Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 10-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29923 болып тіркелді

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген):

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      4-тарау алып тасталсын;

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Аудиторлық іс-шараны алдын ала зерделеу және жоспарлау кезеңінде жүргізілетін тиімділік аудитінің бағытын немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметін зерделеу жоспарлау кезеңінде жүргізілген талдамалық рәсімдердің жалғасы болып табылады. Осы кезеңде зерделеу процесі аудиторлық іс-шараның белгілі бір тақырыбына байланысты мемлекеттік аудит бағытының немесе мемлекеттік аудит объектісі қызметінің белгілі бір аспектілерінде барынша нақтыланған және шоғырландырылған және аудит құжаттарын әзірлеуге бағытталған болып табылады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Аудиторлық іс-шараның мақсаты Қағидаларда айқындалған тәртіппен Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру сатысында тиімділік аудиті тақырыбының негізінде қалыптастырылады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Тиімділік аудитінің арнайы өлшемшарттарының бірі жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігін айқындауға арналған перспективалық көрсеткіш болып табылады. Перспективалық өлшемшарты республикалық бюджетті жоспарлау және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу тиімділігіне аудит жүргізу кезінде пайдаланылады. Арнайы өлшемшарттарды айқындау және (немесе) әзірлеу қолжетімді және анық дереккөздерден алынған ақпарат пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Аудиторлық құжаттама мемлекеттік аудит нәтижелері туралы алдын ала мәліметтері жоқ (не сапа бақылауы барысында) басқа мемлекеттік аудитордың:

      1) мемлекеттік аудиттің мәселелері, өлшемшарттары, ауқымы, тәуекелдердің бағалануы, аудиторлық іс-шараны жүргізуге арналған Аудит бағдарламасы, орындалған аудиторлық рәсімдердің мерзімдері, көлемі және нәтижелері арасындағы байланысты;

      2) аудиторлық қорытындыны немесе мемлекеттік аудитордың пікірін растайтын аудиторлық дәлелдемелерді;

      3) кәсіби пайымның қолданылуын талап еткен негіздерді;

      4) мемлекеттік аудиттің тиісті тұжырымдары мен ұсынымдарын бағалай алуы үшін толық жасалады.";

      1 және 2-қосымшалар алып тасталсын;

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      3-тараудың 1-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу және аудит бағдарламасы мен тапсырмаларды жасау";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сәйкестік аудитін жүргізу, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу, аудит бағдарламасын және тапсырмаларды жасау үшін топты қалыптастыру тәртібі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Аудит бағдарламасында белгіленген шектеулердің салдарынан сәйкестік аудиті талаптарға сәйкес келмеудің барлық фактілерінің анықталатынына кепілдік немесе абсолютті сенімділік бермейді.";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. Мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігі мен спецификасын ескере отырып, жеткілікті, сенімді және өзекті аудиторлық дәлелдемелерді қалыптастыру үшін кәсіби пайымдауын басшылыққа ала отырып, аудиторлық іріктемені пайдаланады.

      Аудиторлық іріктеу аудит үшін маңызды жиынтықтың жүз пайызынан кем элементтеріне аудиторлық рәсімдерді мемлекеттік аудиторға барлық жиынтық туралы тұжырымдар қалыптастыру үшін орынды негіз ұсынатын әрбір жиынтық элементінің іріктеуге түсу ықтималдығы болатындай етіп қолдануды қамтиды.";

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. РБ ШҚЕ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің) шоғырландырылған қаржылық есептілігі және бюджет түсімдері бойынша қаржылық есептіліктің негізінде жасалады. Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ақпаратты жинақтап қорытады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Аудит бағдарламасының нысанын қоса алғанда, аудиторлық іс-шараларды жоспарлаудың жалпы тәртібі Есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған. Стандартта қаржылық есептілік аудитіне тән айрықша ерекшеліктер көрсетілген.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Бастапқы аудит кезінде аудит тобының жетекшісі алдыңғы мемлекеттік аудитордың аудиторлық құжаттамасымен танысуы тиіс, сондай-ақ аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысымен және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының (бұдан әрі – сыртқы МАҚБ органы) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесімен келісім бойынша жоспарлау бойынша жұмыс көлемін ұлғайтып, аудит бағдарламасын әзірлеу кезінде қосымша мәселелерді қарастыруы мүмкін.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Аудит жүргізу бағдарламасын тұжырымдай отырып, мемлекеттік аудитор маңыздылық деңгейін жалпы қаржылық есептілік деңгейінде де, сондай-ақ бухгалтерлік есептің жекелеген шоттары бойынша қалдықтарға, бір үлгідегі операциялар тобына және ақпаратты ашып көрсету жағдайларына қатысты айқындауы керек, олар үшін жалпы қаржылық есептіліктің маңыздылық деңгейінен гөрі аз шамадағы бұрмалаушылықтар қаржылық есептіліктің негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін.";

      142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "142. Мемлекеттік аудитор, егер:

      1) анықталған бұрмалаушылықтардың сипаттамасы және олардың пайда болу жағдайлары аудит барысында жинақталған бұрмалаулармен жиынтығында елеулі болуы мүмкін өзге де бұрмалаулардың болуы мүмкін екендігін көрсетсе;

      2) аудит барысында жинақталған бұрмалаулар жиынтығы Стандарттың 5-тарауының 6-параграфына сәйкес белгіленген елеулілік деңгейіне жақындаса, аудит бағдарламасын қайта қарауға қажеттіліктің бар-жоғын анықтауы тиіс";

      156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Аудиторлық есептің осы есептің сыртқы МАҚБ органының есебі болып табылатындығын нақты көрсететін тақырыбы және тиісті түрде жолданған болуы тиіс.";

      179-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "179. Аудит тобы мыналарды:

      1) топтың аудитін жүргізу бағдарламасын әзірлеу кезінде жалпы топтың қаржылық есептілігі үшін мәнділік деңгейін;

      2) топтың ерекшеліктерін ескере отырып, егер олар бар болса, бір үлгідегі операциялардың белгілі бір топтарын, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша қалдықтарды немесе тұтастай топтың қаржылық есептілігі үшін айқындалған мәнділік деңгейінен кем соманы бұрмалау топтың қаржылық есептілігінде ақпаратты ашу жағдайларын сәйкестендіруге негізделген күтулерге сәйкес пайдаланушылардың топтың қаржылық есептілігі негізінде қабылданатын экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін.

      Мұндай жағдайларда аудит тобы бір үлгідегі операциялардың көрсетілген белгілі бір топтарына, шоттар бойынша қалдықтарға, ақпаратты ашуға қолданылатын мәнділік деңгейін немесе деңгейлерін айқындауға тиіс;

      3) мемлекеттік аудиторлар топтың қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудит жүргізетін компоненттер үшін компоненттің мәнін айқындайды. Топтың қаржылық есептілігінде түзетілмеген және анықталмаған бұрмалаушылықтардың жиынтығы тұтастай алғанда топтың қаржылық есептілігі үшін айқындалған мәнділік деңгейінен асып кету қаупін төмендету мақсатында компоненттің мәнділігі жалпы топтың қаржылық есептілігі үшін мәнділік деңгейінен төмен белгіленеді.";

      2) "Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №6-НҚ нормативтік қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген):

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аудиторлық рәсімдер – аудиторлық іс-шара барысында оны жүргізу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын, аудиторлық іс-шара мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті іс-қимылдар;

      2) аудиторлық іс-шара – мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша аудиторлық есептер мен аудиторлық қорытындыларды дайындауға, жүргізуге, ресімдеуге бағытталған іс-қимылдар кешені;

      3) қаулы – сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық қорытындыны бекітетін құжаты;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдары – мемлекеттік аудитті жүргізу үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ оның нәтижелері бойынша жасалған құжаттар және қоса берілетін аудиторлық дәлелдемелер;

      5) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі – Сыртқы мемлекеттік аудит органдары) – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Тексеру комиссиялары;

      6) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері);

      7) мемлекеттік аудиттің сапасын бақылау – мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де уәкілетті лауазымды адамдары мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде жасайтын құжаттардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі мәніне тексеру және (немесе) талдау;

      8) нұсқама – анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жіберілетін, орындау үшін міндетті сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының актісі;

      9) тапсырма – аудиторлық іс-шараны жүргізуге және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы шешімдерінің орындалуын тексеруге құқық беретін ресми құжат, "Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркей отырып, қатаң есептілік бланкісінде ресімделеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитетінің мүшелерімен және мемлекеттік аудит жүргізуге, сапа бақылауына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісілген, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің алдын ала жобасын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 25 қазанына дейін Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – Уәкілетті орган) және тексеру комиссияларына жібереді.

      Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің алдын ала жобасын қарау кезінде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше басшысының баяндамасы тыңдалады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Аудиторлық іс-шараны жүргізуге дайындық оның бастапқы кезеңі болып табылады, онда:

      1) мемлекеттік аудит тобын қалыптастыру;

      2) мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу;

      3) тексеру тағайындау туралы актілер болып табылатын мемлекеттік аудит жүргізу бағдарламасын (бұдан әрі – Аудит бағдарламасы), аудиторлық іс-шараны, бірлескен және қатар тексерулерді жүргізуге тапсырманы (бұдан әрі – Тапсырма) жасау жүзеге асырылады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Мемлекеттік аудит объектісі туралы ақпаратты талдау негізінде алдын ала зерделеу барысында мемлекеттік аудиттің типіне қарай мыналар:

      1) өңірлік және (немесе) елдік бөліністе аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, әлеуметтік-экономикалық дамудың жай-күйін талдау жүзеге асырылады;

      2) Заңның 4-бабында көзделген базалық көрсеткіштер айқындалады;

      3) аудит типтеріне қарай тиісті рәсімдік стандарттарда және әдіснамалық құжаттарда көзделген арнайы көрсеткіштер айқындалады;

      4) тәуекелдер – тексерілетін саладағы бюджет қаражаты мен активтердің қалыптастырылуына және пайдаланылуына немесе мемлекеттік аудит объектісінің қаржылық-шаруашылық қызметіне теріс әсер ететін, салдарынан бұзушылықтар мен кемшіліктер болуы мүмкін қандай да бір факторлардың (іс-қимыл немесе оқиғалардың) болуы бағаланады;

      5) мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі ішкі бақылаудың тиімділік дәрежесі зерделенеді;

      6) аудиторлық іріктемені негіздеу (қажет болған жағдайда маңыздылық деңгейін айқындау) және аудиторлық тәуекелді бағалау жүзеге асырылады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Басқа мемлекеттік аудит органы жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері танылған жағдайда аудиторлық іс-шара жүргізілмейді немесе мемлекеттік аудит көлемдерін қысқарта отырып жүргізіледі. Тану нәтижелері Аудит бағдарламасын қалыптастыру кезінде ескеріледі.";

      3-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Аудит бағдарламасын және Тапсырмаларды жасау";

      63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану (танымау) ескеріле отырып, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеудің негізінде мемлекеттік аудит тобы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аудит бағдарламасын, мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары бойынша Сараптамалық қорытындыны (тану рәсімі жүргізілген жағдайда) жасайды.

      64. Аудит бағдарламасы аудиторлық іс-шара туралы жалпы ақпараттан, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісі бойынша аудиторлық іс-шараның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған аудит көрсеткіштерінен және мәселелерінен тұрады.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Аудит бағдарламасында және Тапсырмада аудиторлық іс-шараның мақсаты Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген мемлекеттік аудиттің тақырыбына (аудиторлық іс-шараның атауына) және типіне қарай айқындалады.";

      68-тармақ алып тасталсын;

      71, 72 және 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Сапа бақылауын жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудит объектісіне шыққанға дейін сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының қолы қойылған:

      1) мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындыны және тану жүргізілген материалдарды (тану рәсімі жүргізілген жағдайда) тіркей отырып, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеудің нәтижелері туралы ақпаратты;

      2) осы Қағидалардың 61-тармағында көзделген қызметтік жазбаны;

      3) Аудит бағдарламасының жобасын сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге ұсынады.

      72. Аудит бағдарламасы және Тапсырмалар, Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды ЕК ИАЖ-да қалыптастырылады.

      73. Аудит бағдарламасының жобасы бойынша үш жұмыс күні ішінде сапа бақылауы жүргізіледі. Сапа бақылауы Заңның 24-бабына сәйкес Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) 750. Сапа бақылауын жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында (бұдан әрі – 750. Рәсімдік стандарт) белгіленген тәртіппен жүргізіледі.";

      75 және 76-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңіне дейін кемінде төрт жұмыс күні бұрын Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне мемлекеттік аудитті жүргізуге, сапа бақылауына және әдіснамалық сүйемелдеуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен алдын ала келісілген алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ аудит бағдарламасының жобасын енгізеді.

      Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің ескертулері мен ұсыныстарын мемлекеттік аудит тобы жұмыс тәртібімен пысықтайды.

      76. Аудиторлық іс-шараға (негізгі кезең) шыққанға дейін:

      1) мемлекеттік аудит тобының қатысушылары мемлекеттік аудит объектілері бойынша жасап, оған мемлекеттік аудиторлар, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған, сондай-ақ жоспарлауға, сапа бақылауы мен әдіснамалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аппарат басшысы келіскен Аудит бағдарламасы екі жұмыс күнінен кешіктірілмей Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) мүшесіне бекітуге енгізіледі;

      2) Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудит тобының қатысушылары жасап, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудит жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған Тапсырмаларға екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.

      Тексеру комиссиясы мүшесінің аудиторлық іс-шараны жүргізуге тікелей қатысуына жол беріледі.

      Тексеру комиссиясы мүшесінің аудиторлық іс-шараны жүргізуге, мемлекеттік аудитті жоспарлау сатысында және аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында құжаттарға қол қою және бекіту рәсіміне қатысуы Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 76-1-тармақпен толықтырылсын:

      "76-1. Ресурстарды ұтымды пайдалану үшін мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудит объектісінде болу мерзімі Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңі мерзімінің 70%-нан аспайтын мерзімде болуы керек.";

      77, 78 және 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Кадр қызметі Аудит бағдарламасы бекітілгеннен кейін, бірақ аудиторлық іс-шараға шыққанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды Есеп комитетінің аппарат басшысына (Тексеру комиссиясының аппарат басшысына және (немесе) төрағасына) қол қоюға енгізеді.

      78. Осы Қағидалардың 76 және 77-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қол қойылғаннан кейін Есеп комитетінің мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі Аудит бағдарламаларын және Тапсырмаларды бір тіркеу нөмірімен тіркейді.

      Осы Қағидалардың 76 және 77-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Тексеру комиссияларында тіркеу олардың регламенттерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      79. Тіркеу нөмірлері күнтізбелік жылдың басынан бастап мынадай мәндері көрсетіле отырып беріледі:

      N-Б – Аудит бағдарламасы;

      N-П-Т – Аудиторлық іс-шараны, үстеме, бірлескен және қатар тексерулерді жүргізуге тапсырма, мұнда N – Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес аудиторлық іс-шараның реттік нөмірі, П – тапсырманың реттік нөмірі;

      N-ҚТ – аудиторлық іс-шараның сапасын бақылаудың қорытындысы бойынша Қайта тексеруге тапсырма.

      Бір аудиторлық іс-шараның шеңберіндегі екінші және кейінгі Тапсырмаларды тіркеу көрсетілген мәнге дефис қою арқылы реттік нөмір бере отырып (-1Т, -2-Т және т.б.), сол реттік нөмірмен (N) жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 95-1-тармақпен толықтырылсын:

      "95-1. Заңның 38-бабының 1-тармағында көзделген мүдделер қақтығысы болған жағдайда, Есеп комитетінің мүшелеріне, сондай-ақ өзге де жұмыскерлерге аудиторлық іс-шараларды жүргізуге және (немесе) сүйемелдеуге байланысты лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады.

      Мүдделер қақтығысын реттеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаларға сәйкес қабылданатын, мүдделер қақтығысын болғызбауға және шешуге, ол бойынша Есеп комитеті мен Есеп комитетінің жұмыскерлері үшін өзара қолайлы шешімдер қабылдауға бағытталған шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      Есеп комитеті жұмыскерлерінің мүдделер қақтығысын реттеу тәсілдері:

      жұмыскердің аудиторлық іс-шараға, мүдделер қақтығысының ықпалындағы немесе ықпал етуі мүмкін мәселелер бойынша талқылауға және шешімдерді қабылдау процесіне қатысудан өз еркімен бас тартуы немесе оның шеттетілуі (тұрақты немесе уақытша);

      Есеп комитетінің мүдделерімен қақтығыс тудырып отырған өзінің жеке мүддесінен қызметкердің бас тартуы.

      Мүдделер қақтығысын шешу тәсілдерінің келтірілген тізбесі толық болып табылмайды.";

      99 және 100-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Мемлекеттік аудит органы жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері танылмаған жағдайда, мемлекеттік аудиттің аталған объектілеріндегі аудиторлық іс-шара Аудит бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

      100. Мемлекеттік аудит органы жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері танылған жағдайда, мемлекеттік аудиттің көлемі өзгерген кезде Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне, Аудит бағдарламасына өзгерістер енгізіледі";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Аудит тобы мүшелерінің біреуі еңбекке қабілеттілігінен айырылған не ол ауыстырылған жағдайда аудиторлық іс-шараны аяқтаған адам тапсырмаларда көрсетілген мерзімдерге дейін Аудит бағдарламасында бекітілген мемлекеттік аудит мәселелері бойынша оның нәтижелері туралы қол қойылған ақпаратты аудит тобының жетекшісіне, ал ол болмаған жағдайда аудит объектісінде болған мемлекеттік аудиторға ұсынады, ол аудиторлық есепке қосымша және оның нәтижелерін аудиторлық есепке қосу үшін негіз болып табылады.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Аудит бағдарламасында қамтылмаған мәселелер бойынша аудиторлық іс-шара жүргізудің орындылығы танылған жағдайда, Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі Аудит бағдарламасына толықтырулар енгізе отырып, мемлекеттік аудиторға тиісті тапсырма береді. Мемлекеттік аудит объектісі Аудит бағдарламасында қамтылмаған мәселелер бойынша материалдарды аудиторлық іс-шараны жүзеге асыратын мемлекеттік аудитор жіберген Құжаттарды ұсыну туралы талаптың негізінде ұсынады.";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында Аудит бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мемлекеттік аудит тобы жетекшісі өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негіздемелерін көрсете отырып дайындаған, жоспарлауға, құқықтық қамтамасыз етуге және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің атына жазылған қызметтік жазбаның негізінде осы Қағидалардың 61, 100-104-тармақтарында көзделген негіздер бойынша ЭҚАЖ-да тіркеле отырып, осы Қағидалардың 76-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Мемлекеттік аудиторлар (ассистенттер, мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған сарапшылар) іс жүзінде тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жекелеген жұмыс түрлерін (көлемдерін), соның ішінде субсидиялар, гранттар, нысаналы салымдар, қарыздар, кредиттер есебінен сатып алынғандарды орындау мәнінің анықтығын растау және (немесе) осыған байланысты аудиторлық дәлелдемелер жинау үшін мемлекеттік аудит объектісінің басшысы уәкілеттік берген адаммен бірге аудиторлық іріктеумен қамтылған барлық позициялар бойынша аудиторлық рәсімдерді қолдану негізінде бақылау өлшемін, тексеріп қарауды (бұдан әрі – бақылау өлшемі (тексеріп қарау) жүргізеді.

      Мемлекеттік аудит объектісінің басшылығы тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің (мердігердің) өкілдерінің, субсидиялар, гранттар, нысаналы салымдар, қарыздар, кредиттер алушылардың және қатысы бар адамдардың толыққанды бақылау өлшемін (тексеріп қарауды) жүргізуге қажетті бақылау-өлшеу аспаптарымен қатысуын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы жазбаша нысанда хабардар етіледі";

      111 және 112-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Аудиторлық іс-шараны жүргізу процесінде мемлекеттік аудиторлар күн сайын мемлекеттік аудит тобының жетекшісін атқарылған жұмыс туралы хабардар етеді. Құпия сипатқа ие және (немесе) таратылуы шектеулі ақпараты бар іс-шараларды қоспағанда, аудиторлық іс-шаралар шеңберінде, мемлекеттік аудиторлар объектіде аудиторлық іс-шараны жүргізудің екінші аптасынан бастап, апта сайын соңғы жұмыс күні күні қорғалған байланыс арналары арқылы немесе қағаз жеткізгіште есепті күнге жасалған аудиторлық есептің, аудиторлық іс-шараның барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестесінің (болған жағдайда) және анықталған бұзушылықтар тізілімінің жобаларын жіберіп отырады.

      112. Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудиторлық іс-шара мәселелерінің толық қамтылуына мониторинг жүргізеді, аудиторлық іс-шараның жекелеген бағыттарын түзетеді және апта сайын аптаның соңғы жұмыс күні сағат 15-00-ге дейін қорғалған байланыс арналары арқылы (соның ішінде жеке есепке алу жазбасы бойынша Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы) Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты бөлімшенің басшысына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскеріне есепті күнге жасалған аудиторлық есептердің, аудиторлық іс-шараның барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестесінің (болған жағдайда) және анықталған бұзушылықтар тізілімдерінің жобаларын ұсынады.";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Аудиторлық есеп Аудит бағдарламасындағы мәселелердің тізбесіне сәйкес жасалады. Есептердің мазмұны жүйеленген және қайталануды болдырмауы тиіс, қисынды және қабылдау үшін жеңіл болуы тиіс.";

      118 және 119-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "118. Бұзушылықтың әрбір фактісі, сондай-ақ заңнаманың анықталған кемшіліктері мен олқылықтары бұзушылықтың сипаты мен түрі, соның ішінде Есеп комитетінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 18-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17643 болып тіркелген) көзделгендері сипаттала отырып, реттік тәртіппен нөмірленеді және жеке тармақпен (1-тармақ, 2-тармақ және тағы басқалар) тіркеледі.

      Бұзушылықтар сипаттамасында бұзушылықтарды растайтын құжаттарға сілтеме жасалады.

      Бұзушылық тіркелетін тармақта құзыреті мен өкілеттіктеріне аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған мәселелерді қарастыру кірген мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарын растайтын құжаттарымен қоса көрсету қажет.

      119. Аудиторлық есепке оның ажырамас бөлігі болып табылатын мынадай аудиторлық дәлелдемелер қоса беріледі:

      1) мемлекеттік аудит объектісі басшысының міндеттерін атқару жөніндегі талап;

      2) саладағы ағымдағы жағдай, соның ішінде саланың проблемалық мәселелері мен жүйелік кемшіліктері (алдын ала зерделеу кезеңінде қамтылмаған қосымша фактілер анықталған жағдайда);

      3) мемлекеттік аудиторлар қол қойған және осы Қағидаларға 16-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестесі (болған жағдайда) (бұдан әрі - Жүйелік кемшіліктер кестесі);

      4) мемлекеттік аудиторлар қол қойған және осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімі (бұдан әрі - Тізілім);

      5) құжаттардың, кестелердің төлнұсқалары немесе белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері, сондай-ақ болған жағдайда, бұзушылық фактілерін көрсететін анықтамалар, фотосуреттер;

      6) функционалдық және лауазымдық міндеттеріне сүйене отырып, жол берілген бұзушылықтар бойынша адамдардың жазбаша түсініктемелері;

      7) бақылау өлшемдері (тексеріп қараулар) актілері (олар жасалған жағдайда);

      8) зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары, хаттамалардың көшірмелері, аудиторлық іс-шараның нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар жасалған жағдайда);

      9) сарапшылардың қорытындылары (тартылған жағдайда);

      10) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануы тұрғысынан халық арасында сауалнама жүргізу нәтижелері (болған жағдайда);

      11) ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (көшірмелері) (аудиторлық іс-шара барысында қаражат өтелген (қалпына келтірілген) жағдайда):

      төлем тапсырмалары (төлеуге арналған шоттар, түбіртектер, чектер);

      ведомостер, ордерлер, нарядтар;

      орындалған жұмыстардың, тауарларды жеткізудің және көрсетілген қызметтердің актілері;

      12) талдамалық материалдар және мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі бұзушылықтар мен кемшіліктер фактісін растайтын материалдар;

      13) мемлекеттік аудит органдарының мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімінің қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындылар және тану жүргізілген материалдар (тану рәсімі жүргізілген жағдайда);

      14) аудит объектісінің осы Қағидаларға 17-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында ұсынылған ақпарат пен құжаттардың толықтығы мен анықтығы туралы ұсыным-хаты қоса беріледі.";

      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "126. Аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер) және оларға қоса берілген Тізілімдер бойынша заң сараптамасы жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша заң қорытындысы қалыптастырылады.

      Егер Аудиторлық есептің жобасында (Аудиторлық есепте):

      1) бұзушылықтардың елу тармағына дейін қамтылса, заң сараптамасы ол Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) кеңсесінде тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі;

      2) бұзушылықтардың елу және одан да көп тармағы қамтылса, заң сараптамасы ол Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) кеңсесінде тіркелген күннен бастап алты жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.";

      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Аудиторлық есептің және оған қоса берілген Тізілімнің жобасына заң қорытындысын қарауды мемлекеттік аудит тобы оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Заң қорытындысын қарау кезінде Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты мүшесінің (болған жағдайда) және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының ескертулері мен ұсыныстары ескеріледі.

      Аудиторлық есептің және оған қоса берілген Тізілімнің жобасына заң қорытындысын қарау кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, даулы мәселелер 750. Рәсімдік стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта айқындалған тәртіппен келісу комиссиясының қарауына шығарылады.

      Заң қорытындысын қарау нәтижелері бойынша Аудиторлық есепке аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудитор және мемлекеттік органдардың тартылған мамандары, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдардың жұмыскерлері екі данада қол қояды. Мемлекеттік аудиторлар Аудиторлық есептің екінші парағынан бастап барлық бетіне қол қояды.

      Аудиторлық есептің бір данасы ЭҚАЖ арқылы сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшеге 750. Рәсімдік стандартта, сондай-ақ осы стандартты қолдану жөніндегі Әдіснамалық басшылықта айқындалған тәртіппен жеті жұмыс күні ішінде сапа бақылауы рәсімдерін жүргізу үшін жолданады.

      Аудиторлық есептің екінші данасы аудиторлық іс-шара шеңберінде соңғы аудит объектісінде аудиторлық іс-шара аяқталғаннан кейін он жұмыс күні мерзімі ішінде аудит объектісіне жіберіледі. Аудиторлық есеп осы Қағидалардың 125-тармағында көрсетілген қолайлы тәсілдердің бірі арқылы жіберіледі.";

      131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Есеп комитетіне (Тексеру комиссиясына) келіп түскен Аудиторлық есепке қарсылықтарды Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудиторлармен, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлерімен, мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға тартылған сарапшылармен бірге Аудиторлық қорытындыны дайындау кезеңінде қарайды, содан кейін қарсылықтың әрбір тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдерді көрсете отырып, Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) отырысы өткізілетін күнге дейін сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік аудит объектісіне уәжді жауап жібереді. Мемлекеттік аудит объектісінің Аудиторлық есепке ұсынған түсіндірмелері оларға жауап дайындалмастан назарға алынады.";

      133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "133. Мемлекеттік аудиторлар іссапар аяқталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттардың атауы мен аудиторлық іс-шараның қалған материалдарымен жасақтағанға дейін жинақтау папкасында қалыптастырылатын құжаттардың атауы мен парақ санын тізімдемеде көрсете отырып, алдын ала зерделеу нәтижелері туралы материалдардың, Өтінімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы қызметтік жазбалардың, Аудит бағдарламасының, Тапсырмалардың, Аудиторлық есептің (№ 1 дана), Жүйелік кемшіліктер кестесінің, Тізілімнің және Аудиторлық есепке қосымшалардың түпнұсқаларын, мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтарын (болған жағдайда) құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге (Тексеру комиссиясының Регламентіне сәйкес айқындалған құрылымдық бөлімшеге) тапсырады.

      Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының Регламентіне сәйкес айқындалған құрылымдық бөлімше) Аудиторлық есептердің, Жүйелік кемшіліктер кестесінің, Тізілімнің және Аудиторлық есепке қосымшалардың түпнұсқалары, мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтары Есеп комитетіне (Тексеру комиссиясына) түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды сканерлейді, ЭҚАЖ-да тіркейді және Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, мемлекеттік аудитті, сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге береді.

      Аудиторлық іс-шара шеңберінде қалыптастырылған құжаттар сканерленген нұсқалары қоса тіркеліп, ЕК ИАЖ-да орналастырылады.";

      135 және 136-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "135. Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше аудит жетекшісімен және тобымен, тартылған сарапшылармен бірлесіп, Есеп комитетінің аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің жетекшілік етуімен (Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудиторлар мен тартылған сарапшылардың қатысуымен аудит тобының жетекшісімен бірлесіп) Аудиторлық есептер жобаларының заң сараптамасының нәтижелері бойынша шығарылған заң қорытындысын, жергілікті жерге барып аудиторлық іс-шараны қайта тексеру (ол жүргізілген жағдайда) нәтижелерін ескере отырып, қол қойылған Аудиторлық қорытынды соңғы мемлекеттік аудит объектісіне жіберілгеннен кейін, Аудиторлық қорытындының, Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелік кемшіліктердің жиынтық кестесінің (бұдан әрі – Жиынтық кесте), Мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімінің (бұдан әрі – Жиынтық тізілім) және Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін Нұсқаманың жобаларын дайындайды.

      136. Есеп комитетінің мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі (Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит тобының жетекшісі) Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Қаулының және Нұсқаманың жобаларын сапа бақылауына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге жібереді.

      Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Қаулының және Нұсқаманың жобалары бойынша заң сараптамасы үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі, содан кейін заң сараптамасының қорытындысы Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, сапа бақылауына және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.

      Сапа бақылауы 750. Рәсімдік стандартта айқындалған тәртіппен Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Нұсқаманың және Қаулының жобалары келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 136-1-тармақпен толықтырылсын:

      "136-1. Мемлекеттік аудит тобы Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Қаулылар мен Нұсқамалардың жобалары бойынша сапа бақылауы мен заң сараптамасының нәтижелері бойынша сараптамалық және заң қорытындыларын алған кезінен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.";

      138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "138. Аудиторлық қорытындының жобасына аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы, сапа бақылауына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қояды.

      Құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда Аудиторлық қорытындының жобасына құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысы қол қойып, оның жазбаша ұстанымы қоса беріледі.

      Жиынтық кестенің жобасына аудиторлық іс-шараны жүргізген барлық жұмыскер қол қояды және оған мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы, Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі бұрыштама қояды.

      Жиынтық тізілімнің жобасына аудиторлық іс-шараны жүргізген барлық жұмыскер қол қояды, мемлекеттік аудитті жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі бұрыштама қояды.

      Нұсқаманың жобасы мемлекеттік аудитті жүргізуге, сапа бақылауына, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісіледі және Аудиторлық қорытынды бекітілген соң, оған Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қояды.

      Аудиторлық қорытындының жобасы негізгі мемлекеттік аудит объектісі өкілінің баяндамасы (сөйлейтін сөзі) тезистерінің жобаларымен бірге Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) отырысы өткізілгенге дейін төрт жұмыс күні бұрын Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) Төрағасына ілеспе хатпен ұсынылады.";

      148 және 149-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "148. Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) отырысында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары қаралады. Аудиторлық қорытынды, Нұсқама Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің және мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің ақпаратын тыңдаудың қорытындысы бойынша қабылданады.

      Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) отырысында Аудиторлық қорытындының жобасына құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша келіспеушіліктер болған кезде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының ақпараты тыңдалады.

      149. Егер аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) отырысы барысында мемлекеттік аудит объектісі Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) Нұсқамасы жобасының тапсырмалық тармақтарын орындау мерзімдерін ауыстыруға не өзге де түзетулерге бастама жасаса, отырыс хаттамасында бастамашы, негіз және қабылданған шешім көрсетіледі.

      Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) Нұсқамасы жобасын түзету тапсырмалық тармақтарды басқа мүдделі тараптарға қайта бағыттауға қатысты болған жағдайда, оларға Нұсқаманың жобасын жіберу және оны қарау Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) отырысынан кейін осы Қағидалардың 137-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "157. Мемлекеттік аудиттің негізгі объектілерінің қызметін алдын ала зерделеу барысында үстеме тексерудің ықтимал объектілері айқындалып, . Аудит бағдарламасына енгізіледі

      Егер аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында үстеме тексеру жүргізу үшін негіздер туындаса, Аудит бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізіледі.";

      168, 169 және 170-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "168. Сыртқы байланыстарды үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, Есеп комитетінің аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің басшылық етуімен ынтымақтасып отырған елдің жоғары мемлекеттік аудит органымен ақпарат алмасқаннан кейін бірлескен (қатар) тексеруді жүргізу туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) және Тексеру бағдарламасының жобаларын дайындау жөнінде жұмыстар жүргізеді.

      169. Тексеру бағдарламасының жобасы сапа бақылауынан өткеннен кейін сыртқы байланыстарды үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, тексеру жүргізу басталғанға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, Келісімнің және Тексеру бағдарламасының жобаларын ынтымақтасып отырған елдің жоғары мемлекеттік аудит органына келісуге жібереді. Келісу барысында Келісімге және Тексеру бағдарламасына, қажет болған жағдайда, түзетулер енгізіледі.

      170. Ынтымақтасып отырған елдің жоғары мемлекеттік аудит органымен келісілген Келісім және Бағдарлама жобаларына Есеп комитетінің жауапты мүшесі, мемлекеттік аудитті жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге, сапа бақылауына, сыртқы байланыстарды үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойып, Есеп комитетінің Төрағасына қол қоюға енгізіледі.

      Келісім және Бірлескен тексерудің бағдарламасы тексеру басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей, ынтымақтасып отырған елдің жоғары мемлекеттік аудит органына бекіту үшін жіберіледі.";

      173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "173. Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен тексеру жүргізілген кезде Аудиторлық есеп Есеп комитетінің бланкісінде тексеру объектісі үшін бір данасы ескеріле отырып, бірлескен тексеруге қатысып отырған елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарының санына тең даналарының саны бойынша ресімделеді.

      Аудиторлық есепке тексеруді жүргізген жұмыскерлер қол қойған, Жүйелік кемшіліктердің тізбесі, бірлескен немесе қатар тексерудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімі қоса беріледі.";

      194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "194. Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келіскеннен кейін, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалатын бұзушылық фактілері бойынша аудиторлық есеп мемлекеттік аудит объектісіне жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей материалдарды уәкілетті органдарға жіберуді жүзеге асырады.";

      204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "204. Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) Нұсқамалары тармақтарының іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді және тоқсан сайынғы негізде Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) Төрағасын хабардар етеді.

      Мониторинг нәтижелерін талдау мен есептілікті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылатын тоқсан сайынғы ақпаратты, сондай-ақ есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің (жергілікті бюджеттердің) атқарылуы туралы жылдық есепті қалыптастыру, бұзушылықтарды болдырмау мақсатында оларды жүйелеу үшін пайдаланады.";

      233-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "233. Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) Аудиторлық қорытындысы бекітіліп, Нұсқамасына қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит тобының жетекшісі Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің келісімі бойынша мемлекеттік аудит материалдарын (алдын ала зерделеу материалдарының, Аудит бағдарламасының, Тапсырмалардың түпнұсқаларын, сараптамалық және заң қорытындысын, Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қойған Аудиторлық қорытындыны, Жиынтық тізілімді, Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) Төрағасы қол қойған отырыс хаттамасын, қаулы, нұсқамаларды) алдын ала зерделеу жүргізу туралы хабарлама, аудиторлық іс-шара жүргізу туралы хабарлама, құжаттарды ұсыну туралы талап, мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтары мен түсіндірмелері (болған жағдайда) және Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) қарсылықтарға уәжделген жауаптары, құқықтық қамтамасыз етуге және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелердің сараптамалық қорытындылары, материалдарды қоса тіркеу туралы қызметтік жазбаны (болған жағдайда) қамтыған аудиторлық іс-шара материалдары бар жинақ папканы толықтырып, кейіннен архивке өткізу үшін құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге тапсырады, аудиторлық іс-шара материалдарының электрондық нұсқалары Бірыңғай дерекқордың электрондық архивіне және ЕК ИАЖ-ға енгізіледі.";

      1, 6, 8, 16, 17 және 19-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      7 және 9-қосымшалар алып тасталсын;

      осы қаулыға 8 және 9-қосымшаларға сәйкес 16-1 және 17-1-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Есеп комитетінің Әдіснама және сапа бақылауы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 10-НҚ Нормативтік қаулыға
1-қосымша
  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
5-қосымша

750. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

      1. Осы Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапаны бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына және 24-бабына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (INTOSAI) Сапа бақылауын жүргізу бойынша халықаралық стандарттарының (ISSAI) қолайлы ережелері негізінде әзірленді.

      2. Стандарт сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі – сыртқы МАҚБ органдары) жүргізетін мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары жасайтын құжаттардың, мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен (немесе) сарапшылардың қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылауды жүзеге асыруға және оның нәтижелерін ресімдеуге қойылатын рәсімдік талаптарды қамтиды.

      3. Стандарттың мақсаты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген, бұдан әрі – МАҚБ қағидалары) сәйкестігі тұрғысынан өз қызметі барысында мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары жасайтын құжаттарға тұрақты тексерулер және (немесе) талдау жүргізу арқылы сапа бақылауын ұйымдастыруды қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Стандарттың міндеті мемлекеттік аудиттің, мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары қызметінің, мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылауды жүзеге асыру бойынша рәсімдік талаптарға қойылатын бірыңғай тәсілді белгілеу болып табылады.

      5. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      сапа бақылауы – мемлекеттік аудиторлардың және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдарының, мемлекеттік аудитті және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен (немесе) сарапшылардың жасайтын құжаттарын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың Жалпы және рәсімдік стандарттарында, сондай-ақ МАҚБ қағидаларында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан тексеру мен (немесе) талдау түсініледі.

      6. Сапа бақылауын жүзеге асыру қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) тәуелсіздік – жұмыскерлердің сапа бақылауын жүзеге асырған кезде олардың қызметіне кез келген араласуға жол бермеу;

      2) объективтілік – сапаны бақылауын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жүргізу, сапа бақылауын жүргізу және сапа бақылауы қорытындыларын ресімдеу кезінде құжаттамалық негізделген және расталған тұжырымдармен бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысын болғызбау;

      3) айқындық – сапаны бақылауы нәтижелерін баяндаудың анықтығы, сапаны бақылауды жүргізудің барлық мүдделі тараптар үшін оның нәтижелерінің түсініктілігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін әдістері мен өлшемшарттарын қолдану;

      4) құзыреттілік – сапа бақылауын жүзеге асыру үшін жұмыскерлердің қажетті кәсіби білімдері мен дағдыларының жиынтығы;

      5) анықтық – сапа бақылауының нәтижелерін құжаттардың түпнұсқаларымен немесе олардың сканерленген нұсқаларымен, сондай-ақ ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілерге сілтемелермен растау.

2-тарау. Сапа бақылауын ұйымдастыру

      7. Сыртқы МАҚБ органдарының басшылары мемлекеттік аудиторлардың және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдарының өздерінің қызметі барысында жасайтын құжаттарды МАҚБ қағидаларында айқындалған тәртіппен, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі мәніне үнемі тексеру жүргізу және (немесе) талдау жолымен сапа бақылауын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      8. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа (бұдан әрі – Әдіснамалық басшылық) сәйкес сапа бақылауына жататын аудиторлық іс-шаралардың тәуекелдер көрсеткіштерін есептеуді жүзеге асырады.

      9. Сапа бақылауын құзыреті шеңберінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қорытындысын ескере отырып, сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады. Сапа бақылауын осы мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға қатыспаған мемлекеттік аудиторлар жүзеге асырады.

      10. Сапа бақылауын жүргізудің қажеттілігі мен мерзімділігі, сондай-ақ сапа бақылауын жүргізудің мерзімі мен ұзақтығы оның жеделдігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.

      11. Сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшесі, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы және мемлекеттік аудит тобының басшысы өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша құжаттарды жасаудың тиісінше сапасын қамтамасыз ету қызметін бақылау жөнінде шаралар қабылдайды.

      12. Сыртқы МАҚБ органдарының жұмыскерлері сапа бақылауын және заң сараптамасын жүргізу мақсатында электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесінде қажетті құжаттарды уақтылы және толық көлемде орналастырады.

      13. Сапа бақылауын жүзеге асыру барысында оны жүргізу бойынша кедергілер туындаған кезде, соның ішінде қажетті құжаттар мен өзге де ақпарат болмаған және/немесе орналастырылмаған жағдайда, сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұл туралы Сыртқы МАҚБ органының басшысын хабарлайды.

      14. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлері ұсынылған материалдар бойынша мемлекеттік аудит нәтижелерін талдайды және оларға сараптама жүргізеді.

      15. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше сапа бақылауын жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік аудит объектілерін, Аудит бағдарламасының жобасын алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпарат;

      2) растайтын құжаттары бар Аудиторлық есептер, Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестесі (бұдан әрі – Жүйелік кемшіліктер кестесі) (болған жағдайда), Аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімдері (бұдан әрі – Тізілім);

      3) Аудиторлық қорытындының, Қаулы мен Нұсқамалардың, Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелік кемшіліктердің жиынтық кестесінің, Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімінің (бұдан әрі – Жиынтық тізілім) жобаларын;

      4) тартылған сарапшылардың қорытындылары (материалдары);

      5) мемлекеттік аудит объектілерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Аудиторлық қорытындыда және Нұсқамаларда берілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпараты.

      16. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше МАҚБ қағидаларына, сондай-ақ осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа сәйкес Аудиторлық есептердің және оларға қоса берілген Тізілімдердің жобаларына, Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Қаулы мен Нұсқаманың жобаларына заң сараптамасын жүзеге асырады.

      17. Сапа бақылауына сыртқы МАҚБ органдарының аудиторлық қызметінің дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдері, мемлекеттік аудиторлардың және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдарының барлық қызметі, осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылыққа сәйкес өлшемшарттар негізінде мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындылары (материалдары) жатқызылады.

      18. Сапа бақылауын жүргізудің ішкі тәртібін нақтылау және оларды жүргізу бойынша тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемшарттары осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта белгіленеді.

3-тарау. Аудиторлық іс-шараның дайындық кезеңінің сапасын бақылау

      19. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратты, Аудит бағдарламасының жобасын, сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің (Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізілген кезде) қызметтік жазбасын мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының қолымен аудит объектісіне шыққанға дейін сегіз жұмыс күні бұрын сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге ұсынады.

      20. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше осы Стандарттың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың қолданыстағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының және МАҚБ қағидаларының талаптарына сәйкестігі мәніне сараптама жүргізеді.

      21. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сыртқы МАҚБ органының мүшесіне және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына сараптамалық қорытындыны енгізеді.

4-тарау. Аудиторлық іс-шараны жүргізудің негізгі кезеңінің сапасын бақылау

      22. Мемлекеттік аудиторлар қол қойған аудиторлық есептің жобасын, Жүйелі кемшіліктер кестесінің, Тізілімнің жобалары және басқа да қосымшалары (болған жағдайда) мемлекеттік аудит тобы жетекшісі (мемлекеттік аудитор) аудит объектісінде аудиторлық іс-шараны аяқтағаннан кейін МАҚБ қағидаларында көзделген тәсілдермен сыртқы МАҚБ органына жіберіледі.

      Аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер) және оларға қоса берілген Тізілімдер бойынша МАҚБ қағидаларында айқындалған тәртіппен заң сараптамасы жүргізіледі.

      23. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде заң сараптамасының нәтижелері ескере отырып, аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудитор мен мемлекеттік органдардың тартылған мамандары, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдардың жұмыскерлері қол қойған аудиторлық есепке сапаны бақылау рәсімін жүргізеді.

      24. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше сапа бақылауы бекітілген өлшемшарттары бөлінісінде ережелері бұзылған құжаттарға және нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тармақтарына сілтеме жасай отырып, нақты фактілерді көрсете отырып, бұзушылықтар мен сәйкессіздіктердің анықталған фактілерін, сондай-ақ сапаны бақылауы нәтижелері бойынша тұжырымдарды көрсетеді.

      Аудиторлық есептер бойынша сапа бақылауының нәтижелері мемлекеттік аудиторлар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу кезінде ескеріледі.

      25. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық сараптама шеңберінде бұзушылықтар тізілімінде тіркелген бұзушылықтар бойынша аудиторлық дәлелдемелердің болуы мен толықтығына, бұзушылықтарды саралау кезінде қолданылған заңнаманы қолданудың дұрыстығына, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің болуына баға береді.

      26. Аудиторлық есептердің, Жүйелік кемшіліктер кестесінің және оларға қоса берілген тізілімдердің (соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың басқа органдарымен бірлескен тексерулер бойынша аудиторлық есептердің) сапа бақылауын жүргізу нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың әрбір органының аудитке ұшыраған мәселелер шеңберінде жеке-жеке бірлескен тексерулер бойынша) қалыптастырылады.

      27. Аудиторлық есеп осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта айқындалған өлшемшарттар бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда, сыртқы МАҚБ органының басшысы мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру қажеттілігін айқындайды.

5-тарау. Мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылар қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылау

      28. Мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде тартылатын сарапшылар Заң нормаларын, сондай-ақ сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарында және МАҚБ қағидаларында белгіленген талаптарды басшылыққа алады.

      29. Мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған аудиторлық ұйымдар мен сарапшылар қорытындыларының (материалдарының) сапасын бақылау аудиторлық есептердің сапасын бақылау шеңберінде жүзеге асырылады.

6-тарау. Аудиторлық іс-шараның қорытынды кезеңінің сапасын бақылау

      30. Сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің басшылығымен дайындалған Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Қаулының және Нұсқаманың жобаларын мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше сыртқы МАҚБ органының отырысы өткізілгенге дейін сегіз жұмыс күні бұрын сапа бақылауына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге бір мезгілде жібереді..

      31. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Қаулының және Нұсқаманың жобалары бойынша заң сараптамасы кейіннен заң сараптамасының қорытындысын сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне сапа бақылауын жүргізуге және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге жібере отырып үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық сараптама шеңберінде бұзушылықтарды саралау кезінде заңнаманы қолданудың дұрыстығына, соның ішінде біліктілік түрлері бойынша және бұзушылықтарды жиынтық тізілімге енгізудің толықтығына баға береді.

      Заң қорытындысында Аудиторлық қорытындының ұсынымдары мен тапсырмалары мазмұнының заңнама талаптарына сәйкестігі туралы, соның ішінде нұсқаманың атаулылығы бойынша мәселелер көрсетіледі.

      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру үшін Аудиторлық қорытындыдағы Жиынтық тізілімде жазылған бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің болуы немесе болмауы туралы қорытынды ұсынылады.

      32. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Нұсқаманың және Қаулының жобалары бойынша сапаны бақылау келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге сараптамалық қорытынды жіберіледі.

      Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Нұсқаманың және Қаулының жобаларының сапа бақылауының нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындыны қарау, сондай-ақ сыртқы МАҚБ органының отырысына материалдарды дайындау МАҚБ қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

7-тарау. Аудиторлық қорытындыда (соның ішінде бірлескен Аудиторлық қорытындыда) қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамалардың (Қаулылардың) тармақтарын іске асырудың орындалу сапасын бақылау

      33. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Аудиторлық қорытындыда және Нұсқамаларда берілген ұсынымдарды орындау бойынша мемлекеттік аудит объектілерінен және өзге де мүдделі тұлғалардан келіп түскен ақпарат бойынша сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше аудиторлық іс-шараға жауапты сыртқы МАҚБ мүшесімен бірлесіп, келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мыналардың уақтылығы мен толықтығы тұрғысынан бақылау мен талдауды жүзеге асырады:

      1) аудит объектілерінің Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдарды, соның ішінде қарау нәтижелері туралы ақпаратты және оларды қарау мен шешім қабылдау туралы растайтын құжаттарды қарауы.

      Үкіметтің Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдарды орындауы туралы ақпаратты олардың орындалуына жауапты мемлекеттік орган (квазимемлекеттік сектор субъектісі) бақылаудан алу не оларды орындау мерзімдерін ұзарту туралы мәселені қарау үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органына жібереді.

      Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдарды және сыртқы МАҚБ органы нұсқамаларының (қаулыларының) тармақтарын бақылаудан алу үшін негіздер МАҚБ қағидаларымен регламенттеледі.

      2) нұсқамалардың тапсырмалық тармақтарының орындалуы, соның ішінде Нұсқамалардың орындалу нәтижелері туралы ақпарат және растайтын құжаттар.

      34. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше сыртқы МАҚБ органының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалу нәтижелері туралы қызметтік жазбаның жобасын енгізеді.

      35. Аудиторлық қорытындыда (соның ішінде бірлескен) қамтылған ұсынымдарды және нұсқамалардың құқықтық сипаттағы тармақтарын (сот талқылауларына қатысу, заңнаманы жетілдіру) орындау нәтижелері бойынша дайындалған қызметтік жазбаның жобасы мен сұрау салу жобасы құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісіледі.

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 10-НҚ Нормативтік қаулыға
2-қосымша
  Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Мемлекеттік аудит объектілерінің ________ жылға арналған тізбесі

Р/с

Мем. аудит объектісі

Мем. аудиттің типі

Тексерудің түрі

Аудиторлық іс-шараның қысқаша атауы

Аудиторлық іс-шара бойынша мерзімдер (тоқсандарға бөліне отырып көрсетіледі)

дайындық

негізгі

қорытынды

1

2

3

4

5

6

7

8

1.








2.















      Кестенің жалғасы

Мем. аудитпен қамтылатын бюджет қаражатының және активтердің жоспарланған сомалары бойынша болжам, жылдар бөлінісінде (млн. теңге)

Мем. аудитор(лар)дың ассистент(тер)ін, басқа да сыртқы мемлекеттік аудит органдарын, Уәкілетті органды, сарапшылар мен мемлекеттік емес аудиторларды тарту бойынша ақпарат

қаржыландыру көзі (бюджет, активтер)

бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды

бюджеттік бағдарламаның нөмірі

20__

20__

20___ жыл

Барлығы


9

10

11

12

13

14

15

16

















      Ескертпе:

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      мем. аудит – мемлекеттік аудит

      млн. теңге – миллион теңге

      мем. аудитор – мемлекеттік аудитор

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 10-НҚ Нормативтік қаулыға
3-қосымша
  Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
жүргізу қағидаларына
6-қосымша
  нысан
  Есеп комитетінің
(Тексеру комиссиясының)
мүшесі
______________________
Аты-жөні, тегі

Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпарат

      1. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу

      барысында _______________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектілерінің атауы)

      жүргізуге маңызы бар мынадай құжаттар зерделенді ____________________________

      __________________________________________________________________________

      (аудиторлық іс-шараның мақсаты көрсетіледі)

      1) ________________________________________________________________________

      (зерделенген құжаттардың, есептердің және басқа да ақпараттың, соның ішінде қаржыландырудың бекітілген сомаларының тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінуі мен игерілуін жылдар бөлінісінде көрсете отырып, мемлекеттік аудит объектісінен талап ету бойынша алынғандарының тізбесі көрсетіледі)

      2) ________________________________________________________________________

      (квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит нәтижелері (болған жағдайда)

      3) ________________________________________________________________________

      (тиімділік аудиті өлшемшарттарын мемлекеттік аудит объектісіне жіберу туралы ақпарат (деректемелері бар шығыс хаттар))

      4) аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, өңірлік және (немесе) елдік бөліністегі әлеуметтік-экономикалық дамудың жай-күйін талдау _________________________________________________________

      (мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламаға, стратегиялық жоспарға, квазимемлекеттік сектор субъектісінің даму стратегиясына бағалау жүргізген жағдайда, мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламаны, даму стратегиясын іске асыруға арналған жоспарлы шығыстар – қаржыландыру көздері бөлінісінде, бекітілген сомалар – Бағдарламаны, даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, нақты бөлінген және игерілген сомалар – жылдар бөлінісінде, стратегиялық жоспармен бекітілген бюджеттік бағдарламалар және активтер – қаржыландыру көлемі, нақтыланған, түзетілген және игерілген сомалары көрсетіле отырып, жылдар бөлінісінде, қол жеткізілген нысаналы индикаторлардың, мемлекеттік (үкіметтік) бағдарлама, стратегиялық жоспар, даму стратегиялары нәтижелері көрсеткіштерінің саны жоспарланғандардың ішінен - кезеңдер бөлінісінде, қол жеткізілмеген жағдайда себебі көрсетіледі, Бағдарламаны, даму стратегияларын іске асыру жөніндегі іс- шаралар жоспары іс-шараларының орындалғандарының/орындалмағандарының саны, орындалмаған жағдайда себебі көрсетіледі, бұзушылықтар және/немесе кемшіліктер фактілері анықталған жағдайда, оларды бірыңғай нөмірлеу жолымен бекіту қажет болады).

      5) ________________________________________________________________________

      (аудит объектілерінің саны болмашы болған жағдайда мемлекеттік аудит объектілерін таңдау өлшемшарттарының сипаттамасы және негіздемесі қолданылмайды)

      6) ________________________________________________________________________

      (аудиторлық іріктемені негіздеу (қажет болған жағдайда маңыздылық деңгейін айқындау) және аудиторлық тәуекелді бағалау)

      7) ________________________________________________________________________

      (Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторларының (мемлекеттік аудиторлар ассистенттерінің) үлестестік тізілімін аудит тобы мүшелерінің мемлекеттік аудит объектілерімен үлестестігі тұрғысынан талдау. Есеп комитеті жұмыскерлерінің үлестестік тізілімі Есеп комитетінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.)

      2. Мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеудің және жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша мыналарды ұсынамыз:

      2.1. Аудит бағдарламасына мыналар енгізілсін:

      1) аудиторлық іс-шарамен қамтылатын бюджет қаражаты мен активтердің көлемі

      __________________________________________________________________________

      (тексерілетін жылдар және бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде аудиторлық іріктеудің қорытындылары бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылатын қаражат пен активтер көлемі көрсетіледі)

      2) мемлекеттік аудит объектілері және оларды мемлекеттік аудиторлар (тартылған жағдайда мемлекеттік аудитордың ассистенті) арасында бөлу, соның ішінде бірлескен және қатар тексеру жүргізілген кезде, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының арасында бөлу_______________________________________________

      3) зерделенген мемлекеттік аудит объектілеріне қатысты қолданылатын мемлекеттік аудиттің типі мен тексерудің түрі____________________________________________________

      4) тиімділік аудитін немесе сәйкестік аудитін жүргізу кезіндегі көрсеткіштер және көрсеткіштердің әрбіреуіне мәселелер_______________________________________________

      2.2. Аудиторлық іс-шарадан мынадай негіздер __________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісінің атауы)

      бойынша _________________________________________________________________

      (тиісті негіздер, аудиторлық іріктеудің нәтижелері көрсетіоеді)

      мемлекеттік аудит объектісі алынып тасталсын.

      2.3. Аудиторлық іс-шаралар жүргізу мерзімі мынадай негіздер _____________бойынша қайта қаралсын (ұлғайтылсын/қысқартылсын)

      2.4. Мемлекеттік аудит тобы мүшелерінің аудит объектілерімен мүдделер қақтығысын талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит тобының мынадай құрамы ұсынылады:_____________________________________________________________________

      (мүдделер қақтығысының болуы немесе болмауы расталады)

      Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі ________________________________________

      (қолы, аты-жөні, тегі)

      Мемлекеттік аудит тобына қатысушылар _______________________________________

      (қолы, аты-жөні, тегі)

      Ескертпе: 2.2, 2.3-тармақтар қажет болған жағдайда толтырылады.

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 10-НҚ Нормативтік қаулыға
4-қосымша
  Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
жүргізу қағидаларына
8-қосымша
  нысан
  "Бекітемін"
Республикалық бюджеттің
атқарыруын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің (облыстың,
қаланың тексеру комиссияның)
мүшесі
___________________________
Т.А.Ә.(қолы)
20__ жылғы "___" ________

АУДИТ БАҒДАРЛАМАСЫ

I. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

      1. Аудиторлық іс-шараның атауы:

      __________________________________________________________________________

      2. Аудиторлық іс-шараның мақсаты:

      __________________________________________________________________________

      3. Мемлекеттік аудиттің типі, тексерудің түрі:

      __________________________________________________________________________

      4. Мемлекеттік аудиттің мәні:

      __________________________________________________________________________

      5. Аудиторлық іс-шарамен қамтылатын қаражат және (немесе) активтер көлемі:

      __________________________________________________________________________

      6. Аудиторлық іс-шарамен қамтылатын кезең:

      __________________________________________________________________________

      7. Аудиторлық іс-шараны жүргізу мерзімдері:

      __________________________________________________________________________

      8. Мемлекеттік аудит тобының құрамы: топ жетекшісі, мемлекеттік аудиторлар (ассистенттер), сарапшылар:

      9. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

№ р/с

Мемлекеттік аудит объектісінің атауы

Мемлекеттік аудит объектісінің орналасқан жері (облыс/қала)

1

2

3




II. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ОБЪЕКТІЛЕРІ БОЙЫНША АУДИТТІҢ (бірлескен, қатар тексерудің) КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

      Мемлекеттік аудит объектісінің атауы

      _________________________________________________________________________

      Мемлекеттік аудит объектісіндегі мемлекеттік аудиттің мақсаты

      __________________________________________________________________________

      Мемлекеттік аудиттің типі

      __________________________________________________________________________

      Мемлекеттік аудитпен қамтылатын кезең

      __________________________________________________________________________

      Мемлекеттік аудит жүргізудің жалпы мерзімі (күндер саны) _____________________________________________________________________

№ р/с

Қаражаттың және (немесе) активтердің көлемі * (бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар бөлінісінде)

Мемлекеттік аудит көрсеткіштері

Аудиторлық іс-шараның мәселелері

Жауапты мемлекеттік аудитор (сарапшы, ассистент)

Жүргізу мерзімдері (кезеңдері)

1

2

3

4

5

6













III. НОРМАТИВТІК-ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысы

      Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі

      Мемлекеттік аудиторлар (сарапшылар, ассистенттер)

      Ескертпе:

      * бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің қамтылу көлемін көздемейтін аудиторлық іс-шараларды қоспағанда.

      Мемлекеттік аудит жүргізу бағдарламасын (бұдан әрі – Аудит бағдарламасы) жасау.

"I. Жалпы ақпарат" бөлімінде:

      1. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес аудиторлық іс-шараның атауы.

      2. Аудиторлық іс-шараның мақсаты.

      Жоспарланған мемлекеттік аудиттің тақырыбына және типіне қарай мақсаты ретінде "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заңның 12-бабының 1, 2, 3-тармақтарында көзделген бағыттар көрсетіледі.

      3. Мемлекеттік аудиттің типі, тексеру түрі.

      Жүргізілетін мемлекеттік аудиттің тиісті типі көрсетіледі: сәйкестік, қаржылық есептілік, тиімділік. Тексеру жүргізілген жағдайда оның түрі көрсетіледі. Үстеме тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік аудиттің типі көрсетілмейді.

      4. Мемлекеттік аудиттің мәні.

      Оларға қатысты мемлекеттік аудит жүргізу жүзеге асырылатын экономикалық құбылыстар, процестер, оқиғалар, құжаттар.

      5. Аудиторлық іс-шарамен қамтылатын қаражат және (немесе) активтер көлемі.

      Жүргізілетін аудиторлық іс-шара (бірлескен, қатар тексеру) шеңберінде аудиторлық іс-шарамен (бірлескен, қатар тексеру) қамтылуға жататын қаражаттың және (немесе) активтердің жалпы көлемі көрсетіледі.

      Осы бөлім республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң толықтығы мен уақтылылығына, республикалық бюджеттен түсетiн түсiмдер сомаларының қайтарылуына, салықтық және кедендiк әкiмшiлендірудің тиiмдiлiгiне мемлекеттік аудит жүргізу, талдамалық іс-шара жүргізу кезінде толтырылмайды.

      6. Аудиторлық іс-шарамен қамтылатын кезең.

      Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің аудиторлық іс-шарамен (бірлескен, қатар тексерумен) қамтылатын кезеңі (күндері, айлары, жылдары) көрсетіледі.

      7. Аудиторлық іс-шараны жүргізу мерзімдері.

      Аудиторлық іс-шараны жүргізудің басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.

      8. Мемлекеттік аудит тобының құрамы: топ жетекшісі, мемлекеттік аудиторлар (ассистенттер), сарапшылар.

      Есеп комитеті (Тексеру комиссиясы) жұмыскерлерінің (жұмыскерінің), мемлекеттік аудиторлардың және ассистенттердің, мемлекеттік органдар мамандарының, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдар жұмыскерлерінің және сарапшылардың (олар тартылған жағдайда) тегі, аты-жөні, лауазымы көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік аудит объектілері:

      1-бағанда – реттік нөмірі;

      2-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің атауы;

      3-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің орналасқан жері (облыс/қала).

"II. Мемлекеттік аудит объектілері бойынша аудиттің (бірлескен, қатар тексерудің) көрсеткіштері мен мәселелері:

      1. Мемлекеттік аудит объектісінің атауы.

      Мемлекеттік аудит объектісінің реттік нөмірі, атауы көрсетіледі.

      2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты.

      Аудиторлық іс-шараның (бірлескен, қатар тексерудің) мәселелеріне сүйене отырып, аталған мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудиттің мақсаты көрсетіледі.

      3. Мемлекеттік аудиттің типі.

      Осы мемлекеттік аудит объектісінде жүргізілетін мемлекеттік аудиттің тиісті типі: сәйкестік, қаржылық есептілік, тиімділік аудиті көрсетіледі. Тексеру жүргізілген жағдайда, оның түрі көрсетіледі. Үстеме тексеру жүргізілген кезде мемлекеттік аудиттің типі көрсетілмейді.

      4. Мемлекеттік аудитпен қамтылатын кезең.

      Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің аудиторлық іс-шарамен (бірлескен, қатар тексерумен) қамтылатын кезеңі (күндері, айлары, жылдары) көрсетіледі.

      5. Мемлекеттік аудит жүргізудің жалпы мерзімі (күндер саны).

      Осы мемлекеттік аудит объектісінде аудиторлық іс-шараны (бірлескен, қатар тексеруді) жүргізудің басталған және аяқталған күні көрсетіледі.

      Кесте бойынша:

      1-бағанда – рет саны нөмірі;

      2-бағанда – бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар бөлінісінде қаражаттың және (немесе) активтердің көлемі;

      3-бағанда – мемлекеттік аудиттің көрсеткіштері;

      4-бағанда – аудиторлық іс-шараның мәселелері;

      5-бағанда – жауапты мемлекеттік аудитор, сарапшы, ассистент;

      6-бағанда – осы мемлекеттік аудит объектісінде аудиторлық іс-шараны жүргізу мерзімдері, кезеңдері көрсетіледі.

"ІІІ. Нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету" бөлімінде:

      Аудиторлық іс-шара (бірлескен, қатар тексеру) барысында пайдаланылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарының және Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) әдіснамалық құжаттарының тізбесі көрсетіледі.

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 10-НҚ Нормативтік қаулыға
5- қосымша
  Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
жүргізу қағидаларына
16-қосымша
  форма

Аудиторлық есептің (тиімділік, сәйкестік аудитінің) үлгілік нысаны

  ___________________
(жасалған орны)
20__жылғы "____" _____
№ _______

      I. Кіріспе бөлік

      1.1. Мемлекеттік аудит объектісінің атауы:______________________________________

      1.2. Аудиторлық іс-шараның атауы:____________________________________________

      1.3. Мемлекеттік аудит объектісіндегі мемлекеттік аудиттің мақсаты: _______________

      1.4. Мемлекетті аудиттің мәні:________________________________________________

      1.5. Аудиттің типі, тексерудің түрі:____________________________________________

      (үстеме, бірлескен немесе қатар тексеру жүргізу кезінде толтырылады)

      1.6. Мемлекеттік аудит тобының құрамы:_______________________________________

      1.7. __________ "____" №_________ мемлекеттік аудит (тексеру) жүргізуге тапсырма

      1.8. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: ____________________________________

      1.9. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі:________________________________ аралығы

      1.10. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары:_______________________

      1.11. Үстеме тексеру жүргізілген объектілердің тізбесі:___________________________

      (жүргізілген кезде көрсетіледі)

      1.12. Алдыңғы мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы қысқаша

      мәліметтер: _______________________________________________________________

      II. Негізгі бөлік

      2.1. Аудит бағдарламасын ашу:

      2.1.1. Аудит бағдарламасындағы _________ мәселенің атауы:______________________

      Аудит бағдарламасының мәселесін талдау, соның ішінде жүйелі кемшіліктерге, бюджет қаражатын және активтерді тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға, нәтижелерге қол жеткізбеуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің жіберіп алынған пайдасы мен экономикалық шығындарын бағалауды қоса алғанда, мемлекеттік аудит объектісі қызметіндегі өзге де проблемалық мәселелер бойынша бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдау: __________________________________________________

      2.1.2. Сарапшылардың сараптамалық қорытындыларының қысқаша қорытындылары (ескертулер, бұзушылықтар):

      ________________________________________________________________________

      (оларды тартқан жағдайда)

      2.1.3. Үстеме тексерудің қысқаша нәтижелері: __________________________________

      (ол жүргізілген кезде)

      III. Қорытынды бөлік

      3.1. Мемлекеттік аудит объектісі бойынша жалпы тұжырымдар:

      *3.1.1. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің қойылған мақсаттарға, міндеттерге, функцияларға және өкілеттіктерге, мыналарға:

      - мемлекеттік органдарға;

      - квазимемлекеттік сектор субъектілеріне.

      3.2. Мемлекеттік аудит жүргізудегі кедергілер:_____________

      3.3. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар (оның ішінде бұзушылықтар мен кемшіліктерді болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит объектісі қабылдайтын шаралар (институционалдық): _____________________________________________________________

      Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) жұмыскер(-лер)і:

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, аты-жөні, тегі)

      Мемлекеттік органдардан тартылған мамандар, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдардың жұмыскерлері, сарапшылар:

      ______________________________________________________________________

      (лауазымы)

      __________________________________________________________________________

      (қолы, аты-жөні, тегі)

      Аудиторлық есеп ____________________________________________ данада жасалды.

      (саны)

      * Мемлекеттік аудит типіне байланысты Мемлекеттік аудит бағдарламасында тиісті мәселе болған жағдайда ашып жазылады

      IV. Қосымшалар:

      1) мемлекеттік аудит объектісі басшысының міндеттерін атқару жөніндегі талап;

      2) саладағы ағымдағы жағдай (алдын ала зерделеу кезеңінде қамтылмаған қосымша фактілер анықталған жағдайда);

      3) мемлекеттік аудиторлар қол қойған және Қағидаларға 16-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестесі (бар болса);

      4) мемлекеттік аудиторлар қол қойған және Қағидаларға 17 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімі (бұдан әрі-Тізілім);

      5) аудиторлық дәлелдемелер:

      - құжаттардың төлнұсқалары немесе белгіленген тәртіппен расталған көшірмелері, кестелер, сондай-ақ қажет болған жағдайда бұзушылық фактілерін көрсететін анықтамалар, фотосуреттер;

      - функционалдық және лауазымдық міндеттеріне сүйене отырып, жол берілген бұзушылықтарға қатысы бар адамдардың жазбаша түсініктемелері;

      - бақылау өлшемдері (тексеріп қараулар) актілері (олар жасалған жағдайда);

      - зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары, хаттамалардың көшірмелері, аудиторлық іс-шараның нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар жасалған жағдайда);

      - талдау материалдары және мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі бұзушылықтар мен кемшіліктер фактісін растайтын материалдар;

      6) сарапшылардың сарапшылық қорытындылары (тартылған жағдайда);

      7) мемлекеттік қызметтерді алушылардың қанағаттануы тұрғысынан халық арасында сауалнама жүргізу нәтижелері (қажет болған жағдайда);

      8) ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (көшірмелері) (аудиторлық іс-шара барысында қаражат өтелген (қалпына келтірілген) жағдайда):

      төлем тапсырмалары (төлеуге арналған шоттар, түбіртектер, чектер және (немесе) басқалары);

      ведомостар, ордерлер, нарядтар;

      7) аудит объектісінің осы Қағидаларға 17-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында ұсынылған ақпарат пен құжаттардың толықтығы мен анықтығы туралы ұсыну хаты.

      Мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор органдарының ресми ақпараттық жүйелерінен алынған құжаттарда штрих код немесе өзге де тану белгілері болған жағдайда олар куәландырылмайды. Аудиторлық есепке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері белгіленген тәртіппен уәкілетті лауазымды адамдардың қолтаңбаларымен, мемлекеттік аудит объектісінің мөрімен немесе мөртабанымен (болған жағдайда) куәландырылады. Аудиторлық есепте қосымшаларының реттік нөмірі көрсетіле отырып, оларға сілтеме, әрбір қосымша бойынша бөлек парақтар саны көрсетіледі. Көлемді құжаттар (5 немесе одан көп беттен тұратын бір құжат) тігілген күйінде соңғы артқы парағына мөр мен қол қою арқылы куәландырылуы мүмкін.

      Ескертпе.

      Аудиторлық есептің жоғары бөлігінде оның жасалған орны (қаланың, басқа да елді мекеннің (ауыл, кент және тағы басқаларының) атауы), Аудиторлық есептің жасалған күні, Аудиторлық есеп данасының нөмірі көрсетіледі (№ 1 дана – Есеп комитеті (Тексеру комиссиясы) үшін, № 2 дана – мемлекеттік аудит объектісі үшін жасалады.

      Бірлескен тексеру кезінде № 1 дана – Есеп комитеті (Тексеру комиссиясы) үшін, № 2 дана – бірлескен тексеруге қатысушы мемлекеттік орган үшін, № 3 дана – мемлекеттік аудит объектісі үшін жасалады).

      Аудиторлық есепте мынадай деректер көрсетіледі:

      Аудиторлық есептің кіріспе бөлігінің 1-бөлімінде мыналар қысқаша сипатталады:

      1.1. Мемлекеттік аудит объектісінің атауы - мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы, мемлекеттік тіркеу туралы деректері, банктік және салықтық деректемелері, БСН (ЖСН) көрсетіледі.

      1.2. Аудиторлық іс-шараның атауы – тиісті жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес аудиторлық іс-шараның толық атауы көрсетіледі.

      1.3 Мемлекеттік аудит объектісінде жүргізілетін мемлекеттік аудиттің мақсаты - Аудит бағдарламасының мәселелеріне сүйене отырып, осы объектіде жүргізілетін мемлекеттік аудиттің мақсаты көрсетіледі.

      1.4. Мемлекеттік аудиттің мәні – жүргізілетін мемлекеттік аудиттің, бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) активтердің мәні көрсетіледі.

      1.5. Аудиттің типі, тексерудің түрі – осы мемлекеттік аудит объектісінде жүргізілетін аудиттің тиісті типі және түрі көрсетіледі: үстеме, бірлескен немесе қатар.

      1.6. Мемлекеттік аудит тобының құрамы – мемлекеттік аудитті жүргізетін Есеп комитеті (Тексеру комиссиясы) жұмыскерінің, мемлекеттік органдардың мамандарының, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдардың жұмыскерлерінің және мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған сарапшылардың аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетіледі.

      1.7. Мемлекеттік аудит жүргізуге тапсырма (Тексеру тағайындау туралы акт) – Тапсырманың күні және нөмірі, Тапсырмаға қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетіледі.

      1.8 Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең – мемлекеттік аудит объектісі қызметінің іс жүзінде тексерілген кезеңі көрсетіледі (қажет болған жағдайда бюджеттік бағдарламалар немесе мәселелерді көрсете отырып, ("қажет болған жағдайда басқа да кезеңдер" деген сөздерді көрсетпей) жылдары, айлары және Аудит жоспарына және бағдарламасына сәйкес келеді).

      1.9 Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі – осы мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудитті жүргізудің басталған және аяқталған күні көрсетіледі (Аудит бағдарламасына сәйкес келеді).

      1.10. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары – мемлекеттік аудит объектісінің келісімімен мемлекеттік аудит жүзеге асырылған мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының аты-жөні, тегі, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде жұмыс істеген және құжаттарға қол қою құқығы болған лауазымды адамдарының аты-жөні, тегі көрсетіледі.

      1.11. Үстеме тексеруге ұшыраған объектілердің тізбесі – үстеме тексеруге ұшыраған мемлекеттік аудит объектісінің (лерінің) толық атауы көрсетіледі

      1.12. Алдыңғы мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы қысқаша мәліметтер – басқа мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мен құқық қорғау органдарының бұрын қамтыған тексеру мәні Есеп комитеті (Тексеру комиссиясы) жүргізген мемлекеттік аудиттің мәселелерімен сәйкес келетін мәселелер бойынша қысқаша мәліметтер, мемлекеттік аудит объектісінің анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылдаған шаралары көрсетіледі. Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) бақылауда тұрған Аудиторлық қорытындылары (Нұсқамалары) бойынша орындалу мерзімі өткен тапсырмалық тармақтар бойынша шаралар көрсетіледі. Егер мұндайлар болмаса олардың болмауын көрсету қажет.

      Аудиторлық есептің негізгі бөлігінің 2-бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:

      2.1. Аудит бағдарламасын ашып көрсету – жүргізілген мемлекеттік аудиттің мақсатына қол жеткізілгенін растауға жеткілікті нәтижелер сипатталады.

      Одан әрі Аудит бағдарламасының мәселелеріне жауаптар тіркеледі, бұл ретте Аудит бағдарламасының әрбір мәселесінің атауы көрсетіледі. Аудит мәселелеріне жауаптар толық, нақты, объективті және кесімді жазылады. Бағдарламаның мәселесін ашып көрсету Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен байланысын бағалай отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге арналған бюджет қаражатының, мемлекет активтерінің негізділігін және пайдаланылуын талдауды ескере отырып, жүзеге асырылады. Жүйелі кемшіліктерге, бюджет қаражатын және активтерді тиімсіз жоспарлау мен пайдалануға, нәтижелерге қол жеткізбеуге, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі өзге де проблемалық мәселелерге байланысты бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдау топтастырылған біртектес бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ аталған талдауды жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мәселелер ескеріле отырып жүргізіледі. Мемлекеттік аудит объектісінің жіберіп алынған пайдасы мен экономикалық шығындарын бағалау бюджетке қаражат толық түспеген, бюджет атқарылмаған, бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз пайдаланған, бюджет қаражаты мен активтер жоғалған, мемлекеттік меншік жоғалған, бюджет қаражаты мен активтердің артық шығыстары, бюджет кірістерінің тікелей және ықтимал (бағалау) шығындары, бюджет және өзге де заңнаманың сақталмауы, өндірістің төмен рентабельділігі және өндірілген өнімнің, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоғары өзіндік құны, шығыстардың нәтижелі болмауы кезінде жүргізіледі.

      Аудиторлық есепте жүргізілген үстеме тексерудің (тек бұзушылықтардың тармақтарын үстеме тексерудің аудиторлық есебіне сәйкес нөмірлей отырып, олар негізгі объектінің бұзушылықтар тізіліміне қосылмайды), бақылау өлшемінің (тексеріп қарау) қысқаша нәтижелері көрсетіледі, сондай-ақ бұзушылық фактілері, соның ішінде мемлекеттік аудит объектісі болып табылмайтын басқа да мемлекеттік органдардың бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражатын пайдалану кезінде жасаған себептері мен салдарын көрсете отырып, кемшіліктер мен жүйелі проблемалар жазылады.

      Мемлекеттік аудиттің мәселелері бойынша бұзушылықтар, кемшіліктер және жүйелі проблемалар анықталса, әрбір факт жалғаспалы тәртіппен нөмірленеді және бұзушылықтың, кемшіліктің және жүйелі проблеманың сипаты мен түрін сипаттай отырып, жеке тармақпен (1-тармақ, 2-тармақ және т.б.) тіркеледі. Бұзушылықтар бойынша ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме көрсетіледі және тиісті бұзушылыққа дәлел болатын құжаттар көрсетіледі. Бұзушылыққа, кемшілікке және жүйелі проблемаға әкеп соққан себеп-салдарлық байланыстар талданады.

      Аудит бағдарламасының мәселесі бойынша бұзушылықтар, кемшіліктер және жүйелі проблемалар анықталмаса, қысқаша ақпарат келтіріледі және мынадай жазба жасалады "Бағдарламаның (атауы) мәселесі тексерілді. Бұзушылықтар, кемшіліктер және жүйелі проблемалар анықталған жоқ.". Аудиторлық есепке тексеру жүргізілген құжаттардың деректемелері көрсетіле отырып, олардың тізбесі қоса беріледі.

      Аудит бағдарламасының мәселелерін қарау шеңберінде мемлекеттік аудиторлар қажет болған кезде аудит объектісінің жіберіп алған пайдаларына және шығындарына бағалау жүргізеді, сарапшылар тартқан жағдайда, олардың қорытындыларының қысқаша нәтижелерін сипаттайды.

      Аудиторлық есептің Қорытынды бөлігінің 3-бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      3.1. Аудит объектісінде жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша жалпы тұжырымдарда объект қызметінің, мемлекеттік аудиттің көрсеткіштеріне (өлшемшарттарына) сәйкес Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру тиімділігіне баға беріледі. Мемлекеттік аудиттің көрсеткіштерін (өлшемшарттарын) сипаттау кезінде аудит объектісіне баға беруге сәйкес олардың толық атаулары көрсетіледі. Аудиторлық есепте аудит объектісінің ағымдағы жағдайына, сондай-ақ оның қызметінің мемлекеттік басқару саласының және (немесе) экономика саласының дамуына тигізетін әсеріне талдау жасалады және баға беріледі.

      3.2. Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) жұмыскерлері мемлекеттік аудит жүргізгенде мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының кедергі келтіруі фактілері туралы мәліметтер көрсетіледі. Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) жұмыскері әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы хаттама жасаған жағдайда, оның нөмірі және күні көрсетіледі (хаттама мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит объектісіне жіберуден бас тартқан кезде, мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе анық емес, объективті емес және (немесе) толық емес ақпаратты, материалдарды және өзге де мәліметтерді ұсынған кезде толтырылады).

      3.3. Мемлекеттік аудит жүргізу барысында анықталған құқық бұзушылықтарды жою бойынша мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған шаралар туралы мәліметтер көрсетіледі ((оның ішінде бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік аудит объектісі қабылдайтын шаралар (институционалдық) (салықтарды, айыппұлдарды, өсімпұлдарды қосымша есептеу, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өтеу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша қаражатты қалпына келтіру, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша өнім берушілердің шарттық міндеттемелерін орындауы, мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарына қатысты қабылданған тәртіптік жазалау шаралары және басқалар). Шаралар қабылданбаған жағдайда олардың болмауын көрсету қажет.

      Аудиторлық есепке қосымшаларда Қағидалардың 185-тармағында көзделген аудиторлық дәлелдемелер тіркеледі.

      4. Мемлекеттік аудитті жүргізген Есеп комитеті (Тексеру комиссиясы) жұмыскерлерінің (мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған мемлекеттік органдар мамандарының, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдар жұмыскерлерінің, сарапшылардың) қолдары.

      Аудиторлық есептің соңғы бетінде адресатты және бланк нөмірін көрсете отырып, Аудиторлық есептің екі данада (Аудиторлық есептің № 1 данасы – Есеп комитетіне (Тексеру комиссиясына), Аудиторлық есеп бланкісінің №__; № 2 дана – мемлекеттік аудит объектісіне, бланк № __) жасалғаны туралы жазба жасалады.

      Мемлекеттік аудитті жүргізген мемлекеттік аудиторлар екінші парағынан бастап, Аудиторлық есептің барлық беттеріне қол қояды.

      Мемлекеттік аудит объектісінде бірыңғай топ бірлескен тексеру жүргізген кезде Аудиторлық есеп Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) бланкісінде үш данада ресімделеді, оның бірінші данасы – Есеп комитетіне (Тексеру комиссиясына), екінші данасы – бірлескен тексеруге қатысушы мемлекеттік органға, үшінші данасы – мемлекеттік аудит объектісіне беріледі.

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 10-НҚ Нормативтік қаулыға
6-қосымша
  Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
жүргізу қағидаларына
16-1-қосымша
  нысан

Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелік кемшіліктер КЕСТЕСІ (Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелік кемшіліктердің ЖИЫНТЫҚ КЕСТЕСІ)

№ р/с

Жыл

Мемлекеттік аудит объектісінің атауы

Жүйелік кемшіліктердің сипаттамасы (оның ішінде жүйелік кемшіліктердің болуының теріс салдары)

1

2

3

4









      Мемлекеттік аудит жүргізген Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясы)

      жұмыскерлері ___________________________________________________________

      (қолы, аты-жөні, тегі)

      Келісілді:

      Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі

      _________________________________________________________________________

      (қолы, аты-жөні, тегі)

      * Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мен қатысушылары аудиторлық іс-шара барысында анықталған Жүйелік кемшіліктердің жиынтық кестесіне қол қояды, ол Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесімен келісіледі.

      Ескертпе: аудиторлық іс-шара барысында анықталған Жүйелік кемшіліктер кестесін құру.

      1-баған – реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-баған – жүйелік кемшіліктердің анықталған жылы көрсетіледі;

      3-баған – мемлекеттік аудит объектісінің атауы;

      4-баған – аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелік кемшіліктердің болуының теріс салдары көрсетіледі.

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 10-НҚ Нормативтік қаулыға
7-қосымша
  Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
жүргізу қағидаларына
17-қосымша
  нысан

Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың ТІЗІЛІМІ (мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың ЖИЫНТЫҚ ТІЗІЛІМ

      1) қаражат бюджетке түскен кезде (м. теңге)


р/с

Жыл

Мем. аудит объектісінің атауы

Мем. аудит объектісінің БСН-і

Өңірдің коды

ББС бойынша бюджетке түсетін түсімдер коды

Бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы (10-баған+13-баған+16-баған+ 19-баған+22-баған)

барлығы

оның ішінде

түсуге жататыны

мем. аудит барысында түскені

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.









Жиыны (с.і. мем. аудитке қатысқан адамдар бөлінісінде):






1

Т.А.Ә.






2

Т.А.Ә.






Жиыны







      кестенің жалғасы

с.і.

Бюджетке түсетін қаражаттың уақтылы, толық есепке жатқызылмауы

Артық (қате) төленген түсімдер сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды ҚР заңнамасын бұза отырып жүзеге асыру

Мемлекеттік кірістер органдарының салық түсімдерінің, әкімшілік айыппұлдардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етпеуі

Бюджетке түсетін түсімдерді бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеуден, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен сомаларды, қарыздарды толық өндіріп алмауы және уақтылы аудармауы

барлығы

оның ішінде

барлығы

оның ішінде

барлығы

оның ішінде

барлығы

оның ішінде

түсуге жататыны

мем. аудит барысында түскені

түсуге жататыны

мем. аудит барысында түскені

түсуге жататыны

мем. аудит барысында түскені

түсуге жататыны

мем. аудит барысында түскені

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21





























































      кестенің жалғасы

Қаражат бюджетке түскен кездегі заңнаманың өзге де қаржылық бұзушылықтары

Бюджеттің тікелей (жанама) шығындары (болған жағдайда)

Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау

Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемесімен)

барлығы

оның ішінде

түсуге жататыны

түсуге жататыны

22

23

24

25

26

27

28




































      2) бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезінде (м. теңге)


р/с

Жыл

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламаны әзірлеушінің/ бірлесіп орындаушының атауы

Мем. аудит объектісінің атауы

Мем.аудит объектісінің БСН-і

Өңірдің коды

Бюджеттік бағдарлама коды

Бюджеттік бағдарламаның атауы

Бюджеттік кіші бағдарламаның коды

Бюджеттік кіші бағдарламаның атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.













Жиыны (с.і. мем. аудитке қатысқан адамдар бөлінісінде):

1



Т.А.Ә.

2



Т.А.Ә.



Жиыны

      кестенің жалғасы

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі *

Барлығы

оның ішінде

Бюджет қаражаты

с.і. трансферттерді пайдалану кезінде

активтер

12

13

14

15





















      кестенің жалғасы

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы (20-баған+25-баған)

Соның ішінде

Бюджет қаражатын және активтерді пайдалану кезіндегі бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың бұзушылықтары

Барлығы

с.і. қалпына келтіруге (өтелуге) жататыны (21-баған+23-баған+26-баған)

Барлығы

оның ішінде

барлығы

оның ішінде

оның ішінде мем. аудит барысында қалпына келтірілгені (өтелгені)

қалпына келтіруге жататыны

өтелуге жататыны

мем.аудит барысында қалпына келтірілгені

мем.аудит барысында өтелгені

қалпына келтіруге жататыны

с.і. мем.аудит барысында қалпына келтірілгені

өтеуге жататыны

с.і. мем.аудит барысында өтелгені

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26
























































      * бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің қамтылу көлемін көздемейтін аудиторлық іс-шараларды қоспағанда.

      кестенің жалғасы

Соның ішінде

Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау

Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемесімен)

Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнама бұзушылықтары




Барлығы

оның ішінде

қалпына келтіруге жататыны

қалпына келтіруге жататыны

27

28

29

30

31

32































      3) мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі, соның ішінде оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты өзге де заңнама бұзушылықтары


р/с

Жыл

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламаны әзірлеушінің/ бірлесіп орындаушының атауы

Мем. аудит объектісінің атауы

Мем.аудит объектісінің БСН-і

Өңірдің коды

Бюджеттік бағдарлама коды

Бюджеттік бағдарламаның атауы

Бюджеттік кіші бағдарлама коды

Бюджеттік кіші бағдарламаның атауы

Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы (м. теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.












Жиыны (с.і. мем. аудитке қатысқан адамдар бөлінісінде):











Т.А.Ә.











Т.А.Ә.










Жиыны










      кестенің жалғасы

Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы (м. теңге)

Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін бұзушылықтардың сомасы (м. теңге)

Ықтимал шығындардың және жіберіп алған пайданың сомасы (м. теңге)

Рәсімдік бұзушылықтар (саны, бірл.)

Тиісті нормативтік және құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, өзге де салалық заңнамадағы бұзушылық фактісін, жүйелі проблемаларды сипаттау

Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемесімен)

барлық ықтимал шығындар және жіберіп алған пайда

Соның ішінде


бюджетке түсетін түсімдер бойынша

бюджет шығыстары бойынша

мемлекет активтерін пайдалануда

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22































      Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының)

      мемлекеттік аудитті жүргізген жұмыскерлері ___________________________________

      (қолы, аты-жөні, тегі)*

      Келісілді:

      Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының)

      аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі _________________________________________

      (қолы, аты-жөні, тегі)

      * Мемлекеттік аудитті жүргізген аудит тобының жетекшісі мен қатысушылары Есеп комитетінің аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесімен келісілетін, Аудиторлық қорытындыға қоса берілетін Анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізіліміне қол қояды.

      Ескертпе: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің тізілімін (Жиынтық тізілімін) толтыру.

      Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің тізілімі әрбір мемлекеттік аудит объектісінде толтырылып, Аудиторлық есепке қоса беріледі.

      Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтары қаралғаннан кейін сапаны бақылаудың қорытындысы ескеріле отырып, Аудиторлық қорытындыға қоса беріледі.

      Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің тізілімі (Жиынтық тізілімі) Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) 2018 жылғы 1 ақпандағы № 18-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышына (бұдан әрі – Сыныптауыш) сәйкес жасалады.

      1-бөлім. Қаражат бюджетке түскен кезде:

      "Р/с №" деген 1-бағанда – мемлекеттік аудит объектілерінің реттік нөмірлері (1, 2, 3 және т.б.) көрсетіледі;

      "Жыл" деген 2-бағанда – есепті кезеңдер көрсетіле отырып, мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің атауы" деген 3-бағанда – мемлекеттік кірістер органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ салықтық емес төлемдер бойынша уәкілетті органдар көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і" деген 4-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі;

      "Өңірдің коды" деген 5-бағанда – мемлекеттік аудит объектісі тіркелген аумақтың коды көрсетіледі;

      "ББС бойынша бюджетке түсетін түсімдер коды" деген 6-бағанда – Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі – ББС) сәйкес бюджет түсімдерінің коды көрсетіледі;

      "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы" деген 7-бағанда – түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы, оның ішінде 8-бағанда – бюджетке түсуге жататын бұзушылық сомасы, 9-бағанда – мемлекеттік аудит барысында түскен бұзушылық сомасы көрсетіледі;

      "Бюджетке түсетін қаражаттың уақтылы, толық есепке жатқызылмауы" деген 10-бағанда – қазынашылық органдарының уақтылы және толық есепке жатқызбаған бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасы, оның ішінде 11-бағанда – бюджетке түсуге жататын, уақтылы, толық есепке жатқызылмаған қаражат сомасы, 12-бағанда – бюджетке түскен қаражаттың уақтылы, толық есепке жатқызылмауының жүргізілген мемлекеттік аудит барысында түскен сомасы көрсетіледі;

      "Артық (қате) төленген түсімдер сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асыру" деген 13-бағанда – бюджеттен қайтарылуы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылған бюджетке түскен түсімдердің сомасы, оның ішінде 14-бағанда – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып артық (қате) төленген түсімдер сомаларын бюджетке қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың түсуге жататын сомасы, 15-бағанда – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып артық (қате) төленген түсімдер сомаларын бюджетке қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың мемлекеттік аудит жүргізу барысында түскен сомасы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік кірістер органдарының салық түсімдерінің, әкімшілік айыппұлдардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етпеуі" деген 16-бағанда – салықтық және кедендік әкімшілендіру шараларының қамтамасыз етілмеуіне байланысты бюджетке түспеген салықтардың, әкімшілік айыппұлдардың, кедендік және басқа да міндетті төлемдердің сомалары, оның ішінде 17-бағанда – мемлекеттік кірістер органдары толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етпеген салық түсімдерінің, әкімшілік айыппұлдардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуге жататын сомасы, 18-бағанда – мемлекеттік кірістер органдары толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етпеген салық түсімдерінің, әкімшілік айыппұлдардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджетке түскен сомасы көрсетіледі;

      "Бюджетке түсетін түсімдерді бақылауды жүзеге асыратын өзге де уәкілетті органдардың салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеуден, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен сомаларды, қарыздарды толық өндіріп алмауы және уақтылы аудармауы" деген 19-бағанда – уәкілетті органдардың толық өндіріп алмауы және уақтылы аудармауы салдарынан бюджетке түспеген (бюджетке уақтылы түспеген) салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеуден, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен сомалар, қарыздардың сомалары көрсетіледі, оның ішінде 20-бағанда – бюджетке түсуге жататын, уәкілетті органдардың толық өндіріп алмауы және уақтылы аудармауы салдарынан бюджетке түспеген (бюджетке уақтылы түспеген) салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, трансферттер, бюджеттік кредиттерді өтеуден, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдердің сомалары, қарыздар, 21-бағанда – уәкілетті органдардың толық өндіріп алмауы және уақтылы аудармауы салдарынан бюджетке түспеген (бюджетке уақтылы түспеген) салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеуден, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдердің, қарыздардың мемлекеттік аудит жүргізу барысында түскен сомалары көрсетіледі;

      "Бюджетке қаражаттың түсуі кезіндегі заңнаманың өзге де қаржылық бұзушылықтары" деген 22-бағанда – барлық өзге бұзушылықтар, оның ішінде 23-бағанда түсуге жататын сома, 24-бағанда – мемлекеттік аудит барысында түскен сома көрсетіледі;

      "Бюджеттің тікелей (жанама) шығындары" деген 25-бағанда – салықтық және кедендік әкімшілендірудің белгіленген тәртібін сақтаған жағдайда есепке жатқызылуы мүмкін бюджетке толық түспеген түсімдердің сомалары көрсетіледі;

      "Бұзушылық фактісін сипаттау, нормативтік құқықтық актілердің бұзылған ережелеріне сілтеме жасау" деген 26-бағанда құқықтың бұзылған нормаларының тармақтарына сілтеме жасала отырып, бұзушылық фактісі қысқаша түрде сипатталады;

      "Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)" деген 27-бағанда Сыныптауыштың тармағы көрсетіледі;

      "Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемесімен)" деген 28-бағанда әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемесімен) көрсетіледі;

      "Жиыны" деген жолда – мемлекеттік аудит объектілерінің бөлінісінде тізілім (жиынтық тізілім) деректері көрсетіледі (1-жол+ 2-жол+3-жол...).

      2-бөлім. Бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезінде:

      "Р/с №" деген 1-бағанда – мемлекеттік аудит объектілерінің реттік нөмірлері (1, 2, 3 және тағы басқалар) көрсетіледі;

      "Жыл" деген 2-бағанда – есепті кезеңдер көрсетіле отырып, мемлекеттік аудитпен қамту кезеңі көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды" деген 3-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламаны әзірлеушінің/бірлесіп орындаушының атауы" деген 4-бағанда – бюджеттік бағдарламаларды, мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламаны жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган, әзірлеуші/бірлесіп орындаушы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің атауы" деген 5-бағанда – Аудит жоспарында, Аудит бағдарламасында және Аудиторлық тапсырмада көзделген мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і" деген 6-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі;

      "Өңірдің коды" деген 7-бағанда - мемлекеттік аудит объектісі тіркелген аумақтың коды көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарламаның коды" деген 8-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі. Бұл ретте, республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке бөлінген трансферттер, кредиттер мен басқа да қаражат қамтылған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарламаның атауы" деген 9-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік бағдарламаның атауы көрсетіледі. Бұл ретте, республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке бөлінген трансферттер, кредиттер мен басқа да қаражат қамтылған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі;

      "Бюджеттік кіші бағдарламаның коды" деген 10-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік кіші бағдарламаның коды көрсетіледі;

      "Бюджеттік кіші бағдарламаның атауы" деген 11-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік кіші бағдарламаның атауы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі, барлығы" деген 12-бағанда – мемлекеттік аудитпен қамтылатын қаражат көлемі, бұл ретте мемлекеттік аудитпен қамтылған есепті кезеңде енгізілген түзетулер мен нақтылауларды ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар бойынша, оның ішінде 13-бағанда – бюджет қаражатының қамтылған көлемі, 14-бағанда – мемлекеттік аудитпен қамтылған трансферттердің сомасы, 15-бағанда – мемлекет пен квазимемлекеттік сектор активтерінің қамтылған сомасы көрсетіледі;

      "Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы, барлығы (22-бағ.+27-бағ.)" деген 16-бағанда – бюджет қаражатын және активтерді пайдалану кезінде анықталған бюджет заңнамасы және өзге де заңнама бұзушылықтарының жалпы сомасы (22-бағ.), бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнама бұзушылықтары (27-бағ.) көрсетіледі;

      "с.і. қалпына келтіруге (өтеуге) жататыны" (25-бағ.+27-бағ.+30-бағ.) деген 17-бағанда – бюджет қаражатын және активтерді пайдалану кезінде бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың сақталуына мемлекеттік аудит жүргізу қорытындысы бойынша қалпына келтіруге және өтеуге жататын сома (23-бағ.және 25-бағ.), бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнама бұзушылықтары (28-бағ.) көрсетіледі;

      "Оның ішінде қалпына келтіруге жататыны" деген 18-бағанда (23-бағ.+28-бағ.) – бюджет қаражатын және активтерді пайдалану кезінде бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың сақталуына мемлекеттік аудит жүргізу қорытындысы бойынша қалпына келтіруге жататын сома (23-бағ.), бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнама бұзушылықтары (28-бағ.) көрсетіледі;

      "Оның ішінде өтеуге жататыны" деген 19-бағанда (25-бағ.) – бюджет қаражатын және активтерді пайдалану кезінде бюджет заңнамасының және өзге де заңнаманың сақталуына мемлекеттік аудит жүргізу қорытындысы бойынша өтеуге жататын сома (25-бағ.) көрсетіледі;

      "Оның ішінде мемлекеттік аудит барысында қалпына келтірілгені" деген 20-бағанда (24-бағ.+29-бағ.) – бюджет қаражатын және активтерді пайдалану кезінде бюджет заңнамасы және өзге де заңнама бұзушылықтарының анықталған фактілері бойынша мемлекеттік аудит барысында қалпына келтірілген қаржылық бұзушылықтар сомасы (24-бағ.), бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнама бұзушылықтары (29-бағ.) көрсетіледі;

      "Оның ішінде мемлекеттік аудит барысында өтелгені" деген 21-бағанда (26-бағ.) – бюджет қаражатын және активтерді пайдалану кезінде бюджет заңнамасы және өзге де заңнама бұзушылықтарының анықталған фактілері бойынша мемлекеттік аудит жүргізу барысында өтелген қаржылық бұзушылықтар сомасы (26-бағ.) көрсетіледі;

      "Бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бюджет заңнамасының және өзге де заңнама бұзушылықтарының барлығы" деген 22-бағанда – республикалық бюджет қаражатын, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ кепілгерліктерді пайдалану кезінде анықталған бұзушылықтардың сомасы көрсетіледі;

      "Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнама бұзушылықтарының барлығы" деген 27-бағанда – анықталған бұзушылықтардың сомасы, атап айтқанда бухгалтерлік есепті жүргізудегі бұзушылықтар, бюджеттік есепті жүргізу, есептілікті жасау және ұсыну қағидаларының бұзушылықтары, активтерді, материалдарды, құндылығы төмен тез тозатын заттарды негізсіз есептен шығару, жазалау шараларын қабылдамау, сондай-ақ дебиторлық берешекті жасыру немесе негізсіз есептен шығару, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің лауазымды адамдарының іс-әрекеттері нәтижесінде қаражатты өтеу немесе қалпына келтіру қажеттілігі туындап, олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы көрсетіледі;

      "Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау" деген 30-бағанда – құқық нормалары бұзылған тармаққа сілтеме жасала отырып, бұзушылық фактісі қысқаша түрде сипатталады;

      "Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)" деген 31-бағанда – Сыныптауыштың тармағы көрсетіледі;

      "Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемесімен)" деген 32-бағанда әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемесімен) көрсетіледі;

      "Жиыны" деген жолда – мемлекеттік аудит объектілерінің бөлінісінде тізілім (жиынтық тізілім) деректері көрсетіледі (1-жол+2-жол+3-жол+...).

      3-бөлім. Мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі, соның ішінде оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты өзге де заңнама бұзушылықтары:

      "Р/с №" деген 1-бағанда – мемлекеттік аудит объектілерінің реттік нөмірлері (1, 2, 3 және т.б.) көрсетіледі;

      "Жыл" деген 2-бағанда – есепті кезеңдер көрсетіле отырып, мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды" деген 3-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламаны әзірлеушінің/бірлесіп орындаушының атауы" деген 4-бағанда – бюджеттік бағдарламаларды, мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламаны жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган, әзірлеуші/бірлесіп орындаушы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің атауы" деген 5-бағанда – Аудит жоспарында, Аудит бағдарламасында және Аудиторлық тапсырмаларда көзделген мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і" деген 6-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі;

      "Өңірдің коды" деген 7-бағанда – мемлекеттік аудит объектісі тіркелген аумақтың коды көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарламаның коды" деген 8-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі; бұл ретте, республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке бөлінген трансферттер, кредиттер мен басқа да қаражат қамтылған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі. Мұндай жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламаның коды ақпарат ретінде 14-бағанда көрсетіледі;

      Бюджеттік бағдарламаның атауы деген 9-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік бағдарламаның атауы көрсетіледі. Бұл ретте, республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке бөлінген трансферттер, кредиттер мен басқа да қаражат қамтылған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі. Мұндай жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламаның атауы ақпарат ретінде 14-бағанда көрсетіледі;

      "Бюджеттік кіші бағдарламаның коды" деген 10-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік кіші бағдарламаның коды көрсетіледі.

      "Бюджеттік кіші бағдарламаның атауы" деген 11-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік кіші бағдарламаның атауы көрсетіледі.

      "Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы (м. теңге)" деген 12-бағанда тиімсіз жоспарланған қаражаттың (активтердің) анықталған сомасы көрсетіледі;

      "Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы (м. теңге)" деген 13-бағанда – тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор активтерінің анықталған сомасы көрсетіледі;

      "Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін бұзушылықтардың сомасы (м. теңге)" деген 14-бағанда – мемлекеттік аудит жүргізу барысында анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін бұзушылықтардың сомасы көрсетіледі;

      "Барлық ықтимал шығындар және жіберіп алған пайда" деген 15-бағанда - белгіленген ықтимал шығындардың және жіберіп алған пайданың жалпы сомасы көрсетіледі;

      "бюджетке түскен түсімдер бойынша" деген 16-бағанда – бюджетке түскен түсімдер бойынша ықтимал шығындардың және жіберіп алған пайданың белгіленген сомасы көрсетіледі;

      "бюджет шығыстары бойынша" деген 17-бағанда – бюджет шығыстары бойынша ықтимал шығындардың және жіберіп алған пайданың белгіленген сомасы көрсетіледі.

      "мемлекет активтерін пайдаланудан" деген 18-бағанда – мемлекет активтерін пайдаланудан мемлекеттің ықтимал шығындарының және жіберіп алған пайдасының сомасы көрсетіледі;

      "Рәсімдік бұзушылықтар" деген 19-бағанда – жүргізіліп отырған мемлекеттік аудит барысында анықталған рәсімдік бұзушылықтардың саны көрсетіледі;

      "Тиісті нормативтік және құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, өзге де салалық заңнамадағы бұзушылық фактісін сипаттау" деген 20-бағанда – мемлекеттік аудитпен белгіленген бұзушылықтар фактілері қысқаша түрде көрсетіледі;

      "Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)" деген 21-бағанда – Сыныптауыштың тармағы көрсетіледі;

      "Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемесімен)" деген 22-бағанда әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-тің баптарына сілтемесімен) көрсетіледі.

      .

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 10-НҚ Нормативтік қаулыға
8-қосымша
  Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
жүргізу қағидаларына
17-1-қосымша
нысан

Ұсыным-хат (аудит объектісінің ресми бланкісінде жасалады)

  Есеп комитетінің мүшесі
___________________________

      Бұл ұсыным-хат Сіз жүргізіп отырған аудитке байланысты жіберіледі

      __________________________________________________________________________

      (аудиторлық іс-шараның атауы көрсетіледі)

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заңның 37-бабына сәйкес мен басшы ретінде (аудит объектісінің атауы) өз жауапкершілігімді мойындаймын және барлық бухгалтерлік және бастапқы құжаттардың толықтығы мен анықтығын, сондай-ақ аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында ұсынылған барлық ақпараттың толықтығы мен анықтығын растаймын. Бұдан басқа, осымен "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заңның 37-бабының 2-тармағында көзделген барлық міндеттемелердің орындалғанын растаймын.

      Қажетті құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәліметтерді беруден бас тартқаны, анық емес ақпарат бергені, аудитті жүзеге асыруға өзге де кедергі келтіргені үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық туралы ескертілді.

      Мемлекеттік аудит объектісінің жетекшісі

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 10-НҚ Нормативтік қаулыға
9-қосымша
  Сыртқы мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау
жүргізу қағидаларына
19-қосымша
  нысан
  Есеп комитетінің
(Тексеру комиссиясының)
Төрағасына
________________________
(Аты-жөні (болған жағдайда))

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ

      I. Кіріспе бөлік

      1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: ___________________________________________

      1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: ___________________________________________

      1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: _________________________________________

      1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:____________________________________

      II. Негізгі (талдамалық) бөлік

      2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау ____________________________

      2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері ____________________________________

      2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):________________________(болған жағдайда)

      III. Қорытынды бөлік

      3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар _________________________

      3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар ________________________

      3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар ________________________________________________________________________________

      3.4. Қосымша: (__парақ) _____________________________________________________

      Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) мүшесі _____________ Аты-жөні, тегі

      Аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы _____________ Аты-жөні, тегі

      Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы _____________ Аты-жөні, тегі

      Құқықтық сүйемелдеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы _____________ Аты-жөні, тегі

      Аудит тобының жетекшісі _____________ Аты-жөні, тегі

      Ескертпе: Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Аудиторлық қорытынды (бұдан әрі – Аудиторлық қорытынды) жасау.

      I. Аудиторлық қорытындының кіріспе бөлігінде мынадай деректер көрсетіледі:

      1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы.

      Mемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көрсетілген аудиторлық іс-шараның атауы көрсетіледі.

      1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты.

      Бекітілген Аудит жоспарына сәйкес мемлекеттік аудиттің мақсаты көрсетіледі.

      1.3. Мемлекеттік аудит объектілері.

      Мемлекеттік аудит объектілерінің атауы, соның ішінде үстеме тексеру объектілері көрсетіледі.

      1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең.

      Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең көрсетіледі.

      II. Аудиторлық қорытындының негізгі (талдамалық) бөлігі мыналарды қамтиды:

      2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау.

      Аудиттің мәні немесе негізгі аудит объектісі қызметінің мәні болып табылатын саланы жиынтық талдау қысқаша нысанда ұсынылады.

      Қаржылық есептілік аудитінің іс-шаралары бойынша қаржылық есептіліктің негізгі көрсеткіштеріне жинақталған талдау ұсынылады. Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері бойынша мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің жай-күйіне қысқаша талдау да ұсынылады.

      2.2. Аудиторлық іс-шаралардың негізгі нәтижелері.

      Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

      1) қаржылық бұзушылықтар;

      2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану;

      3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған,

      Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары. Рәсімдік бұзушылықтар бойынша олардың саны көрсетіледі.

      Қаржылық есептілік аудитінің іс-шаралары бойынша қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануларының жалпы сомасы көрсетіледі.

      2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау.

      Мемлекеттік аудиттің негізгі объектісі қызметінің салаға, өңірге немесе тұтастай елге әсер етуін бағалаудың қысқаша нәтижесі ұсынылады.

      Қаржылық есептілік аудитінің іс-шаралары бойынша аталған бөлім толтырылмайды.

      III. Аудиторлық қорытындының қорытынды бөлігі мынадай бөлімдерді қамтиды:

      3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

      Бұл бөлімде есептелген (толық есептелген) қаржылық есептіліктің жөнделген қателіктерінің сомасы, салықтар, айыппұлдар, өсімпұлдар туралы, бюджетке түсімдер енгізудің қамтамасыз етілгені және негізсіз пайдаланылған қаражаттың өтелгені, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттық міндеттемелерін орындағаны, мемлекеттік аудит объектісінің бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарына қолданылған тәртіптік жазалау шаралары туралы, мемлекеттік аудитті жүзеге асыру процесінде және мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша отырыс өткізілгенге дейін мемлекеттік аудит объектісінің бұзушылықтарды жоюына қатысты басқа да ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік аудит материалдарын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға беру туралы мәліметтер мен оларды қараудың нәтижелері (болған жағдайда) көрсетіледі.

      3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

      Жүргізілген мемлекеттік аудит мәселелері бойынша мемлекеттік аудит объектілері қызметінің нәтижелерін жалпы бағалау және белгіленген бұзушылықтардың сомасы көрсетіледі. Мемлекеттік аудит бағыттарының ерекшеліктерін есепке ала отырып, мемлекеттік аудит типі мен объектісіне, тексеру түріне қарай бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуын, ұлттық жобалардың және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау, республикалық бюджеттен түсетін түсімдердің сомасын қайтара отырып, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет қаражаты мен активтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекет кепілгерліктерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) қызметін бағалау, акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқару көрсетіледі. Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері, сондай-ақ олар әкеп соқтыруы мүмкін салдар.

      Қаржылық есептілік аудитінің іс-шаралары бойынша қаржылық есептіліктің түзетілмеген бұрмалануларының жалпы сомасы, сондай-ақ қаржылық есептілік бойынша айтылған пікір көрсетіледі.

      3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар.

      Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің тұжырымдармен негізделген және анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға бағытталған ұсынымдары, сондай-ақ Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) отырысында аудиторлық іс-шараның қорытындыларын қарау туралы оның пікірі көрсетіледі.

      Бөлімде:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, уәкілетті мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, басқа да консультативтік-кеңесші органдарға нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсынымдар;

      2) нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша қызметті ұйымдастыру жөніндегі Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) ұсынымдары;

      3) мемлекеттік аудит объектісі басшылығының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында және отырыс өткізілгенге дейін жасаған іс-әрекеттерін назарға алу туралы ұсыныстар көрсетіледі.

      3.4. Қосымшалар.

      Аудиторлық қорытындыға мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері қалпына келтірген және өтеген қаражат (жұмыстар, тауарлар, көрсетілетін қызметтер) жөніндегі ақпарат міндетті түрде қоса беріледі.

      Жекелеген бұзушылықтарды неғұрлым толығырақ ашу үшін негізгі (талдамалық) бөлік қосымшалармен (кестелер, есептеулер, таратып жазулар) толықтырылады. Қосымшалар Аудиторлық қорытындының негізгі мәтінімен бірге біртұтас бүтінді құрайды.