ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
"Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының аумағында:
1) мемлекеттік есептеу жүйелері:
Іргелі астрономиялық геодезиялық желінің пункттерімен және Дәлдігі жоғары геодезиялық желінің пункттерімен бекітілген 2023 жылғы Қазақстандық жер координаттық есептеу негізі (Qazaqstan Terrestrial Reference Frame 2023, QazTRF-23);
Қазақстандық биіктік есептеу негізі (Qazaqstan Vertical Reference Frame, QazVRF)
2) картографиялық проекция:
1980 жылғы Геодезиялық анықтамалық жүйенің эллипсоидындағы Гаусс-Крюгер проекциясы (Geodetic Reference System 1980, GRS-80) белгіленсін.
2. "Координаталардың, биіктіктердің, гравиметриялық және спутниктік өлшемдердің, сондай-ақ мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарлар масштабтық қатарының бірыңғай мемлекеттік жүйелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1403 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1-тармақтың қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
"Қазақстан Республикасының аумағында:
1) мемлекеттік есептеу жүйелері:
1942 жылғы координаттар жүйесі (42-КЖ);
1977 жылғы Балтық биіктік жүйесі;
2) картографиялық проекция:
Крассовский эллипсоидындағы Гаусс-Крюгер проекциясы.".
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |