ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 1. Осы Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 23-14) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 75 және 91-баптарына сәйкес әзірленді және құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру, рұқсат беру рәсімдерінен өту қатынастарын реттейді және "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік қызметттерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО), инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлердің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бақылау және қадағалау органдарының, инженерлік инфрақұрылым желілерін қоса алғанда, құрылыс салу және/немесе реконструкциялау объектілеріне меншік нысанына қарамастан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік объектілері меншік иелерінің оларды пайдалану және ұстау бөлігінде, оның ішінде қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу кезінде қолданылады.";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі елді мекендердің аумағында құрылыс салудың жай-күйі туралы өзекті ақпарат қалыптастыру мақсатында жаңартылуы және өзгертілуі тұрақты негізде жүзеге асырылатын кезекші топографиялық жоспар (коммуникациялар, топографиялық түсірілімдер, үйлер мен ғимараттар) жүргізеді.
11. Кезекші топографиялық жоспардың ақпараты және (немесе) мәліметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11111 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіледі және жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде ұсынылады, не интернет-портал арқылы кезекші топографиялық жоспарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимарттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөніндегі жобаларды іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу (қажет болған жағдайда);
2) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін жобаларды жобалау және сараптау;
3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
4) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) (бір функционалдық мақсат шеңберінде) лицензиясы бар тұлғалар орындаған техникалық жоба негізінде жүзеге асырылады. ЖАО-ның шешімін алу, жобалау және сараптамадан өту талап етілмейді.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимарттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:
1) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімі;
2) СЖТ;
3) техникалық шарттар (өтініш берушімен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағын беру кезінде (бұдан әрі – сауалнама парағы));
4) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары (өтініш берушінің сауалнама парағын беру кезінде).";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. 1-ші мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну/тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну туралы мынадай құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды:
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 1-топтама), СЖТ және техникалық шарттарды (бұдан әрі – 2-топтама) алу үшін:
1) жер учаскесіне құқығын белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағының электрондық көшірмесі (техникалық шарттарды алған жағдайда).
тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 3-топтама) алу үшін:
1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмелері немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыс хаттамасы (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда, кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді);
2) өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшірмесі (болған жағдайда);
3) сауалнама парағының электрондық көшірмесі (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);
4) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);
5) техникалық жобаның электрондық көшірмесі (құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған);
6) егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайларымен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімнің электрондық көшірмелері қосымша қоса беріледі (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді).
Өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің мүдделері, егер үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлардың (үй бөліктерінің) бірлескен шекарасын қозғаған жағдайда, сондай-ақ, тұру кезінде санитариялық, экологиялық, өртке қарсы шарттар нашарлаған жағдайларда ескеріледі. Өзге жағдайларда өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің бас тартуына жол берілмейді.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Жоспарланған құрылыс бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге сауалнама парағын және сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды алу үшін ахуалдық схеманы жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай құжаттарды қатар дайындайды:
1-топтама бойынша – егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірмесін, тік жоспарлау белгілерін, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын;
3-топтама бойынша – тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімін.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай мерзімде жібереді:
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер үшін 2 (екі) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні;
сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден:
1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған;
2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда бас тартуға жол беріледі.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге қызметтерді ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуатының тапшылығы, желілердің немесе өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені есептеулермен қоса береді.
мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
"39-1. Осы Қағидалардың 41-тармағында және 1-ші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.";
40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"40. 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша құжаттарды қарау нәтижесінде осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды:
1-топтама бойынша – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;
2-топтама бойынша – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ және техникалық шарттар;
3-топтама бойынша – тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімі, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ, техникалық шарттар (өтініш беруші сауалнама парағын беру кезінде), сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде);
дәлелді бас тарту.
1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушімен өтініш берушінің "жеке кабинетіне" ЭЦК-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
41. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша 1-ші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) бекітілген бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының немесе елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемасының (қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялаудан (қайта жоспарлаудан, қайта жабдықтаудан) басқа) болмауы;
4) жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемасына сәйкес келмеуі;
Бас тарту үшін осы негіздеме жаңа немесе бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемасына өзгерістер енгізу нәтижесінде туындаған өтініш берушінің жер учаскесін нысаналы мақсаты, оның ішінде реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бойынша құқықтарын одан әрі іске асыру мүмкін болмаған жағдайда қолданылмайды.
5) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған кезде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызметтерді жеткізушінің бас тартуы;
6) Заңның 17-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуы;
7) лицензиясы бар тұлғалар орындаған техникалық жобаның осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған құрамы мен мазмұнына сәйкес келмеуі, қолда бар ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларының (жекелеген бөліктерін) тағайындалуына қойылатын талаптар кешенін, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын көздемейді.
Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.
Өтініш беруші 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалау бойынша 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
СЖТ және техникалық шарттарды ұсынуға – 6 (алты) жұмыс күні;
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды ұсынуға – 15 (он бес) жұмыс күні.
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалау бойынша 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
СЖТ және техникалық шарттарды ұсынуға – 15 (он бес) жұмыс күні;
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды ұсынуға – 17 (он жеті) жұмыс күні.
Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолда бар ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну бойынша 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.
1-ші мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелді бас тартуды ұсыну мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.";
45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
46. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша 2-ші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) эскиздің (эскиздік жобаның) осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған құрамы мен мазмұнына сәйкес келмеуі;
4) эскиздің (эскиздік жобаның) тағайындалынуға қойылатын талаптар кешеніне сәйкес келмеуі;
5) эскиздің (эскиздік жобаның) негізгі параметрлерге сәйкес келмеуі;
6) эскиздің (эскиздік жобаның) объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына сәйкес келмеуі;
7) эскиздің (эскиздік жобаның) көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге сәйкес келмеуі;
8) эскиздің (эскиздік жобаның) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмеуі.
Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.
Өтініш беруші 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес.";
мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:
"54-1. Осы Қағидалардың 54-тармағында және 2-ші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жолданады.";
58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
59. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Жеке тұрғын үй құрылысы екі қабаттан биік жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес жүзеге асырылады.
Екі қабаттан биік жеке тұрғын үй құрылысы міндетті сараптамаға жататын жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде меншік иесі салынған объектіні пайдалануға беру актісінің бұрын берілген техникалық жобаға сәйкестігін жобалаушымен дербес келісім жүргізеді.";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінде есепке алынған және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматты ақпараттық жүйесіне енгізілген объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органда объектiнi тiркеу үшiн негiз болып табылады.";
1, 3, 4, 5 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар алу туралы өтініш
Өтініш берушінің аты:____________________________________________
____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: _____________________________________________________
Телефоны:______________________________________________________
Тапсырыс беруші: ________________________________________________
Жобаланатын объектінің атауы:____________________________________
____________________________________________________________________
Жобаланатын объектінің мекенжайы:________________________________
____________________________________________________________________
Сізден
1-топтама. Жаңа құрылысқа бастапқы материалдар (СЖТ, тік жоспарлау белгілерін, егжей-
тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең
қималарын, техникалық шарттарды (бұдан әрі –ТШ), сыртқы инженерлік желілер
трассасының схемаларын);
2-топтама. СЖТ және ТШ;
3-топтама. Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін)
реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар (тіреу
және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге
байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін)
реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), СЖТ, ТШ,
сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
күні: 20__ жылғы "__" _______________
Тапсырды: __________________________
Қолы
бұйрыққа 2-қосымша Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 3-қосымша |
Эскиздің (эскиздік жобаның), техникалық жобаның құрамы мен мазмұны
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйым әзірлеген жаңа құрылыс объектілері үшін жобалау алдындағы сатыда әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның), сондай-ақ тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты және/немесе қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап ететін реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін техникалық жобаның құрамы мен мазмұны:
1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;
2. 1:500; 1:1000 (аталғанның бірі) масштабындағы объектінің бас жоспары;
3. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы сыртқы әрлеудің ведомосімен қоса, қасбеттер;
4. 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы үй-жайлардың экспликациясы бар қабаттардың жоспары, бөліністер;
5. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы шатыр жоспары;
6. Инженерлік желілердің жоспарлары;
7. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімін таңдау, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштері (сыйымдылығы, өткізу қабілеті, қуаты, құрылыс көлемі, ғимараттың, құрылыс алаңының, көгалдандырылған және абаттандырылған учаске аумағының жалпы және пайдалы алаңы, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсі) келтірілген абаттандыру мен көгалдандыру элементтері сипатталған жалпы деректер.
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты емес және/немесе қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап етпейтін реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін әзірленетін техникалық жобаның құрамы мен мазмұны:
1. Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) дейінгі үй-жайлардың жоспарлары;
2. Реконструкциялаудан (қайта жоспарлаудан, қайта жабдықтаудан) кейінгі үй-жайлардың жоспарлары;
3. Қолданыстағы объектінің сыртқы бейнесі (қасбеттері) өзгерген жағдайдағы қасбет;
4. Ғимараттардың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімді таңдау сипатталған жалпы деректер.
Тиісті лицензиясы бар тұлға немесе жобалау ұйымы әзірлеген елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері үшін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:
1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;
2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің күндізгі және түнгі бейнесі;
3. Конструктивтік шешімдер;
4. Инженерлік қамту бойынша шешім;
5. Негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен түсіне қатысты шешімінің таңдауы сипатталған жалпы деректер.
Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген инженерлік желілер эскизінің (эскиздік жобасының) құрамы мен мазмұны:
1. Масштабтағы ситуациялық жоспар 1:1000; 1:2000; 1:5000 (тізімдердің бірі);
2. Жобаланатын және қолданыстағы (сақталатын және бұзылуға жататын) үйлер, ғимараттар, өзге де құрылыстар, инженерлік және көлік коммуникациялары, абаттандыру элементтері және көпжылдық жасыл екпелер салынатын бас жоспар;
3. Инженерлік желілердің жоспарлары;
4. Инженерлік желілердің профильдері;
5. Құрылымдық және құрылыс шешімдері;
6. Ерекшеліктер;
7. Инженерлік желілер мен коммуникацияларды орналастыру (төсеу) жөніндегі негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, материалдарды таңдау, пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі инженерлік-техникалық іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштерін (өткізу қабілеті, қуаты, көлемі, ұзындығы, құрылыс алаңы, көгалдандырылған және абаттандырылған учаскелер, материалдар) келтіре отырып, учаскені абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар баяндалған жалпы деректер.
бұйрыққа 3-қосымша Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 4-қосымша |
Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2. | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары | "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі: |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі - 1-топтама) алу бойынша – СЖТ, тік жоспарлау белгілерін, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірмесі, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттар, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларының электрондық көшірмелері; |
6. |
мемлекеттік қызмет көрсету кезде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері | тегін |
7. | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) 1 және 2-топтамалар бойынша: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Бас тарту негіздері: |
10. | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар |
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
бұйрыққа 4-қосымша Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
"Бекітемін" "Утверждаю" (қаланың, ауданның) бас сәулетшісі Главный архитектор (города, района) ________________ Тегі, аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында) (бұдан әрі – Т.А.Ә. ) Фамилия, имя, отчество (при его наличии) (далее – ФИО) |
Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) Архитектурно-планировочное задание на проектирование (АПЗ)
№_______ от "____"_____________20____ года | |
20____ жылғы "____"____________ №_______ |
Объектінің атауы:_______________________________________________________________
Наименование объекта:
_____________________________________________________________________________
Тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор): ______________________________________
Заказчик (застройщик, инвестор): Қала (елді мекен), жыл
_______________________________________________________ Населенный пункт, год
Р/с № | Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзірлеу үшін негіздеме |
Қала (аудан) әкімдігінің қаулысы немесе құқық белгілейтін құжат №_______ _________ (күні, айы, жылы) |
Постановление акимата города (района) или правоустанавливающий документ №_______ от_________ (число, месяц, год) | ||
Основание для разработки архитектурно-планировочного задания (АПЗ) | ||
1 | Учаскенің сипаттамасы | |
Характеристика участка | ||
1.1 | Местонахождение участка | Қала, аудан, шағын аудан, ауыл, орам |
Учаскенің орналасқан жері | Город, район, микрорайон, аул, квартал | |
1.2 | Салынған құрылыстың болуы (учаскеде бар құрылыстар мен үй салу, оның ішінде коммуникациялар, инженерлік құрылғылар, абаттандыру элементтері және басқалары) | Қысқаша сипаттамасы |
Краткое описание | ||
Наличие застройки (строения и сооружения, существующие на участке, в том числе коммуникации, инженерные сооружения, элементы благоустройства и другие) | ||
1.3 | Геодезиялық зерделенуі (түсірілімдердің болуы, олардың масштабтары) | Қысқаша сипаттамасы |
Краткое описание | ||
Геодезическая изученность (наличие съемок, их масштабы) | ||
1.4 | Инженерлік-геологиялық зерделенуі (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-ботаникалық және басқа іздестірулердің қолда бар материалдары) | Қысқаша сипаттамасы |
Краткое описание | ||
Инженерно-геологическая изученность (имеющиеся материалы инженерно-геологических, гидрогеологических, почвенно-ботанических и других изысканий) | ||
2 | Жобаланатын объектінің сипаттамасы | |
Характеристика проектируемого объекта | ||
2.1 | Объектінің функционалдық мәні | Қысқаша сипаттамасы |
Краткое описание | ||
Функциональное значение объекта | ||
2.2 | Қабаттылығы | Қысқаша сипаттамасы |
Этажность | Краткое описание | |
2.3 | Жоспарлау жүйесі | Объектінің функционалдық мәнін ескере отырып, жоба бойынша |
Планировочная система | ||
По проекту с учетом функционального назначения объекта | ||
2.4 | Конструктивті схема | Жоба бойынша |
Конструктивная схема | По проекту | |
2.5 | Инженерлік қамтамасыз ету | Қысқаша сипаттамасы |
Инженерное обеспечение | Краткое описание | |
2.6 | Энергия тиімділік сыныбы | Қысқаша сипаттамалары бар нормативтік |
Класс энергоэффективности | Нормативное с краткими описаниями | |
3 | Қала құрылысы талаптары | |
Градостроительные требования | ||
3.1 | Көлемдік-кеңістіктік шешім | Учаске бойынша іргелес объектілермен байланыстыру |
Увязать со смежными по участку объектами | ||
Объемно-пространственное решение | ||
3.2 | Бас жоспар жобасы: | Жанасатын көшелердің тік жоспарлау белгілерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, Қазақстан Республикасы құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес |
Проект генерального плана: | ||
В соответствии ПДП, вертикальных планировочных отметок прилегающих улиц, требованиям строительных нормативных документов Республики Казахстан | ||
тік жоспарлау | Іргелес аумақтардың жоғары белгілерімен байланыстыру | |
вертикальная планировка | ||
Увязать с высотными отметками прилегающей территории | ||
абаттандыру және көгалдандыру |
Қысқаша сипаттамалары бар нормативтік | |
благоустройство и озеленение | ||
автомобильдер тұрағы |
Қысқаша сипаттамалары бар нормативтік | |
парковка автомобилей | ||
топырақтың құнарлы қабатын пайдалану | Қысқаша сипаттамасы | |
Краткое описание | ||
использование плодородного слоя почвы | ||
шағын сәулет нысандары | Қысқаша сипаттамасы | |
малые архитектурные формы | Краткое описание | |
жарықтандыру | Қысқаша сипаттамасы | |
освещение | Краткое описание | |
4 | Сәулет талаптары | |
Архитектурные требования | ||
4.1 | Сәулеттік келбетінің стилистикасы | Объектінің функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес сәулеттік келбетін қалыптастыру |
Стилистика архитектурного образа | Сформировать архитектурный образ в соответствии с функциональными особенностями объекта | |
4.2 | Қоршап тұрған құрылыс салумен өзара үйлесімдік сипаты | Объектінің орналасқан жеріне және қала құрылысы мәніне сәйкес |
Характер сочетания с окружающей застройкой | В соответствии с местоположением объекта и градостроительным значением | |
4.3 | Түсіне қатысты шешім | Келісілген эскиздік жобаға сәйкес |
Цветовое решение | Согласно согласованному эскизному проекту | |
4.4 | Жарнамалық-ақпараттық шешім, оның ішінде: | "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңының 21-бабына сәйкес жарнамалық-ақпараттық қондырғыларды көздеу |
Рекламно-информационное решение, в том числе: | ||
Предусмотреть рекламно-информационные установки согласно статье 21 Закона Республики Казахстан от 11 июля 1997 года "О языках в Республике Казахстан" | ||
түнгі жарықпен безендіру | Қысқаша сипаттамасы | |
ночное световое оформление | Краткое описание | |
4.5 | Кіреберіс тораптар | Кіреберіс тораптарға назар аударуды ұсыну |
Входные узлы | Предложить акцентирование входных узлов | |
4.6 | Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының өмір сүруі үшін жағдай жасау | Іс-шараларды Қазақстан Республикасы құрылыстық нормативтік құжаттарының нұсқаулары мен талаптарына сәйкес көздеу; мүгедектердің ғимаратқа қолжетімділігін көздеу, пандустар, арнайы кірме жолдар мен мүгедектер арбаларының өту жолдарын көздеу |
Создание условий для жизнедеятельности маломобильных групп населения | ||
Предусмотреть мероприятия в соответствии с указаниями и требованиями строительных нормативных документов Республики Казахстан; предусмотреть доступ инвалидов к зданию, предусмотреть пандусы, специальные подъездные пути и устройства для проезда инвалидных колясок | ||
4.7 | Дыбыс-шу көрсеткіштері бойынша шарттарды сақтау | Қазақстан Республикасы құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес |
Соблюдение условий по звукошумовым показателям | Согласно требованиям строительных нормативных документов Республики Казахстан | |
5 | Сыртқы әрлеуге қойылатын талаптар | |
Требования к наружной отделке | ||
5.1 | Цоколь | Қысқаша сипаттамасы |
Цоколь | Краткое описание | |
5.2 | Қасбет | Қысқаша сипаттамасы |
Қоршау конструкциялары | Краткое описание | |
Фасад | ||
Ограждающие конструкции | ||
6 | Инженерлік желілерге қойылатын талаптар | |
Требования к инженерным сетям | ||
6.1 | Жылумен жабдықтау | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
Теплоснабжение | ||
Согласно техническим условиям (№ __и дата выдачи технических условий (далее - ТУ) | ||
6.2 | Сумен жабдықтау | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
Водоснабжение | Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) | |
6.3 | Кәріз | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
Канализация | ||
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) | ||
6.4 | Электрмен жабдықтау | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
Электроснабжение | ||
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) | ||
6.5 | Газбен жабдықтау | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
Газоснабжение | ||
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) | ||
6.6 | Телекоммуникациялар және телерадиохабар | Техникалық шарттарға (ТШ №__ және берілген күні) және нормативтік құжаттарға сәйкес |
Телекоммуникации и телерадиовещания | Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) и требований нормативным документам | |
6.7 | Дренаж (қажет болған жағдайда) және нөсерлік кәріз | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
Дренаж (при необходимости) и ливневая канализация | Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) | |
6.8 | Стационарлы суғару жүйелері | Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
Стационарные поливочные системы | Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ) | |
7 | Құрылыс салушыға жүктелетін міндеттемелер | |
Обязательства, возлагаемые на застройщика | ||
7.1 | Инженерлік іздестірулер бойынша | Жер учаскесін игеруге инженерлік-геологиялық зерттеуді өткізгеннен, геодезиялық орналастырылғаннан және оның шекарасы нақты (жергілікті жерге) бекітілгеннен кейін кірісу |
По инженерным изысканиям | ||
Приступать к освоению земельного участка разрешается после проведения инженерно-геологического исследования, геодезического выноса и закрепления его границ в натуре (на местности) | ||
7.2 | Қолданыстағы құрылыстар мен имараттарды бұзу (көшіру) бойынша По сносу (переносу) существующих строений и сооружений |
Қажет болған жағдайда қысқаша сипаттамасы |
7.3 | Жер асты және жер үсті коммуникацияларын ауыстыру бойынша | Ауыстыру (орналастыру) туралы техникалық шарттарға сәйкес не желілер мен құрылыстарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу |
По переносу существующих подземных и надземных инженерных коммуникаций | Согласно техническим условиям на перенос (вынос) либо на проведения мероприятия по защите сетей и сооружений | |
7.4 | Жасыл көшеттерді сақтау және/немесе отырғызу бойынша По сохранению и/или пересадке зеленых насаждений |
Қысқаша сипаттамасы |
7.5 | Учаскенің уақытша қоршау құрылысы бойынша По строительству временного ограждения участка |
Қысқаша сипаттамасы |
8 | Қосымша талаптар |
1.Ғимараттағы ауа баптау жүйесін жобалау кезінде (жобада орталықтандырылған суық сумен жабдықтау және ауа баптау көзделмеген жағдайда) ғимарат қасбеттерінің сәулеттік шешіміне сәйкес жергілікті жүйелердің сыртқы элементтерін орналастыруды көздеу қажет. Жобаланатын ғимараттың қасбеттерінде жергілікті ау баптау жүйелерінің сыртқы элементтерін орналастыруға арналған жерлерді (бөліктер, маңдайшалар, балкондар және т.б.) көздеу қажет. |
Дополнительные требования | ||
1. При проектировании системы кондиционирования в здании (в том случае, когда проектом не предусмотрено централизованное холодоснабжение и кондиционирование) необходимо предусмотреть размещение наружных элементов локальных систем в соответствии с архитектурным решением фасадов здания. На фасадах проектируемого здания предусмотреть места (ниши, выступы, балконы и т.д.) для размещения наружных элементов локальных систем кондиционирования. | ||
9 | Жалпы талаптар | 1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алуы қажет. |
Общие требования | ||
2. Қаланың (ауданның) бас сәулетшісімен келісу: | ||
- эскиздік жоба (жаңа құрылыс кезінде). | ||
3. Құрылыс жобасына сараптама жүргізу (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамамен белгілінген жағдайда). | ||
4. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарлама беру. | ||
5. Салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру. (қабылдау түрі). | ||
1. При разработке проекта (рабочего проекта) необходимо руководствоваться нормами действующего законодательства Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности. | ||
2. Согласовать с главным архитектором города (района): | ||
- Эскизный проект (при новом строительстве). | ||
3. Провести экспертизу проекта строительства (в случаях, установленных законодательством Республики Казахстан в сфере архитектурной и строительной деятельности). | ||
4. Подать уведомление о начале строительно-монтажных работ. | ||
5. Приемка и ввод в эксплуатацию построенного объекта (тип приемки). |
Ескертпелер:
Примечания:
1. Жер учаскесін таңдау актісі негізінде СЖТ берілсе, СЖТ жер учаскесіне тиісті құқық туындаған кезден бастап күшіне енеді.
СЖТ және ТШ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативтік ұзақтығының мерзімі шегінде қолданылады.
В случае предоставления АПЗ на основании акта выбора земельного участка, АПЗ вступаетв силу с момента возникновения соответствующего права на земельный участок.
АПЗ и ТУ действуют в течение всего срока нормативной продолжительности строительства, утвержденного в составе проектной (проектно-сметной) документации.
2. СЖТ шарттарын қайта қарауды талап ететін жағдайлар туындаған кезде, оған өзгерістерді тапсырыс берушінің келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.
В случае возникновения обстоятельств, требующих пересмотра условий АПЗ, изменения в него вносятся по согласованию с заказчиком.
3. СЖТ-да жазылған талаптар мен шарттар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан инвестициялық процестің барлық қатысушылары үшін міндетті.
Требования и условия, изложенные в АПЗ, обязательны для всех участников инвестиционного процесса независимо от форм собственности и источников финансирования.
4. Тапсырыс берушінің СЖТ-да қамтылған талаптармен келіспеуі сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.
Несогласие заказчика с требованиями, содержащимися в АПЗ, обжалуется в судебном порядке.
бұйрыққа 5-қосымша Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына 7-қосымша |
"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік қызмет стандарты | ||
1. | Қызметті берушінің атауы | Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары. |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі | "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық түрде (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
электрондық хат – эскизді (эскиздік жобаны) келісу не осы стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | тегін |
7. | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
осы Қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |