Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27338 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 30 наурыздағы
№ 28 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17726 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгі кодексінде:

      2-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) даму жоспары – акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорынның, акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бес жылдық кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;

      6) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспары – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің бес жылдық кезеңге арналған көрсеткіштерін айқындайтын құжат;";

      2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) қызметтің түйінді көрсеткіштері (индикаторлары) (бұдан әрі – ҚТК) – қоғамның, қоғамның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің қызметі тиімділігінің деңгейін сипаттайтын, олардың қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер. ҚНК қоғамның даму жоспарының және/немесе іс-шаралар жоспарының құрамында қоғам үшін бекітілетін не қоғамның әрбір қызметкері үшін сараланған түрде бекітілетін және олардың жоспарланатын және есепті кезеңдердегі қызметінің нәтижелеріне сәйкес келетін сандық мәнге ие;";

      28-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамның және ұйымдардың атқарушы органы ұйымдардың директорлар кеңесінің бекітуі үшін жіберілетін ұйымдардың іс-шаралар жоспарларының қоғамның даму жоспарына және/немесе іс-шаралар жоспарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      Қоғамның атқарушы органы даму және орнықты даму жоспарлары мәселелері бойынша ұйымның атқарушы органымен тұрақты диалогты қолдауы қажет. Бұл ретте қоғам ұйымның атқарушы органы жауапты болатын ұйымның жедел (ағымдағы) қызметіне араласуға жол бермейді.";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Қоғамның негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі Қоғамның ұзақ мерзімді құнының өсуін және орнықты дамуын қамтамасыз ету болып табылады, бұл олардың даму жоспарларында және/немесе іс-шаралар жоспарларында көрініс табады. Барлық қабылданатын шешімдер мен іс-қимылдар даму жоспарына және/немесе іс-шаралар жоспарына сәйкес келеді.

      Қоғам мен оның атқарушы органы қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі элементі ҚТК жүйесі болып табылады. Акционерлер (жалғыз акционер) директорлар кеңесіндегі өз өкілдері арқылы (не жазбаша хабарлама арқылы) стратегиялық бағдарларды және ҚТК бойынша өз үміттерін білдіреді.

      ҚТК-ға қол жеткізу мақсатында Қоғам "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес даму жоспарын және/немесе іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

      Жыл сайынғы негізде қоғамның ҚНК қол жеткізуін бағалау жүзеге асырылады. Бұл бағалау атқарушы органдардың басшысы мен мүшелерінің сыйақысына әсер етеді, оларды қайта сайлау кезінде назарға алынады, сондай-ақ оларды атқаратын лауазымынан мерзімінен бұрын шеттету үшін негіздердің бірі болып табылады.

      Даму жоспарында және/немесе іс-шаралар жоспарында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалау мақсатында ұйымдарға мынадай процестер арқылы ҚТК белгіленеді:

      1) Қоғам директорлар кеңестеріндегі өз өкілдеріне жоспарланатын кезеңге арналған ұйымдардың нысаналы ҚНК бойынша өз үміттерін жібереді, оларды олар ұйымдардың директорлар кеңестерінің қарауына енгізеді;

      2) ұйымның директорлар кеңесінің қарауы мен талқылауының қорытындылары бойынша ҚНК тізбесі және нысаналы мәндері бекітіледі, олар тиісті он жылдық кезеңге даму стратегиясын және/немесе бес жылдық кезеңге даму жоспарларын әзірлеу үшін ұйымның атқарушы органына жеткізіледі;

      3) компанияның іс-шаралар жоспарын ұйымдардың директорлар кеңесі бекітеді.

      30. Қоғам акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлесі) қоғамға тиесілі ұйымдардың даму жоспарларын және/немесе іс-шаралар жоспарларын әзірлеудің, бекітудің, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеудің және бағалаудың бірыңғай қағидаларын бекітеді.

      Қоғамның атқарушы органы даму жоспарларының және/немесе іс-шаралар жоспарының және ұйымның ҚНК орындалуына мониторинг жүргізеді.

      Мониторинг нәтижелері және іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есептер Қоғамның құжаттарында айқындалған тәртіппен Қоғамның қызметті жоспарлау, мониторингтеу және бағалау жөніндегі ақпараттық жүйесіне енгізіледі.";

      69-тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) даму жоспарын айқындау (бағыттары мен нәтижелері);

      2) даму жоспарында және/немесе іс-шаралар жоспарында белгіленетін ҚНК-ны қою және мониторингтеу;";

      71-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамның жалғыз акционері даму жоспарының мәселелерін, Қоғам басқармасының бірінші басшысын сайлауды және қоғамның ұзақ мерзімді құнының өсуіне және орнықты дамуына әсер ететін басқа да аспектілерді талқылау үшін директорлар кеңесінің төрағасымен және мүшелерімен қосымша отырыстар өткізе алады. Мұндай отырыстар алдын ала жоспарланады және бекітілген рәсімдерге сәйкес өткізіледі.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Қоғамның директорлар кеңесінің сандық құрамын акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер) айқындайды. Қоғамның директорлар кеңесінің құрамы қызмет ауқымын, бизнестің қажеттіліктерін, ағымдағы міндеттерді, даму жоспарын және/немесе іс-шаралар жоспарын және қаржылық мүмкіндіктерді ескере отырып, жеке белгіленеді.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Директорлар кеңесі мүшесінің сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде директорлар кеңесі мүшелерінің міндеттері, Қоғам қызметінің ауқымы, даму жоспарында айқындалатын ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттер, директорлар кеңесі қарайтын мәселелердің күрделілігі, жеке сектордың ұқсас компанияларындағы сыйақы деңгейі (бенчмаркинг, сыйақыларды шолу) назарға алынады.

      Мемлекеттік қызметшілер болып табылатын акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестерінің және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқау кеңестерінің мүшелеріне сыйақы төленбейді.";

      120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "120. Маңызды мәселелер тізбесі, оның ішінде даму жоспарын және/немесе іс-шаралар жоспарын, басқарма басшысы мен мүшелері үшін ҚНК, жылдық есепті және басқа заңды тұлғаларды құруға қатысуды қамтиды.";

      161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "161. Басқарма директорлар кеңесіне есеп береді және Қоғамның күнделікті қызметіне басшылықты жүзеге асырады, даму жоспарының және/немесе директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған іс-шаралар мен шешімдер жоспарының іске асырылуына жауапты болады.";

      167-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "167. Басқарма директорлар кеңесінің басшылығымен қоғамның даму жоспарын және/немесе іс-шаралар жоспарын әзірлейді.";

      168 және 169-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "168. Директорлар кеңесі Қоғам басқармасының қызметін бақылауды жүзеге асырады. Бақылау басқарманың директорлар кеңесіне орта мерзімді іс-шаралар жоспарларының орындалуы және тоқсанына кемінде бір рет қол жеткізілген нәтижелер мәселелері бойынша тұрақты есеп беруі және басқарманы тыңдауы арқылы жүзеге асырылады.

      169. Басқарма бетпе-бет отырыстар өткізеді және даму жоспарын және/немесе іс-шаралар жоспарын, акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысының, директорлар кеңесінің шешімдерін және операциялық қызметті іске асыру мәселелерін талқылайды. Басқарма отырыстары тұрақты негізде өткізіледі. Сырттай отырыстар өткізу жағдайлары шектеулі және Қоғамның Жарғысы мен ішкі құжаттарында айқындалған.

      170-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "170. Басқарма күнтізбелік жыл басталғанға дейін мәселелер тізбесімен бірге алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын қалыптастырады. Басқарма мүшелері тиісті сападағы қарауға арналған материалдармен алдын ала қамтамасыз етіледі. Даму жоспары және/немесе іс-шаралар жоспары, инвестициялық жобалар, тәуекелдерді басқару сияқты мәселелерді қарау кезінде бірнеше отырыс өткізуге жол беріледі.";

      190-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) орнықты дамудың тәуекелдерді басқаруды, жоспарлауды, адам ресурстарын басқаруды, инвестицияларды, есептілікті, операциялық қызметті және басқаларды қоса алғанда, түйінді процестерге, сондай-ақ даму жоспарына және шешімдер қабылдау процестеріне интеграциялануы;";

      192-тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) даму жоспары;

      3) тәуекелдерді басқаруды, жоспарлауды (ұзақ мерзімді (даму жоспары), орта мерзімді (бесжылдық іс-шаралар жоспары) және қысқа мерзімді (жылдық бюджет) кезеңдерді) қоса алғанда, есептілік, тәуекелдерді басқару, адам ресурстарын басқару, инвестициялар, операциялық қызмет және басқалар, сондай-ақ органдардан бастап барлық деңгейлерде (акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер), директорлар кеңесі, басқарма) шешімдер қабылдау процестеріне қатысып, қатардағы жұмыскерлердің шешімдерін аяқтайтын негізгі процестер болып табылады.";

      244-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) даму жоспары және/немесе іс-шаралар жоспары (стратегиялық мақсаттар); қызметтің басым бағыттары туралы;";

      247-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қоғам туралы: жалпы мәліметтер; мынадай: шығарылған акциялардың (қатысу үлестерінің) саны мен номиналдық құны, акциялар беретін құқықтардың сипаттамасы, жарияланған, бірақ орналастырылмаған акциялардың саны мен номиналдық құны, акционерлердің (қатысушылардың) құрамы және оларға тиесілі жай акциялардың (қатысу үлестерінің) саны мен үлесі, меншік құқықтарына билік ету тәртібі; миссиясы; даму жоспары, оны іске асыру нәтижелері; нарыққа шолу және нарықтағы жағдайы сияқты мәліметтерді қоса алғанда, жарғылық капиталдың құрылымы туралы;".

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.