БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 14 маусымдағы № 192 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10298 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдалым хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші НТҚ-ны келісу туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.";
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, ветеринария саласындағы уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
24. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші, ветеринария саласындағы уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-ның 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.".
2. "Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-13) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Заң) 8-бабы 46-13) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру тәртібін, сондай-ақ "Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актілерін (сынау хаттамаларын) беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) өндіріс объектісінің атауы, өнім түрі, сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) жарамдылық кезеңінде сынамаларды алуды жүргізу мерзімі, алынатын сынамалардың көлемі, зертхананың атауы көрсетілген, өндіріс объектісі бекіткен және аумақтық бөлімше келіскен Өнімді мониторингтік зерттеу жоспары (бұдан әрі – Мониторинг жоспары) бар болғанда, жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінен (бұдан әрі – өндіріс объектісі) салқындатылған етті, салқындатылған тағамдық балық өнімдерін, тағамдық жұмыртқаларды (бұдан әрі – өнім) әкету (экспорттау) үшін берілген сәттен бастап оны1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол беріледі.
Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде оны пайдаланған кезде өндіріс объектісінің өніміне Мониторинг жоспарына сәйкес зертханалық зерттеу жүргізіледі.
Мониторинг жоспары шеңберінде жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде өнімнің зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздігі анықталған жағдайда, сараптама актісі (сынақ хаттамасы) берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде оны одан әрі пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтық бөлімшелері Сынамаларды іріктеу қағидаларына сәйкес сынамаларды алуды ұйымдастырады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орнын ауыстыру (тасу) (импорт/экспорт) кезінде, сондай-ақ Заңның 35-бабы 2-тармағының 3), 5), 6-1), 6-3) және 7) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүргізу кезінде аумақтық бөлімшенің кеңсесі арқылы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ЖАО) кеңсесі арқылы немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орнын ауыстыру (тасу) (импорт/экспорт) кезінде, сондай-ақ Заңның 35-бабы 2-тармағының 3), 6-3) және 7) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүргізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін диагностикалау немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау үшін олардан сынамалар алуды тиісті әкімшілік аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүргізеді.
Заңның 35-бабы 2-тармағының 5), 6-1) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүргізу кезінде диагностикалауға арналған биологиялық материалдың сынамаларын алуды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарының ветеринария саласындағы мамандары жүргізеді.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді аумақтық бөлімшенің/ЖАО-ның қызметкерлері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға Заңның 35-бабы 2-тармағының 3), 5), 6-1), 6-3) және 7) тармақшаларына сәйкес ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету құнын көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабының 1-тармағына сәйкес белгілейді.
16. Аумақтық бөлімшенің/ЖАО-ның кеңсе қызметкері өтінішті келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды/ЖАО-ның жауапты орындаушысын айқындау үшін аумақтық бөлімшенің/ЖАО-ның басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Аумақтық бөлімшенің/ЖАО-ның кеңсесінде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетілген тіркеу туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші, ведомство басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-ның 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 2 және 3-қосымшалар осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) ыза сулардың деңгейі жер бетінен кемінде 2 метр болатын құрғақ биік жер учаскесінде орналастырады.
Мал қорымына (биотермиялық шұңқырға) арналған санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) сәйкес айқындалады. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың аумағында орналасқан мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) қосалқы құрылысжайлардың құрамына кіреді.
Мал қорымының (биотермиялық шұңқырдың) аумағын кіру қақпасы бар биіктігі кемінде 2 метр болатын саңылаусыз дуалмен қоршайды. Дуалдың ішкі жағынан бүкіл периметрі бойынша тереңдігі 0,8-1,4 метр ор қазады және қазып алынған топырақтан ені кемінде 1,5 метр болатын жал жасайды.
Ордың үстінен көпір салады.
Су қорғау, орманды бақ және қорықтық аймақтарда мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) орналастырмайды.";
30-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30-1. Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген мал қорымдарына адамдар мен жануарлар кіре алмайтындай етіп бүкіл периметрі бойынша биіктігі кем дегенде 1,5 метр болатын қоршаумен (металл немесе бетон) қоршайды, "Сібір жарасы" деген жазуы бар тақтайшалармен (аурудың пайда болған күні) белгіленеді.
Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері, сондай-ақ жануарлардан алынған шикізат пен өнім арнайы қондырғыларда өртеледі. Күл қалдығы Беккари шұңқырына салынады.
Сібір жарасынан өлген жануардың лажсыз сойылған, өлексесі жарып ашылған жерді мұқият өртейді, содан кейін 20%-дық хлоры бар әк ертіндісін құяды, топырақты 25 сантиметр тереңдікте қазып, кемінде 25% белсенді хлордан тұратын құрғақ хлоры бар әкті топырақтың үш бөлігіне бір бөлік есебінде араластырады. Топырақты әкпен араластырғаннан кейін сумен ылғалдандырады.
Сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген орындарды ветеринариялық-санитариялық карточка, кадастрлық мағлұматтар, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар бойынша, жергілікті жердегі комиссиялық іздестіруі бойынша анықтау мүмкін болмаған кезде, сібір жарасынан өлген жануарлар өлекселері көмілген орындар айқындалмаған деп саналады (бағдар жоқ, бірақ жануарлардың өлгендігі жөнінде мәліметтер кадастрда көрсетілсе, сібір жарасы бойынша стационариялық-саламатсыз пунктте эпизоотиялық ошақтың бар екендігі, бірақ сібір жарасынан өлген жануарлардың өлекселері көмілген орынның анықталмағандығы жөнінде акті жасалынады). Объектілердің аумақтары Санитариялық қағидаларға сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағындағы елді мекендерден алыстатылады.";
1151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1151. Шегінде инфекция қоздырғышының көздері бар және оның берілу тетіктері әрекет ететін, жануарлар мен адамдардың залалдануы мүмкін аумақ бруцеллез инфекциясының эпизоотиялық ошағы болып табылады. Эпизоотиялық ошақты зерттеп-қарауды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25151 болып тіркелген) бекітілген "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері және дәрігер-эпидемиологі жүргізеді. Ветеринариялық қызмет жануарларды бруцеллезге зерттеп-қарауды ұйымдастырады және ауру жануарлар табылған кезде оларды оқшаулау, союға тапсыру және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу бойынша шұғыл шаралар қабылдайды.";
1389-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1389. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) және әкету (экспорттау) кезінде тамақ өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптауды ветеринариялық зертханалар немесе ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зертханалары жүзеге асырады. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру мерзімі ветеринариялық-санитариялық сараптау аяқталған соң 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды. Тамақ өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу мерзімі зерттелетін өнімнің түріне, физиологиялық жай-күйіне және жүргізілетін зерттеу әдісіне байланысты.
Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) өндіріс объектісінің атауы, өнім түрі, сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) жарамдылық кезеңінде сынамаларды алуды жүргізу мерзімі, сынамаларды алу көлемі, зертхананың атауы көрсетілетін, өндіріс объектісі бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) келіскен Өнімді мониторингтік зерттеу жоспары (бұдан әрі – Мониторинг жоспары) бар болған жағдайда, жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінен (бұдан әрі – өндіріс объектісі) салқындатылған етті, салқындатылған тағамдық балық өнімдерді, тағамдық жұмыртқаларды (бұдан әрі – өнім) әкету (экспорт) үшін берілген сәттен бастап оны 1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол беріледі. Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде оны пайдаланған кезде өндіріс объектісінің өніміне Мониторинг жоспарына сәйкес зертханалық зерттеу жүргізіледі.
Мониторинг жоспары шеңберінде жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде өнімнің зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздігі анықталған жағдайда, одан әрі сараптама актісі (сынақ хаттамасы) берілген сәттен бастап оны 1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайда, аумақтық бөлімшелер "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына сәйкес сынамаларды алуды ұйымдастырады.".
4. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11926 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 38-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 38-2) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу тәртібін, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және оны орындаушыны анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жақын одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші, ведомство, уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 2 және 4-қосымшалар осы Тізбеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
Өтініш
_________________________________________________________________
(мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
объектісінің атауы, түрі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
ветеринариялық зертханалары ұсынатын сараптама актісін (сынақ хаттамасын)
беруді сұраймын.
Дайындаушы (ел, фирма)________________________________________
Партия өлшемі, сынама саны, массасы___________________________
Зерттеулер түрі_________________________________________________
Байланыс телефондары ___________________________________________
электрондық мекенжайы (бар болса)_______________________________
Зертхана ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларына сәйкес зертхана көрсететін қызметтерге ақы төлеуге өз келісімімді растаймын. Зертхана ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларымен таныстым.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақыны:__________________________
____________________________________________________________________
зертханалар кассаларына қолма-қол ақша нысанында;
____________________________________________________________________
екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда; шарттық міндеттемелер шеңберінде төлеуге міндеттенемін.
Зертхана ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнын төлемеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманының ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен сынамалар алуына келісемін. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Мемлекеттік қызмет алушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы
______________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Күні_____________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша |
|
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына 3-қосымша |
"Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама мынадай мерзімдерде жүргізіледі: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің –Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Аумақтық бөлімшелер/ЖАО арқылы көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш
_____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) және оларды өндірушілердің атауы)
_____________________________________________________тіркеуді сұраймын
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) және оларды өндірушілер туралы мәліметтер:
1) өндірушінің атауы______________________________________________
_____________________________________________________________________
2) өндірушінің мекенжайы _________________________________________
_____________________________________________________________________
3) өндірушінің елі ________________________________________________
_____________________________________________________________________
4) Қазақстан Республикасы аумағындағы өкілдің атауы, мекенжайы ______
_____________________________________________________________________
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) түрі, атауы________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
6) осы бұйыммен (құралмен) бірдейлендіруді жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі______________________________________
_____________________________________________________________________
7) сырғаның (аспалы сырғалар үшін) артқы бөлігінің ішкі жағында қатты сақина тәріздес тиек ұштығының болуы ___________________________________
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) түсі
___________________________________________________________________
9) сырғаның (аспалы сырғалар үшін) әр бөлігінде (беткі және артқы бөлігінде) өндірушінің сауда маркасының (сауда белгісінің) болуы ____________
_____________________________________________________________________
10) сырғаның әр бөлігінде (беткі және артқы бөлігінде) шығарылған күнінің болуы_____________________________________________________________
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) өлшемдері _______________________________________
_____________________________________________________________________
12) аспалы сырғаның (аспалы сырғалар үшін) беткі бөлігіндегі сыртқы жағында штрих-кодтың болуы___________________________________________
13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымды (құралды) дайындау материалы__________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
14) қайта пайдалану ___________________________________________________
15) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) зиянсыздығы______________________________________
_____________________________________________________________________
16) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардағы (құралдардағы) жазбалар (өшірілетін, өшірілмейтін) (аспалы сырғалар үшін)
________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
17) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардағы (құралдардағы) жазбалардың, мәліметтердің машинамен оқылуы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
18) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) (радиожиілік белгілері бар аспалы сырғалар, чиптер, болюстер және жануарларды электрондық бірдейлендірудің басқа да құралдары үшін) ІSO 11784 және ІSO 11785 халықаралық стандарттарына сәйкес келуі туралы мәліметтер________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) (аспалы сырғалар үшін) сәйкес келуі туралы мәліметтер
_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20__ жылғы "__" _________ сағат "____" қол қойып, жіберілді:
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер: ______________
ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________
Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама:
20__жылы "___" ______сағат "__" қабылданды.
Процессинг орталығының ЭЦҚ-нан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________
"Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Процессингтік орталық (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 1 (бір) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Тіркеуден өткені туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) лазерлік станцияларды тіркеу үшін: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында лазерлік станцияларды тіркеуге өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |