"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң оры

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27341 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14-тармағына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына, 187-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14-тармағына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына, 187-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес әзірленді және барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін қоспағанда, мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау тәртібін белгілейді.";

      2-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсері және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындысы;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсері және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындысы;";

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) инвестициялық ұсыныс – Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, инвестициялау мақсатын, оған қол жеткізу жолдары мен ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тұжырымдамалық ұсыныс;";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;";

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуын бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесіне Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасы – іс-шаралардың "іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі" және "бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы" өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;";

      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуын бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесі (бұдан әрі – бюджеттік кредиттің ҚЭН-і) – маркетингтік, әлеуметтік-экономикалық талдаудың, сондай-ақ іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың өзін-өзі ақтауы мен экономикалық және әлеуметтік тиімділігін негіздейтін қаржылық есептемелердің нәтижелерін қамтитын құжаттама;";

      52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "52) нәтижелердің көрсеткіштері – мемлекеттік органның даму жоспарын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органның қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей және түпкілікті нәтижелердің жиынтығы;";

      60) және 61) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "60) түпкілікті қарыз алушы – кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған талаптармен берілетін бюджеттік кредиттің соңғы алушысы;

      "61) түпкілікті нәтиже – мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелерге қол жеткізуіне негізделген, мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;";

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін БИЖ-дің инвестициялық ұсынысына, БИЖ-дің ТЭН-іне, Инвестициялардың ҚЭН-іне, концессиялық жобалардың концессиялық ұсынысына экономикалық сараптама қорытындысы, сараптама қорытындысы немесе экономикалық қорытынды берілген болса, сондай-ақ МИЖ тиісті бюджетте көзделсе (қаржыландыру түрі мен әдісі айқындалған болса), онда ББӘ-ге МИЖ-дің инвестициялық ұсынысын әзірлеу талап етілмейді, бұдан басқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган БИЖ-дің инвестициялық ұсынысына, БИЖ-дің ТЭН-іне, Инвестициялардың ҚЭН-іне, концессиялық жобалардың концессиялық ұсынысына бұрын берілген экономикалық қорытындыға қосымша экономикалық қорытынды бере алады.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) құрылыс нормативтеріне не "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23) тармақшасына сәйкес бекітілетін есептеу әдістемесіне және мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған шығындар нормативтеріне сәйкес (бұдан әрі – Әдістеме) МИЖ құнының есептемелері мен негіздемелері;";

      9-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) МИЖ көлемінің негізділігін бағалауды қамтиды.

      ББӘ ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік салаларында қорытындылар алу үшін уәкілетті органға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға енгізеді.

      Инвестициялық ұсыныстарды ақпараттандыру саласындағы сараптама "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілетін инвестициялық ұсыныстарды, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін ақпараттандыру саласында сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жоба шығыстары есеп-қисабының негізділігі, жүзеге асырылуын және тиімділігін айқындау тұрғысынан бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырады және ол ақпараттандыру саласындағы қорытындыда көрсетіледі.";

      26-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-5. БИЖ ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінімге БИЖ ТЭН-ін әзірлеудің немесе түзетудің мәлімделген құнын растайтын есептемелер қоса беріледі ("Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген) және әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстарына сәйкес).";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. БИЖ ТЭН-інің "Техникалық-технологиялық" бөлімі жобаны іске асырудың әртүрлі техникалық-технологиялық шешімдерінің талдауын, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, маркетингтік бөлімде ұсынылған талдауды ескере отырып, таңдалған нұсқаның негіздемесін қамтиды.

      Аталған бөлім мыналарды қамтиды:

      1) объектіні орналастыру орындарының ықтимал нұсқаларын талдау, шикізат көздері мен өнім берушілеріне, нысаналы топтар мен негізгі пайда алушыларға қатысты орналасқан жері туралы, сондай-ақ жобаның орналасқан жерінің баламалы нұсқалары туралы ақпаратты бере отырып, жобаның орналасқан жерін таңдаудың негіздемесі. Қорғаныс саласындағы жобалар бойынша жобаның орналасқан жерінің баламалы нұсқалары туралы ақпаратты беру міндетті емес. Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанатын ақпараттандыру объектілері бойынша мемлекеттік органдардың ұлттық серверлік орталығын, облыстық деректерді өңдеу орталықтарын, жеке ұйымдардың серверлік үй-жайларын немесе қажет болған жағдайда меншікті серверлік үй-жайды қоса алғанда, жобаның серверлік жабдығын орналастырудың ықтимал нұсқаларына талдау келтіріледі;

      2) жоба ауқымының сипаттамасы және жоба қуатын, жоба қуатының игерілу серпінін есептеу негіздемесі;

      3) технологиялар мен жабдықтарды таңдау негіздемесі, қазірдің өзінде пайдаланылатын жабдықтармен технологиялық үйлесімділігі, оңтайлы баға-сапа арақатынасы, технологиялар мен жабдықтарды таңдаудың баламалы нұсқалары, инновациялық жабдықтарды қолдану, жобада сапа стандарттарының қолданылуы туралы ақпарат;

      4) таңдалған шешімдер (энергия үнемдеу, жылумен, сумен жабдықтау, кәріз) мен схемаларды негіздей отырып, жобаның қажетті инженерлік, көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат, сондай-ақ қажет болған жағдайда, іске қосу-баптау жұмыстары туралы ақпарат;

      5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның құрамдауыштары бойынша қаржыландыруды бөле отырып, жобаны іске асыру кестесі (оның ішінде технологиялық кезеңдер бойынша);

      6) пайдаланылатын ақпарат көздері.

      Құрылыс саласындағы жобалар бойынша БИЖ ТЭН-інің "Техникалық-технологиялық" бөлімі мыналарды қамтиды:

      мыналарды қамтитын негізгі сәулет-құрылыс шешімдері:

      қағидаттық сәулеттік, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдер, оның ішінде: жоспарлау шешімдерінің негізділігі, жер учаскелерін ұтымды пайдалану, ғимараттарды тиімді бұғаттау, құрылыс ауданында табиғи қауіпті құбылыстардың (сейсмика, шөгу, карсттар, көшкіндер) болуына ерекше назар аударылады, қағидаттық сәулеттік-композициялық шешімдердің қоршаған құрылыстың қала құрылыстық жағдайларына сәйкестігі. Техникалық жағынан неғұрлым күрделі ғимараттар мен құрылыстардың негізгі параметрлері көлемдік-жоспарлау және конструктивтік (құрылыстық) шешімдерді және олардың конструктивтік ерекшеліктерін қамтиды. Құрылыс өнімдері мен материалдарына қажеттілік;

      көлік схемасының нұсқаларын, алаңішілік жолдар мен автожолдарды, ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде өнеркәсіптік және басқа да мақсаттағы ғимараттар арасында талап етілетін өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық арақашықтықтардың сақталуын бағалай отырып таңдау негіздемесі;

      технологиялық процестердің (схемалардың) ықтимал нұсқаларын талдау негізінде таңдалған технологияның қысқаша сипаттамасы мен негіздемесі, құрамы және өндірістік құрылымы;

      БИЖ ТЭН-інің техникалық-технологиялық бөлімінде салыстырма талдау жүргізілетін және таңдалған нұсқаның негіздемесі берілетін жобаның мақсатқа қол жеткізу мен нәтижелер көрсеткіштерінің кемінде екі ықтимал нұсқасы көрсетіледі.

      Жобалық шешімдерді таңдау кезінде қоршаған ортаға әсерге жүргізілген бағалаудың нәтижелерін ескеру және қоршаған орта мен адам денсаулығына ең аз зиян келтіретін нұсқаның қабылдануын қамтамасыз ету қажет.

      Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанатын ақпараттандыру объектілері бойынша БИЖ ТЭН-інің "Техникалық-технологиялық" бөлімі сондай-ақ мыналарды қамтиды:

      автоматтандырылған функциялар, процестер және олардың тұтынушыларының тізбесі (use-case схемасы);

      ақпараттандыру объектісі архитектурасының ықтимал нұсқаларын талдау (орталықтандырылған, орталықтандырылмаған, корпоративтік);

      ақпараттандыру объектісін іске асыру нұсқаларын талдау (дайын шешімдерді интеграциялау және енгізу, өзіндік әзірлеу, дайын және меншікті шешімдерді қолдану);

      тораптар схемасы (есептеу құралдары) және ақпараттандыру объектісінің бағдарламалық құрамдауыштарын орналастыру;

      телекоммуникация схемасы және байланыс арналарына қойылатын талаптар;

      жобаның ауқымы мен қуатының сандық көрсеткіштеріне, тораптар схемасына негізделген есептеу қуатына және сақтау көлеміне және есептеу құралдарының санына қойылатын талаптардың негіздемесі;

      жүйе архитектурасының жалпы сипаттамасы;

      жүйе құрамдауыштарының және олардың өзара байланысының сипаттамасы;

      осы жобаны іске асыруды қозғайтын ведомстволық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің, сондай-ақ жобаны іске асыруды қозғайтын тараптардың тиісті жазбаша хабарламаларын қоса бере отырып, жобаны табысты іске асыру үшін осы жүйелер жағында жүргізілуі қажет іс-шаралардың сипаттамасы;

      жобаны іске асыру нәтижесінде өзекті болмауы мүмкін ақпараттандыру объектілері мен олардың құрамдауыштарының сипаттамасы;

      жобаның "электрондық үкіметтің" базалық құрамдауыштарымен, ведомствоаралық ақпараттық жүйелермен және деректер базаларымен, ведомстволық ақпараттық жүйелермен және деректер базаларымен болжамды өзара іс-қимылы мен интеграциясының сипаттамасы, оның ішінде:

      ақпараттық өзара іс-қимыл объектілерінің сипаттамасы;

      қолданылатын деректер алмасу стандарттарының сипаттамасы;

      құрылатын ақпараттық жүйелер шеңберінде электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы, оның ішінде:

      іске асырылатын электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылар тобының сипаттамасы (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар);

      жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының ауқымында іске асырылатын электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қажеттілігінің ағымдағы және тарихи көрсеткіштері;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділік көрсеткіштерінің электрондық түрге ауыстырылғанға дейінгі және одан кейінгі сипаттамасы, оның ішінде талап етілетін құжаттар саны, құжаттарды тапсыру үшін күту уақыты, қызмет көрсету мерзімі;

      электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың ағымдағы және жоспарланған бизнес-процесінің сипаттамасы;

      іске асырылатын электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің типі (ақпараттық, интерактивтік, транзакциялық);

      алушылар (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар) бөлінісінде іске асырылатын электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну арналары;

      ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сипаттамасы.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. БИЖ ТЭН-інің "Қаржы-экономикалық" бөлімі мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық шығасылардың есептемесі, жобаның кезеңдері, құрамдауыштары мен қаржыландыру көздері бойынша қаржыландыру қажеттіліктерін бөлу, қажет болған жағдайда, объектілерді пайдалануға беру шығыстары (іске қосу-баптау жұмыстары);

      2) пайдалану шығасыларының есептемесі;

      3) баламалы нұсқаларды талдау негізінде қаржыландыру көздерін (республикалық/жергілікті бюджет, қарыз қаражаты), шарттары мен көлемін (оның ішінде қаржыландыруды жылдарға бөле отырып) көрсете отырып, қаржыландыру схемасының негіздемесі;

      4) жобаға қатысушылардың ағымдағы қаржылық жағдайы (қажет болған жағдайда);

      5) жобаның мыналарды қамтитын қаржылық талдауы:

      өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнының, тарифтерінің, жіберу бағасының есептемесі;

      сатудан түскен кірістердің және таза пайданың есептемесі;

      ақша қаражаты ағынының жиынтық есептемесі;

      таза дисконтталған кірістің (Net present value – NPV), ішкі пайдалылық нормасының (Internal rate of return – IRR), өзін-өзі ақтаудың дисконтталған және қарапайым мерзімдерінің есептемесі;

      таза дисконтталған кірістің (NPV) және ішкі пайдалылық нормасының (IRR) негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, инвестициялық және пайдалану шығасылары) сезімталдығын талдау, жобаның шығынсыздық нүктесінің есептемесі;

      6) жобаның мыналарды қамтитын экономикалық талдауы:

      жоба іске асырылмаған жағдайда, бюджет қаражатының есебінен болжамды шығындардың есептемесін қамтитын, жобасы бар және жобасыз әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау;

      ең аз шығындарды талдау немесе шығындар тиімділігін талдау немесе жобаның экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есептемесі, оның ішінде экономикалық пайдалар мен шығындарды бағалау, экономикалық таза дисконтталған кірістің (Economic net present value – ENPV) және экономикалық ішкі кірістілік нормасының (Economic internal rate of return – EIRR) есептемесі;

      экономикалық таза дисконтталған кірістің (ENPV) және экономикалық ішкі кірістілік нормасының (EIRR) негізгі параметрлер (өткізу көлемі, инвестициялық және пайдалану шығындары) бойынша сезімталдығын талдау (осы көрсеткіштер бар болған жағдайда);

      7) пайдаланылатын ақпарат көздері.

      Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден тікелей ақша ағындарын алу болжанбайтын жобалар бойынша жобаға қаржылық талдау жүргізу талап етілмейді.

      Жобаның қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеген жағдайда, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның қаржылық-экономикалық моделінің базалық параметрлері бойынша ақпарат БИЖ ТЭН-іне қоса беріледі.

      Жобаның қаржылық тиімділік көрсеткіштерінің есептемесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Жобаның таза дисконтталған кірісінің (NPV) және ішкі пайдалылық нормасының (IRR) сезімталдығын талдау нәтижелері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Жобаның ең аз шығындарын талдау көрсеткіштері осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Жоба шығындарының тиімділігін талдауға арналған көрсеткіштер осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Жобаның экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есептемесі осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Жобаның экономикалық таза дисконтталған кірісінің (ENPV) және экономикалық ішкі кірістілік нормасының (EIRR) сезімталдығын талдау нәтижелері осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Қосымшалардағы көрсеткіштер мен есептемелер БИЖ ТЭН-інде негізделген болуға тиіс.

      Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанатын ақпараттандыру объектілері бойынша жобаның экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есептемесін, оның ішінде экономикалық пайдалар мен шығындарды бағалауды, экономикалық таза дисконтталған кірісті (ENPV) және экономикалық ішкі кірістілік нормасын (EIRR) есептеуді жүргізу қажет.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасы ұсынылған БИЖ ТЭН-інің, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның инвестициялық ұсынысқа арналған экономикалық қорытындысының және жобаның ерекшелігіне қарай талап етілетін БИЖ ТЭН-і сараптамаларының тиісті оң қорытындыларының, атап айтқанда:

      1) ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысының;

      2) салалық сараптама қорытындысының;

      3) үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанатын БИЖ ТЭН-іне ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындының негізінде жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:

      "52-1. Үкіметтік сыртқы қарыздар және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалардың құны, оның ішінде жобаны басқару, сүйемелдеу, институционалдық дамыту жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар БИЖ ТЭН-іне ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытынды құрамында ұсынылған есептемелер мен негіздемелер негізінде расталады.";

      53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Жобаның ерекшелігіне байланысты БИЖ бойынша мынадай бастапқы құжаттар талап етіледі:

      1) құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша БИЖ ТЭН-іне салалық, ведомстводан тыс кешенді сараптамалардың қорытындылары, сондай-ақ БИЖ ТЭН-ін әзірлеу тапсырмасына қоса берілетін құжаттардың көшірмелері, оның ішінде техникалық шарттар, жергілікті атқарушы органдардың жаңа объектілердің құрылысын болжайтын жобалар бойынша жер учаскелерін бөлу туралы шешімдері (қажет болған жағдайда, жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылар шығындарының, алып қойылатын алқаптардың түріне қарай ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісі ысыраптарының есептерін қоса бере отырып) және қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды болжайтын жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін тиісті құжаттардың көшірмелері талап етіледі;

      2) объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда, ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру шығындары (іске қосу-баптау жұмыстары) бойынша уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындылары талап етіледі.

      Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнуіне байланысты кідіртпей пайдалануға беруді талап ететін ірі бірыңғай энергетикалық жүйе объектілері мен техникалық күрделі атомдық және жылу энергетикалық кешен объектілері үшін іске қосу-баптау жұмыстары бойынша шығындар елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қауіп төнуі туралы растауы бар уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысында көрсетілген есептемелерге сәйкес жүзеге асырылады;

      3) инновациялық және/немесе ғарыш қызметін болжайтын жобалар бойынша салалық және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалардың қорытындылары талап етіледі;

      4) үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін жобалар бойынша ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында БИЖ ТЭН-іне қорытынды талап етіледі.

      Осы тармақта көрсетілген қорытындыларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

      54. Салалық сараптама қорытындысы:

      1) БИЖ ТЭН-інің БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаға сәйкестігін;

      2) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;

      3) БИЖ-ді іске асыру болжанатын қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларды;

      4) өнімдерге/көрсетілетін қызметке қазіргі және болжанатын сұраныстың (БИЖ өмірлік циклінің кезеңіне) немесе осы өңірде бар бәсекелестікті ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық қажеттіктің көрсеткіштерін;

      5) БИЖ-ді іске асырудан болатын пайдалар мен шығындарды бөлуді;

      6) БИЖ ТЭН-інде қабылданған технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде БИЖ-ді іске асыру кестесін бағалауды көздейді. Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанатын ақпараттандыру объектілері бойынша бағалау Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі;

      7) баға шешімдерін, оның ішінде БИЖ ТЭН-інде келтірілген инвестициялық және пайдалану шығындарының барлық құрамдауыштары бойынша баға-сапа арақатынасының оңтайлылығын, тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жоспарланып отырған бағаларды тиісті нарықтық бағалармен салыстыруды;

      8) БИЖ таңдаудың негіздемесімен қоса, проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде оны шешудің оңтайлы жолы ретінде қаралған баламалы нұсқаларды;

      9) БИЖ іске асырылған және іске асырылмаған жағдайдағы экономика салаларына (аяларына) болжамды мультипликативтік әсерді, оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын;

      10) салалық уәкілетті мемлекеттік органдардың ведомстволық нормативтеріне сәйкес объектіні пайдалануға беру шығындарының негізділігін;

      11) БИЖ іске асырылған жағдайдағы ықтимал тәуекелдерді және оларды барынша азайту жөніндегі іс-шараларды бағалауды көздейді.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. БИЖ ТЭН-іне экономикалық сараптама жүргізу кезінде БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптамалар талап етілуі мүмкін.

      Жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптамалар жүргізуді ББӘ қамтамасыз етеді.

      Қосымша сараптамаларға мыналар:

      1) ведомстводан тыс кешенді сараптама;

      2) уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысы;

      3) үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанатын БИЖ ТЭН-іне ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытынды жатады.";

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанатын жобаларды қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша ТЭН әзірлеу талап етілмейді.";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының елеулі өзгеруі себебінен, бірақ техникалық шешімдерді өзгертуге алып келмейтін, жаңа объектiлердi құруға (салуға) не бар объектiлердi реконструкциялауға бағытталған БИЖ-дің сметалық құны ұлғайған жағдайда, кейіннен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу арқылы ЖСҚ-ны түзету жүргізіледі.

      Ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының елеулі өзгеруі себебінен, бірақ техникалық шешімдерді өзгертуге алып келмейтін, ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ-дің сметалық құны ұлғайған жағдайда, инвестициялық ұсынысты түзету жүргізіледі, бұл ретте экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.

      Ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының елеулі өзгеруі себебінен, бірақ техникалық шешімдерді өзгертуге алып келмейтін, үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанатын ақпараттандыру объектілері бойынша БИЖ-дің сметалық құны ұлғайған жағдайда, ТЭН-ді түзету жүргізіледі, бұл ретте экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.

      Ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының елеулі өзгеруі себебінен, бірақ техникалық шешімдерді өзгертуге алып келмейтін, ЖСҚ әзірлеуді қажет етпейтін БИЖ-дің құны ұлғайған жағдайда, ТЭН-ді түзету жүргізіледі, бұл ретте экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аталған мәселені осы Қағидалардың 114 және 115-тармақтарында айқындалған тәртіппен тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.";

      151-тармақта:

      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ жоба бойынша құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей белгіленген қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың болмауы туралы актісі;";

      отыз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ ескіру мерзімі құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын Инвестицияларды іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджеттен тыс қаражатты қамтитын бұзушылықтардың болмауы туралы актісі;";

      елу жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ ескіру мерзімі құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын Инвестицияларды іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджеттен тыс қаражатты қамтитын бұзушылықтардың болмауы туралы актісі;";

      178-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "178. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ-нің Инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың Инвестициялар ҚЭН-ін стратегиялық және (немесе) өздері әзірлеген даму құжаттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық қорытынды дайындайды.

      Инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды Инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсері және стратегиялық және (немесе) өздері әзірлеген даму құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан дайындалады.

      Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Инвестициялардың экономикалық қорытындысы Қорытынды алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар Инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамалары негізінде дайындалады.";

      182-11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "182-11. ББӘ бюджеттік кредиттеу кезінде кредиттік шарттың тарапы болып табылады және:

      1) қаржы агенттіктерін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту жөніндегі ұйымды және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияны қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдерді (агенттерді) конкурстық негізде айқындауды;

      2) бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді жүзеге асырады.";

      182-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "182-14. Жергілікті атқарушы органдарға, қаржы агенттіктеріне, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияға бюджеттік кредиттер бойынша, сондай-ақ қарыз алушылар ретінде жергілікті атқарушы органдар түпкілікті қарыз алушыларға мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге беретін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айналыс мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесінен төмен болмайтын шамада белгіленеді.";

      6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуын бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау тәртібі";

      182-29, 182-30 және 182-31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "182-29. Қаржы агенттіктерін бюджеттік кредиттеудің және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуының орындылығын айқындау:

      1) бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын инвестициялық жобалардың тиімділігін;

      2) қарыз алушыны (мамандандырылған ұйымдарды) талдауға негізделеді.

      Бұл ретте, айналым қаражатын толықтыру үшін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау кезінде мамандандырылған ұйымдарды ғана талдау жүзеге асырылады.

      182-30. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуын республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындауы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      182-31. Қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуын бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау үшін ББӘ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бюджеттік кредиттің ҚЭН-ін ұсынады.".

      2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі