"Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 101/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27343 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13282 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру тәртібін айқындайды";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қағидалар мыналарға:

      1) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтерді қамтитын, өңдейтін және (немесе) беретін электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға;

      2) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық объектілерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің электрондық ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелері мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қолданылмайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға (бұдан әрі – мемлекеттік органдардың қызметтерін автоматтандыру) бастамашылық мынадай негізде жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға сұрау салуы (бұдан әрі – мемлекеттік органның сұрау салуы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық үкіметтің архитектуралық порталы арқылы уәкілетті органға және сервистік интеграторға сұрау салуы;

      2) мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға әлеуетті өнім берушінің немесе оператордың уәкілетті органға және сервистік интеграторға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдері (бұдан әрі –әлеуетті өнім берушінің немесе оператордың өтінімі).";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сервистік интегратор мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға арналған қорытындыны келесі өлшемшарттар бойынша бағалауды есепке ала отырып қалыптастырады:

      1) мемлекеттік органның қызметін автоматтандыру тиімділігі – мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруды іске асыру кезеңде регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін талдау;

      2) мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруды іске асырылымдығы– мемлекеттік органның қызметін Талаптарға, БТ сәйкестігіне автоматтандыру көрсеткіштеріне қол жеткізу;

      3) мемлекеттік органның қызметін немесе АК-қызметтерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектілерін құру немесе дамыту бойынша ақпараттандыру объектілерінің немесе іске асырыла бастаған жобалардың болмауы.";

      12-тармақ алынып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Уәкілетті орган сервистік интегратордан мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға қорытындыны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік органның қызметін автоматтандыру мүмкіндігін келіседі немесе мемлекеттік органның қызметін автоматтандырудан бас тартады және электрондық үкіметтің архитектуралық порталы арқылы мемлекеттік органға хабарлайды.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. АК-қызметін жобалауға арналған тапсырманы әзірлеуді сервистік интегратор уәкілетті органнан АК-қызметін құруды ұйымдастыру қажеттігі туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

      19. АК-қызметін жобалауға арналған тапсырма келесі мәліметтерді қамтиды:

      1) жалпы мәліметтер (мемлекеттік органдардың және пайдаланушылардың мақсаты, саны, электрондық-ақпараттық ресурстың сыныбы, бағдарламалық қамтылым сыныбы, құру механизмі және кезеңдері);

      2) сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін жалға алудың шекті құны;

      3) АК-қызметінің шекті құны;

      4) сервистік бағдарламалық өнімді құру кезінде процестердің (кіші процестердің және функциялардың) тізбесі немесе АКИ объектісін құру кезіндегі техникалық талаптар;

      5) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасымен байланысты талаптар мен шектеулер;

      6) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерімен немесе сервистік бағдарламалық өнімдермен интеграциялауға қойылатын талаптар;

      7) сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің өнімділігіне, ақауларға төзімділігіне және масштабталуына қойылатын талаптар;

      8) ақпараттандыру объектісінің сыныбына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар және мониторингтеу, бақылау жүйелерімен өзара әрекеттестік сипаты мен оқиғаларды журналға тіркеу;

      9) АК-қызметін, сервистік бағдарламалық өнімді және (немесе) АКИ объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қойылатын шарттар мен талаптар, техникалық құжаттамаға, сервистік бағдарламалық өнімнің бастапқы кодын беру тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптар;

      10) мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің бастапқы кодын, сондай-ақ стандартты шешімдерді (компоненттер, сервистер, процестер, интеграциялау, пайдаланушылық интерфейсі және оның компоненттері) пайдалану мүмкіндігі;

      11) пайдаланушыларды оқыту процесіне және материалдарына қойылатын талаптар;

      12) өнім берушіні іріктеу өлшемшарттары;

      13) АК-қызметін құрудың жоспар-кестесі мен жауапкершілік матрицасы;

      14) АК-қызметін, сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін құру бойынша шарттар, АСМ МЖӘ жобасы бойынша АК-қызметін дамытуға АСМ МЖӘ жобалары үшін мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен көлемдері.";

      20-тармақ алынып тасталсын;

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның БАҚ-тың МЖӘ жобаларының қаржылық қамтамасыз етілуін айқындау туралы келісім не БАҚ-тың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде БАҚ-тың МЖӘ жобасын БАҚ-тың МЖӘ жобаларының тізбесіне енгізеді. БАҚ-тың МЖӘ жобаларының тізбесін Заңның 45-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітеді.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;

      "36. АК-қызметіне тапсырыс беруші мыналар жөнінде Комиссия құрады:

      1) АСМ жобалары бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кешіктірмей;

      2) МЖӘ жобалары үшін АК-қызметтер МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы оң ұсынысты алғаннан кейін.";

      38, 39 және 40-тармақтар алынып тасталсын;

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Сервистік интегратор жобалауға тапсырманы бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде АК-қызметке тапсырыс берушінің келісімі бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АК-қызметін жобалауға арналған тапсырманы қоса отырып, өнім берушіні анықтау бойынша конкурстық рәсімдердің басталуы туралы хабарландыруды (бұдан әрі – хабарландыру) электрондық алаңға орналастырады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Әлеуетті өнім берушілерден өтінімдер қабылдау мерзімі хабарландыруда көрсетіледі және өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Конкурсқа қатысуға өтінім сервистік интегратор мекенжайына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде электрондық алаң арқылы электрондық тасымалдаушымен беріледі.";

      53-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-1. Егер хабарландырудың қолданылу мерзімі ішінде өтінім түспесе, Комиссия сервис бағдарлама өнімін немесе АКИ объектісін жеткізушіні анықтау бойынша конкурсты қайта жариялау туралы шешім қабылдайды.

      Егер қайта хабарландырудың қолданылу мерзімі ішінде өтінім түспесе, Комиссия АК қызметін жобалау тапсырмасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және тендерді қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.

      Егер АК-қызметін жобалау тапсырмасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қайта хабарландырудың қолданылу мерзімі ішінде бірде-бір өтініш түспесе, Комиссия АК-қызметін құрудың немесе әзірлеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін құру қорытындылары бойынша өнім беруші тестілеуге дайын екендігі туралы хабарламаны өнім берушіні анықтау туралы хаттамада белгіленген мерзімде жолдайды.

      Өнім беруші хабарламаға мыналарды:

      сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің пайдалану ортасында жұмыс істеуі үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның талап етілген ресурстары туралы ақпаратты.";

      74-тармақ алып тасталсын;

      76-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76-1. Сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің жұмысқа қабілеттілігін тестілеу сервистер тізілімінде орналастырылған интеграциялық сервистер бойынша тапсырманы жобалауда көрсетілген интеграцияны тексеруді қамтиды.";

      79-тармақ алып тасталсын;

      80-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80-1. Оператор талаптарға сәйкестікке сынақтар жүргізу үшін пайдаланудың тиісті штаттық ортасына АК-инфрақұрылымын бөлуді қамтамасыз етеді.";

      82 және 83-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. АКИ объектісін құру кезінде оператор құрылған АКИ объектісін ескере отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардан өтуін қамтамасыз етеді.

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының сынақтарынан өту қорытындылары бойынша оператор сервистік интеграторға хабарлама жібереді.

      83. Сервистік интегратор өнім берушіден немесе оператордан хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссия отырысына бастамашылық жасайды.";

      84-тармақ алып тасталсын;

      85, 86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Комиссия сервистік интегратор ұсынған комиссияның алдыңғы отырыстарының хаттамаларының, тестілеу хаттамаларының, сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің ақпараттық қауіпсіздікке сәйкестігіне сынақтар актісінің негізінде АК-қызметті қалыптастыру туралы шешім қабылдайды.

      86. АК-қызметін қалыптастыру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ-объектісін және АК-қызметін өнеркәсіптік пайдалануға беру;

      2) АК-қызметтерін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Каталогқа енгізу.

      87. Сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ-объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді оператор өнім берушімен бірге жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:

      "87-1. Пайдалануға беру кезінде оператор сервистік бағдарламалық өнімге техникалық құжаттаманы қабылдайды.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. АК-қызметін жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес АСМ шарты бойынша АК-қызметтерін құру кезінде, сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін - ақпараттық жүйе жалға беру қарастырылмайды, АК-қызметтерін құруды оператор мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) АК-қызметтерін "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық платформасын, сондай-ақ оператордың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын жасақтау жолымен қалыптастыру.

      "Электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және оператордың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын жасақтау үшін оператор АКИ объектісін сатып алуды оператордың ішкі қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      2) сатып алынған (немесе құрылған) АКИ объектісін тестілеуді оператор жүзеге асырады;

      3) сатып алынған (немесе құрылған) АКИ объектісін ескере отырып, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық платформасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтау;

      4) АК-қызметін пайдалануға беру;

      5) АК-қызметтерді осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Каталогқа қосу.";

      90, 91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. АК-қызметті дамытуға қажеттілік болған кезде АК-қызметке тапсырыс беруші электронды сәулет порталы арқылы сервистік интегратордың көшірмесімен АК-қызметті дамытуға сұрау салуды уәкілетті органға жібереді.

      91. Сервистік интегратор АК-қызметін дамыту мүмкіндігіне сұрау салуды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде АК-қызметіне тапсырыс берушіні және операторды және АК-қызметін дамытуға оператордың және өнім берушінің бағалық ұсынысын тарта отырып, АК-қызметін дамытудың орындылығына талдау жүргізеді.

      Сервистік интегратор уәкілетті органға, АК-қызметіне тапсырыс берушіге және операторға АК-қызметін дамыту туралы қорытынды жібереді.

      92. АҚ-қызметін дамыту туралы оң қорытынды нәтижелері бойынша сервистік интегратор АК-қызметіне тапсырыс берушінің,уәкілетті органның және оператордың қатысуымен шешім қабылдау үшін АК-қызметін дамыту және өнім берушіні ауыстыру талқылауына бастамашылық жасайды.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Оператор сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу хаттамасына қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сервистік интеграторға хаттама көшірмесімен бірге тиісті хабарлама жібереді.

      Сервистік интегратор оператордан хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде АК-қызметті АК-қызметтер каталогына енгізу қажеттігі туралы хабарламаны уәкілетті органға жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 103-1, 103-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "103-1. Егер жобалауға тапсырмада сервистік бағдарламалық өнімді жалға алу мерзімінен үш жыл өткеннен кейін мемлекеттік органның меншігіне беру туралы талап көрсетілсе, онда өнім беруші мен мемлекеттік орган арасындағы шартқа сәйкес сервистік бағдарламалық өнім мемлекеттік органның меншігіне беріледі.

      103-2. СБӨ жеткізушісінің АК-қызметтер объектісінің жұмыс құны үш жыл өткеннен кейін кодтарды алып жүру құнына ғана негізделген жалдау құнын қамтиды";

      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Өнім беруші АСМ және (немесе) АСМ МЖӘ шартын орындаудан бас тарту немесе бұзу кезінде сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін пайдалануды электрондық ақпараттық ресурстардың көші-қоны бойынша жұмыстарды есепке ала отырып, оператор жаңа сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін өнеркәсіптік пайдалануға бергенге дейін жүзеге асырады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын:

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 101/НҚ Бүйрыққа
қосымша
  Ақпараттандырудың сервистік
моделін іске асыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік органның уәкілетті органға және сервистік интеграторға мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға сұрау салуы

Бөлімнің атауы

Мәліметтер

Мемлекеттік орган функциясының атауы және сипаты

_______________________________________________
(Ақпараттандырудың сервистік моделі арқылы автоматтандыру үшін мемлекеттік орган функциясының атауы көрсетіледі)

Мемлекеттік орган функциясының атауы және сипаты

_______________________________________________
(Автоматтандыруға жоспарланып отырған функция сипатталған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (мысалы, ведомствоның ережесі, қағидалар, регламент, әдістеме, нұсқаулық), белгіленген мемлекеттік, салалық бағдарламалардың және құрамында сервисті іске асыру көзделген Қазақстан Республикасының аумағын дамыту бағдарламасының атауы (нақты тармақтарға сілтеме жасау керек).

Мемлекеттік органның қызметін автоматтандырудың мақсаты мен міндеттері

_______________________________________________
(Мемлекеттік органның қызметін автоматтандырудың мақсаты мен міндеттері көрсетіледі)

АК-қызметтерін енгізудің ауқымы мен қуаттылығы

_______________________________________________
(АК-қызметін іске асырудың, АК-қызметтерінің ел, өңір немесе ведомство шеңберінде жұмыс істеу қажеттілігі туралы мәліметтер көрсетіледі. АК-қызметтерінің әлеуетті пайдаланушылар тобын (жеке/заңды тұлғалар), олардың санын және олар орындайтын функцияларды санамалаңыз. АК-қызметін пайдалану жиілігі, АК-қызметтері шеңберінде айналымға түсуі болжанатын электрондық құжаттардың саны мен көлемі көрсетіледі)

Қызметті орындай отырып ағымдағы жағдайдың және автоматтандырудың болмауымен байланысты проблемалардың сипаты

_______________________________________________
(Ағымдағы жағдайдың қысқаша сипаты беріледі – функцияларды орындау қалайша жүзеге асырылады, қазіргі уақытта қандай проблемалар бар. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда, мемлекеттік органның қызметін ішінара автоматтандыратын қазіргі кезде бар ақпараттық жүйелер арқылы ішінара автоматтандырудың кемшіліктері көрсетіледі)

Автоматтандырудан күтілетін нәтижелер

_______________________________________________
(Мемлекеттік органның қызметін электрондық түрге көшірудің қандай бөлігінде функцияларды орындай отырып, ағымдағы жағдайдағы кемшіліктерді шешетіні көрсетіледі)

Мемлекеттік органның қызметі шеңберінде пайдаланылуы шектелген ақпараттың болуы

_______________________________________________
(Функцияларды орындауда шектеулердің болуы көрсетіледі: қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттардың, мемлекеттік құпия мәртебесі бар мәліметтердің айналымы)

Мемлекеттік органның қызметін автоматтандыру бойынша техникалық құжаттаманың болуы

_______________________________________________
(Мемлекеттік орган қажеттілігінің болуы туралы өтінімге аталған құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып бизнес-процестер (мысалы: мемлекеттік органның архитектурасы шеңберінде бекітілген АКЖ-ң паспорты, техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, инвестициялық жоба) егжей-тегжейлі сипатталған техникалық құжаттаманың атауын (бар болған жағдайда)

Мемлекеттік органның қызметін автоматтандыратын/қызметін ішінара автоматтандыратын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі (лері) бар ма

______________________________________________
(Қызметті автоматтандыратын не қызметті ішінара автоматтандыратын ақпараттық жүйе, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйелері, интернет-ресурстар, ведомстволық порталдар көрсетіледі)

Жауапты адамдардың байланыс деректері

______________________________________________
((Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), құрылымдық бөлімше, лауазымы, телефоны (жұмыс, мобильді), электрондық пошта)