Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № ҚР ДСМ-39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 мамырда № 27894 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21218 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы жөнінде мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тәуелсіз сарапшыларды медициналық қызметтердің (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптама шеңберінде:

      1) мемлекеттік орган;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары;

      3) қор;

      4) жеке және заңды тұлғалар тартады";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары тәуелсіз сарапшыларды:

      1) өтініштерді, оның ішінде денсаулықтың нашарлауына, мүгедектікке байланысты өтініштерді қарау кезінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің сапасын растау қажеттілігі;

      2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде шарттық міндеттемелер шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтердің (көмектің) көлемі мен сапасына ағымдағы мониторинг, жоспардан тыс, проактивті, нысаналы, медициналық-экономикалық, қайтыс болу және өлім жағдайларының мониторингін жүргізу жағдайларында тартылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қор, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары тәуелсіз сарапшыларды тарту кезінде тікелей тәуелсіз сарапшымен немесе аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісімен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасады.".

      2. "Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21727 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 35-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Медициналық көрсетілген қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.";

      10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда тоқсанына донорлардың медициналық карталарының кемінде 20%-ына медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізіледі, сондай-ақ "Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 140/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21478 болып тіркелген) қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу қағидаларының сақталуына бақылау жүргізеді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Медициналық көрсетілетін қызметтің (көмектің) сапасына сыртқы сараптаманы:

      1) мемлекеттік орган;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары;

      3) қор;

      4) денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар;

      5) ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомствосы жүзеге асырады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Мемлекеттік орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары медициналық қызметтердің (көмектің) сапасының сыртқы сараптамасын, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүргізеді. Тәуелсіз сарапшыларды тарту үшін жағдайлар болмаған, тәуелсіз сарапшыларды беруге құқығы бар денсаулық сақтау ұйымдарында тәуелсіз сарапшының мүдделер қақтығысы болған жағдайларда, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен маманданулардың номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен маманданулардың номенклатурасына сәйкес тәуелсіз сарапшыларды беруге құқығы бар денсаулық сақтау ұйымдары мен мемлекеттік орган арасындағы азаматтық-құқықтық (шарттық) қатынастардың аяқталуынан бастап денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен маманданулардың номенклатурасына сәйкес конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейінгі аралық уақытта медициналық көмек сапасын бағалау үшін:

      1) мемлекеттік органның;

      2) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімімен бейінді мамандар тартылады.

      Денсаулық сақтау саласындағы бейінді мамандар медициналық қызметтердің (көмектің) сапасының сыртқы сараптамасының қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз құзыреті шеңберінде тұжырымдарды қалыптастыру және мемлекеттік орган жүргізетін сыртқы сараптаманың қорытындысына енгізу үшін нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы бойынша тұжырымдары бар қорытындыны ұсынады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Мемлекеттік орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары және Қор жүргізген медициналық көрсетілетін қызмет (көмек) сапасына сыртқы сараптама нәтижесі бойынша мемлекеттік орган медициналық көрсетілетін қызметті (көмекті) көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау үшін талдау жүргізеді";

      мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:

      "33-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары медициналық қызметтердің (көмектің) сапасының сыртқы сараптамасын және денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуді Кодекстің 35-бабы 4-тармағының 2-1) тармақшасына және 69-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға қатысты медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг шеңберінде жүргізеді.";

      34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Қор, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары тәуелсіз сарапшыға сараптама мәні болып табылатын материалдарды ұсынады";

      35. Сараптама жүргізудің аяқталуына қарай Қор "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21904 болып тіркелген) айқындалатын нысан бойынша қорытынды және (немесе) акт жасайды.";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. Медициналық қызметтер (көмек) сапасына сыртқы сараптама жүргізудің аяқталуына қарай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары "Медициналық қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21727 болып тіркелген) айқындалатын нысан бойынша қорытынды және (немесе) акт жасайды.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар сыртқы сараптаманы оларды жеке және заңды тұлғалар шарттық негізде тартқан кезде жүргізеді.

      Тәуелсіз сарапшылар туралы мәліметтер "Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-145/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21509 болып тіркелген) мемлекеттік орган қалыптастыратын тәуелсіз сарапшылардың тізілімінде қамтылады. Тәуелсіз сарапшылардың тізілімі мемлекеттік органның сайтында орналастырылады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Медициналық қызметтер (көмек) сапасына сыртқы сараптама жүргізудің аяқталуына қарай тәуелсіз сарапшы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптамалық қорытынды ұсынады.

      Тәуелсіз сарапшының сараптамалық қорытындысы үш данада жасалады. Бір данасы денсаулық сақтау субъектісіне, екінші данасы Тапсырыс берушіге ұсынылады, үшінші данасы тәуелсіз сарапшыда қалады.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы жөнінде мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-39
Бұйрыққа қосымша
Медициналық көрсетілетін
қызметтер (көмек) сапасына
ішкі және сыртқы
сараптамаларды
ұйымдастыру және жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

Сараптамалық қорытынды және (немесе) қорытынды

      1. Мамандығы, лауазымы, ғылыми дәрежесі көрсетіле отырып, сараптаманы жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      2. Сараптама жүргізілген денсаулық сақтау субъектісінің (объектісінің) атауы

      3. Сараптаманы жүргізу негіздемесі не тапсырыс беруші туралы мәлімет

      4. Сараптаманы жүргізу мерзімі

      5. Сараптаманы жүргізу кезеңі

      6. Сараптама мәні

      7. Сараптама нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер

      8. Тұжырымдама

      9. Ұсынымдар

      ______________________________________________________________

      Сараптама жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы

      Күні 20 ___ жылғы "____" ___________