"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң оры

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27569 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізу:

      1) "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:

      Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесінде:

      1 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз етудің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер (олар қажет болғанда) көлемі жекеше әріптес (концессионер) жобаны іріктеу сатысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаға немесе концессиялық жобаға тартатын ақша қаражатының, оның ішінде жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті немесе меншікті және қарыз ақша қаражатының сомасынан аспауға тиіс.

      Бұл ретте, жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті немесе меншікті және қарыз ақша қаражатының қатысуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі (концессия объектісі) құнының кемінде жиырма пайызын құрайды;".

      2) Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
      "Келісілді"
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 35 Бұйрыққа
1 қосымша
Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау бойынша
конкурс (аукцион) және тікелей
келіссөздер өткізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарына
мониторинг жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының
іске асырылуына мониторинг
жүргізу және бағалау
мәселелерін қамтитын
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
1-2 қосымша

Салалық қорытынды (оң не теріс қорытынды көрсетіледі)

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жобасы бойынша қысқаша ақпарат.

      1) Салалық сараптама жүргізетін салалық мемлекеттік органның атауы (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті МЖӘ жобалары бойынша не республикалық МЖӘ жобалары бойынша) не жергілікті салалық мемлекеттік органның атауы (жергілікті МЖӘ жобалары бойынша) көрсетіледі.

      2) Жобаны іске асыру саласы (аясы) (экономиканың саласы (аясы) көрсетіледі).

      3) Салалық сараптама объектісі (конкурстық (аукциондық) құжаттама не МЖӘ жобасына бизнес-жоспар көрсетіледі).

      4) МЖӘ жобасының атауы (жоспарланған жобаның мәнін көрсететін МЖӘ жобасының атауы көрсетіледі).

      5) МЖӘ жобасының қуаты (тиісті өлшем бірліктерінде жобаның қуаты көрсетіледі).

      6) Іске асыру орны (жобаны іске асыру орны көрсетіледі (мекенжайы не талаптары не орналасқан жерінің сипаттамасы).

      7) МЖӘ объектісі (МЖӘ объектісінің атауы және ол туралы негізгі ақпарат көрсетіледі).

      8) Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері (жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері жылдармен көрсетіледі).

      9) Жобаның құны (жобаның болжамды құны мың теңгемен, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерінің жоспарланатын құны, Заңға сәйкес мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары және мемлекеттің қатысу нысандары көрсетіледі).

      10) Жобаның нәтижесі (МЖӘ жобасының тікелей және түпкілікті нәтижесі көрсетіледі).

      2. Негізгі бөлім (төменде көрсетілген кіші бөлімдердің әрқайсысы бойынша бағалау нәтижелерін (оң не теріс) қамтиды).

      1) Саланың одан әрі дамуына әсер ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын бағалау.

      2) МЖӘ жобасы мақсаттарының саладағы бар проблемаларды шешуге сәйкестігін бағалау.

      3) МЖӘ жобасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін бағалау, оның ішінде тиісті салада (аяда, өңірде) тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктің болуын, сондай-ақ МЖӘ жобасының болжамды түпкілікті нәтижесінің болуын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына не актілеріне сәйкестігін көрсету.

      4) Ұсынылатын схема бойынша МЖӘ жобасын іске асырудың мүмкіндігі мен орындылығын бағалау.

      5) МЖӘ жобасының техникалық күрделілігін және (немесе) бірегейлігін бағалау.

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесіне МЖӘ объектісінің тиесілігін бағалау.

      7) Жекеше әріптестің және жекеше әріптес ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, МЖӘ жобасын іске асырудың балама нұсқаларын бағалау.

      8) МЖӘ жобасын іске асыру және мұндай іске асыру болмаған жағдайларда саладағы жағдайды бағалау.

      9) МЖӘ жобасын іске асырудан түсетін пайданы, оның ішінде халық үшін құндылық қағидатын негізге ала отырып бөлуді бағалау.

      10) Жобаны іске асырудан экономиканың аралас салаларына (аясына) болжамды мультипликативтік әсерді бағалау.

      11) Шығындарды өтеу мен табыс алудың, мемлекеттік қолдау мен баға шешімдерінің ұсынылатын көздерін бағалау, оның ішінде инвестициялық және операциялық шығындардың барлық құрамдауыштары бойынша баға-сапа арақатынасының оңтайлылығын бағалау.

      12) Конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру кестесін бағалау.

      13) МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланатын физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамаларын бағалау.

      14) Құрылыс қызметін көздейтін МЖӘ жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысында қамтылмаған МЖӘ объектісі құрамдауыштарының оңтайлылығына, жеткіліктілігіне және құнына қосымша бағалау жүргізіледі. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурсты өткізу кезінде конурстық құжаттама құрамында МЖӘ жобасының ТЭН-і және МЖӘ жобасының ТЭН-іне ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы болмаған жағдайда МЖӘ объектісінің барлық құрамдауыштары бойынша оңтайлылықты, жеткіліктілікті және құнды бағалау қосымша жүргізіледі.

      3. Салалық қорытындының нәтижелері бойынша тұжырымдар (тұжырымдамаларда жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша МЖӘ жобасын қолдау туралы (оң қорытынды) не жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша МЖӘ жобасын қолдамау туралы (теріс қорытынды) салалық мемлекеттік органның ұстанымы көрсетіледі).

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 35 Бұйрыққа
2 қосымша
Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау бойынша конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер өткізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарына
мониторинг жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының
іске асырылуына мониторинг
жүргізу және бағалау
мәселелерін қамтитын
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
3 қосымша

Әлеуетті жекеше әріптестердің өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:

      1) өз шоттарында ақшаның болуын, әлеуетті жекеше әріптестің меншік құқығын және жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері;

      2) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2, 13, 14, 15, 16, 17, 18, және 19-баптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеше әріптес қызметін екі жылдан аз жүзеге асырса, қаржылық есептілік мемлекеттік тіркелген сәттен басталған кезеңге ұсынылады. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Ерекше маңызы бар МЖӘ жобаларына қатысты, егер әлеуетті жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттаманы осындай әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынады;

      3) әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есепті күнге (соңғы қаржы жылындағы) "Негізгі құралдар" бухгалтерлік балансының баптарының таратылып жазылуы;

      4) әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан күні мен болжамды өтеу күні, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы есепті күнге (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;

      5) әлеуетті жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметінің тоқтатылмағаны, әлеуетті жекеше әріптестің жасалған МЖӘ шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхат.

      Ерекше маңызы бар МЖӘ жобалары бойынша әлеуетті жекеше әріптестің мұндай тұлға конкурс жеңімпазы болып танылған жағдайда, МЖӘ шартын жасасу мақсаты үшін мұндай тұлға, егер мұндай заңды тұлға МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында конкурстық өтінім беру сатысында құрылмаса, конкурс жеңімпазы мемлекеттік әріптеске МЖӘ шартында айқындалған көлемде және талаптарда осындай жаңа заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банктік кепілдіктерін ұсынған жағдайда МЖӘ шартының тарапы болатын жаңа заңды тұлғаны құратыны туралы кепілхатының түпнұсқасы;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар да соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті ұсынады;

      7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариат куәландырған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен нотариат куәландырған заңдастырылған үзіндіні ұсынады;

      8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;

      9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті мемлекеттік орган берген электрондық нысандағы құжатты, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, нотариат куәландырған жеке бас куәлігінің (төлқұжат) көшірмесін ұсынады;

      10) әлеуетті жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі қойылған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компаниялардағы Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдындағы әлеуетті жекеше әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес кредиттік бюро беретін кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі.

      Банк анықтамасы (не кредиттік есеп) конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

      Конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қарапайым серіктестік нысанында қатысқан жағдайда қарапайым серіктестіктің өкілі біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды:

      бірлескен қызмет туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін;

      қарапайым серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін;

      конкурс шеңберінде қарапайым серіктестік атынан келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыратын оның өкіліне арналған сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса ұсынады.

      Егер әлеуетті жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлға болып табылған жағдайда, оның Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін қатысушылардың (акционерлердің) қажетті құжаттаманы беруіне жол беріледі.

      Әлеуетті жекеше әріптестер өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды өз қалауы бойынша ұсынады.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды не конкурстық құжаттаманың тілдеріне аударылған нотариат куәландырған аудармамен Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификатын (егер халықаралық шартпен өзгеше көзделмесе) ұсынады.

      МЖӘ объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда әлеуетті жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) ие болу құқығы туралы құжаттарды ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 35 Бұйрыққа
3 қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 35 Бұйрыққа
4 қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 35 Бұйрыққа
5 қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 35 Бұйрыққа
6 қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 35 Бұйрыққа
7 қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.