"Азаматтық-құқықтық саладағы сот статистикалық есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 шiлдеде № 28827 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24385 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы:

      1 - тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның экологиялық бағалауына Экологиялық кодекстің 1-қосымшасының 1-бөліміне сәйкес қоршаған ортаға әсерді міндетті түрде бағалауға жататын көзделіп отырған қызмет объектілері, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық мәнмәтінде көзделіп отырған қызметтің әсерінің скринингі жатады.

      Қалған жағдайларда белгіленген қызмет объектілеріне экологиялық бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді."

      2. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
      табиғи ресурстар министрі С. Брекешев