БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларында:
174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"174. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасы фактісі расталған кезде артық төленген соманы қайтару бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органнан алынған төлем құжаттарының деректері негізінде жүзеге асырылады.";
205-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"205. Салық тексеруі актісіне есепке жатқызылатын ҚҚС-тың бюджеттен қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып кету сомаларының анықтығын растау жөніндегі актіге қорытындыға қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығын растағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы ОБДО АЖ-да берешектің жоқ (бар) екендігі туралы құжатты есептер сальдосы бойынша есепті қалыптастырады.".
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |