ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
исполняющий обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан |
Р. Баймишев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
2022 жылғы 13 мамырдағы № 268 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2023 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 № 309 (01.10.2023 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) бұйрығымен.
5. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.06.2023 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. "Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 335 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20865 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің жауабын қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондык поштасына жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.".
7. "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20907 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен жауап алғаннан кейін жауапты орындаушы "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен белгіленген біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) және көрсетілетін қызметті алушы импортқа лицензия алу үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде және көрсетілетін қызметті алушы экспортқа лицензия алу үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді - осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондык поштасына жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына немесе экспортына лицензия немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.";
18-тармақ алып тасталсын;
1-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
8. "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20949 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік органның жауабын қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін-лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны дайындайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондык поштасына жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.";
17 және 18-тармақтар алып тасталсын;
1-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
9. "Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 394 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20980 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осындай құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жолдайды.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде (экспорттық бақылау жүйесінің тиісті мемлекеттік органымен келісуге жататын қорытындыларды қоспағанда) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды (бұдан әрі-қорытынды) – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін - қорытынды), не дәлелді бас тартуды береді.
10. Қорытындыны беру үшін оны экспорттық бақылау жүйесінің тиісті мемлекеттік органымен келісу талап етілген жағдайда, жауапты орындаушы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тиісті мемлекеттік органға сұрау салу жібереді.
Мемлекеттік орган экспорттық бақылау жүйесінің негізінде қызмет көрсетушіге 8 (сегіз) жұмыс күн ішінде жауабын жібереді.
Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін дайындайды - қорытынды немесе дәлелді бас тарту.";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.";
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.";
14 және 15-тармақтар алып тасталсын.
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші) |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www. egov. kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі ‒ портал) |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Экспортқа лицензия беру кезінде -1 (бір) жұмыс күні. |
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем алу тәсілдері |
Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру кезінде – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК). |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидалардың 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініші; |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса; |
Мемлекеттік қызметті (оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы) көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
"Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты"
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www. egov. kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде - 10 айлық есептік көрсеткіш; |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның беру кезінде: |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар. |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |