"Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 маусымда № 28373 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.05.2023 № 161 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе;";

      4-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Орта мерзімді кезеңге еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі кадрларды білім беру бағдарламаларының топтары бойынша даярлау бағыттары бөлінісінде жыл сайынғы негізде қалыптастырылады және ол қалыптасатын жылды қосқанда, кейінгі бес жыл кезеңін қамтиды.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Еңбек ресурстарының болжамы:

      қысқа мерзімді кезеңге – есепті тоқсаннан кейінгі әр айдың 20-күнінен кешіктірмей;

      орта мерзімді кезеңге – есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей;

      ұзақ мерзімді кезеңге – әр үш жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей жүйеге орналастыруға жатады.

      12. Қысқа мерзімді кезеңге Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жұмыс берушілердің ақпараты негізінде "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталымен интеграциялау арқылы, кейіннен талдау және өңдеумен мынадай теңдеудің көмегімен қалыптастырылады:



      мұнда, Xt – t кезеңіндегі болжамды жұмыспен қамту;

      c, ai, bi, – модель параметрлері;

      p, d, q – авторегрессиялық бөлігінің тәртіптері, айырманың алынуы, жылжымалы орта мәннің бөлігі;

      Dd – d тәртібінің уақыттық қатар айырмасының операторы (бірінші тәртіптің айырмасын d рет бірізді алу – алдымен уақыттық қатардан, кейіннен бірінші тәртіптен алынған айырмалардан, кейіннен екінші тәртіптен және т.б.);

      Ɛt – ақ шуыл.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін мемлекеттік органдар:

      1) техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру;

      2) республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ораталық мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу;

      4) бюджет саясатын, жастар, көші-қон, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саясатын әзірлеп, іске асыру кезінде пайдаланады.

      20. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастырудың нәтижелері "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.";

      1-қосымшада:

      Демографиялық болжамды есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Жоғары білім беру ұйымдарында даярлық бағыттары, курстары және жастары бөлінісінде білім алушылар саны, адам

БҒМ






      ";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 2 маусымдағы
№ 190 бұйрығына
қосымша
Еңбек ресурстарын
болжамдаудың ұлттық жүйесін
қалыптастыру және оның
нәтижелерін пайдалану
қағидаларына
2-қосымша

      Еңбек ресурстарының болжамын есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесі

Р/с №

Көрсеткіштер

Жауапты орын даушы

Ағымдағы жыл / бағалау

Болжамды жылдар

Болжамды көрсеткіштердің негіздемесі (негізгі жобалар мен шаралар)

20___ (1 болжамды жыл)

20___ (2 болжамды жыл)

20___ (3 болжамды жыл)

20___ (4 болжамды жыл)

20___ (5 болжамды жыл)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Дамудың жалпылама көрсеткіштері

1

ЖІӨ НКИ, өткен жылға қарағанда %

ҰЭМ








ЖӨӨ НКИ, өткен жылға қарағанда %

ЖАО








2

Қала халқының орташа жылдық саны, млн адам

ҰЭМ








ЖАО








3

Халықтың нақты ақшалай кіріс индексі, өткен жылға қарағанда %

ЖАО








Экономика салаларының ЖҚҚ НКИ, өткен жылға қарағанда %

4

Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруа шылығы

ҰЭМ








ЖАО








5

Өңдеу өнеркәсібі

ҰЭМ








ЖАО








6

Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу

ҰЭМ








ЖАО








7

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау

ҰЭМ








ЖАО








8

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

ҰЭМ








ЖАО








9

Құрылыс

ҰЭМ








ЖАО








10

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоци клдерді жөндеу

ҰЭМ








ЖАО








11

Көлік және қоймалау

ҰЭМ








ЖАО








12

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

ҰЭМ








ЖАО








13

Ақпарат және байланыс

ҰЭМ








ЖАО








14

Қаржы және сақтандыру қызметі

ҰЭМ








ЖАО








15

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

ҰЭМ








ЖАО








16

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

ҰЭМ








ЖАО








17

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

ҰЭМ








ЖАО








18

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

ҰЭМ








ЖАО








19

Білім беру

ҰЭМ








ЖАО








20

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

ҰЭМ








ЖАО








21

Өнер, ойын-сауық және демалыс

ҰЭМ








ЖАО








22

Басқа қызметтерді ұсыну

ҰЭМ








ЖАО








Салалар бойынша негізгі капиталға инвестициялардың НКИ, өткен жылға қарағанда %

23

Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

ҰЭМ








ЖАО








24

Көтерме және бөлшек сауда; автомобиль дер мен мотоциклдерді жөндеу

ҰЭМ








ЖАО








Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

25

Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда %

АШМ








ЖАО








26

Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда %

АШМ








ЖАО








27

Дәнді дақылдардың (күрішті қоса алғанда) және бұршақты дақылдардың жалпы жиыны (өңдеуден кейінгі салмағында), млн тонна

АШМ








ЖАО








Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу

28

Көмір мен лигнит (көмір концентратынан басқа) өндіру көлемі, млн тонна

ИИДМ








ЖАО








29

Газ конденсат тын қоса алғанда, мұнай өндіру көлемі, млн тонна

Энергетика мині








ЖАО








Өңдеу өнеркәсібі

30

Мұнайдың қайта өңделген өнімдерінің НКИ, өткен жылға қарағанда %

Энергетика мині








ЖАО








31

Қара металлургия өнімінің НКИ, өткен жылға қарағанда %

ИИДМ








ЖАО








32

Негізгі асыл және түрлі түсті металдар өндірісінің НКИ

ИИДМ








ЖАО








Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

33

Электр энергиясын өндіру көлемі, млн. кВт * сағ

Энергетика мині








ЖАО








Көлік және қоймалау

34

Көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы, млрд. ткм

ИИДМ








ЖАО








35

Темір жол көлігінің жүк айналымы, млрд. ткм

ИИДМ








ЖАО








36

Автомобиль көлігінің жүк айналымы, млрд. ткм

ИИДМ








ЖАО








Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

37

ҒЗТКЖ-ға арналған ішкі шығындар, млрд. теңге

БҒМ








ЖАО








Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

38

Қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне жергілікті бюджеттің шығындары, млрд теңге,

ЖАО








39

Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуді аяқтаған адамдардың саны (болжамды жыл үшін), адам

ІІМ








ЖАО








Білім

40

Білім беруге жергілікті бюджеттің шығындары, млрд теңге

ЖАО








Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

41

Халықтың қан айналымы жүйесінің ауруларымен жалпы сырқаттануы, абсолюттік сандар

ДСМ








ЖАО








42

Халықтың ас қорыту органдарының ауруларымен жалпы сырқаттануы, абсолюттік сандар

ДСМ








ЖАО








      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

      ҒЗТКЖ – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      ЖАО – Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары;

      ЖҚҚ – жалпы қосылған құн;

      ЖӨӨ – жалпы өңірлік өнім;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      кВт * сағ – киловатт-сағат;

      НКИ – нақты көлем индексі;

      ткм – тонна-километр;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      Энергетикамині – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.