
6) баланың 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосуретi;
7) баланың туу туралы куәлiгi (салыстырып-тексеру үшін);
8) шетелдіктердің баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы соттың куәландырған сот шешімі (салыстырып-тексеру үшін).

  ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы.

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
А. Турсунов
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

  Шетелдіктер асырап алған
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігінде
есепке қою және
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемелерінің
бақылауды жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігіне
азамат/ша (тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда),
азаматтығы)
___________________________
___________________________
мекенжайы және телефон
нөмірі:_____________________
___________________________

Баланы есепке қою туралы өтiнiш

      20__ жылғы "___" _______________ №___________________ __________________

      сот шешімінің негiзiнде менiң ұлымды/қызымды Қазақстан Республикасының

      азаматын/шасын есепке алуыңызды сұраймын.

      Бала туралы мәлiметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні

      мен жерi):_____________________________________ паспорт № ________________

      берген мекеме __________ берілген күні - қолданылу мерзімі

      ______________________, _______________________ мекенжайы бойынша

      Қазақстан Республикасында тұратын ________________________________________

      кіруге және тұруға рұқсаты бар.

      Қазақстан Республикасында баланың келесі жақын туыстары тұратынын хабарлаймын

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және

      мекенжайы):_______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мен асырап алған

      бала_______________________ кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн (18 жас)

      Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтайтындығы және консулдық лауазымды

      адам баланың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесiнiң сәйкестiгiн тексеру мақсатында баланы

      асырап алушыларға кез келген уақытта баруға құқығы бар екендiгi маған белгiлi.

      __________________________ тұрғылықты жері өзгерген жағдайда, кетерден 10 (он)

      жұмыс күн бұрын:________________________ мекенжайында орналасқан

      Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесiне хабарлаймын. "Дербес деректер

      және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес,

      мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес

      деректеріме қол жеткізуге келісімімді беремін.

      20___ жылғы "___" ____________ _____________________

      (өтiнiш берушiнің қолы)