БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабы 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес әзірленді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін әкімшілік деректерді пайдалану мақсатында уәкілетті органның ведомствосы тізілім деректерінің, сондай-ақ қолда бар әкімшілік деректер туралы ақпараттың негізінде, өзінің қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес "электрондық үкіметтің" веб-порталында сервистер тізілімінде интеграциялық сервистің бар болуы шартымен ақпараттандыру объектілерінің интеграциясын бастайды.
Ақпараттық жүйелерді интеграциялаусыз жүзеге асырылатын өзара іс-қимылдар бойынша бірлескен актілер әзірленеді, оған орталық (немесе уәкілетті органның ведомстволары) немесе жергілікті атқарушы органдардың басшылары (не олардың міндеттерін атқаратын тұлғалар) қол қояды.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Әкімшілік деректердің нысандары мынадай құрылымнан тұрады:
1) титулдық бет;
2) негізгі бөлік;
3) толтыру жөніндегі түсіндірме;
4) қосымша (қажет болған жағдайда).
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік деректер нысандарының титулдық беті ресімделеді.
Әкімшілік деректер нысанының негізгі бөлігін әкімшілік дереккөздер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және әкімшілік деректерді жинау үшін көрсеткіштер мен (немесе) сұрақтар тізбесі және типтік мекенжай бөлігінен тұрады.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме әзірленеді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік деректердің нысандарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерге сәйкестігі, әкімшілік деректер нысандарында көрсетілген көрсеткіштерге жалпымемлекеттік, ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарының көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау жүргізу арқылы қайталанатын көрсеткіштердің болуы мәніне түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Қайталанатын көрсеткіштер болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы оларды әкімшілік деректердің нысандарынан немесе жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарынан алып тастау мәселесін шешу үшін уәкілетті орган ведомствосының және әкімшілік дереккөздің лауазымды адамдарының қатарынан жұмыс кездесуіне бастамашылық етеді. Мәселе ұзақ мерзімде қаралған кезде мерзім тағы да отыз жұмыс күнге ұзартылады.";
5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Әдіснамалық даму және деректерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігi |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігi "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігi "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігi "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігi |
Қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпарат ______________________________
(Әкімшілік дереккөздің атауы)
№ |
Әкімшілік деректер | Қалыптастырукезеңділігі | Жинау нысаны (қағаз жеткізгіште, электрондық түрде) |
Ақпараттық | Ұлттық жіктеуіш коды және атауы | Ведомстволық жіктелімнің коды және атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ескертпе:
Осы кестені толтыру жөніндегі түсіндірмелер:
1-бағанда нөмір "№" реті бойынша толтырылады.
2-бағанда әкімшілік дереккөздердің статистикалық қызметті қоспағанда алатын (жинайтын) ақпаратының қысқаша сипаттамасы толтырылады. Яғни, ведомстволық статистикалық байқаулар шеңберінде жиналатын ақпарат қосылмайды.
3-бағанда әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді алу (жинау) кезеңділігі көрсетіледі (осы бағанда мынадай мәндерге жол беріледі түсуіне қарай, қажеттілігі бойынша, күн сайын, апта сайын, ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет, - жыл сайын);
4-бағанда алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын ақпаратты алу (жинау) нысаны көрсетіледі.
Мынадай мәндерге жол беріледі:
"электрондық түрде" (егер әкімшілік деректерді жинау электрондық түрде жүзеге асырылатын болса);
"қағаз жеткізгіштерде" (егер әкімшілік деректерді жинау қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын болса);
ақпаратты жинау қағаз жеткізгіштерде және электрондық түрде де жүргізілген жағдайда, екі мәннің бір уақытта бар болуына да жол беріледі.
5-бағанда әкімшілік деректерді алуға (жинауға) арналған ақпараттық жүйенің бар-жоқтығы көрсетіледі. "Иә" немесе "жоқ" деген мәндерге рұқсат етіледі;
6-бағанда Жіктелімдер тізілімі ("КЛАСС" ақпараттық жүйесінде ретке келтіру мақсатында қалыптастырылған жіктелімдердің жүйелендірілген тізбесі) бойынша коды және әкімшілік деректерді алу (жинау) кезінде пайдаланылатын жіктеуіштердің атауы ("Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 7) тармақшасында белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштері көрсетіледі) атап көрсетіледі;
7-бағанда Жіктелім тізілімі бойынша коды және әкімшілік деректерді алу (жинау) кезінде пайдаланылатын жіктелімдер атауы көрсетіледі (әкімшілік дереккөздер әзірлеген және бекіткен салалық (ведомстволық) жіктеуіштер (министрліктер мен ведомстволардың белгілі бір саласында ресми статистикалық ақпаратты түзуде қолдану үшін белгіленген тәртіппен енгізілген жіктеуіш, номенклатура, анықтамалық) көрсетіледі).
Салалық ведомстволық жіктелімдерді әзірлеу, бекіту, қолдану және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10779 болып тіркелген) Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесінде (ВЖЖҮӘ) айқындалған.