Әкімдіктің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 және мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 471 "Қостанай облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы

Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 3 және Қостанай облысы мәслихатының 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 93 бірлескен қаулысы және шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қыркүйекте № 24480 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің және Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 қаулысы мен 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 471 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6158 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері белгіленсін.";

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

  Қостанай облысының әкімдігі
  2021 жылғы 8 қыркүйектегі
  № 3 мен мәслихаттың
  2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 93
  бірлескен қаулысы мен шешіміне
  қосымша
  Әкімдіктің
  2015 жылғы 11 желтоқсандағы
  № 6 қаулысына және мәслихаттың
  2015 жылғы 11 желтоқсандағы
  № 471 шешіміне
  қосымша

Қостанай облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері

Ауданның (қаланың) атауы

Жекеменшiк құқығымен немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берiлетiн ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері (гектармен)

Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа немесе фермерлік қожалық жүргізу үшін

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және оған аффилиирленген тұлғаларға ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

Барлығы

Оның ішінде суармалы

Барлығы

Оның ішінде суармалы

1

Алтынсарин

34

1

60

1

2

Амангелді

230

1

1200

1

3

Әулиекөл

47

1

790

1

4

Бейімбет Майлин

40

1

50

1

5

Денисов

42

1

380

1

6

Жангелдин

340

1

4000

1

7

Жітіқара

50

1

330

1

8

Қамысты

80

1

730

1

9

Қарабалық

30

1

240

1

10

Қарасу

43

1

400

1

11

Қостанай

34

1

50

1

12

Мендіқара

22

1

110

1

13

Науырзым

100

1

610

1

14

Сарыкөл

31

1

270

1

15

Ұзынкөл

55

1

80

1

16

Федоров

28

1

320

1

17

Қостанай қаласы

28

1

40

1

18

Арқалық қаласы

120

1

140

1