"Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
министірдің м.а. | Ш. Каринова |
министірдің м.а. 2022 жылғы 17 наурыздағы № 101 бұйрығымен бекітілген |
Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімдеу орталығы) (бұдан әрі – Жасөспірімдер үйі) туралы үлгі қағидалар "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағы мен "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және олардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жасөспірімдер үйлері қызметінің тәртібі, сондай-ақ "Құжаттарды қабылдау және жасөспірімдер үйлеріне қабылдау" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2- тарау. Жасөспірімдер үйлері қызметінің тәртібі
2. Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен Жасөспірімдер үйі мемлекеттік мекеме нысанындағы дербес заңды тұлға ретінде құрылады және жұмыс істейді.
3. Жасөспірімдер үйі әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдардың тәрбиеленуіне, білім алуына, мамандық таңдауына көмек көрсетуге және дербес өмірге дайындалуына жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
4. Жасөспірімдер үйі балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігімен, қорғаншылық және қамқоршылық, білім беру органдарымен, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйі қорғаншылық және қамқоршылық, білім беру органдарымен, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
5. Жасөспірімдер үйін басқаруды балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкімшілігінің ұсынуы бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Жасөспірімдер үйінің директорымен бірлесіп жүзеге асырады. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі мен Жасөспірімдер үйі директорының өзара іс-қимылы Жарғымен айқындалады.
Дербес тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйін басқаруды "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) сәйкес лауазымға тағайындалатын жасөспірімдер үйінің директоры жүзеге асырады.
6. Алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат жанындағы Жасөспірімдер үйіне қабылдау аталған ұйым басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйіне қабылдау Жасөспірімдер үйі директорының бұйрығымен жүргізіледі.
8. Балалар ауылдарының тәрбиеленушісін немесе балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлегін әлеуметтік бейімделуден өту үшін қабылдау кезінде жасөспірімдер үйінің әкімшілігі оны Жасөспірімдер үйінде тұру қағидаларымен, оның құқықтары мен міндеттерімен таныстырады.
9. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың жанындағы Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдардың мүдделерін осы ұйымдардың әкімшілігі білдіреді және қорғайды.
10. Әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдар өз табысына, стипендиясына, жәрдемақыларына, өзге де әлеуметтік төлемдерге және өздері жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне дербес иелік етеді, сондай-ақ ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасайды.
11. Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдарды өз табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеуі немесе одан айыруы мүмкін.
12. Әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдардың құқықтары мен міндеттері балалар ауылының әкімшілігі, балалар үйі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат пен түлек (тәрбиеленуші) арасында жасалған Жасөспірімдер үйінде бағып-күту туралы "Отбасы үлгісіндегі балалар мен жасөспірімдер ауылдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 583 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1629 болып тіркелген) үлгі шарт негізінде айқындалады.
Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдардың құқықтары мен міндеттері жасөспірімдер үйінің әкімшілігі мен балалар ауылының тәрбиеленушісі немесе балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлегі арасында жасалған Жасөспірімдер үйінде күтіп-бағу туралы шарт негізінде айқындалады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Ескерту. Қағидалар 3-тараумен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. "Құжаттарды беру және жасөспірімдер үйлеріне қабылдау" осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының тәрбиеленушілеріне және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балаларды қолдау орталықтарының түлектеріне жасөспірімдер үйлері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды тапсыру және жасөспірімдер үйлеріне қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
15. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Қызмет беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, "Наркология" психикалық денсаулық орталығы мен "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтерді "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
16. Құжаттарды тексеру нәтижесі бойынша қызмет көрсетуші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде қызмет алушыны Жасөспірімдер үйіне қабылдау туралы бұйрық шығарып, Жасөспірімдер үйінде тұру туралы шарттың жасалғаны туралы хабарламаны береді.
Жасөспірімдер үйінде тұру туралы шарттың жасалғаны туралы хабарлама қызмет берушінің кеңсесі (канцеляриясы) арқылы қолма қол беріледі.
Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымнын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша қызмет беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешімді не дәлелді бас тартуды жібереді.
17. Құжаттарды қарау және Жасөспірімдер үйінде тұру туралы шарттың жасалғаны туралы хабарламаны алу бойынша жалпы мерзім 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
18. Қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің сатысы туралы мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес енгізуді қамтамасыз етеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. Қағидалар 4-тараумен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдану нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Жасөспірімдер үйі туралы үлгілік қағидаларға 1-қосымша |
"Құжаттарды қабылдау және Жасөспірімдер үйіне қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Жасөспірімдер үйі |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсетутәсілдері | көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз жүзінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жасөспірімдер үйіне қабылдау туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) еркін нысандағы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777. |
Өтініш
Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.08.2025 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мені ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
"___" _________________ туған жылы, Жасөспірімдер үйінде тұру үшін, өйткені мен отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушісі, арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының түлегі (қажеттісін атап өту керек) тіркеуді сұраймын. Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес "Құжаттарды қабылдау және Жасөспірімдер үйіне қабылдау" мемлекеттік қызметін алу үшін менің жеке қажетті деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.
"____"____________________ ___________ (күні) (қолы)