ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 221-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықтың 1-тарауында бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларына:
"1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және бейресми білім беру бағдарламаларын іске асыру және қосымша және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қосымша білім беру бюджет, жұмыс беруші қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен шетелдік ұйымдарға қосымша білім беруге мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларда немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы оған меншік құқығымен тиесілі оның еншілес ұйымы және коммерциялық емес медициналық білім беру ұйымдарының клиникаларында жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар жіберіледі.";
10-тармақта екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Тыңдаушыларды базистік және ағымдағы бақылауды білім беру ұйымдары жүргізеді. Тыңдаушыларды қорытынды бақылауды "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес айқындалған тәртіппен сертификаттау курстарының бағдарламалары бойынша Бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым жүргізеді.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік органдар "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) сәйкес қосымша және бейресми білім беруді оқытудың расталған нәтижелерін таниды.";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарында:
1, 2, 3 тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.
2. Осы Біліктілік талаптарында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
2) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – Қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;
3) симуляциялық технологиялар – дағдыларды пысықтау және тапсыру үшін жасанды ортадағы клиникалық жағдайлардың статикалық және динамикалық процестерін имитациялауға және жаңғыртуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар (манекендер, муляждар, симуляторлар, стандартталған пациенттер, виртуалды шындықтар, компьютерлік бағдарламалар және т.б.);
4) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.
3. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) Кодекстің 221-бабының 6-тармағына сәйкес институционалдық аккредиттеу туралы куәліктің болуы;
2) кадрлық қамтамасыз етуге:
қосымша білім беруді (оның ішінде қашықтықтан оқытуды пайдалана отырып және көшпелі циклдерде) ғылым докторы немесе ғылым кандидаты дәрежесі, философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі бар адамдар өткізеді. Практикалық сабақтарды өткізу үшін профессорлық-оқытушылар құрамының жалпы санының 50 % - ынан аспайтын ғылыми дәрежесі жоқ, практикалық денсаулық сақтау мамандары оқутышыларды тарту рұқсат етіледі.
практикалық денсаулық сақтау мамандарын қоспағанда, оқытушылардың мамандық бейіні бойынша кемінде 5 жыл қосымша жұмыс тәжірибесінің және кемінде 3 жыл ғылыми – педагогикалық өтілінің болуы, сондай-ақ оқытатын бейіні бойынша соңғы 5 жыл ішінде кемінде 4 кредиттің (120 сағат) біліктілігін арттыруы;
3) оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге:
біліктілікті арттыру бағдарламасының болуы;
бейінді халықаралық ақпараттық желілерге, электрондық дерекқорларға, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге қолжетімділіктің болуы;
оқытудың инновациялық, симуляциялық технологиялары мен интерактивті әдістерінің болуы;
базистік, ағымдағы және қорытынды бақылауды бағалаудың бақылау-өлшеу құралдарының болуы;
4) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге:
меншік құқығында не жедел (сенімгерлік) басқару, жалдау туралы шарттар бойынша аудиториялық қордың, тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитарлық-техникалық нормалар мен ережелерге сәйкес келетін сыныптардың, зертханалардың болуы;
меншік құқығында қосымша білім беру бағдарламаларын тыңдаушылар контингентінің көлеміне, интернет желісіне қол жеткізе отырып, баспа, аудио, бейне-материалдарды көрсетуге арналған компьютерлік жабдықтың, кітапхана қорының, симуляциялық жабдықтың (манекендердің, муляждардың, тренажерлердің) санитариялық - техникалық нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы;
мемлекеттік органдарды Бірыңғай көлік ортасына қосу;
5) денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім беру бағдарламаларын басқаруға:
қосымша білім беру бағдарламаларын тыңдаушылардың контингентіне сәйкес қосымша білім беру процесін басқаруды қамтамасыз ететін қажетті әкімшілік құрылымның және әкімшілік-басқару персоналының штатының болуы.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қағидалардың 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми үкімі шыққан күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, ол күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
А. Есмагамбетова |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылғы "____" ________________ |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2022 жылғы "____" ________________ |