БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) және "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыруды, сондай-ақ "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару", "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" және "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісім беру" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.";
2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-қимылдар жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау тәртібін;";
5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қызметтің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Электр энергетикасы туралы Заң) 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган ақпаратының нөмірі мен берілген күнін көрсетеді;";
9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару бойынша өтінішпен жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні (өтініш сағат 18:00-ден кейін түскен жағдайда келесі жұмыс күні, демалыс және мереке күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тіркеледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган басшысының атына және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беруге болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер Заңда өзгеше көзделмесе, шағым сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.";
16-тармағының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ақпараты негізінде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын табиғи монополия субъектісі қызметі Электр энергетикасы туралы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Табиғи монополия субъектісі уәкiлеттi орган мерзімді баспасөз басылымында жария тыңдаулар өткізілетін күн мен орын туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін жария тыңдаулар өткізілгенге дейін жария тыңдауларға қатысушылардың талап етуі бойынша:
тариф пен тарифтік сметаның жобаларын;
экономикалық тұрғыдан негізделген есептемелермен бірге тарифтің өзгеру себептері туралы ақпаратты ұсынады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Осы тарау өтінішхаттарды ұсыну мен қарау және уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-қимылдар жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау тәртібін, мерзімдерін айқындайды.";
33-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Көрсетілетін қызметті алушы аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні (өтініш сағат 18:00-ден кейін түскен жағдайда келесі жұмыс күні, демалыс және мереке күндері түскен жағдайда Кодексіне сәйкес тіркеледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.";
35-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Көрсетілетін қызметті алушы аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні (өтініш сағат 18:00-ден кейін түскен жағдайда келесі жұмыс күні, демалыс және мереке күндері түскен жағдайда Кодексін сәйкес тіркеледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беруге болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер Заңда өзгеше көзделмесе, шағым сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
192-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"192. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі Қазақстан Республикасының Су кодексіне, "Темір жол көлігі туралы", "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы", "Электр энергетикасы туралы", "Газ және газбен жабдықтау туралы", "Магистральдық құбыр туралы", "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Қағидаларға сәйкес ұсынылады.";
282-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"282. Тұтынушылардың өтініштері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде қаралады.";
314-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"314. Үйге ортақ есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін төлем "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.";
361-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"361. Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
375-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорытынды реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштері жобасының нысаналы мәндерін өзгерту мен нақтылаудың негіздемесін қамтиды.";
380-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"380. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау туралы есепті талдау нәтижелерін уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы қорытынды түрінде ресімдейді.";
398-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорытынды реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштері жобасының нысаналы мәндерін өзгерту мен нақтылаудың негіздемесін қамтиды.";
414-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"414. Есепті талдау нәтижелерін уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы қорытынды түрінде ресімдейді.";
421-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"421. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау туралы есепті талдау нәтижелерін уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы қорытынды түрінде ресімдейді.";
444-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"444. Техникалық сараптама қорытындысының мазмұны:
1) кіріспе бөлік (іс-шаралар, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштерінің тізбесі, бөлінген бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпарат;";
2-нысан осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-1 және 2-2-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
6 және 7-нысандар осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге қосу туралы өтініш
________________________________________________________________________________
(Мемлекеттік тіркелімнің республикалық немесе жергілікті бөлімінің атауы)
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің _________________________
________________________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы) кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына
лицензия № ___________________________________
________________________________________________________________________________
(табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі) (электр
энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсеткен кезде электр энергетикасы саласындағы
басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның "Электр энергетикасы туралы"
Қазақстан Республикасының Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкестігі
туралы, берілген күні № __ ақпарат көрсетіледі, табиғи монополия субъектісінің тіркелген
орны басқа облысқа, республикалық маңызы бар басқа қалаға немесе астанаға өзгерген
жағдайда – заңды мекенжайдың өзгеруі көрсетіледі)
_________________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
________________________________________________________________________________
(табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету аумағы)
реттеліп көрсетілетін қызметтерді өндіруге іске қосылған активтер (теңгерімде немесе жалға
алуда немесе сенімгерлік басқаруда бар) қосуыңызды сұраймын.
20 ___ жылғы "____" ______________(күні)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 40 Бұйрыққа 2-қосымша Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 1-1-қосымша |
"Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу – 30 минут; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу немесе шығару туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Тіркелімге енгізу үшін: бірінші басшы қол қойған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша тіркелімге енгізу туралы өтініш. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 40 Бұйрыққа 3-қосымша Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 2-1-қосымша |
"Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтініштерді (өтінішхатты) қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Портал арқылы жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) егер бұл тарифті арттыруға әкелсе; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 40 Бұйрыққа 4-қосымша |
|
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 2-2-қосымша |
"Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Портал арқылы жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы хат не негіздер бойынша электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы қолдаухат; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) егер бұл тарифті арттыруға әкелсе; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.economy.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 40 Бұйрыққа 5-қосымша |
6-нысан
Ұсынылады: табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған:
Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметінің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы есеп
Есепті кезең 20____ ж.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: ОССКУС-1
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы: табиғи монополиялар субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей.
Нысан
р/с № | Көрсеткіштің атауы | Өлшем бірлігі | Көрсеткіштің нысаналы мәні | Есепті кезеңге көрсеткіштің нысаналы мәнінен рұқсат етілген ауытқу (жыл) | Есепті кезеңдегі көрсеткіштің нақты мәні (жыл) | Көрсеткіштің нақты мәнінің есепті кезеңдегі оның нысаналы мәнінен нақты ауытқуы (жыл) | Ауытқу себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 |
Табиғи монополия субъектісінің атауы ________________________________
__________________________________________________________________
Мекенжайы _______________________________________________________
Телефоны_________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы______________________________________
Орындаушының тегі және телефоны __________________________________
Табиғи монополия субъектісінің басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
_____________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Күні "______________" 20___жыл
Қосымша Субъектінің реттеліп көрсетілетін сақтау туралы есеп нысанына сапа және сенімділік көрсеткіштері |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметінің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы есеп (индексі – ОССКУС-1, кезеңділігі: жылдық)
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) "Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметінің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 23-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды табиғи монополия субъектісі жылына 1 (бір) рет жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, нысандағы деректер теңгемен толтырылады.
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.
2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. "№" деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат нөмірлеуді рет-ретімен үзбеуі тиіс;
6. "Көрсеткіштің атауы" 2-бағанында тиісті табиғи монополиялар саласындағы қызмет көрсету сапасы көрсеткішінің атауы көрсетіледі;
7. "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда сапа көрсеткішінің тиісті қызметінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
8. "Көрсеткіштің нысаналы мәні" 4-бағанында сапа көрсеткішінің нысаналы мәні көрсетіледі;
9. "Есепті кезеңге (жылға) арналған көрсеткіштің нысаналы мәнінен жол берілетін ауытқу" деген 5-бағанда есепті кезеңге (жылға) арналған көрсеткіштің нысаналы мәнінен жол берілетін ауытқу көрсетіледі);
10. "Есепті кезең (жыл) ішіндегі көрсеткіштің нақты мәні" деген 6-бағанда есепті кезең (жыл) ішіндегі көрсеткіштің нақты мәні көрсетіледі)
11. "Көрсеткіштің нақты мәнінің есепті кезеңдегі (жылдағы) нысаналы мәнінен нақты ауытқуы" деген 7-бағанда көрсеткіштің нақты мәнінің есепті кезеңдегі (жылдағы) нысаналы мәнінен нақты ауытқуы көрсетіледі);
12. "Ауытқу себептері" 8-бағанында ауытқу себептері көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 40 Бұйрыққа 6-қосымша |
7-нысан
Ұсынылады: табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған:
Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің нақты және жоспарлы мәндері
Әкімшілік деректер нысанының индексі: КНРУ-1
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең 20 ___ ж.
Ұсынатын тұлғалар тобы: табиғи монополиялар субъектілері
Ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей
__________________________________________________________________
(қызметтің атауы)
Мақсаты: қызметтер сапасының стандарт жобасын қалыптастыру
р/с № | Көрсеткіштің атауы | Қызмет сапасының стандарт көрсеткішінің формуласы | Өлшем бірлігі | Орташа жылдық нақты мәні | Орташа жылдық жылдық мәні | |||||||||||||||
1-жыл*** | 2-жыл*** | 3-жыл*** | 4-жыл*** | 5-жыл*** | ||||||||||||||||
т/т * | те/т ** | т/т * | те/т ** | т/т * | те/т ** | т/т * | те/т ** | т/т * | те/т ** | т/т * | те/т ** | |||||||||
1 | ||||||||||||||||||||
2 | ||||||||||||||||||||
3 | ||||||||||||||||||||
Табиғи монополия субъектісінің атауы _________________________________
__________________________________________________________________
Мекенжайы________________________________________________________
Телефон ___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________
Орындаушының тегі және телефоны___________________________________
Табиғи монополия субъектісінің басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті
тұлға______________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Күні "______________" 20___жыл
Қосымша нысан нақты және жоспарлы сапа көрсеткіштерінің мәні және реттелетін қызметтің сенімділігі |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмелер
Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің нақты және жоспарлы мәні (индексі- КНРУ-1, кезеңділігі: жылдық)
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметінің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 23-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды табиғи монополия субъектісі жылына 1 (бір) рет жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, нысандағы деректер теңгемен толтырылады.
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.
2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. "№" деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат нөмірлеуді рет-ретімен үзбеуі тиіс;
6. "Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігі көрсеткішінің атауы" деген 2-бағанда ведомство бастапқы Тізбе жобасының көрсеткіштерін көрсетеді.
Табиғи монополия субъектісінде бастапқы тізбенің жобасын жаңа көрсеткіштермен толықтыру жөнінде ұсыныстар болған кезде табиғи монополия субъектісі бастапқы тізбенің жобасының көрсеткіштерінен төмен жаңа жолдар қосады.
7. "Реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігі көрсеткішінің формуласы" деген 3-бағанда реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігі көрсеткішінің формуласы көрсетіледі;
8. "Өлшем бірлігі" деген 4-бағанда сапа көрсеткішінің тиісті көрсетілетін қызметінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
9. "Орташа жылдық Нақты мән" деген 5-бағанда реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа көрсеткіштері бекітілген жылдың алдындағы жыл ішіндегі көрсеткіштердің нақты мәндері көрсетіледі.
10. "Орташа жылдық жоспарлы мән" деген 5-бағанда жоспарлы
реттеліп көрсетілетін қызметтің сапа стандартын әзірлеу жылына және одан кейінгі 4 жылға көрсеткіштердің мәні.
Жоспарланған мәндер болмаған жағдайда, мақсатты мәндерді әзірлеу кезінде тек нақты мәндер қолданылады. Нақты мәндер деп есепті кезеңдегі табиғи монополия субъектісінің нақты көрсеткіштері түсініледі.
* – тұрмыстық тұтынушылар;
** – тұрмыстық емес тұтынушылар;
***– реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігінің қолданылу кезеңінің жылы.