Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің "Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 8 ақпандағы № 39 және "Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 11 мамырдағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 мамырда № 28081 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13537 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 29) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленді және радиоактивті қалдықтар жинауды, сақтауды және көмуді және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) компаунд – радиоактивті қалдықтар қосылған матрицалық материал;

      2) қаптама – тасымалдауға (немесе) сақтауға және (немесе) көмуге дайындалған, пайдаланылып болған ядролық отын немесе радиоактивті қалдықтары бар қаптама комплекті;

      3) пайдаланылып болған ядролық отынды сақтау және онымен жұмыс істеу жүйелерінің кешені – пайдаланылып болған ядролық отынды сақтауға, тиеуге, түсіруге, тасымалдауға және бақылауға арналған жүйелердің, құрылғылардың, элементтердің жиынтығы;

      4) радиоактивті қалдықтарға арналған контейнер – радиоактивті қалдықтарды жинау және (немесе) тасымалдау және (немесе) сақтау және (немесе) көму үшін пайдаланылатын ыдыс;

      5) радиоактивті қалдықтарды жинау – радиоактивті қалдықтарды арнайы бөлінген және жабдықталған жерлерге жинау;

      6) радиоактивті қалдықтарды кондициялау – радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің негізгі сатыларының бірі, ол олармен жұмыс істеу қауіпсіздігін арттыру мақсатында олардың көлемін азайтудан, тасымалдауға, сақтауға және көмуге ыңғайлы нысанға ауыстырудан тұрады;

      7) радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу – радиоактивті қалдықтар көлемін азайту және (немесе) радионуклидтерді радиоактивті қалдықтардан шығару және (немесе) радиоактивті қалдықтардың құрамын өзгерту жөніндегі технологиялық операциялар;

      8) радиоактивті қалдықтарды шынылау – радиоактивті қалдықтарды шыны тәрізді матрицалық материалға қосу;

      9) сұйық радиоактивті қалдықтарды битумдау – радиоактивті қалдықтарды битумды матрицалық материалға қосу;

      10) сұйық радиоактивті қалдықтардың ұсталымы – қысқа мерзімдік радионуклидтердің ыдырауы есебінен радиоактивтілігі мен жылу бөлуін азайту мақсатында сұйық радиоактивті қалдықтарды сақтау;

      11) сұйық радиоактивті қалдықтарды цементтеу – сұйық радиоактивті қалдықтарды цементті матрицалық материалға қосу;

      12) сұйық радиоактивті қалдықтарды қатайту – радионуклидтердің қоршаған ортаға жылыстау мүмкіндігін азайту мақсатында сұйық радиоактивті қалдықтарды қатты агрегат күйге ауыстыру;

      13) тосқауыл – радионуклидтердің қоршаған ортаға таралу жолындағы бөгет. Үй-жайлар мен қоймалардың бітеу қоршаулары, құрамында радиоактивті қалдықтар бар жабдықтар мен құбырлар, кондицияланған радиоактивті қалдықтардың физикалық-химиялық нысаны тосқауыл болады.

      14) шілтер адымы – тұрақты шілтер тораптарында орналасқан көршілес жылу бөлетін құрастырмалар, пеналдар немесе қаптамалар біліктері арасындағы арақашықтық.

      Өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес пайдаланылады.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) барлық түзілген қалдықтардың есебін жүргізеді, оларды жинаудан бастап сақтауға және (немесе) көмуге дейінгі барлық сатыларда бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді және жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейінгі жағдай бойынша РАҚ түгендеу актісі және РАҚ паспорттары негізінде жасалатын РАҚ-ты түгендеу жөніндегі есепті осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және (немесе) қағаз жеткізгіштерде атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органға жібереді;";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. РАҚ-пен жұмыс істеген кезде Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 369-бабына сәйкес РАҚ-ты сыныптау пайдаланылады.

      7. РАҚ жинау, сақтау және көму кезінде бұл үшін пайдаланылатын жабдықтарды, құбырларды, контейнерлерді және үй-жайларды дезактивациялау қамтамасыз етіледі.

      Пайдаланылатын жабдықтарды, құбырларды, контейнерлерді дезактивациялау арнайы жабдықталған үй-жайда немесе үй-жайдағы орында жүзеге асырылады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. РАҚ жинау, сақтау және көму мынадай құжатталады:

      1) жинау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 260 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11204 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (бұдан әрі – Радиациялық қауіпті объектілерге санитариялық қағидалар) 40-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша қатты РАҚ есепке алу журналы және Радиациялық қауіпті объектілерге санитариялық қағидаларға 40-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша сұйық РАҚ есепке алу журналы жүргізіледі;

      2) сақтау және көму кезінде Радиациялық қауіпті объектілерге санитариялық қағидаларға 40-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша қатты РАҚ есепке алу журналы және Радиациялық қауіпті объектілерге санитариялық қағидаларға 40-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша сұйық РАҚ есепке алу журналы жүргізіледі және Радиациялық қауіпті объектілерге санитариялық қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта өңдеуге, кондициялауға, сақтауға, көмуге берілетін РАҚ партиясына паспорт толтырылады.

      10. РАҚ жинау, сақтау және көму Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) ескере отырып жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "10-1. РАҚ сұрыптау РАҚ жинаудың міндетті кезеңі болып табылады.

      РАҚ жинау және сұрыптау Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 338-бабына сәйкес қалдықтардың сыныптауына сәйкес радиациялық, физикалық және химиялық сипаттамаларын ескере отырып және олармен кейіннен жұмыс істеу әдістерін ескере отырып, олардың пайда болу және (немесе) қайта өңдеу орындарында жүзеге асырылады.

      Қалдықтарды бастапқы сұрыптау оларды радиоактивті және радиоактивті емес компоненттерге бөлуден тұрады.

      Сұйық және қатты РАҚ-ты бастапқы сұрыптау қалдықтарды қайта өңдеуге және кейіннен сақтауға және көмуге дайындау үшін әртүрлі санаттар мен топтар бойынша бөлуге бағытталған.

      Жинау процесінде РАҚ жанғыш және жанбайтын болып бөлінеді. Жанғыш сұйық РАҚ "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін жеке ыдыстарға жиналады.

      10-2. РАҚ-ты контейнерлерде жинау жүзеге асырылады. Қатты РАҚ-ты бастапқы жинау үшін пластикат немесе қағаз қаптар пайдаланылады, олар кейін контейнерлерге тиеледі. Полимерлі пленкадан жасалған қаптар механикалық берік, төмен температураға барынша төзімді болады және қаптың жоғарғы жағын толтырғаннан кейін тығыз қатайтуға арналған сымы бар. Қалдықтарды қаптарға орналастырған кезде олардың өткір, тесетін және кесетін заттармен механикалық зақымдану мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қолданылады. РАҚ контейнерлерін толтыру олардың шашырау және төгілу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда радиациялық бақылаумен жүргізіледі.

      Құрамында жартылай ыдырау кезеңі 15 (он бес) тәуліктен кем радионуклидтер бар РАҚ басқа РАҚ-тан бөлек жиналады және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10671 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтерінде (бұдан әрі – Гигиеналық нормативтер) келтірілген деңгейлерден аспайтын белсенділікке дейін төмендету үшін уақытша сақтау орындарында ұсталады.

      Осылай ұсталғаннан кейін қатты тұрмыстық қалдықтар өнеркәсіптік қалдықтар ретінде шығарылады, ал сұйық қалдықтарды ұйым айналымдық шаруашылық-техникалық сумен жабдықтау жүйесінде пайдаланады немесе шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйесіне төгеді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сұйық радиоактивті қалдықтарды (бұдан әрі – СРҚ) жинау олар түзілетін жерлерде тікелей өндірілетін арнайы сыйымдылықтар мен орамдарда шоғырландыру жолымен СРҚ-ны кәдімгі қалдықтардан бөлек мынаны:

      қалдықтар санаттарын;

      физикалық және химиялық сипаттамаларын;

      табиғатын (органикалық және бейорганикалық);

      қалдықтардағы радионуклидтердің жартылай ыдырау кезеңі (15 (он бес) тәуліктен кем, 15 (он бес) тәуліктен астам);

      жарылыс және от қауіптілігі;

      қалдықтарды өңдеудің қабылданған әдістерін ескеріп, оларды қайта өңдеуге, сақтауға және кондициялауға дайындаудың міндетті кезеңі болып табылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. СРҚ-ның үлкен көлемін сақтау Гигиеналық нормативтерде белгіленетін рұқсат етілген деңгейден жоғары радионуклидтердің құрамын құрайтын мөлшерде радионуклидтердің қоршаған ортаға түсуін болдырмайтын құрылымы және сақтаудың физикалық тосқауыл жүйесі бар арнайы жабдықталған қоймаларда жүзеге асырылады. Физикалық тосқауылдарды пайдаланушы ұйым СРҚ-мен жұмыс істеу жүйесінің жобалық құжаттамасында белгілейді және негіздейді.";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Қатты радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау және көму тәртібі";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қатты радиоактивті қалдықтарды (бұдан әрі – ҚРҚ) жинау, сақтау, қайта өңдеу және кондициялау жүйесі мыналарды көздейді:

      1) тікелей олардың түзілу орындарында әдеттегі қалдықтардан бөлек жинау мынаны:

      қалдықтар санаттарын;

      физикалық және химиялық сипаттамаларын;

      табиғатын (органикалық және бейорганикалық);

      қалдықтардағы радионуклидтердің жартылай ыдырау кезеңін (15 (он бес) тәуліктен кем, 15 (он бес) тәуліктен астам);

      жарылыс және от қауіптілігін;

      қалдықтарды өңдеудің қабылданған әдістерін ескере отырып жүргізіледі;

      2) арнайы үй-жайларда ҚРҚ жинау;

      3) ҚРҚ-ны сыныптауына сәйкес сұрыптау;

      4) радиоактивті қалдықтарды тасымалдау үшін контейнерлерді, көтергіш-көлік жабдығын және арнайы көлікті пайдалану.

      25. Қайта өңдеу әдісі бойынша ҚРҚ сығымдалатын, жағылатын, ұсақталатын және қайта балқытылатын болып бөлінеді. ҚРҚ қайта өңдеудің және кондициялаудың технологиялық операциялары олардың көлемін қысқарту және оларды қауіпсіз сақтауды және (немесе) көмуді қамтамасыз ететін нысандарға ауыстыру мақсатында жүргізіледі.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. ҚРҚ жағу оларды сақтау және көму кезінде жанғыш көлемін азайту және өрт қауіптілігін болдырмау мақсатында жүргізіледі.

      Арнайы киім, шүберек, қағаз, желдеткіш сүзгілерінің элементтері, органикалық ерітінділер мен биологиялық материалдар, сондай-ақ резеңке және полиэтилен материалдары өртеуге жатады.

      Жағуға жіберілетін ҚРҚ-ның үлестік белсенділігі бөлінетін газдарды тазартудың қажетті дәрежесіне қол жеткізілмеген және персоналдың сәулеленуінің белгіленген бақылау деңгейлерінен асатын деңгейлерден аспайды.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Жанбайтын ҚРҚ көлемін азайту мақсатында оларды сығымдау жүргізіледі. Жанбайтын бейметалдар (жылу оқшаулағыш материалдар, кәбілдер, жанбайтын органикалық материалдар (поливинилхлорид, фторопласт), құрылыс қоқыстары) және металл қалдықтары сығымдауға жатады. Сығымдалған қалдықтар РАҚ-қа арналған контейнерге орналастырылуға жатады.";

      35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Жағуға және (немесе) сығымдауға жіберілетін ҚРҚ көп қабатты қағаз немесе полиэтилен қаптарға буып-түйіледі және персоналды радиациялық қорғауды қамтамасыз ететін контейнерлерге орналастырылады.

      36. Жанбайтын және сығымдалмайтын ҚРҚ көлемін азайту үшін оларды кесу немесе үгу жолымен ұсақтау (фрагментациялау) жүргізіледі.

      Қайта өңдеу, буып-түю немесе тасымалдау қиынға соғатын ірі габаритті, ұзын өлшемді ҚРҚ бұйымдары ұсақтауға (фрагментациялауға) жатады. ҚРҚ-ны ұсақтау (фрагментациялау) кезінде үй-жайдағы ауаны радиоактивті шаң мен аэрозольдерден тазартуға арналған, радиоактивті заттардың жұмыс үй-жайларына және қоршаған ортаға дозалық шектер мен шығарындылар нормативтерінің артуына әкелетін мөлшерде түсуін болдырмайтын техникалық құралдар көзделеді.

      Белсенділігі төмен және орташа деңгейдегі беткі ластануы бар металл ҚРҚ дезактивациялауға жатады. Дезактивациялау әдісі ластану сипаты мен деңгейімен анықталады. Түзілетін ерітінділер мен шламдар қатайтуға және буып-түюге жатады.

      37. Металл ҚРҚ көлемін азайту мақсатында оларды қайта балқыту жүргізіледі. Дезактивацияланған және (немесе) ұсақталған (фрагментацияланған) металл ҚРҚ қайта балқытуға жатады.

      ҚРҚ қайта балқыту осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген балқыту пештерінде немесе қондырғыларында жүзеге асырылады. Металл өнімдерін дайындауға арналған металл балқыту пештерінде ҚРҚ-ны қайта балқыту жүзеге асырылмайды.

      Қайта балқытудан кейін гигиеналық нормативтерде көрсетілген шамалардан аспайтын меншікті белсенділігі бар металды қайта пайдалануға жол беріледі.

      38. Металл ҚРҚ қайта балқытқан кезде мынадай:

      1) ҚРҚ радиациялық бақылау;

      2) процесті автоматты түрде және (немесе) қашықтан басқару;

      3) процесс параметрлерін, оның ішінде пештегі температураны, тазартылғаннан кейінгі газды фазадағы радионуклидтердің мөлшерін, газ тазарту жүйесіндегі сүзгілердің кедергісін бақылау;

      4) радиоактивті қождарды түсіру және қайта өңдеу;

      5) жабдық пен үй-жайларды дезактивациялау;

      6) өрт туралы хабарлау және өрт сөндіру техникалық құралдары ескеріледі.

      39. Қайта балқытуға жіберілетін ҚРҚ барынша мүмкін болатын дәрежеде органикалық жабындардан және органикалық емес материалдардан тазартылады.

      40. Қайта балқытуға жіберілетін ҚРҚ қажет болған жағдайда оларды балқыту пешіне салу мүмкіндігін қамтамасыз ететін көлемге дейін ұсақталады (фрагменттеледі). Металл ҚРҚ-ны ұсақтау үшін механикалық кесу, термиялық (газ-плазмалық, плазмалық) кесу әдістері мен құралдары, сондай-ақ жұмыс үй-жайларының үстіңгі қабаттары мен ауасының радиоактивті заттармен барынша аз ластануын қамтамасыз ететін басқа да құралдар мен әдістер пайдаланылады.

      41. ҚРҚ балқыту кезінде радионуклидтерден бөлінетін газдарды Гигиеналық нормативтерде белгіленген деңгейге дейін тазарту қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қоршаған ортаға жол берілетін шекті концентрациясы атмосфералық ауаның Гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге сәйкес келетін деңгейге дейін химиялық зиянды заттардан тазарту жүргізіледі.

      42. Металл ҚРҚ балқыту кезінде пайда болатын қайталама РАҚ (қож, пайдаланылған отқа төзімді материалдар, газ тазарту жүйесінен шыққан тозаң, пайдаланылған сүзгілер, газ тазарту жүйелері) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ҚРҚ ретінде жинауға, сақтауға, қайта өңдеуге және кондициялауға жатады.

      43. Шағын дисперстік және шаң тәрізді ҚРҚ монолит қалыпқа ауыстырылады.

      44. Сығымдауға жатпайтын ҚРҚ кондициялау алдында олардың көлемін азайту және ораманың тығыздығын арттыру мақсатында кесу және ұсақтау (фрагменттеу) жолымен қайта өңделеді.

      45. ҚРҚ-ны кондициялау ҚРҚ-ны алдағы уақытта сақтауға және (немесе) көмуге жарамды қалыпқа келтіруді қамтамасыз етеді.

      46. ҚРҚ сипаттамаларына және алдағы уақытта кондицияланған ҚРҚ-мен жұмыс істеу, оның ішінде оларды тасымалдау, қайта өңдеу және (немесе) сақтау және (немесе) көму тәсілдеріне байланысты ҚРҚ-ны кондициялау төмендегі операцияларды немесе олардың жиынтығын қамтиды:

      1) ҚРҚ-ны контейнерге орналастыру;

      2) ҚРҚ-ны контейнерге орналастыру және монолиттеу;

      3) ҚРҚ қаптамасын қосымша контейнерге орналастыру.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. ҚРҚ қоймасының құрылымы және құрылымдық материалдары радионуклидтердің қоршаған ортаға Гигиеналық нормативтерде белгіленген шектерден артық мөлшерде шығуын болдырмау және қойманың қызмет көрсету мерзімінің жинау, қайта өңдеу, кондициялау және сақтау жүйесінің пайдалану мерзімінен кем болмауын қамтамасыз ететіндей таңдап алынады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша алып тасталсын.

      2. "Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13542 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және радионуклидтік көздермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібі";

      9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жабық радионуклидті көздер олардың саңылаусыздығы бұзылған жағдайда пайдаланылмайды.

      10. Жабық радионуклидті көз салынған құрылғы механикалық, химиялық, температуралық әсерлерге төзімді болып жасалады, оның радиациялық қауіптілік белгісі болады.

      11. Жабық көздері бар стационарлық қондырғыларда жұмыстар жүргізілетін үй-жайлар бұғаттау және көздің (көздер блогының) жағдайы туралы дабыл беру жүйелерімен жабдықталады және қондырғыны энергия көзінен ажыратқан жағдайда немесе штаттан тыс жағдай туындаған кезде сәулелену көзін мәжбүрлеп қашықтан ауыстыруға арналған құрылғы көзделеді.".

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. А. Магауов
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөніндегі агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі

  Министрдің м.а.
2022 жылғы 11 мамырдағы
№ 169 Бұйрығына
қосымша
Радиоактивтi қалдықтарды және
пайдаланылып болған ядролық
отынды жинауды, сақтауды
және көмудi ұйымдастыру
қағидаларына қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесіне ұсынылады.

      Әкімшілік деректер нысаны www.kaenk.energo.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған.

Радиоактивті қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: радиоактивті қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ф1-РАҚ нысаны.

      Кезеңділік: жылдық

      Есепті кезең: 20_жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: радиоактивті қалдықтары бар жеке және заңды тұлғалар.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан 1 наурызына дейінгі жағдай бойынша.

№ п/п

Радиоактивті қалдықтарды сыныптау

Радиоактивті қалдықтар санаты

Есепті жылдың басында бары, тонна (т), текше метр (м3)

Есепті жылы пайда болған, тонна (т), текше метр (м3)

Есепті жылы жеке немесе заңды тұлғалардан келіп түскені, тонна (т), текше метр (м3)

Есепті жылы жеке немесе заңды тұлғаларға жіберілгені, тонна (т), текше метр (м3)

Ескертпе

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

1.

Қатты радиоактивті қалдықтар

Белсенділігі төмен






Белсенділігі орташа






Белсенділігі жоғары






2.

Сұйық радиоактивті қалдықтар

Белсенділігі төмен






Белсенділігі орташа






Белсенділігі жоғары






Респондент

________________ ________________

Мекенжайы

________________

________________

 
ЖСН/БСН
Телефоны

 
________________
________________



Электрондық поштаның мекенжайы

________________



 
Орындаушы

 
__________________________


________________


тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

қолы, телефондар

Басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға

 
_____________________________


________________


тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

қолы



Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

"Радиоактивті қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индекс ф1-РАҚ, жылдық кезеңділігі) 1. Жалпы талаптар.

      Нысанға теңгерімдегі (есептегі) барлық радиоактивті қалдықтар туралы деректер енгізіледі;

      2. Жеке тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (радиоактивті қалдықтарды есепке алуға жауапты) қол қояды;

      заңды тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (радиоактивті қалдықтарды есепке алуға жауапты), бірінші басшы (ол болмаған кезеңде оның міндетін атқарушы) қол қояды және мөрмен куәландырылады (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда).

      3. Нысан мынадай толтырылады:

      1) "р/н" деген 1-бағанда рет бойынша жазбаның нөмірі көрсетіледі;

      2) "Радиоактивті қалдықтарды сыныптау" деген 2-бағанда радиоактивті қалдық түрлерінің бірі көрсетіледі;

      3) "Радиоактивті қалдықтардың санаты" деген 3-бағанда радиоактивті қалдықтардың санаты көрсетіледі;

      4) "Есепті жылдың басында бары, тонна (т), текше метр (м3)" деген 4-бағанда есепті жылы пайда болған радиоактивті қалдықтың жалпы сандық мәні, тоннамен (т) (егер қатты радиоактивті қалдық болса), текше метрмен (м3) (егер сұйық радиоактивті қалдық болса) қайта есептегенде көрсетіледі;

      5) "Есепті жылы пайда болған, тонна (т), текше метр (м3)" деген 5-бағанда пайдаланушы ұйымдардың өздері бір жыл ішінде пайда болған радиоактивті қалдықтың сандық мәнін, тоннамен (т) (егер қатты радиоактивті қалдық болса), текше метр (м3) (егер сұйық радиоактивті қалдық болса) қайта есептегенде, көрсетеді;

      6) "Есепті жылы жеке немесе заңды тұлғалардан келіп түскені, тонна (т), текше метр (м3)" деген 6-бағанда есепті жылы жеке немесе заңды тұлғалардан келіп түскен радиоактивті қалдықтардың тоннамен (т) (егер қатты радиоактивті қалдық болса), текше метр (м3) (егер сұйық радиоактивті қалдық болса) қайта есептелген сандық мәні көрсетіледі;

      7) "Есепті жылы жеке немесе заңды тұлғаларға жіберілді, тонна (т), текше метр (м3)" деген 7-бағанда есепті жылы жеке немесе заңды тұлғаларға жіберілген радиоактивті қалдықтардың тоннамен (т) (егер қатты радиоактивті қалдық болса), текше метр (м3) (егер сұйық радиоактивті қалдық болса) қайта есептелген сандық мәні көрсетіледі;

      8) "Ескертпе" деген 8-бағанда қалауы бойынша қосымша ақпарат көрсетіледі.