"Сәйкестік аудиті" ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 ақпанда № 26715 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Сәйкестік аудиті" ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитеті

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 1 ақпандағы
№ 113 Бұйрығымен
бекітілген

"Сәйкестік аудиті" ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандарты

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Сәйкестік аудиті" "Сәйкестік аудиті" ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі – ішкі мемлекеттік аудит органдары) жүзеге асыратын сәйкестік аудитін жүргізудің мақсатын, міндеттерін, негізгі кезеңдерін, рәсімдерін, әдістерін, сондай-ақ оларға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды.

      Стандарт "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Стандарттың күші ішкі мемлекеттік аудит органдарының мемлекеттік аудиторларына, мемлекеттік аудитордың ассистенттеріне, сондай-ақ тартылатын сарапшыларға, мемлекеттік органдардың және (немесе) оның аумақтық және ведомстволық бөлімшелерінің, аудиторлық ұйымдардың мамандарына қолданылады.

      3. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      базалық өлшемшарттар - сәйкестік аудитін жүргізу кезінде оның бағыттары мен мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне қарамастан пайдаланылатын көрсеткіштер;

      өлшемшарттар - негізделген және қол жеткізуге болатын эталондық нормалар, олардың негізінде мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің нормаларын сақтауы тексерілетін көрсеткіштер.

2-тарау. Сәйкестік аудитінің мақсаты, міндеттері және негізгі кезеңдері

      4. Сәйкестік аудитінің мақсаты мемлекеттік аудит объектісінің қызмет саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін мемлекеттік аудит объектісінің сақтауы туралы негізделген пікір білдіру болып табылады.

      5. Стандарттың міндеттері:

      1) қорытындылар мен нәтижелерді жоспарлауға, жүргізуге дайындауға, қалыптастыруға, сондай-ақ сәйкестік аудиті қорытындыларының іске асырылуын бақылауға қойылатын талаптарды белгілеу болып табылады;

      2) сәйкестік аудитін жүргізу рәсімдері мен әдістерін айқындау;

      3) сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау, аудиторлық есептерге енгізілетін тұжырымдар мен нәтижелерді қалыптастыру мәселелеріндегі ерекшеліктерді ашу болып табылады.

      6. Сәйкестік аудитінің міндеттері:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес зерделеу қорытындылары бойынша, сондай-ақ Заңның 18-бабына сәйкес жоспардан тыс аудитті жоспарлау кезінде қалыптастырылған өзекті мәселені және сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау;

      2) сәйкестік өлшемшарттарына қол жеткізуге, олардың қабылданбау себептерін анықтауға қатысты объективті, дұрыс және жеткілікті аудиторлық дәлелдемелерді (бар болса) жинау;

      3) тәуелсіз, объективті және құзыретті аудиторлық есепті және қорытындыны, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою және болашақта оларға жол бермеу жөніндегі ұсынымдарды әзірлей отырып, ішкі аудит нәтижелері туралы есепті қалыптастыру;

      4) Заңның 25-бабына сәйкес мониторинг жүргізу арқылы сәйкестік аудитінің қорытындыларын іске асыру болып табылады.

      7. Сәйкестік аудитін Заңның 14-бабының 2) тармақшасына және 15-бабының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес бағыттар бойынша ұсынылған өкілеттіктерге сүйене отырып, ішкі мемлекеттік аудит органдары жүзеге асырады.

      8. Сәйкестік аудиті келесі кезеңдерден тұрады:

      1) "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген) Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеуді, Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) және Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу бағдарламасын (бұдан әрі – Аудит бағдарламасы), Аудиторлық іс-шараны жүргізуге арналған аудиторлық тапсырманы (бұдан әрі - Аудиторлық тапсырма) және Аудиторлық іс-шараны (тексеру) (Тексеруді тағайындау туралы актіні) жүргізуге арналған тапсырманы (бұдан әрі - Тапсырма) жасауды қамтитын жекелеген ішкі мемлекеттік аудитті жоспарлау, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – ведомство) Тапсырмасын уақтылы тіркеу және оның аумақтық бөлімшелерінің құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында ішкі мемлекеттік сәйкестік аудит жүргізу;

      2) аудиторлық іс-шараны жүргізудің ұйымдастырушылық негіздерін, аудиторлық есепті (бұдан әрі – аудиторлық есеп), аудиторлық қорытындыны, нұсқаманы, бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарау туралы шешімді (өкімді) (бұдан әрі - шешім (өкім) жасауды және ресімдеуді қамтитын ішкі мемлекеттік аудит жүргізу;

      3) аудиторлық қорытындыда, аудиторлық есепте және нұсқамада, шешімде (өкімде) қамтылған ұсынымдардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру.

3-тарау. Жекелеген ішкі мемлекеттік аудитті жоспарлау тәртібі

1-параграф. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу, аудит Жоспарын, Бағдарламасын, Аудиторлық тапсырма мен Тапсырманы жасау тәртібі

      9. Сәйкестік аудитін жүргізу, мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу үшін топты қалыптастыру тәртібі аудиттің мәні мен мәселелерін айқындау, аудитпен қамтылуға жататын қаражат пен активтердің көлемін және аудит жүргізу мерзімдерін нақтылау мақсатында жүзеге асырылады.

      10. Алдын ала зерделеу процесінде мемлекеттік аудит объектісінің қызметі туралы ақпаратты жинау, талдау және бағалау жүргізіледі.

      11. Мемлекеттік аудитор:

      ақпарат алу тәсілдері анықталады;

      Ережеде көзделген үлгі мәселелер тізбесі негізінде ақпарат көздеріне талдау жүргізіледі.

      12. Алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша Қағидаларда белгіленген нысандарға сәйкес аудит жоспары, бағдарламасы, аудиторлық тапсырма және тапсырма жасалады.

2-параграф. Аудитті жоспарлау кезінде мәнділікті айқындау тәртібі

      13. Сәйкестік аудитін жоспарлау және жүргізу кезеңінде мемлекеттік аудитор абсолютті немесе салыстырмалы мән бойынша рұқсат етілген маңыздылық деңгейін бағалайды.

      Заңның 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес мәнділік мемлекеттік аудит объектісі қаржы және шаруашылық операцияларын жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ қабылданатын шешімдерге әсер ететін қателер ретінде айқындалады, рұқсат етілетін ең жоғары мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мәнділік деңгейі, бюджетке өтеуге, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу жолымен қалпына келтіруге және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсетуге әкеп соғатын қаржылық бұзушылықтарды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер еткен бұзушылықтарды және бюджет қаражатын жұмсауға байланысты емес бұзушылықтарды қоспағанда, қамтылған аудит қаражатының 2 (екі) % - ы мөлшерінде айқындалады.

      14. Мәнділікті анықтау кезінде анықталған сәйкестік немесе сәйкессіздік жағдайлары аудит жүргізу кезінде шешім қабылдауға әсер етеді деп болжауға негіз бар-жоғын ескеру қажет.

      Мемлекеттік аудитордың мәнділік деңгейін анықтауы кәсіби пайымдау мәселесі болып табылады.

3-параграф. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын айқындау тәртібі

      15. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын анықтау мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу сатысында жүзеге асырылады. Дұрыс анықталған өлшемшарттар мемлекеттік аудиттің барлық сатыларында қолданылады және аудиторлық қорытындының, аудиторлық есептің сапасын қамтамасыз етеді.

      16. Сәйкестік аудитінің негізгі базалық өлшемшарттары:

      1) негізділік - мемлекеттік аудит объектісі қызметінің мемлекеттік аудит объектісінің қызмет саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің оларды іске асыру үшін қабылданған нормаларына сәйкестігі;

      2) дұрыстық - іс жүзіндегі жай-күйіне (әрекетіне/әрекетсіздігіне) сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің есептік құжаттамасындағы операцияларды, ақпаратты көрсетудің дұрыстығы;

      3) адалдық – мемлекеттік аудит объектісінің әдеп нормалары мен қаржылық басқарудың қағидаттарын сақтауы болып табылады.

      17. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне қарай айқындалатын өлшемшарттар мынадай сипаттамаларға ие болады:

      толықтық (көрсеткіштер аудит мақсатына қол жеткізу үшін жеткілікті болып табылады);

      объективтілік (көрсеткіштер біржақты емес және толық және сенімді ақпаратқа негізделген);

      түсініктілік (көрсеткіштер нақты тұжырымдалған және дұрыс түсінбеу тәуекелін болдырмайды);

      салыстырмалылық (өзге мемлекеттік аудит органдарының осыған ұқсас аудиторлық тексерулері кезінде қолданылған көрсеткіштерге қайшы келмейтін көрсеткіштер);

      қолайлылық (көрсеткіштер заңнама талаптарымен немесе сарапшылардың пікірімен келісілген);

      қолжетімділік (орындалған аудиторлық қызметтің сипатын, сондай-ақ аудиторлық қорытынды, аудиторлық есеп үшін негіздерді түсіну мүмкіндігіне ие болу үшін адресаттарға қолжетімді көрсеткіштер).

      18. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын анықтау көздері:

      1) мемлекеттік аудит объектісінің қызметін реттейтін барлық құқықтық актілер;

      2) кәсіби, техникалық және салалық стандарттар;

      3) халықаралық кәсіби ұйымдар бекіткен халықаралық стандарттар;

      4) уәкілетті органдардың және (немесе) мемлекеттік аудит объектісінің нормативтік және әдіснамалық құжаттары;

      5) мемлекеттік аудит объектілерінің, уәкілетті органдардың және квазимемлекеттік және жекеше секторлар ұйымдарының есептік және статистикалық деректері;

      6) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық есептері;

      7) сарапшылардың қорытындылары;

      8) интернет-ресурстарда орналастырылатындарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары;

      9) мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, жеке тұлғалар ұсынатын материалдар ("мүдделер қақтығысы" талаптарын сақтай отырып) болып табылады.

      19. Сәйкестік аудитінің өлшемшарттарын анықтау барысында мемлекеттік аудиторлар аудиттің әрбір мәселесі бойынша ықтимал бұзушылық тәуекелінің қаншалықты маңызды екенін қарастырады. Мәнділік мәселесі сандық (өлшем) және сапалық (сипаты мен ерекшеліктері) факторларды қамтиды.

      20. Мемлекеттік аудитор аудит нысанасын толық көлемде дұрыс көрсету үшін қолдануға жоспарланған өлшемдерді пайдаланады. Аудит жоспары мен бағдарламасына сәйкес аудит көлемі шектелген және заңнаманың кейбір салаларын ғана қамтыған кезде мемлекеттік аудит саласындағы мұндай шектеулер мемлекеттік аудитордың есебінде анық көрсетіледі.

      21. Мемлекеттік аудитор сәйкестік аудитінің мақсатына сәйкес критерийлерді нақтылау үшін аудит объектісі немесе өзге де мемлекеттік органдар берген материалдарды пайдаланады.

      22. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін заңнамада құқықтық олқылықтар анықталған кезде мемлекеттік аудитор аудиторлық есепте анықталған құқықтық олқылықтар туралы пікірді көрсетеді.

      23. Түрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларының қайшылықтары анықталған жағдайда мемлекеттік аудитор "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының ережесін басшылыққа алуы керек.

      Шешілмейтін қайшылықтар анықталған кезде мемлекеттік аудитор оларды қолданудың ықтимал салдарларын анықтап, аудиторлық есепте қайшылықтар фактілерін көрсетуі қажет.

      24. Мемлекеттік аудитор осы Стандарттарға 1-қосымшаға сәйкес бағыттар бойынша сәйкестік аудитін жүзеге асырады.

4-параграф. Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесін бағалау тәртібі

      25. Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау компоненттерін бағалау мемлекеттік аудиторға ішкі бақылаудың сенімділік дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік аудитор жоспарлаған аудиторлық рәсімдердің сипаты мен көлеміне әсер етеді.

      26. Мемлекеттік аудитор ішкі бақылау жүйесінде өзгерістердің болғанын-болмағанын зерделейді және мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде немесе ортасында болуы мүмкін өзгерістерді ескере отырып, ішкі бақылау жүйесінің дұрыстығын тексереді.

      27. Мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесі туралы ұсынымды алған кезде маңызды болып табылатын мынадай элементтерге назар аударады:

      1) кәсіби құзыреттілік қағидаттарын ұстану-мемлекеттік аудит объектісі басшылығының белгілі бір лауазымдар үшін кәсіби құзыреттіліктің қажетті деңгейін, сондай-ақ бұл деңгей талап етілетін дағдылар мен білімге қалай ауысатынын айқындау;

      2) ұйымдық құрылым - оның шеңберінде мемлекеттік аудит объектісінің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қызметі жоспарланатын, орындалатын, бақыланатын және тексерілетін негіз;

      3) мемлекеттік аудит объектісінің қызметіне және есептілік пен өкілеттіктер иерархиясы қатынастарын орнатуға байланысты өкілеттіктер мен жауапкершілікті беру;

      4) мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит объектісінің тәуекелдерін басқару жүйесін де зерделейді, атап айтқанда, қасақана жосықсыз іс-қимылдар тәуекелін төмендетуге қабілетті қанағаттанарлық бақылау ортасының болуына назар аударады.

5-параграф. Тәуекелдерді бағалау тәртібі

      28. Тәуекелдерді бағалау сенімділікті негізделген растауға бағытталған мемлекеттік аудиттің маңызды бөлігі болып табылады. Мемлекеттік аудитор елеулі бұзушылықтардың аудиторлық тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау үшін негіздерді қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді бағалау жөніндегі рәсімдерді орындайды.

      29. Аудит жоспарында және бағдарламасында белгіленген шектеулердің салдарынан сәйкестік аудиті талаптарға сәйкессіздіктің барлық фактілерін мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудитордың ассистенттері анықтайтынына кепілдік немесе абсолютті сенімділік бермейді.

      30. Тәуекелдердің туындауына әкеп соғатын тәуекелдер мен факторлардың тізбесі аудиттің мәніне және оны жүргізу мән-жайларына байланысты өзгереді.

      31. Мемлекеттік аудитор аудит тәуекелінің үш элементін: олардың аудит тақырыбына және нақты жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты ажырамас тәуекелін, бақылау құралдарының тәуекелін және анықталмау тәуекелін қарастырады.

      32. Тәуекелдерді бағалау кезінде тәуекел оқиғаларының туындау ықтималдығы, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген оқиғалар басталған кезде туындайтын салдарлар назарға алынады.

      33. Ажырамас тәуекел - шот сальдосының немесе операциялар сыныпының, құжаттардың (шарт, жүкқұжаттар, дебиторлар, кредиторлар тізбесі және басқалар) жеке-жеке немесе қажетті ішкі бақылау құралдарының болмауына байланысты басқа шоттар сальдосының немесе операциялар сыныптарының бұзылуымен жиынтығында елеулі болуы мүмкін бұзушылықтарға ұшырауы.

      Бақылау құралдарының тәуекелі - бұзушылықтың алдын алу немесе оның уақтылы анықталмау, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесі уақтылы жоймау тәуекелі.

      Анықталмау тәуекелі - аудиторлық рәсімнің жеке де, сол сияқты басқа да бұзушылықтармен бірге де елеулі бұзушылықтарды анықтамау тәуекелі.

      Жұмыс нәтижелері осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Бақылау құралдарының тәуекелін бағалау", осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Ажырамас тәуекелді бағалау" деген жұмыс құжаттарымен ресімделеді.

6-параграф. Аудиторлық іріктеп тексеру жүргізу тәртібі

      34. Аудиторлық іріктеп тексеру – бұл аудитке қатысты деректер көлемінің 100 (жүз) %-дан азына аудит рәсімдерін қолдану.

      Мемлекеттік аудитор кәсіби пайымдауды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің өзгешеліктері мен ерекшелігін ескере отырып, толық және жеткілікті аудиторлық дәлелдемелерді қалыптастыру үшін қажетті іріктеп тексеру жасайды.

      Аудиторлық іріктеп тексеру рәсімін әзірлеу кезінде мемлекеттік аудитор аудит рәсімінің мақсатын және іріктеп тексеру жүргізілетін деректердің сипаттамаларын қарайды.

      Аудиттегі іріктеп тексеру объектіні, тақырыпты, саланы іріктеу үшін де, аудитке жататын барлық операциялар мен құжаттардан бір үлгіні іріктеу үшін де қолданылады.

      35. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау үшін мемлекеттік аудитор аудиторлық рәсімдерді жоспарлау кезеңінде іріктеп тексеру элементтерін іріктеу әдістерін айқындайды.

      Бас жиынтық – бұл элементтердің толық құрамы.

      Қалдық жиынтық – іріктеп тексеру жүргізілетін элементтердің құрамы.

      Іріктеп тексеру элементі – бұл қалдық жиынтықты құрайтын жеке элементтер. Мұндай элементтер құжаттардың, операциялардың, сомалардың, баптардың көлемі, құны жоғары заттардың саны болып табылады.

      36. Жиынтықты құрайтын жеке элементтер іріктеп тексеру бірліктері болып таблады. Олар физикалық элементтерге немесе ақша бірліктеріне бөлінеді.

      Осыған байланысты мыналарға ажыратады:

      монетарлық емес іріктеп тексерулер – заттай (құндық емес) бірліктер тізбесінен іріктеуге негізделген іріктеп тексерулер: жазбалар тізілімі, негізгі құралдар тізбесі, номенклатуралық нөмірлер тізілімі, материалдық құндылықтар тізілімі, қызметкерлер тізімі сияқты;

      монетарлық іріктеп тексерулер – құн тізбесіне негізделген іріктеп тексерулер.

      37. Аудиторлық рәсімдерді әзірлеу кезінде мемлекеттік аудитор мынадай рәсімдердің бірін жүргізуі қажет:

      қалдық жиынтықтың барлық элементтерін іріктеу (жаппай тексеру);

      аудит объектісінің қызметін кәсіби пайымдау және түсіну негізінде ерекше элементтерді іріктеу;

      қалдық жиынтықтың элементтерінен аудиторлық іріктеп тексеру жүргізу.

      38. Үздіксіз тексеру мынадай кезде жүргізіледі:

      қалдық жиынтық құны жоғары элементтердің аз санынан тұрады. Осы әдіс айтарлықтай тәуекел болған кезде және басқа құралдармен аудиторлық дәлелдемелерді алу мүмкін болмаған кезде қолданылады;

      ақпараттық жүйені қолдану аудиторлық рәсімдердің қайталама әдістерін (қайта есептеу немесе қайта орындау) орындауға мүмкіндік береді;

      бұзушылықтың айтарлықтай тәуекелі бар және қаражат жеткілікті аудиторлық дәлелдемелерді қамтамасыз етпейді.

      39. Ерекше элементтерді іріктеу мынадай кезде жүргізіледі:

      қалдық жиынтық құны жоғары элементтерден тұрады және тәуекелге ұшырайды не бұрын қателіктермен немесе ерекше операциямен байланысты болған элементтер;

      аудит объектісі қызметінің ерекшеліктері, операциялар мен ішкі бақылау сипаты бойынша ақпарат алу үшін элементтерге тексеру жүргізіледі.

      40. Іріктеп тексеруді іріктеу әдістері:

      статистикалық немесе статистикалық емес;

      кездейсоқ сандар кестесін қолдана отырып;

      жүйелі немесе жүйесіз болып табылады.

      Мемлекеттік аудитор кәсіби пайымдау мен нақты мән-жайды түсінудің негізінде іріктеудің осы әдістерінің бірін қолдану туралы шешімді дербес қабылдайды.

      41. Іріктеу әдісі мен іріктеп тексеру көлемін анықтауға стратификация тәсілі айтарлықтай әсер етеді – қалдық жиынтықты мынадай жеке топтарға бөлу:

      әкімшінің бюджеттік өтінімі – қалдық жиынтық бюджеттік бағдарламалар және кіші бағдарламалар бойынша топтарға бөлінеді;

      жобалау-сметалық құжаттама бойынша жұмыстар (ЖСҚ) – қалдық жиынтығы жергілікті сметалар мен жұмыс түрлері бойынша топтарға бөлінеді;

      мемлекеттік сатып алу жоспары – сатып алудың қалдық жиынтығын енгізілген өзгерістер саны бойынша бөлу немесе мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдеріне не сатып алу нысанасы (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша бөлу.

      42. Мемлекеттік аудитор монетарлық іріктеп тексеруді мынадай формула бойынша айқындалатын қалдық жиынтыққа жүргізеді:

      ҚЖ= БЖ-ЕТЭ-ШЭ, мұнда:

      ҚЖ – қалдық жиынтық, БЖ - бас жиынтық, ЕТЭ – ең аз тәуекел элементтері, ШЭ – шектеу элементтері.

      43. Мемлекеттік аудитор іріктеп тексеруге іріктелуге тең ықтималмен қалдық жиынтықтың элементтерін іріктеудің репрезентативтік әдісін қолданады.

      Іріктеп тексерудің бұл әдісі үшін:

      кездейсоқ іріктеу;

      жүйелі іріктеу қолданылады.

      Кездейсоқ және жүйелі іріктеу статистикалық іріктеп тексеру әдісі болып табылады.

      44. Іріктеп тексеру элементін кездейсоқ іріктеу кезінде Excel – кездейсоқ сандар генераторы бағдарламасы функциясының көмегімен алынған кездейсоқ сандар кестесі қолданылады. Баған мен жолдың қиылысында іздеген кездейсоқ сан тұратын болады.

      Кестенің әрбір кездейсоқ іріктелген нөміріне қалдық жиынтықтың нақты элементі сәйкес келеді.

      Кестені әрбір жаңадан жасаған кезде кездейсоқ сандардың мәні өзгеретін болады.

      Тексеруге жататын құжаттардың нөмірлерін есептеу мынадай жолдармен жүргізіледі:

      кездейсоқ сандар кестесінен санды айқындау;

      құжаттың нөмірін айқындау.

      Құжат нөмірі (ҚН) мынадай формула бойынша айқындалады: ҚН = (ТМ - БМ) х (КС + БМ), мұнда: ТМ – түпкілікті мән қалдық жиынтықтың соңғы құжатының реттік нөмірін білдіреді; БМ – бастапқы мән қалдық жиынтықтың бірінші құжатының реттік нөмірін білдіреді, бұл 1-ге тең; КС – кездейсоқ сан.

      45. Жүйелі іріктеу кездейсоқ іріктелген саннан бастап элементтерді тұрақты интервал арқылы іріктеуді көздейді. Интервал элементтердің белгілі бір санына немесе олардың құндық бағасына құрылады.

      Жүйелі іріктеу кезінде тексеруге жататын құжаттардың нөмірлерін есептеу мынадай екі кезеңнен тұрады:

      интервал мәнін айқындау;

      іріктеп тексерудің бастапқы нүктесін айқындау.

      Интервалдың мәні мынадай формула бойынша есептеледі:

      ИМ = (ТМ – БМ) / ІК, мұнда: ИМ – интервал мәні; КЗ – түпкілікті мәні, яғни қалдық жиынтықтың соңғы құжатының реттік нөмірі; БМ – бастапқы мәні, яғни 1 (қалдық жиынтықтың бірінші құжатының реттік нөмірі); ІК – іріктеу көлемі (элементтер саны).

      Бастапқы нүкте мынадай формула бойынша айқындалады:

      БН = ИМ х КС + БМ, мұнда: БН – бастапқы нүкте; ИМ – интервал мәні; КС – кездейсоқ сан; БМ – бастапқы мәні.

      Іріктеп тексерудің нәтижелері осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Аудиторлық іріктеп тексеру" жұмыс құжатымен ресімделеді. Жұмыс құжаты әрбір іріктеп тексеру элементіне толтырылады.

4-тарау. Мемлекеттік аудит жүргізу тәртібі және дәлелдемелер жинау әдістері

      46. Мемлекеттік аудитордың мемлекеттік аудит объектісіне қатысты пайымдаулары мен қорытындыларын негіздеу мақсатында негізделген аудиторлық дәлелдемелерді алу қажет.

      47. Аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін мынадай әдістер қолданылады: қадағалау және қарап тексеру, түгендеу, бақылау өлшемі (қарап тексеру), инспекциялау, сұрау салу, қайта орындау, растау және талдау жұмысы.

      48. Мемлекеттік аудитор аудиторлық дәлелдемелерді жинау процесін Қағидаларға сәйкес мемлекеттік аудит материалдары түрінде (электрондық жүйеде және/немесе қағаз жеткізгіште) құжаттайды.

      49. Аудит барысында жиналған аудиторлық дәлелдемелер мынадай өлшемшарттарға жауап береді:

      1) жеткіліктілік (анықталған бұзушылықтарға қатысты аудитордың тұжырымдарын растау үшін жеткілікті қажетті құжаттардың саны);

      2) тиісті сипаты (дәлелдемелердің өзектілігі, дұрыстығы және сенімділігі).

      50. Аудит мәселелері бойынша бұзушылықтар болмаған кезде мемлекеттік аудиторға аудиторлық дәлелдемелерді жинау талап етілмейді.

5-тарау. Мемлекеттік аудит нәтижелерін ресімдеу тәртібі

      51. Мемлекеттік аудит объектілерінің әрқайсысы бойынша мемлекеттік аудит нәтижелері Қағидаларда айқындалған нысан бойынша аудиторлық есеппен ресімделеді.

      52. Аудиторлық есепті жасау кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:

      1) Мемлекеттік аудит бағдарламасында және аудиторлық тапсырмаларда көрсетілген барлық мәселелердің көрсетілуінің толықтығы, оларда жазылған мәліметтердің дұрыстығы, объективтілігі болып табылады;

      2) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің мазмұнын тұжырымдаудың анықтығы, анықталған бұзушылықтар аудиторлық есептегі жазбалардың дұрыстығын растайтын құжаттар түпнұсқаларының деректемелеріне, сондай-ақ ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына қажетті сілтемелер көрсетіле отырып, объективті және дәл сипатталады;

      3) баяндалатын материалдың логикалық және хронологиялық реттілігі;

      4) нақты деректерді оларға толық сілтемелер болған кезде тексерілген материалдар (тиісті құжаттар) негізінде ғана баяндау;

      5) анықталған бұзушылықтар мәнділік, аудиторлық тәуекел ескеріле отырып және іріктеп тексеруге сілтеме жасала отырып көрсетіледі.

      53. Аудиторлық қорытындыны, аудиторлық есепті және нұсқаманы, шешімді (өкімді) жасау, ресімдеу тәртібі Қағидаларда айқындалған.

6-тарау. Аудиторлық қорытындыда, нұсқамада, шешімде (өкімде) қамтылған ұсынымдардың орындалу мониторингі

      54. Мемлекеттік аудитор жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік аудит объектісіне аудиторлық қорытындыны, нұсқаманы, шешімді (өкімді) жібереді, сондай-ақ Заңға сәйкес жоғарыда көрсетілген құжаттардың орындалуына мониторинг жүргізеді.

      55. Мемлекеттік аудит объектісі тарапынан әкімшілік іс-әрекет туындаған кезде мемлекеттік аудитор Заңға сәйкес ден қою шараларын қолданады.

      56. Аудиторлық іс-шаралар негізінде сот тәртібімен қарау және (немесе) қылмыстық іс жүргізу немесе өзге аудит объектісіне байланысты емес негіздер бойынша жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ведомство мен оның аумақтық бөлімшелері нұсқамаларының және ішкі аудит қызметтері шешімдерінің (өкімдерінің) тармақтарын орындау мерзімін мемлекеттік аудит объектісінің дәлелденген негіздемелері болған кезде екі реттен асырмай ұзартуға жол беріледі.

  "Сәйкестік аудиті" ішкі
мемлекеттік аудитінің және
қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандартына
1-қосымша

Сәйкестік аудит бағыттары бойынша сәйкестік аудитін жүргізуге қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптарға өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 27.03.2024 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттік аудитор мынадай бағыттар бойынша сәйкестік аудитін жүзеге асырады:

      1) техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН), қаржылық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ҚЭН) және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты шығыстар.

      ТЭН-ді және ҚЭН-ді түзетуге байланысты шығыстардың сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор мыналарды тексереді:

      мемлекеттік инвестициялық жобаларды (мемлекеттік, салалық бағдарламалар және инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды негізінде аумақтарды дамыту бағдарламалары) жоспарлау үшін негіздеменің, жобаны іске асыру көздері мен тәсілін айқындау өлшемшарттарының болуы;

      салалық қорытындының болуы;

      бюджеттік инвестициялық жобаны одан әрі іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының болуы;

      ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, белгіленген тәртіппен бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-інің болуы;

      тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысының болуы;

      концессиялық ұсыныстардың "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестігі;

      концессия шарттарының болуы (негіздеме: келіссөздер хаттамалары, концессиялар жөніндегі комиссияның ұсыныстары);

      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есеп негізінде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау;

      мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне байланысты жүргізілетін аудит шеңберіндегі өзге де мәселелер;

      2) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану.

      Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор мыналарды тексереді:

      тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджетте көзделген және оны атқару тәртібімен пайдаланылған сыртқы үкіметтік қарыздар, байланысты гранттар бойынша алынған қаражат;

      "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі - Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі), "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында, "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында, "Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларында (бұдан әрі – Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалары) белгіленген талаптарды сақтау;

      бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және уақтылы бекіту;

      консультанттардың еңбекақы төлеу қорының қарыз туралы келісімде және/немесе тиісті нормативтік құқықтық актілерде көзделген лимиттен асып кетуі, олардың жұмысын талдау;

      келісімшарттарда көзделген жабдықтарды, тауар-материалдық құндылықтарды және қызметтерді уақтылы және толық жеткізу;

      бақылау объектісінің балансында қарыз бойынша алынған мүлік пен қызметтерді, сондай-ақ кредитор банк және/немесе республикалық бюджет алдындағы міндеттемелерді көрсету;

      мемлекеттік тапсырма бойынша алынған қаражат, оларды бюджет заңнамасына сәйкес пайдалану;

      мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған қаражат, оларды бюджет заңнамасына және шарттық міндеттемелерге сәйкес пайдалану тәртібін сақтау, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу;

      мемлекеттік бюджеттен алынған басқа да қаражат, оларды басқару және пайдалану тәртібі;

      3) шарттар мен рәсімдерді сақтау, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді пайдалану.

      Шарттар мен рәсімдердің сақталуына, сондай-ақ бюджеттік кредиттердің пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор мыналарды тексереді:

      қарыз алушыларға кредит беру кезінде қаражатты мақсатты пайдалану (қарсы бақылау жүргізіледі);

      қарыз берген кредитор, қарыздың мөлшері мен талаптары (пайыздық мөлшерлеме, қарыздың қолданылу мерзімдері, қарыз шартының талаптарынан туындайтын өзге де міндеттемелер), мақсатты пайдаланылуы, өтеу көздері;

      келісімшарттарда көзделген жабдықтарды, тауар-материалдық құндылықтарды және қызметтерді уақтылы және толық жеткізу;

      бақылау объектісінің балансында қарыз бойынша алынған мүлік пен қызметтерді, сондай-ақ кредитор банк және/немесе республикалық бюджет алдындағы міндеттемелерді көрсету;

      бақылау объектісінің кепіл шарты бойынша міндеттемелерді орындауы;

      бақылау объектісі кепілдік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қабылдайтын шаралар;

      бақылау объектісінің есебінде көрсетілген қарыздар бойынша борышты және негізгі борыштың қалдығын өтеу және қызмет көрсету бойынша нақты төлемдерді салыстырып тексеруді жүргізу;

      тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін лимит шегінде берілетін мемлекет кепілгерлігі;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мамандандырылған ұйымдарға бюджеттік кредиттер беруге заңнамада белгіленген тәртіппен рұқсаты бар әзірленген талаптардың болуы (тиісті бюджет қабылданғаннан кейін екі айдан аспайтын мерзімде);

      бағдарламаның әкімшісіне қатысушы банктер бойынша жіберілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ақпараттың болуы;

      нақты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде кредиттер алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оң қорытындысы бар қатысушы банктер арасында конкурс өткізу;

      жасалған кредиттік шарт бойынша бақылау объектісі кепілге берген немесе міндеттемелерді кепілдікпен қамтамасыз ету ретінде ұсынатын мүліктің болуы және жай-күйі;

      жасалған кредиттік шартқа сәйкес бақылау объектісі қабылдаған міндеттемелерді орындау;

      мамандандырылған ұйымдардың конкурстық рәсімдерін сақтау;

      конкурсты өткізудің дұрыстығы;

      бюджеттік бағдарлама әкімшісі мамандандырылған ұйыммен жасасқан кредиттік шарт талаптарын орындау (мақсатты пайдалану, түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру мерзімдері, кредитті өтеудің уақтылығы мен толықтығы, сыйақы мөлшерлемелері мен есептеу тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, шарт талаптары орындалмаған кездегі санкциялар);

      мамандандырылған ұйым бюджеттік бағдарлама әкімшісімен кредиттік ұсыныстардың сараптамасын және түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру туралы шешімді келіскенін;

      кредит бойынша төлемдер кезектілігінің сақталуын (есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар, есептелген сыйақы, негізгі борышты өтеу);

      түпкілікті қарыз алушыда мерзімі өткен берешек пайда болған кезде қабылданатын шараларды;

      кредиттік шарт шеңберінде жеткізілген жабдықты жеткізу толықтығын және оның кіріске алынуын;

      жабдықты пайдаланудың негізділігін;

      ұсынылған бюджеттік кредиттердің мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламалардың, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының және орта мерзімді фискалдық саясаттың іс-шараларына сәйкестігін;

      нормативтік құқықтық базаның болуын (Қазақстан Республикасының Үкімет шешімі, бюджеттік кредиттер беру тәртібі/қағидалары);

      қарыз алушылардың жасалған кредиттік шарттар шеңберінде негізгі шарттар мен міндеттемелерді орындауын;

      бюджеттік кредиттердің негізді, заңды және уақтылы пайдаланылуын;

      іске асырылып жатқан жобаның ашықтығы тұрғысынан жобалардың іске асырылу барысы туралы есептерді;

      кредит қаражатының игерілмеу себептерін (бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жобаны іске асыру кезіндегі кемшіліктерді жою үшін қандай шаралар қабылдады);

      соңғы үш жылда аудиттелген есептіліктің болуын;

      қарыз алушының қаржылық-шаруашылық қызметі жоспарының болуын;

      жоба бойынша қамтамасыз етудің болуы тұрғысынан кепіл туралы шартты тексереді;

      4) шарттар мен рәсімдерді сақтау, сондай-ақ байланысты гранттар қаражатын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      Шарттар мен рәсімдердің сақталуына, сондай-ақ байланысты гранттар қаражатының пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:

      тиісті қаржы жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджетте көзделген және оны орындау тәртібімен пайдаланылған байланысты гранттар бойынша алынған қаражатты;

      жобаны байланысты гранттар қаражаты мен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен қаржыландырудың пайыздық арақатынасының сақталуын, сондай-ақ олардың уақтылы қаржыландырылуын;

      байланысты грант қаражаты және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен сатып алынған жабдықтың нысаналы пайдаланылуын: бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жабдықты өзге мақсаттарда пайдалану жағдайларының бар-жоғын;

      төлеуге берілетін шоттың және бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімнің болуын;

      бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті органдарға байланысты гранттар бойынша атқарушы агенттіктердің (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің), қарыз алушылардың) жобаларды іске асыруы туралы ақпарат пен есептілікті уақтылы және толық беруін;

      келісімшарттарда көзделген жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың және көрсетілетін қызметтердің уақтылы және толық жеткізілуін;

      тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін лимит шегінде берілетін мемлекет кепілгерлігін;

      жеке бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген және байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес гранттарды алушы мемлекеттік ұйымдар жүзеге асыратын байланысты гранттардың пайдалануын;

      алынған байланысты гранттардың негізді, заңды пайдаланылуын қамтамасыз етуді;

      байланысты гранттар есебінен сатып алынған жабдықтар мен материалдардың теңгерімге қойылуын қамтамасыз етуді;

      гранттар есебінен сатып алынатын тауарлардың импорты кезінде кедендік ресімдеудің уақтылы жүзеге асырылуын;

      ай сайын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға байланысты гранттардың пайдаланылуы туралы ақпараттың ұсынылуын;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға грантты пайдалану туралы ұсынылған есептің дұрыстығын;

      5) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың қаражатын пайдалану, оның ішінде мемлекет кепілгерлігімен және кепілдігімен тартылатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алу шарттарын сақтауы.

      Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың қаражатының пайдаланылуына, оның ішінде мемлекет кепілгерлігімен және кепілдігімен тартылатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алу шарттарын сақтауына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор мыналарды тексереді:

      "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларының сақталуын;

      үкіметтік сыртқы қарыз, байланысты грант және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен іске асырылатын жобаның қаржылық сипаттамаларын талдауды, жобаны қаржыландыру схемаларын (нысан, қарыз алушылар, кредиторлар, шектеулер, шарттар);

      тиісті қаржы жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджетте көзделген және оны орындау тәртібімен пайдаланылған сыртқы үкіметтік қарыздар бойынша алынған қаражатты;

      үкіметтік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен жобаны қаржыландырудың пайыздық арақатынасының сақталуын, сондай-ақ олардың уақтылы қаржыландырылуын;

      қарыз қаражаты есебінен жобада көзделмеген жұмыстарды қаржыландыру жағдайларының болуын;

      жоба консультанттарының еңбегіне ақы төлеу тәртібін, олармен еңбек келісімшарттарының болуын;

      консультанттардың еңбегіне ақы төлеу қорының қарыз туралы келісімде және/немесе тиісті нормативтік құқықтық актілерде көзделген лимиттен асып кетуін, олардың жұмысын талдауды;

      қарыз қаражаты және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен сатып алынған жабдықтың нысаналы пайдаланылуын: бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жабдықты өзге мақсаттарда пайдалану жағдайларының бар-жоғын;

      төлеуге берілетін шоттың және бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімнің болуын;

      бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті органдарға қарыздар бойынша атқарушы агенттіктердің (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің), қарыз алушылардың) жобаларды іске асыруы туралы ақпарат пен есептіліктің уақтылы және толық бұсынылуын;

      капиталдардың ішкі нарығында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанында үкіметтік қарыз алуды тексереді. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, өтеудің және оларға қызмет көрсетудің заңдылығын тексеру қажет;

      қарыз берген кредиторды, қарыздың мөлшері мен талаптарын (пайыздық мөлшерлеме, қарыздың қолданылу мерзімдері, қарыз шартының талаптарынан туындайтын өзге де міндеттемелер), нысаналы пайдаланылуын, өтеу көздерін;

      келісімшарттарда көзделген жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың және көрсетілетін қызметтердің уақтылы және толық жеткізілуін;

      қарыз қаражаты есебінен келісімшарттардың талаптарында көзделмеген, қарыздың нысаналы мақсатына сай келмейтін мүлікті және көрсетілетін қызметтерді алу фактілерін;

      демеушілік және қаржылық көмек көрсетуге, өз мұқтаждарына қарыз қаражатын бөлу фактілерін;

      қарыз бойынша алынған мүлікті пайдаланудың негізділігі мен заңдылығын;

      бақылау объектісінің балансында қарыз бойынша алынған мүлік пен қызметтердің, сондай-ақ кредитор банк және/немесе республикалық бюджет алдындағы міндеттемелердің көрсетілуін;

      негізгі қорларды және қарыз қаражатына сатып алынған басқа да мүлікті пайдаланудың негізділігін;

      бақылау объектісінің есебінде көрсетілген қарыздар бойынша борышты және негізгі борыштың қалдығын өтеу және қызмет көрсету бойынша нақты төлемдерді салыстырып тексеруді жүргізу;

      қарыз бойынша бөлінген бюджет қаражатын қайтару бойынша бақылау объектілері қолданатын шараларды;

      концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылған мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына кодексіне сәйкес мемлекет кепілгерлігін беру шарттарының және мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптардың сақталуын;

      мемлекет кепілгерлігін орындау кезінде талаптардың сақталуын;

      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерін сақтау, сондай-ақ оларды пайдалану.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:

      мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің іске асырылуын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шығындарын қалай өтелгенін және қандай шарттарда жүргізілгенін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қойылатын нормалар талаптарының сақталғанын;

      концессиялық ұсыныстардың Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкестігін;

      концессия шарттарының болуын (негіздеме, келіссөздер хаттамалары, концессиялар жөніндегі комиссияның ұсыныстары) тексереді;

      7) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерін сақтау.

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:

      қарыз қаражатын тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдау рәсімін;

      қарызды тарту, пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі мен шарттарының айқындалуын;

      келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және кепілдендіру, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда, қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдерін тексереді;

      8) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау.

      Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:

      алдыңғы аудит анықтаған бұзушылықтардың жойылуын;

      ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілер енгізетін веб-порталдағы деректердің дұрыстығын;

      мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларының болуы және уақтылы бекітілуі, жасалған өзгерістердің дұрыстығын, енгізілген өзгерістердің негізділігін;

      мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын талдауды (бөлінетін сомалар, номенклатура және көлем бойынша, жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны бойынша бөлу, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемдерінің бюджеттік өтінімде көзделген көлемге сәйкестігі және негізділігі);

      мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларының мемлекеттік сатып алу веб-порталында уақтылы орналастырылуын және оларға енгізілген өзгерістерді;

      сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдерінің мемлекеттік сатып алу жоспарында көрсетілген мерзімдерге сәйкестігін;

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы Заң) 39-бабы 3-тармағының 4, 9, 31, 32 және 35-тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларының болуын;

      Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 5-бабының 13-тармағында көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту жағдайларының болуын;

      өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 39-бабының нормасын қолданудың негізділігін;

      мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілін таңдау заңдылығын:

      конкурс тәсілімен (ашық конкурс, екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс);

      бір көзден алу тәсілімен;

      баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;

      аукцион тәсілімен;

      тауар биржалары тәсілі арқылы;

      электрондық дүкен арқылы;

      көрсетілген тәсілдермен жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу саны мен көлемін (жеке-жеке);

      мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерге енгізу үшін ақпаратты жіберу туралы талаптардың орындалуын;

      әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап қою туралы талаптардың орындалуын;

      конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын;

      баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын;

      аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын;

      бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын;

      тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын;

      электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын;

      мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттарының сақталуын;

      Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 50-бабына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібінің қолдануын;

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 14-бабына сәйкес ұлттық режимді қолдану тәртібінің сақталуын;

      Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 51-бабына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысу тәртібінің сақталуын;

      мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасалуы мен орындалуын;

      мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қосымша келісімнің жасалуын тексереді;

      9) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы сақтау.

      Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:

      бухгалтерлік есептің жай-күйін, бухгалтерлік құжат айналымын ұйымдастырудың және сәйкестік аудиті мәселелері бөлігінде бастапқы есепке алудың дұрыстығын;

      жасалған операцияларды есепке алуға қабылданған деректердің, тиісті операцияларды жасау бөлінісінде мемориалдық ордерлер-жинақтау ведомостерінің дұрыстығын тексереді. Айналым ведомостерінің талдамалық шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды "Бас Журнал" кітабындағы осы қосалқы шоттардағы қалдықтар бойынша айналымдар қорытындыларымен салыстырып тексеру. Осы бақылау "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес сәйкестік аудиті мәселелері бөлігінде жүзеге асырылады;

      Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жүргізілетін сәйкестік аудиті мәселелері бөлігінде бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес бюджеттік есептілікті толық, дұрыс, негізді және уақтылы жасауын және ұсынуын;

      мемлекеттік мекемелердің жылдық есебі деректерінің Сәйкестік аудиті бағдарламасының мақсаты мен мәселелеріне қатысты тиісті құжаттармен расталған бухгалтерлік жазбалардың деректеріне сәйкестігін;

      жүргізілген түгендеу нәтижелерімен есепті жылдың соңына баланс баптарының деректерінің расталуын және Сәйкестік аудиті бағдарламасында осы мәселе болған кезде жылдық есеп ұсынылғанға дейін анықталған алшақтықтардың реттелуін;

      олардың пайда болу себептерін көрсете отырып, дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы есептердің дұрыстығын, оның ішінде: мемлекеттік мекемені қаржыландырудың бекітілген жеке жоспарынан тыс сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін кредиторлық берешектің пайда болу себептерін, сәйкестік аудиті мәселелері бойынша тексеру кезінде дебиторлық және кредиторлық берешекті жасыру фактілерінің бар-жоғын тексереді;

      10) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасын сақтау.

      Бұл бағыттың өлшемшарттары: сенімділік, негізділік, адалдық болып табылады.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасының сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:

      "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларының сақталуын;

      жол парақтарына сәйкес автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының маркалары бойынша жүрудің 100 км белгіленген нормаларға сәйкес бензинді, дизель отынын және сұйытылған газды есептен шығару тәртібінің сақталуын тексереді. Бұл ретте автомобильдерге жанар-жағармай материалдарын есептен шығару көлік құралдарын дайындаушы зауыттар белгілеген қабылданған нормалар бойынша көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдерде жүргізілетінін ескеру қажет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін 100 км жүріске арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормаларының (бұдан әрі – нормалар) дұрыстығын тексеру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысы басшылыққа алынсын;

      белгіленген жүріс нормаларына сәйкес автомобиль шиналарын есептен шығару дұрыстығы және пайдалану мерзімі өтпеген автомобиль шиналарын жүріс нормаларына қарсы есептен шығару негізділігі;

      ақаулы актілерге сәйкес қосалқы бөлшектерді есептен шығарудың дұрыстығы. Бұл ретте мемлекеттік аудитор есептен шығарылған қосалқы бөлшектердің сәйкестігін және оларды қосалқы бөлшектермен есептен шығаруға арналған ақаулы актілерде бекітілген сәйкес қоймаға кіріске алуды салыстырады;

      қызметтік жеңіл автокөлік ретінде арнайы автомобильдерді пайдалану фактілерінің болуы. Арнайы автомобильдерді арнайы жабдықпен жарақтандыру. Қызметтік және арнайы автомобильдерді автомобиль теңгерімін ұстаушылардың жоғары тұрған басқару органдары пайдаланатынын тексереді;

      аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ғимараттарды, көлік құралдарын есептен шығаруға рұқсатының болуы. Ғимараттарды, көлік құралдарын қоғамдық және бөгде ұйымдарға өтеусіз беру жағдайларының болуы;

      тиісті өткізу рәсімдерін (уәкілетті органның рұқсаты, нарықтық құнын анықтау бойынша сараптама) жүргізбестен, жеке тұлғаларға көлік құралдарын қалдық теңгерімдік құны бойынша өткізу жағдайларының болуын тексереді. Тексерілетін мемлекеттік мекеме аумақтық мемлекеттік мүлікті және жекешелендіруді емес, оның теңгерімінде тұрған көлік құралдарын сату жағдайларының болуы;

      көлік құралдарын жалға алуға көзделген бюджет қаражатын пайдаланудың негізділігі мен заңдылығы;

      қызметтік телефондарды пайдалану: қызметкерлердің халықаралық және қалааралық сөйлесулері жеке мақсатта жүргізілмеді ме, осы келіссөздер үшін ақы төленді ме, қызметтік телефондарды пайдалану бойынша лимиттер бар ма (қалааралық келіссөздер, ұялы байланысқа шығу туралы келіссөздер ескерілген бе);

      мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;

      материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау және есептен шығару, материалдық жауапты тұлғалардың жұмысын бақылауды ұйымдастыру бойынша негізгі ережелерді сақтау, материалдық құндылықтардың нақты болуы;

      11) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Аудиторлық қызмет туралы заң) сақтау. Осы бағыт бойынша сәйкестік аудитін ведомство және оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

      Аудиторлық қызмет туралы заңның сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың, кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңестің Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде аудиторлық қызмет туралы заңның сақталуын тексереді;

      12) ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік органның салалық заңнаманы сақтауы.

      Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне аудит жүргізу кезінде ішкі аудит қызметінің мемлекеттік аудиторы:

      жарғыда көзделген мақсаттардың, функциялар мен міндеттердің іске асырылуын;

      мемлекеттік аудит объектілерінің ішкі құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына, жоғары тұрған органның (мемлекеттік басқару органының) құқықтық құжаттарына сәйкестігін;

      мемлекеттік аудит объектісінің ішкі құқықтық құжаттарды сақтауын;

      жалақыны және басқа да ынталандырушы төлемдерді есептеу мен аударудың қолданыстағы заңнамаға, оның ішінде ішкі құқықтық құжаттарға және Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына "Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме" 5-15а нысанына сәйкестігін тексереді;

      13) ведомстволық бағынысты ұйымдардың, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарлық материалдық қорларының (бұдан әрі – ТМҚ) және активтерінің сақталуын тексереді.

      Ведомстволық бағынысты ұйымдардың, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ТМҚ және өзге де активтерінің сәйкестігіне аудит жүргізу кезінде аудитор:

      ведомстволық бағынысты ұйымдардағы ТМҚ және активтерді (негізгі құралдар, меншікті ақша қаражаты, жалға алынатын негізгі құралдар) есепке алуды;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарда ТМҚ мен активтерді пайдалану тәртібін;

      ақылы қызметтер көрсету рәсімдерін сақтауды тексереді.

  Сәйкестік аудиті" ішкі
мемлекеттік аудитінің және
қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандартына
2-қосымша
 
Нысан

Бақылау құралдарының тәуекелін бағалау

      Аудит объектісі _______________________________________________

      Аудит кезеңі __________________________________________________

      Аудит жүргізу мерзімдері _______________________________________

      Мемлекеттік аудитор ___________________________________________

      Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі ____________________________

р\с

Сұрақтар**

Жауап (иә/жоқ / жауап жоқ*)

Ескертпе

Нормативтік құқықтық актіге сілтеме

1

2

3

4

5

1.

Құжаттар операция жасалған күні жасалады




2.

Қойма үй-жайлары бөгде адамдардың қол жеткізуінен қорғалған ба




3.

Түгендеу жүргізу күніне материалдық жауапты адамдардың есептері құрастырыла ма




4.

Барлық міндетті деректемелер бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде толтырыла ма




5.

Материалдық жауапты адамдар есептерінің деректері бастапқы құжаттардың деректерімен салыстырыла ма




6.

Материалдық құндылықтардың жетіспеуіне (артылуына) кінәлі адамдар анықтала ма




7.

Мемориалдық ордерлердің деректерін "Бас журнал" кітабымен салыстырып тексеру жүргізіле ме (есепке алу автоматтандырылмаған кезде)




8.

Ішкі аудит қызметтері құрылды ма




9.

Ішкі аудит қызметі туралы бекітілген ереже бар ма




10.

Бекітілген Ішкі аудит қызметін тексеру жоспары мен бағдарламасы бар ма




11.

Ішкі аудит қызметі жүргізген тексерулердің нәтижелерін көрсететін тексеру актілері бар ма




12.

Ішкі аудит қызметімен тексерулер жүргізу реттеле ме








Қорытынды баға




"Иә" -

"Жоқ" -

"Жауап жоқ" -

      Бақылау құралдарының тәуекел деңгейін анықтау:

      төмен - 0% - 29%;

      орташа – 30% - 69%;

      жоғары – 70% - 100%.

      Ескертпе: Мәселелер тізбесі түпкілікті болып табылмайды және аудит объектісі қызметінің ерекшеліктеріне сүйене отырып, мемлекеттік аудитормен толықтырылады. Әрбір тест сұрағына тиісті жауап қойылады. Ескертпеде әрбір жауап бойынша түсініктеме жазылады (қажет болса) және жауапты растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      Бақылау құралдарының тәуекелін бағалау ұсынылған сұрақтар тізбесінен шартты теріс жауаптардың пайыздық үлесін айқындау жолымен жүргізіледі. "Жауап жоқ" нұсқасы болған кезде осы сұрақ тәуекелді бағалау сұрақтарының жиынтығына енгізілмейді.

      Сұрақтарға оң жауаптар бақылау құралдарының тәуекелін бағалаудың төмендеуін көрсетеді.

      Егер бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және ішкі бақылау жүйесі тиімсіз болып табылса, ішкі бақылау жүйесінің тәуекелін бағалау жоғары деп бағаланады.

      *Егер осы мәселеге байланысты операциялар аудит объектісінің есебінде орын алмаған жағдайда "Жауап жоқ" деген жауап таңдалады.

      **Сұрақтар мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне байланысты жасалады.

      Мемлекеттік аудитор: ___________ _________________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі: ____________________________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

20 ___ жылғы "__" _______________

  "Сәйкестік аудиті" ішкі
мемлекеттік аудитінің және
қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Ажырамайтын тәуекелді бағалау

      Аудит объектісі _________________________________________________

      Аудит кезеңі ___________________________________________________

      Аудит жүргізу мерзімдері ________________________________________

      Мемлекеттік аудитор ____________________________________________

      Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі _____________________________

Сұрақтар**

Жауап (иә/жоқ/ жауап жоқ*)

Ескертпе

Нормативтік құқықтық актіге сілтеме

1

2

3

4

5

1.

Бухгалтерлік есеп компьютерлік жүйенің көмегімен жүзеге асырыла ма




2.

Алдыңғы аудит нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар орындала ма




3.

Жұмыскерлердің жоғары жүктемесі жоқ па




4.

Алдағы аудиттелген кезеңдерде жосықсыз іс-әрекеттер бар ма




5.

Алдағы аудитте елеулі қателер табылды ма




6.

Кадр саясаты тиімді жұмыс істей ме: біліктілікті арттырудың мерзімді жүйесін ұйымдастыру




7.

Бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығы мәнін басшылықтың түсінуі бар ма




8.

Бухгалтерлік есепті жүргізу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістермен есеп қызметкерлері уақтылы таныстырылады ма




9.

Басшылыққа немесе есеп қызметкерлеріне сыртқы қысым жоқ па




10.

Күрделі шаруашылық операцияларын дұрыс ресімдеу үшін орындаушылардың жоғары біліктілігі талап етіле ме және ол қолдау таба ма




11.

Шоттарда еңбекақы төлеу жөнінде есеп айырысуды есепке алуда қасақана емес бұзушылықтар болған жоқ па








Қорытынды баға




"Иә" -




"Жоқ" -




"Жауап жоқ" -




      Ажырамайтын тәуекел деңгейін анықтау:

      төмен - 0% - 29%;

      орташа – 30% - 69%;

      жоғары – 70% - 100%.

      Ескертпе: Мәселелер тізбесі түпкілікті болып табылмайды және аудит объектісі қызметінің ерекшеліктеріне сүйене отырып, мемлекеттік аудитормен толықтырылады. Әрбір тест сұрағына тиісті жауап қойылады. Ескертпеде әрбір жауап бойынша түсініктеме жазылады (қажет болса) және жауапты растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      Ажырамайтын тәуекелді бағалау ұсынылған сұрақтар тізбесінен шартты теріс жауаптардың пайыздық үлесін айқындау жолымен жүргізіледі. "Жауап жоқ" нұсқасы болған кезде осы сұрақ тәуекелді бағалау сұрақтарының жиынтығына енгізілмейді.

      Сұрақтарға оң жауаптар ажырамайтын тәуекелді бағалаудың төмендеуін көрсетеді.

      Егер бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және ішкі бақылау жүйесі тиімсіз болып табылса, ажырамайтын тәуекелді бағалау жоғары деп бағаланады.

      *Егер осы мәселеге байланысты операциялар аудит объектісінің есебінде орын алмаған жағдайда "Жауап жоқ" деген жауап таңдалады.

      **Сұрақтар мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне байланысты жасалады.

      Мемлекеттік аудитор: ___________ _______________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі: _______ ____________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20 ___ жылғы "___" _______________

  "Сәйкестік аудиті" ішкі
мемлекеттік аудитінің және
қаржылық бақылаудың рәсімдік
стандартына
4-қосымша
  Нысан

Аудиторлық іріктеп тексеру

      Аудит объектісі ____________________________________________________

      Аудит кезеңі ______________________________________________________

      Аудит жүргізу мерзімдері ___________________________________________

      Мәнділік деңгейі __________________________________________________

      Қолданылатын іріктеп тексеру әдісі (кездейсоқ немесе жүйелі іріктеу)
_________________________________________________________________
Мемлекеттік аудитор _______________________________________________

      Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі ________________________________

Көрсеткіштер

Көрсеткіштердің жиынтық (сандық) көрінісі

1

2

Тестіленетін жиынтық


Тестіленетін қалдық жиынтықтағы құжаттарының саны


Тестіленетін қалдық жиынтықтың жиынтық көрінісі


Жеке тексеруге жататын ерекше элементтердің жиынтық көрінісі
1.1. Ең жоғары құн элементтері


Жеке тексеруге жататын ерекше элементтердің жиынтық көрінісі
2.2. Тәуекел элементтері


Мынадай формула бойынша есептелген іріктеп тексеру көлемі (іріктеп тексеруге түскен элементтер саны)*


Іріктеп тексеру көлемінің жиынтық көрінісі


      Ескертпе.

      *ІК = ЕЖЭ + ТЭ, мұнда ІК-іріктеп тексеру көлемі, ЕЖЭ – ең жоғары құн элементтері, ТЭ - тәуекел элементтері;

      Жұмыс құжатына іріктеп тексеру көлемін айқындау кезінде жүргізілген барлық құжаттар мен есептер қоса беріледі.
Мемлекеттік аудитор:____________________________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі: _____________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20 ___ жылғы "__" _______________