Қостанай облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 471 шешімі және Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 6158 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабы 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 14.07.2016 № 4 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 14.07.2016 № 49 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 08.09.2021 № 3 және Қостанай облысы мәслихатының 08.09.2021 № 93 бірлескен қаулысымен және шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қостанай облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 20 қарашадағы № 9 бр және Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 235 "Шаруа немесе фермерлiк қожалығын, немесе тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн азаматтарға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдiк заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берiлетiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiнiң ең аз көлемдерi туралы" қаулысы мен шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3701 тіркелген, 2010 жылғы 12 қаңтарда "Костанайские новости" және "Қостанай таңы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы мен шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов
      Сессия төрайымы Г. Ахметова
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      ауыл шаруашылығы басқармасы"
      ММ басшысы
      _________________ Б. Мурзин
      "Қостанай облысы әкімдігінің
      жер қатынастары басқармасы"
      ММ басшысы
      __________________ Н. Әбдуов
      "Қостанай облысы әкімдігінің
      жердің пайдалынуы мен қорғауын
      бақылау басқармасы" ММ
      басшының міндетін атқарушы
      ____________________ В. Крячко

  Әкімдіктің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 6 қаулысына және
мәслихаттың
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 471 шешіміне қосымша

Қостанай облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді
пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 08.09.2021 № 3 және Қостанай облысы мәслихатының 08.09.2021 № 93 бірлескен қаулысымен және шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ауданның (қаланың) атауы

Жекеменшiк құқығымен немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берiлетiн ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері (гектармен)

Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа немесе фермерлік қожалық жүргізу үшін

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және оған аффилиирленген тұлғаларға ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

Барлығы

Оның ішінде суармалы

Барлығы

Оның ішінде суармалы

1

Алтынсарин

34

1

60

1

2

Амангелді

230

1

1200

1

3

Әулиекөл

47

1

790

1

4

Бейімбет Майлин

40

1

50

1

5

Денисов

42

1

380

1

6

Жангелдин

340

1

4000

1

7

Жітіқара

50

1

330

1

8

Қамысты

80

1

730

1

9

Қарабалық

30

1

240

1

10

Қарасу

43

1

400

1

11

Қостанай

34

1

50

1

12

Мендіқара

22

1

110

1

13

Науырзым

100

1

610

1

14

Сарыкөл

31

1

270

1

15

Ұзынкөл

55

1

80

1

16

Федоров

28

1

320

1

17

Қостанай қаласы

28

1

40

1

18

Арқалық қаласы

120

1

140

1