Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 514 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 маусымда № 28567 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

      1) "Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 943 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10293 болып тіркелген):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

"Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес есірткі құралдарымен және прекурсорлар мен жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметкерлер

Қызметкерлер тізімі:
1) ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы белгісі;
2) наркология лық және жүйке аурулары диспансерлері нің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы, сондай-ақ олардың арасында кәсіби жұмыстың жекелеген түрлерін және қауіптілігі жоғары жұмысты орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқ екені туралы белгісі

Қызметкерлер арасында қызметкер лерді тексергені туралы және нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік аурулары мен ауыратындардың жоқ екені туралы, сондай-ақ олардың арасында кәсіби жұмыстың жекелеген түрлерін және қауіптілігі жоғары жұмысты орындауға жарамсыз деп танылған адамдар дың жоқ екені туралы мәліметтерді ақпаратта ндыру объектілерінің ақпарат тық өзара іс-қимылы арқылы тексереді

      ";

      реттік нөмірі 6-1-жол мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "

6-1

Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жүктерді тасымалдауды iшкi iстер органдарымен келiсе отырып, әскерилендірілген күзет немесе басқа да күзет қызметі жүзеге асырады.

Күзет қызметін көрсету бойынша келісімшарт

Құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады

      ";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Есірткі құралдарын әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сату, пайдалану, тасымалдау, жөнелту, бөлу, жою үшін өндірістік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

Меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын мәліметтер мен құжаттар

1) Тіркелген құқықтар (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар және оның техникалық сипаттамала ры) туралы мәліметтерді ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы тексереді
2) Жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты бойынша жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайды пайдалануға құқық беретін құжаттарды ұсынған жағдайда осы құжаттардың көшірмелері электрондық түрде ұсынылады.
3) Жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы жағдайында банктік мекеменің мөрімен расталған кепілдік келісімшартының көшірмесі электрондық түрде ұсынылады.

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру үшін арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

Меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын мәліметтер мен құжаттар

1) Тіркелген құқықтар (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар және оның техникалық сипаттамала ры) туралы мәліметтерді ақпараттан дыру объектілерінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы тексереді
2) Жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты бойынша жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ның заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайды пайдалануға құқық беретін құжаттарды ұсынған жағдайда осы құжаттардың көшірмелері электрондық түрде ұсынылады.
3) Жылжымай тын мүліктің ауыртпалығы жағдайында банктік мекеменің мөрімен расталған кепілдік келісімшартының көшірмесі электрондық түрде ұсынылады

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану, тасымалдау, жөнелту, бөлу, жою, өндіру үшін арналған меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

Меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын мәліметтер мен құжаттар

1) Тіркелген құқықтар (жылжымай тын мүлікке ауыртпалықтар және оның техникалық сипаттамалары) туралы мәліметтерді ақпараттан дыру объектілерінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы тексереді
2) Жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты бойынша жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайды пайдалануға құқық беретін құжаттарды ұсынған жағдайда осы құжаттардың көшірмелері электрондық түрде ұсынылады.
3) Жылжымай тын мүліктің ауыртпалығы жағдайында банктік мекеменің мөрімен расталған кепілдік келісімшартының көшірмесі электрондық түрде ұсынылады.

      ";

      реттік нөмірі 9-1-жол мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "

9-1

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі жылжымалы құрам және автомобиль көлік құралы

Меншік құқығын растайтын құжаттар, мүліктік жалдау (жалға беру) келісімшарты бойынша бөтеннің мүлкін уақытша иелену және пайдалану

Құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Құрамында есірткі құралдары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау үшін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

Меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын мәліметтер мен құжаттар

1) Тіркелген құқықтар (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар және оның техникалық сипаттамалары) туралы мәліметтерді ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы тексереді
2) Жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты бойынша жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайды пайдалануға құқық беретін құжаттарды ұсынған жағдайда осы құжаттардың көшірмелері электрондық түрде ұсынылады.
3) Жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы жағдайында банктік мекеменің мөрімен расталған кепілдік келісімшартының көшірмесі электрондық түрде ұсынылады.

      ";

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Құрамында есірткі құралдары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау үшін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі өндірістік-техникалық база

Меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын мәліметтер мен құжаттар

1) Тіркелген құқықтар (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар және оның техникалық сипаттамалары) туралы мәліметтерді ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы тексереді
2) Жалдау (жалға алу), қосымша жалдау келісімшарты бойынша жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша үй-жайды пайдалануға құқық беретін құжаттарды ұсынған жағдайда осы құжаттардың көшірмелері электрондық түрде ұсынылады.
3) Жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы жағдайында банктік мекеменің мөрімен расталған кепілдік келісімшартының көшірмесі электрондық түрде ұсынылады.

      ";

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатып алумен, сақтаумен, бөлумен, өткізумен, пайдаланумен, жоюмен байланысты денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде

Осы біліктілік талаптарының 4,5,6-тармақтары және есірткі құралдары ның, психотроп тық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бойынша құжаттар ұсынылады

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес

      ";

      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту: реттік нөмірлері 2, 3, 4 және 6-жолдарда көрсетілген талаптар теміржол және автомобиль көлігімен жүк тасымалдаушыларға қолданылмайды".

      2) "Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 334 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11171 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      20 _____ жылғы "__________"

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      20 _____ жылғы "__________"

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      20 _____ жылғы "__________"

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      20 _____ жылғы "__________"

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2022 жылғы 22 маусымдағы
№ 514 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы "11" сәуірдегі
№ 334 бұйрығымен
бекітілген

Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" және "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Пайдаланылуына байланысты объектілер мен үй-жайлар мынадай түрлерге бөлінеді:

      объектілер – ғимараттар, жер учаскелері, технологиялық құрал-жабдықтардың бөлігі болып табылатын ыдыстар, пломбыланған контейнерлер, цистерналар, теміржол вагондары, теміржол тұйықтары;

      үй-жайлар – есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған қоймалық және сейфтік бөлмелері бар құрылыстар.

      3. Объектілер мен үй-жайлар функциялық қызметтері мен пайдаланылуы бойынша бірыңғай жүйені құрайды және үш топқа бөлінеді:

      1) бірінші топ – есірткі заттарын, психотроптық заттарды өндіруші кәсіпорындар, дәріханалар, сынақ зертханалары, ғылыми-зерттеу институттары, көтерме сауда кәсіпорындары, есірткі құралдары, психотроптық заттар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері;

      2) екінші топ – құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау жөніндегі объектілер;

      3) үшінші топ – прекурсорларды өндіруші және/немесе көтерме сауданы жүзеге асырушы, сондай-ақ оларды өзінің өндірістік қызметінде пайдаланатын кәсіпорындар.

2-тарау. Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану

      4. Есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған объектілер мен үй-жайлар Заңының талаптарына сәйкес пайдаланылады.

      5. Объектілер мен үй-жайларды пайдалану меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттың негізінде жүзеге асырылады.

      6. Объектілер мен үй-жайларды мәніне сәйкес емес мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      7. Объектілер мен үй-жайларды жоспарлау:

      1) қолда бар есiрткi заттарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ олардан дайындалған өнiмнің сақталуын;

      2) технологиялық байланысқан үй-жайлар арасындағы қысқа арақашықтығы бар үдерістің ағынын;

      3) технологиялық ағындар жолының кесiлуiн болдырмауды;

      4) тазалық дәрежесi бiрдей үй-жайларды барынша топтастыруды;

      5) бастапқы шикiзаттың, жартылай дайын өнiмдер мен дайын өнімдердің алуан түрлерi мен серияларының араласып кетуiн болдырмауды;

      6) бастапқы шикiзаттың, жартылай өнiмдер мен дайын өнімдердің орнын ауыстыру кезінде ластанудан қорғауды қамтамасыз етеді.

      8. Объектілер мен үй-жайларды ғимараттың жапсарлас конструкцияларының бүтіндігін бұзуға немесе қиратуға, қасбеттің сақталуы мен сыртқы бөлігінің нашарлауына, өртке қарсы нормалардың бұзылуына әкеп соғатын қайта жабдықтауға және қайта жоспарлауға жол берілмейді.

      9. Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану кезінде:

      1) тәулік бойы күзетпен;

      2) күзет дабылы және күзет ұйымдарының орталықтандырылған бақылау пультіне сигналдар шығаратын күзет және дабыл сигнализациясы жүйесімен;

      3) үй-жайға кіретін металл немесе екі жағынан темір немесе қалың қаптамасы бар ағаш есікпен;

      4) үй-жайдың ішкі немесе сыртқы жағындағы терезелер металл тормен;

      5) өрт қауіпсіздігі және өрт сигнализациясы жүйесімен;

      6) сыртқы және ішкі байланыспен қамтамасыз етілуін ескере отырып телефондау жүйесімен;

      7) есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорлар сақталатын объектіге және үй-жайға еркін кіруге кедергі жасайтын қоршаумен қамтамасыз етіледі.

      10. Есiрткi заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының шегiнде көлiк құралдарымен тасымалдауға арналған объектiлердi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау тәсiлiне және сақтау орнына қарамастан пайдалану кезiнде мыналар:

      1) жүктің сақталуы және тасымалдаудың қауіпсіздігі;

      2) ішкі істер органдарының келісімі бойынша әскерилендірілген күзет немесе өзге де күзет қызметі;

      3) ыдыстарды, контейнерлерді, цистерналарды пломбылау қамтамасыз етіледі;

      4) уақытша сақтауға арналған қоймаларда және жүкті тиеу-түсіру орындарында бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.

      11. Объектілер мен үй-жайларды пайдалану кезінде мынадай құжаттар:

      1) үй-жайға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттың көшірмелері;

      2) күзетке арналған шарттардың көшірмелері;

      3) есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру үшін пайдаланылатын құрал-жабдықтар, аспаптар тізбесі болуы қажет.

      12. Есiрткi заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдауды (жүк тасымалдаушыларды), тиеп жөнелтудi қамтамасыз ететiн заңды тұлғалардың өздерiнде мынадай құжаттары болуы керек:

      1) жүк жөнелтушi ұсынған жүктердi тасымалдау шарты (тауарлық-көліктік жүкқұжаттары, темiржол көліктік жүкқұжаттары, коносамент), шот-фактуралар мен тауарды жөнелту құжаттары;

      2) "тасымалдау, жіберу" қызметiнiң кiшi түрлерiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензияның көшiрмесi;

      3) еркін нысанда ресімделген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау маршруты.

      4) 7 жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне жіберілген хабарландырудың көшірмесі.

      13. Объектілер мен үй-жайларға рұқсат олармен тікелей жұмыс жасайтын адамдарға беріледі. Бақылаудағы заттармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi iшкi iстер органдарымен келiсiлген соң және олардың нашақорлықпен, уытқұмарлықпен және созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы дәрiгерлердiң (психиатр мен наркологтың) қорытындысын алғаннан кейін заңды тұлға басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      14. Есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы үй-жайлар жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн мөрленеді немесе пломбыланады.

      Кiлттер, мөр немесе пломбир заңды тұлға басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты адамда сақталады.

      15. Заңды тұлғаның басшысы осы Қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді.