"Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 және "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыр

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 желтоқсанда № 26008 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 59) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 59) тармақшасына, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 5-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және резиденттер мен бейрезиденттердің Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Уәкілетті банк Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің орталық аппаратына валюталық, оның ішінде клиенттің тапсырмасы бойынша жүргізілген, сомасы баламасында 50 000 (елу мың) АҚШ долларына тең немесе одан асатын операциялар бойынша, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша шетел валютасын сатып алу және сату операциялары бойынша сомаға қарамастан, жүргізілген валюталық операциялар туралы есепті ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 18 (он сегізінші) күніне дейін (қоса алғанда) ұсынады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде резидент немесе бейрезидент уәкілетті банкке мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ЖСН қамтылған жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы жеке басты растайтын (сәйкестендіретін) деректер.

      Уәкілетті банк "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінен ұсынылған иеленушінің келісімі болған кезде, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген иеленушінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабар жіберу жолымен цифрлық құжаттар сервисінен деректерді пайдаланады;

      2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (бар болса) (жеке тұлға – шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін);

      3) Ұлттық Банктің банктік және өзге операцияларын жүргізуге лицензиясы (бар болса);

      4) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын не олардың негізінде орындалуы қажетті құжаттардың көшірмелері;

      5) валюталық шарт немесе оның көшірмесі. Есептік нөмірін алу талабы қолданылатын валюталық шарт немесе оның көшірмесі есептік нөмірді алғаны туралы белгімен ұсынылады (Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін есептік нөмір берілген валюталық шарт үшін);

      6) тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік алынған және есептік нөмір берілмеген капитал қозғалысы жөніндегі есептік тіркеуге жататын валюталық шарттар немесе шетелдік банктердегі шоттар үшін.

      Валюталық шартты ұсыну мынадай жағдайларда:

      егер валюталық операция бойынша ақша аударымы Қазақстан Республикасының шегінде резидент-жеке тұлғалар арасында немесе бейрезидент-жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылса және өтеусіз болып табылса;

      егер валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомада жүзеге асырылса және төлемнің және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі немесе бенефициары жеке тұлға, шетелдік заңды тұлғаның филиалы және (немесе) өкілдігі немесе бейрезидент-заңды тұлға болып табылса;

      егер валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы баламасы он мың АҚШ долларынан аспайтын сомада жүзеге асырылса және резидент-заңды тұлға (төлемнің және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі және (немесе) бенефициары) осындай төлемнің және (немесе) ақша аударымының есептік нөмір беру талап етілетін валюталық шартты орындауға байланысты емес екені туралы жазбаны жасаса немесе растаса;

      егер валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жеке тұлға шетелдік банктегі өзінің банктік шотына (өзінің банктік шотынан) жүзеге асырса талап етілмейді.

      Резидент-үшінші тұлға резиденттің және (немесе) бейрезиденттің міндеттемелерін орындау есебіне уәкілетті банк арқылы жүргізетін валюталық операция бойынша төлемге және (немесе) ақша аударымына осындай төлем және (немесе) ақша аударымы негізінде жүзеге асырылатын валюталық шарттан туындамаса, резидент-үшінші тұлға мен төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын тұлға арасындағы өзара міндеттемелердің сипатын айқындайтын шарт ұсынылған жағдайда жол беріледі. Егер валюталық шарттардың кез келгеніне есептік нөмір алу талабы қолданылатын болса, онда есептік нөмір беру туралы белгісі бар валюталық шарттың көшірмесі немесе тіркеу куәлігінің көшірмесі немесе хабарлама туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады.

      Егер валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын резидент-жеке тұлға жұбайының (зайыбының) немесе жақын туысының міндеттемелерін орындау есебіне жүзеге асырса, онда валюталық шарт ретінде ақша жөнелтуші міндеттемелерін орындау есебіне төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылатынын растайтын құжат ұсынылады.";

      1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.2023 № 79 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18539 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 60) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 60) тармақшасына, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 5-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалының уәкілетті қызметкері экспорттаушы немесе импорттаушы қажетті құжаттарды берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркейді.

      Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түпнұсқасының немесе көшірмесінің бірінші немесе соңғы парағында уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалының уәкілетті қызметкерінің қойған қолымен расталып, тегі мен инициалдары көрсетіле отырып, есептік нөмірі, оны берген күн, уәкілетті банктің немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалының атауы, экспорттаушы немесе импорттаушы туралы мәліметтер көрсетіледі. Есептік нөмір берілгені туралы белгі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт көшірмесінің бір данасы уәкілетті банкте (оның филиалында) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалында қалады.

      Электрондық құжат айналымы кезінде экспорттаушы немесе импорттаушы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың электрондық көшірмесін ұсынады. Уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалының уәкілетті қызметкері ішкі актіде белгіленген тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған есептік нөмір береді және экспорттаушыға немесе импорттаушыға экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілгені туралы еркін нысанда хабарлайды.";

      1, 3, 4, 6, 7, 13, 14 және 15-қосымшалар осы қаулыға 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Төлем балансы департаменті (А.Б. Өскенбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 113 Қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

№ _______ бұзушылық бойынша карточка

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: KN1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: ________ жылғы ________ айға

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті банк

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде

  Нысан

Жол коды

Ақпарат түрі

Бұзушылық бойынша ақпарат

10

Банк клиентi бойынша ақпарат:


11

атауы (заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғалар үшін)


12

БСН (заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн)


13

ЖСН (жеке тұлғалар үшiн)


14

клиент белгісі:
1 – заңды тұлға, 2 – жеке тұлға,
3 – заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі)


15

тұрақты тұратын (орналасқан) жері


16

облыс коды


20

Валюталық операция бойынша ақпарат:


21

күні


22

сомасы


23

валютасы


30

Бұзушылық жөнiндегi ақпарат:


31

түрі


32

бұзушылықтың сипаты


33

валюталық шарттың нөмірі (бос орынсыз көрсетіледі)


34

валюталық шарттың күні (ЖЖЖЖ/АА/КК форматында)


35

есептік нөмірі (бар болса)


36

валюталық шарт бойынша өзге ақпарат (бар болса)


37

бұзушылық бойынша қосымша мәліметтер


      Атауы ______________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  "Бұзушылық бойынша
карточка" нысанына
қосымша

Бұзушылық бойынша карточка Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – KN1, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Бұзушылық бойынша карточка" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.

2-тарау. Нысанды толтыру

      3. Ақпарат Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда ұсынылады.

      4. Коды 11-жолда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); заңды тұлғаның немесе заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) атауы; ұйымдық-құқықтық нысаны (бар болса) көрсетіледі.

      5. Коды 16-жолда "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" ҚР МС 11 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес облыс кодының алғашқы 2 цифры көрсетіледі.

      6. Коды 21, 22 және 23-жолдар құжаттар немесе ақпарат беру мерзімдері бұзылған жағдайларда толтырылмайды.

      7. Коды 21-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып валюталық операция жүргізілген күн көрсетіледі.

      8. Коды 22-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операцияның сомасы операция валютасының мың бiрлiгiмен көрсетiледi.

      9. Коды 23-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валюта кодының ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталарды және қорларды белгiлеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес әріппен берілген белгісі көрсетiледi.

      10. Коды 31-жолда мәтіндік және (немесе) сандық форматтағы бұзушылықтың түрi көрсетiледi.

      11. Коды 32-жолда бұзушылықтың қысқаша сипаты мәтiндiк форматта келтiрiледi.

      12. Коды 34, 35 және 36-жолдар валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валюталық шарт болған кезде толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 113 Қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Валюталық операция туралы мәліметтер

      Уәкілетті банктің коды _____________

      Төлем құжатының нөмірі _____________

      Күні __________________

Жолдың коды

Ақпарат түрі

Ақпарат

01

Валюталық операцияның коды


02

Төлем (ақша аударымы) белгісі ("1" – ішкі корпоративтік ақша аударымы; "0" – өзге төлем (ақша аударымы)


10

Төлем құжатында көрсетілген төлем және (немесе) ақша аударымының жөнелтушісі және бенефициары туралы ақпарат


11

Жөнелтушінің резиденттік елінің коды


12

Бенефициардың резиденттік елінің коды


20

Валюталық шарт туралы ақпарат:


21

Шарттың нөмірі (атауы, бар болса)


22

Шарттың күні


23

Шарттың есептік нөмірі (бар болса)


24

Валюталық шарт бойынша өзге ақпарат (бар болса)


30

Валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші туралы ақпарат (төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушімен сәйкес келмеген жағдайда толтырылады)


31

Резиденттік белгісі


32

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Заңды тұлғаның, оның филиалының (өкілдігінің) атауы


33

ЖСН немесе БСН (бар болса)


34

Экономика секторының коды


35

Резиденттік елінің коды


40

Валюталық шарт бойынша ақша алушы туралы ақпарат (төлем құжатында көрсетілген бенефициармен сәйкес келмеген жағдайда толтырылады)


41

Резиденттік белгісі


42

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Заңды тұлғаның, оның филиалының (өкілдігінің) атауы


43

ЖСН немесе БСН (бар болса)


44

Экономика секторының коды


45

Резиденттік елінің коды


  "Валюталық операция
туралы мәліметтер" нысанына
қосымша

"Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Валюталық операция туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан тиісті төлем құжатына қосымша ретінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру

      4. Резидент-клиенттер мен бейрезиденттер 01, 02, 11 және 12-жолдарды толтырады. 21, 22, 23, 24, 31, 32, 33, 34, 35, 41, 42, 43, 44 және 45-жолдарды тек резиденттер толтырады.

      5. 01-жол Түсіндірмеге қосымша болып табылатын валюталық операциялар кодының кестесіне сәйкес толтырылады.

      6. 11, 12, 35 және 45-жолдарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" 06 ISO 3166-1 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес резиденттік елінің екі мәнді коды көрсетіледі.

      Резиденттік елі – заңды тұлғаны, заңы тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу елі немесе жеке тұлғаның тұрақты тұратын елі (азаматтығы немесе Қазақтан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылған құқық негізінде).

      7. 31, 34, 41 және 44-жолдар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады.

  "Валюталық операция туралы
мәліметтер" нысанын толтыру
бойынша түсіндірмеге
қосымша
  Кесте

Валюталық операциялардың кодтары

Валюталық операциялар кодтары

Операциялардың атауы

1. Банктік шоттарды қолдана отырып жүргізілетін операциялар

11. Сыртқы сауда-саттық операциялары (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), оның ішінде комиссия және электрондық ақшаны сатып алу/өтеу шарттары бойынша

11.1 тауарлар үшін төлемдер:

1111

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар үшін төлемдер;

1112

Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарлар үшін төлемдер;

1113

Қазақстан Республикасының аумағында және оларды Қазақстан Республикасынан тыс әкетпей сатып алынған немесе сатылған тауарлар үшін төлемдер;

1114

Қазақстан Республикасынан тыс және оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелмей сатып алынған немесе сатылған тауарлар үшін төлемдер;

11.2 жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін төлемдер:

1121

бейрезиденттің резидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер;

1122

резиденттің бейрезидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер;

1123

резиденттің резидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер;

1124

бейрезиденттің бейрезидентке орындаған жұмыстары немесе көрсеткен қызметтері үшін төлемдер

11.3 электрондық ақшалармен операциялар

1131

эмитенті резидент болып табылатын электрондық ақшаларды қолдана отырып жүргізілетін операциялар

1132

эмитенті бейрезидент болып табылатын электрондық ақшаларды қолдана отырып жүргізілетін операциялар

11.4 өзге төлемдер:

1141

тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттары бойынша ілеспе төлемдер

1142

қате аударылған сомаларды, ұсынылмаған тауарлар, көрсетілмеген қызметтер, орындалмаған жұмыстар үшін төлемдерді қайтару

1143

тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге шарттар бойынша өзге төлемдер

12. Жылжымайтын мүлікпен, басқа жабдықпен және көлік құралдарымен (сатып алу және сатудан басқа), өндірілмеген қаржылық емес активтермен, зияткерлік меншік нысандарымен, материалдық емес активтермен жүргізілген операциялар

12.1. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды, зияткерлік меншік нысандарына толығымен айырықша құқықты қоса алғанда, меншік құқығын иелену

1211

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті, өндірілмеген қаржылық емес активтерді (жер, оның қойнауы) қоспағанда, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын иелену

1212

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікке меншік құқығын иелену

1213

зияткерлік меншік нысандарына толығымен айырықша құқықты иелену

1214

өзге материалдық емес активтерге меншік құқығын иелену

12.2. ағымдағы жалдау (жер қойнауын пайдалану құқығын қоса алғанда), айырықша құқықты ішінара иелену

1221

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті, өндірілмеген қаржылық емес активтерді (жер, оның қойнауы) қоспағанда, жылжымайтын мүлікті жалдау

1222

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті жалдау

1223

жабдықты және көлік құралдарын жалдау

1224

зияткерлік меншік нысандарына ішінара айырықша құқықты иелену

1225

өзге материалдық емесе активтерді пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге төлемдер

12.3. қаржы лизингі немесе кейіннен сатып алумен жалдау

1231

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүлікті қоспағанда, кейіннен сатып алумен жылжымайтын мүлікті жалдау

1232

жылжымайтын мүлікке теңестірілген мүліктің қаржылық лизингі

1233

жабдықтың және көлік құралдарының қаржылық лизингі

12.4. өзге төлемдер

1241

өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате аударылған сомаларды қайтару және жылжымайтын мүлікпен, басқа жабдықпен және көлік құралдарымен (сатып алу және сатудан басқа), өндірілмеген қаржылық емес активтермен, зияткерлік меншік нысандарымен, материалдық емес активтермен жүргізілген операциялар бойынша басқа да төлемдер

13. Қаржы құралдарымен операциялар

13.1. қарыздар, капиталға қатысу құралдары, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары

1311

қаржы құралдары бойынша төлемдер: қарыздар (беру және өтеу), капиталға қатысу құралдары (жарғылық капиталды қалыптастыру, сатып алу, сату), бағалы қағаздар (сатып алу, сату, өтеу) және олар бойынша кірістерді төлеу (сыйақы, дивидендтер, бөлінген пайда)

1312

туынды қаржы құралдары бойынша төлемдер және олар бойынша кірістерді төлеу

13.2. брокерлік қызмет көрсету, портфельді инвестициялық басқару (егер қаржы құралын анықтау мүмкіндігі болмаса) шарттарының шеңберінде

1321

брокермен, резидент басқарушы компаниямен жасалған шарттар бойынша операциялар

1322

брокермен, басқарушы компаниямен, бейрезидент инвестициялық банкпен жасалған шарттар бойынша операциялар

13.3. мүлікті сенімгерлік басқару, трасттар

1331

резидент сенімгерлік басқарушымен жасалған шарттар бойынша операциялар

1332

бейрезидент сенімгерлік басқарушымен жасалған шарттар бойынша операциялар

13.4. бірлескен қызмет қатысушысының міндеттемелерін орындау (1, 2-бөлімдерге енгізілген операцияларды қоспағанда)

1341

Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен қызметті жүзеге асыруды көздейтін шарттар бойынша операциялар

1342

Қазақстан Республикасынан тыс бірлескен қызметті жүзеге асыруды көздейтін шарттар бойынша операциялар

13.5. өзге төлемдер

1351

өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате аударылған сомаларды қайтару және қаржы құралдарымен, электрондық ақшамен операциялар бойынша, брокерлік қызмет көрсету, портфельді инвестициялық басқару, сенімгерлік басқару, траст, бірлескен қызмет шарттары бойынша басқа да төлемдер

14. Меншік шоттары және сауда-саттық емес операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

14.1. меншік шоттар бойынша

1411

басқа резидент-банктегі меншік шотқа (меншік шоттан) ақша аудару

1412

шетелдік банктегі меншік шоттан (меншік шотқа) ақша аудару

1413

резидент-банктегі шоттан қолма-қол шетел валютасын алу

1414

резидент-банктегі шотты толтыру үшін қолма-қол шетел валютасын салу

1415

1419 кодында көзделген операцияны қоспағанда, банктің клиенттен ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алуы

1416

банктің клиентке ұлттық валютаға шетел валютасын сатуы

1417

банктің клиенттен (клиентке) шетел валютасын басқа шетел валютасына сатып алуы (сатуы)

1418

өзге валюталық құндылықтарды сатып алу/сату

1419

клиенттің бұрын сатып алған және белгіленген мерзімде пайдаланбаған шетел валютасын сатуы

14.2. үшінші тұлғалардың (мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардың) пайдасына төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

1421

өтеусіз аударымдар, өтеусіз қаржылай көмек, мүшелік жарналар және үшінші тұлғалардың пайдасына басқа да төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

1422

резидент-банкте үшінші тұлғаның шотын толтыру үшін қолма-қол шетел валютасын салу

1423

төлем карталарын қолдана отырып жүргізілген төлемдер (егер операция басқаша сыныпталмаса)

1424

баждар, салықтар, айыппұлдар, сот шешімдерін және басқаларды төлеу

1425

зейнетақы, жалақы, іссапар шығындарын төлеу

1426

банктік шоттар бойынша сыйақы және комиссиялар

14.3. ілеспе төлемдер

1431

өзге төлемдер: ілеспе төлемдер (айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар), қате аударылған сомаларды қайтару және 14.1, 14.2-бөлімдерге енгізілмеген басқа да операциялар

2. Банктік шоттарды қолданбай жүргізілген операциялар

21. Клиенттерден валюталық құндылықтарды сатып алу (қолма-қол шетел валютасын қоспағанда)

2101

чектер, вексельдер және басқа төлем құжаттарын сатып алу

2102

аффинирленген алтыннан жасалған өлшеуіш құймаларды және басқа да валюталық құндылықтарды сатып алу

22. Клиенттерге валюталық құндылықтарды сату (қолма-қол шетел валютасын қоспағанда)

2201

чектер, вексельдер және басқа төлем құжаттарын сату

2202

аффинирленген алтыннан жасалған өлшеуіш құймаларды және басқа да валюталық құндылықтарды сату

23. Шот ашпай жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

2301

Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем және (немесе) ақша аударымы

2302

Қазақстан Республикасынан тыс жіберілген немесе шетелден алынған төлем және (немесе) ақша аударымы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 113 Қаулысына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтініш

  ____________________________
(уәкілетті банктің
(оның филиалының)
немесе Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің аумақтық
филиалының атауы)

      1-бөлім.

      1. Есептік нөмірді алу

      Экспортты немесе импортты (қажеттісінің асты сызылады) көздейтін ____ жылғы "____" _____________ №________________ (бар болса) валюталық шартқа есептік нөмір беруді сұраймын.

      2. Есептік нөмірі бар валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау

      ____ жылғы "____" _____________ № __/____/___/_______ есептік нөмірімен ____ жылғы "____" _____________ №________________ (бар болса) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдауды сұраймын.

      _________________________________________________

      Экспорттаушы немесе импорттаушы бойынша ақпарат: атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі /жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________________________

      мекенжайы __________________________________

      телефоны ________________________________

      электрондық пошта _______________________

      Мен:

      1) ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талаптарының бұзылғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігі;

      2) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептік нөмірді алу және ол бойынша ақпаратты, құжаттар мен есептерді беру тәртібінің бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің бар екендігі жөнінде хабардармын.

      Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты оның сұратуы бойынша басқа уәкілетті банкке (оның филиалына) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (басқа уәкілетті банктен (оның филиалынан) не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалынан) беруге және (немесе) алуға келісемін.

      Осы арқылы валюталық шартқа есептік нөмір алуға өтініш бергенге дейін валюталық шарт бойынша міндеттемелердің бар/жоқ екенін (қажеттісінің асты сызылады) растаймын.

      Экспорттаушы (импорттаушы) басшысының қолы ____________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________

  Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлік
субъектілерін қоспағанда)

      Өтінішті қабылдау күні ______________________

      Уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының қойған белгілері

      ___________________________

      2-бөлім.

      1. Шетелдік сатып алушы (экспорт бойынша) немесе жеткізуші (импорт бойынша)

      бойынша ақпарат: атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________

      2. Елі _____________________________________________________

      3. Валюталық шарттың жалпы құны (болжамды құны) ______________

      (шарттың валютасы көрсетіледі).

      4. Репатриациялау мерзімі ________________________________________

      5. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түрінің коды

      ___________________________________________________________________

      Экспорттаушы (импорттаушы) басшысының қолы ____________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________

  "Экспорт немесе импорт
жөніндегі валюталық шартты
валюталық бақылауға қабылдау
туралы өтініш" нысанына
қосымша

"Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтініш" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының атауы" жолы мыналар ескеріліп толтырылады:

      1) егер есептік тіркеу банкі ретінде уәкілетті банк іс-әрекет жасайтын болса, уәкілетті банктің толық атауы көрсетіледі;

      2) егер есептік тіркеу банкі ретінде уәкілетті банктің филиалы немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы іс-әрекет жасайтын болса, филиалдың толық атауы көрсетіледі.

      2. "1. Есептік нөмірді алу" жолы экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша есептік нөмірді алған кезде толтырылады.

      3. "2. Есептік нөмірі бар валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау" жолы экспорттаушы немесе импорттаушы басқа есептік тіркеу банкіне ауысқан кезде толтырылады.

      4. "Есептік тіркеу банкі қойған белгілер" жолы есептік тіркеу банкінің қызметтік ақпаратына арналған.

      5. "Елі" жолында ҚР ҰС ISO 3166-1 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ұлттық сыныптауышына сәйкес шетелдік сатып алушының немесе жеткізушінің орналасқан елінің екі әріптен тұратын коды көрсетіледі.

      6. "Репатриациялау мерзімі" жолы нүктемен ажыратылған екі бөліктен тұрады:

      бірінші бөлікте репатриациялау мерзімі күндерінің саны көрсетіледі;

      екінші бөлікте репатриациялау мерзімінің толық жылдар саны көрсетіледі.

      7. "Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түрінің коды" бағанында мыналар көрсетіледі:

      "1" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өту көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "2" – талаптарында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "3" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өту, сондай-ақ жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт.

      8. Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартта оны жасасу күніне валюталық шарттың сомасы көрсетілмесе, онда мұндай шарт бойынша сома баламасында 50 000 (елу мың) Америка Құрама Штаттары доллары және 1 (бір) цент түрінде көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 113 Қаулысына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Тіркеу журналы

      ______________ есептік тіркеу банкінің атауы

      _______ жылы басталды

      _____ жылы аяқталды

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорттаушының немесе импорттаушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың деректемелері

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түрінің коды

Ескертпе

Күні

Нөмірі

Күні

Нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8









  "Тіркеу журналы"
нысанына қосымша

"Тіркеу журналы" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көлбеу сызықпен - _/___/____/_______ бөлінген мынадай төрт бөліктен тұрады:

      1) бірінші бөлікте мынадай белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер валюталық шарт экспорт бойынша болса;

      "2" – егер валюталық шарт импорт бойынша болса;

      2) екінші бөлікте Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21593 болып тіркелген "Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы, Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 128 қаулысымен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы, Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) беретін уәкілетті банктің үш мәнді коды көрсетіледі;

      3) үшінші бөлікте есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының (бұдан әрі – Ұлттық Банктің аумақтық филиалы ) уәкілетті банктің және Ұлттық Банктің ішкі анықтамалығына сәйкес төрт цифрдан тұратын коды көрсетіледі;

      4) төртінші бөлікте тіркеу журналына сәйкес экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. Тіркеу журналын есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк (оның филиалы) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалы экспорт және импорт бойынша жеке-жеке жылдан жылға жүйелі түрде жүргізеді.

      Егер тіркеу журналы қағаз тасымалдағышта жүргізілсе, журнал аяқталысымен оған есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалының басшысы не тиісті өкілеттіктері бар өзге адам қол қояды және есептік тіркеу банкінің мұрағатында сақталады.

      Егер тіркеу журналы электрондық түрде жүргізілсе, онда журналға күнтізбелік жыл аяқталысымен есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) немесе Ұлттық Банктің аумақтық филиалы басшысының не тиісті өкілеттіктері бар өзге адамның электрондық цифрлық қолы қойылады.

      3. 7-бағанда мыналар көрсетіледі:

      "1" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өту көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "2" – талаптарында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "3" – талаптарында тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өту, сондай-ақ жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 113 Қаулысына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат

      Индекс: EICC_1

      Кезеңділігі: күн сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы __________

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк

      Ұсыну мерзімі:

      3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) есептік нөмір берілген, есептік тіркеуден шығарылған, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау рәсімдерін қалпына келтірген, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 32-тармағына сәйкес хабарлама жіберген, жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпаратты ұсыну жөніндегі сұратуын алған күннен кейін;

      2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттарды қабылдаған күннен кейін.

  Нысан

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

      ____________________________

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түрінің коды

Экспорттаушы немесе импорттаушы жөніндегі ақпарат

Нөмірі

Күні

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушының немесе импорттаушының белгісі

Облыс коды

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат

Экспорт немесе импорт белгісі

Нөмірі

Күні

Сомасы мың бірлікпен

Валютасы

9

10

11

12

13






      кестенің жалғасы

Бейрезидент жөніндегі ақпарат

Репатриациялау мерзімі

Валюталық шартты есептік тіркеуден шығару

Іскерлік қатынастарды бұзу ниеті туралы және есептік тіркеу банкінің өзгеруі туралы хабарламаны жіберу күні

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Елі

Күні

Негізі

14

15

16

17

18

19













      Атауы _______________________ Мекенжайы _________________________

      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________

      Орындаушы ______________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      ________________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  "Есептік нөмірі бар экспорт
немесе импорт жөніндегі
валюталық шарт бойынша
ақпарат" әкімшілік деректер
жинауға арналған нысанға
қосымша

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – EICC_1, кезеңділігі – күн сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды толтыру кезінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша қолда бар деректерді пайдаланады.

      4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

      5. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      6. Нысан Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 30, 32 және 35-тармақтарына сәйкес ұсынылады және мына жағдайлар:

      1) есептік нөмір берілген, есептік тіркеуден алып тасталған, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау рәсімдерін қалпына келтірген, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 32-тармағына сәйкес хабарлама жіберген, жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпаратты ұсыну жөніндегі сұратуын алған кезде;

      2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттарды қабылдаған кезде жіберіледі.

      7. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      8. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірін беру күні көрсетіледі.

      9. 3-бағанда мыналар көрсетіледі:

      "1" – талаптарында Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлардың орнын ауыстыру көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "2" – талаптарында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт;

      "3" – талаптарында Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлардың орнын ауыстыру, сол сияқты жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт.

      10. 4-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      11. Егер 7-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының "1" – заңды тұлға (оның филиалы) белгісі көрсетілсе, 5-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.

      12. Егер 7-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының "2" – дара кәсіпкер белгісі көрсетілсе, 6-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.

      13. Егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, 7-бағанда "1" белгісі, егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі қойылады.

      14. 8-бағанда ҚР МС 11 "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес экспорттаушының немесе импорттаушының заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы екі саны көрсетіледі.

      15. 9-бағанда мынадай белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт;

      "2" – егер импорт жөніндегі валюталық шарт.

      16. 10-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі.

      17. 11-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі.

      18. 12-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың сомасы шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

      19. 13-бағанда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес валюталардың әріптік белгіленуі көрсетіледі.

      20. 14-бағанда шетелдік сатып алушының немесе жеткізушінің атауы немесе тегі, аты әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      21. 15-бағанда ҚР ҰС ISO 3166-1 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ұлттық сыныптауышына сәйкес шетелдік сатып алушы немесе жеткізуші елінің екі әріптік коды көрсетіледі.

      22. 16-бағанда репатриациялау мерзімі көрсетіледі.

      23. 17-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу күні көрсетіледі.

      24. 18-бағанда Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 48-тармағына сәйкес экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты есептік тіркеуден алу негізіне сәйкес келетін цифрлық код көрсетіледі.

      25. 19-бағанда іскерлік қатынастарды бұзу ниеті туралы және Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 32-тармағына сәйкес есептік тіркеу банкін өзгерту жөнінде хабарлама жіберу күні көрсетіледі.

      26. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты алып тастау туралы ақпаратты жіберу кезінде 1, 2, 17 және 18-бағандар толтырылады.

      27. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ақпарат жіберу кезінде 1 және 2-бағандар, сондай-ақ мәліметтері нақтылануға тиіс бағандар толтырылады.

      28. Іскерлік қатынастарды бұзу ниеті туралы және есептік тіркеу банкінің өзгеруі туралы хабарлама бойынша ақпарат жолдаған кезде 1, 2, және 19-бағандар толтырылады.

      29. Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талаптарының орындалуын бақылау рәсімдерін қалпына келтіру кезінде 1 және 2-бағандар толтырылады.

      30. 2, 11 және 17-бағандар сегіз цифрмен мынадай ретте: күні, айы, жылы көрсетіліп толтырылады.

      31. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам" және "Орындаушы" деген жолдар Нысан қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 113 Қаулысына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды жүзеге
асыру қағидаларына
6-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпарат

      Индексі: EICC_2

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: _______ жылғы __________ ай үшін

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк

      Ұсыну мерзімі:

      1) есепті айда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелерді төлем карточкаларын пайдаланбай уәкілетті банктегі (оның филиалындағы) экспорттаушының немесе импорттаушының банктік шоттары арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру арқылы орындаған жағдайда – есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесіне) дейінгі (қоса алғанда) мерзімде;

      2) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелерді төлем карточкасын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру арқылы және (немесе) өзге тәсілмен орындаған жағдайда – экспорттаушы немесе импорттаушы не валюталық шартты есептік тіркеу банкі болып табылмайтын банк растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсынған айдан кейінгі айдың 15 (он бесіне) дейінгі (қоса алғанда) мерзімде.

  Нысан

      Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

      ______________________________________

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Жөнелтуші

Нөмірі

Күні

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушының немесе импорттаушының белгісі

Елі

Облыстың коды

Резиденттік коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

Алушы

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

ЖСН

Экспорттаушының немесе импорттаушының белгісі

Елі

Облыстың коды

Резиденттік коды

11

12

13

14

15

16

17








      кестенің жалғасы

Төлем және (немесе) ақша аударымы немесе міндеттемелерді орындау туралы ақпарат

Күні

Сомасы мың бірлікпен

Есеп айырысу валютасы

Есеп айырысу тәсілінің коды

Белгісі шығыс, кіріс

Төлем белгілеу коды (ТБК)

18

19

20

21

22

23







      Атауы _______________________ Мекенжайы _______________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы ____________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам

      ______________________________________ ________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" __________

  "Есептік нөмірі бар экспорт
немесе импорт жөніндегі
валюталық шарт бойынша
міндеттемелерді орындау
туралы ақпарат" әкімшілік
деректер жинауға арналған
нысанға қосымша

"Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпарат" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпарат" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды толтыру кезінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк тауарлардың декларациясы мен электрондық шот-фактуралардан бөлек есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, міндеттемелерді орындаудың өзге тәсілдері бойынша қолда бар деректерді пайдаланады.

      4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

      5. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      6. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      7. 3-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірін беру күні көрсетіледі.

      8. 4 және 11-бағандарда жөнелтушінің немесе алушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      9. Егер 7 және 14-бағандарда экспорттаушының немесе импорттаушының "1" – заңды тұлға (оның филиалы) белгісі көрсетілсе, 5 және 12-бағандарда жөнелтушінің немесе алушының БСН көрсетіледі.

      10. Егер жөнелтуші немесе алушы резиденттер болып табылса, 5, 6, 12 және 13-бағандар толтырылады.

      11. Егер 7 және 14-бағандарда экспорттаушының немесе импорттаушының "2" – дара кәсіпкер белгісі көрсетілсе, 6 және 13-бағандарда жөнелтушінің немесе алушының ЖСН көрсетіледі.

      12. Егер жөнелтуші немесе алушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, 7 және 14-бағандарда "1" белгісі немесе жөнелтуші немесе алушы жеке тұлға болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      13. 8 және 15-бағандар ҚР ҰС ISO 3166-1 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ұлттық сыныптауышын пайдалана отырып толтырылады.

      14. 9 және 16-бағандарда (егер жөнелтуші немесе алушы резидент болса) ҚР МС 11 "Әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес жөнелтушінің немесе алушының заңды мекенжайы бойынша облыстары кодының алғашқы екі саны көрсетіледі.

      15. 10 және 17-бағандар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары) сәйкес толтырылады.

      16. 18-бағанда төлемдер және (немесе) ақша аударымы немесе міндеттемелерді орындау күні көрсетіледі.

      17. 19-бағанда міндеттемелерді орындау сомасы мың бірлікпен көрсетіледі.

      18. 20-бағанда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.

      19. 21-баған мына сыныптауышты ескере отырып толтырылады:

      11 – аккредитив шеңберіндегі төлем және (немесе) ақша аударымы;

      12 – банк кепілдігі шеңберіндегі төлем және (немесе) ақша аударымы;

      13 – экспорт бойынша алдын ала ақы төлеу (импорт бойынша алдын ала жеткізу);

      14 – экспорт бойынша тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу (импорт бойынша ақы төленгеннен кейін жеткізу);

      15 – бейрезидентке талап қою құқығын басқа резиденттің есебіне жатқызу, оған беру, резиденттің борышын басқа тұлғаға беру;

      16 – бейрезиденттің міндеттемелерді орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін алу;

      17 – вексельді беру;

      18 – бағалы қағаздарды беру;

      19 – жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету;

      20 – Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кеден аумағының ішінде тауарлардың алмасуы;

      29 – міндеттемелерді өзге орындау.

      20. 22-баған мына белгілер ескеріле отырып толтырылады:

      "1" – шығыс (міндеттемелерді бейрезиденттің пайдасына орындау);

      "2" – кіріс (міндеттемелерді экспорттаушының немесе импорттаушының пайдасына орындау).

      21. 23-баған Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде толтырылады. Басқа жағдайларда 23-баған толтырылмайды.

      22. 3 және 18-бағандар сегіз цифрды мынадай тәртіппен: күнін, айын, жылын көрсету арқылы толтырылады.

      23. "Жөнелтуші", "Алушы" деген бағандарда Одақтың кеден аумағының ішінде тауарларды жеткізу туралы ақпараты жіберген кезде экспорттаушы немесе импорттаушы туралы мәліметтер тиісінше көрсетіледі.

      24. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам" және "Орындаушы" деген жолдар Нысан қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 113 Қаулысына
7-қосымша
  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды жүзеге
асыру қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпарат _____ жылғы ____ ай үшін

Тауарларға арналған декларациядағы тауардың нөмірі

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорт немесе импорт белгісі

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың деректемелері

Экспорттаушы немесе импорттаушы жөніндегі ақпарат

Нөмірі

Күні

Нөмірі

Күні

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушының немесе импорттаушының белгісі

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген кеден рәсімі

Шот бойынша тауардың сомасы

Тауардың шығарылған күні

Тауардың мәртебесі

Тауар мәртебесін өзгерту күні

Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген кеден рәсімі

Тауар құны

Статистикалық

Фактуралық

Жеткізу валютасы

Валюта бағамы

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19











      кестенің жалғасы

Мәміле сипатының коды

Сыртқы экономикалық мәміле ерекшеліктерінің коды

20

21

  "Есептік нөмірі бар экспорт
немесе импорт жөніндегі
валюталық шарт бойынша
тауарлардың қозғалысы
туралы ақпарат" нысанына
қосымша

"Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. 1-бағанда тауарларға арналған декларациядағы тауардың реттік нөмірі (тауарларға арналған декларацияның 32-бағаны) көрсетіледі.

      2. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі есептік нөмір көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).

      3. 3-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмірді беру күні көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).

      4. 4-бағанда мына белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер экспорт бойынша валюталық шарт;

      "2" – егер импорт бойынша валюталық шарт.

      5. 5-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).

      6. 6-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).

      7. Егер 9-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының "1" – заңды тұлға (оның филиалы) белгісі көрсетілсе (тауарларға арналған декларацияның 9-бағаны), 7-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.

      8. Егер 9-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының "2" – дара кәсіпкер белгісі көрсетілсе (тауарларға арналған декларацияның 9-бағаны), 8-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.

      9. Егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы) болып табылса, 9-бағанда "1" белгісі немесе егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      10. 10-бағанда тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның әріптік бағаны).

      11. 11-баған мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды декларациялау мақсатында пайдаланатын сыныптауышқа сәйкес кеден рәсімінің цифрлық белгісін көрсете отырып толтырылады (тауарларға арналған декларацияның 1-бағанының екінші шағын бөлігі).

      Нысанды толтыру кезінде тауарларға арналған декларацияда көрсетілген кеден рәсімдері ескеріледі:

      1) экспорт бойынша: егер уақытша әкету мерзімі бір жыл және одан астам болса, экспорт 10 (экспорт), 21 (кеден аумағынан тыс өңдеу), 96 (Бажсыз сауда), экспорт 23 (Уақытша әкету) және егер осы тауарлар алдын ала кеден рәсімі импорт 40 деп ресімделсе (Ішкі тұтынушы үшін шығарылған), экспорт 31 (Реэкспорт);

      2) импорт бойынша: егер уақытша әкелу мерзімі бір жыл және одан астам болса, импорт 40 (Ішкі тұтынушы үшін шығарылған), 51 (Кеден аумағында өңдеу), 70 (Кеден қоймасы), 77 (Бос тұрған қойма), 78 (Еркін кеден аумағы), 91 (Ішкі тұтынушы үшін өңдеу), 94 (Мемлекеттің пайдасы үшін бас тарту), 96 (Бажсыз сауда), импорт 53 (Уақытша әкелу (рұқсат беру), егер бұл тауарлар алдын ала кеден рәсімі экспорт 10 (Экспорт) болып ресімделсе, импорт 60 (Реимпорт) деп есепке алынады.

      "Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлардың қозғалысы туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірменің осы тармағының екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген кеден рәсімдерін есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк мәлімет үшін есепке алады.

      12. 12-бағанда тауардың шот бойынша жалпы сомасы көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 22-бағаны).

      13. 13-бағанда мемлекеттік кірістер органының тауарды шығару (оның ішінде шартты шығару) туралы шешімді қабылдаған күні көрсетіледі.

      14. 14-бағанда тауар мәртебесі көрсетіледі (шығарылды, кері қайтарып алынды, шығарудан бас тартылды, шартты түрде шығарылды, түзетілді).

      15. 15-бағанда тауардың мәртебесі өзгертілген күні көрсетіледі.

      16. 16-бағанда тауардың статистикалық құны Америка Құрама Штаттарының доллары бірлігімен көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 46-бағаны).

      17. 17-бағанда тауардың фактуралық құны жеткізу валютасының бірлігімен көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 42-бағаны).

      18. 18-бағанда ҚР ҰС 07 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес жеткізу валютасының әріптік белгісі көрсетіледі.

      19. 19-бағанда фактуралық құнға қайта санау үшін пайдаланылған және тауарларға арналған декларацияда көрсетілген валюта бағамы көрсетіледі.

      20. 20 және 21-бағандарда мәміле сипатының коды және сыртқы экономикалық мәміле ерекшеліктерінің коды көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 24-бағаны).

      21. Ұлттық Банк уәкілетті банкке 20 және 21-бағандардағы ақпаратты бермейді.

      22. 3, 6, 13 және 15-бағандар айы, күні, жылы тәртібінде сегіз цифрды көрсету арқылы толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 113 Қаулысына
8-қосымша
  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды жүзеге
асыру қағидаларына
13-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған

"Банктік бақылаудың жеке карточкасы" № _______/________/______ (есепті айдың соңындағы жағдай бойынша)

      Индексі: EICC_3

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: ______ жылғы ________ ай

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде

  Нысан

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпараттың атауы

Жолдың коды

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпарат

1.

Банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберуге негіз:

10


2.

Экспорттаушы немесе импорттаушы бойынша ақпарат:

20


3.

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

21


4.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

22


5.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

23


6.

Экспорттаушының немесе импорттаушының белгісі

24


7.

Мекенжайы

25


8.

Облыс коды

26


9.

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

30


10.

Нөмірі

31


11.

Күні

32


12.

Уәкілетті банктің БСН:

40


13.

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат:

50


14.

Экспорттың немесе импорттың белгісі

51


15.

Нөмірі

52


16.

Күні

53


17.

Сомасы мың бірлікпен

54


18.

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың валютасы

55


19.

Бейрезидент бойынша ақпарат:

60


20.

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

61


21.

Елі

62


22.

Репатриациялау мерзімі:

70


23.

Бейрезиденттің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы репатриациялау мерзімдерінде орындамаған міндеттемелерінің сомасы туралы ақпарат:

80


24.

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт валютасымен

81


25.

Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) долларымен

82


26.

Ескертпе:

90


      Атауы _______________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________

      Орындаушы _____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ________________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  "Банктік бақылаудың жеке
карточкасы" әкімшілік деректер
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Банктік бақылаудың жеке карточкасы" Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Банктік бақылаудың жеке карточкасы" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк есепті айдан кейінгі айдың күніне дейінгі мерзімде (репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың) ай сайын жібереді.

      4. Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк Нысанды толтырған кезде бейрезидент экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау мерзімінде экспорттаушының немесе импорттаушының алдындағы есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асатын сомадағы орындамаған міндеттемелердің бар екендігі туралы қолда бар ақпаратты пайдаланады.

      5. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

      6. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысан ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      7. Банктік бақылаудың жеке карточкасының нөмірі көлбеу сызықпен бөлінген екі бөліктен тұрады:

      1) бірінші бөлікте есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің БСН көрсетіледі;

      2) екінші бөлікте уәкілетті банк (оның филиалдарын ескере отырып) үшін банктік бақылаудың жеке карточкасының бірегей нөмірі көрсетіледі.

      8. Коды 10-жолда "1" саны көрсетіледі – бейрезиденттің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау мерзімінде экспорттаушы немесе импорттаушы алдындағы есептік айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша баламасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларынан асатын сомадағы міндеттемелерді орындамауы.

      Ұлттық Банкке банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберу күні экспорттаушы немесе импорттаушы есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) бейрезиденттің осы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындағанын растайтын немесе аталған шарт бойынша репатриациялаудың жаңа мерзімін белгілеу үшін негіз болып табылатын ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсынбаса, банктік бақылаудың жеке карточкасы Ұлттық Банкке жіберіледі.

      9. Егер коды 24-жолда "1" белгісі көрсетілсе, коды 22-жол экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсете отырып толтырылады.

      10. Егер коды 24-жолда "2" белгісі көрсетілсе, коды 23-жол экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсете отырып толтырылады.

      11. Егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, коды 24-жолда "1" белгісі немесе экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      12. Коды 26-жолда ҚР МС 11 "Әкімшілік-аумақтық объектілерінің сыныптауышы" Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыныптауышына сәйкес экспорттаушының немесе импорттаушының заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы 2 саны көрсетіледі.

      13. Коды 31-жолда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері көрсетіледі.

      14. Коды 32-жолда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі берілген күні көрсетіледі.

      15. Коды 40-жолда есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің БСН көрсетіледі.

      16. Коды 51-жолда мына белгілер көрсетіледі:

      "1" – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт;

      "2" – егер импорт жөніндегі валюталық шарт.

      17. Коды 52-жолда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі.

      18. Коды 53-жолда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі.

      19. Коды 55-жолда ҚР ҰС 07 ISO 4217 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ұлттық сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.

      20. Коды 62-жол ҚР МС 06 ISO 3166.1 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлік. Елдердің коды" ұлттық сыныптауышын пайдалана отырып толтырылады.

      21. Коды 70-жолда репатриациялау мерзімі көрсетіледі.

      22. 81 және 82-жолдар валютаның мың бірлігімен толтырылады.

      23. Коды 90-жолда уәкілетті банк басқа кез келген қосымша ақпаратты көрсетеді.

      24. Банктік бақылаудың жеке карточкасы алдыңғы есепті кезеңдерде Ұлттық Банкке жіберілген болса және есепті кезеңде оны жіберу үшін негіз бар болса, уәкілетті банк алғашқы рет банктік бақылаудың жеке карточкасы жіберілген нөмірді көрсете отырып, кодтары 20-70-жолдардағы ақпарат өзгерген жағдайларды қоспағанда, осы жолдарды толтырмай, банктік бақылаудың жеке карточкасын жібереді.

      25. Кодтары 32, 53-жолдар сегіз цифрды мынадай тәртіппен: күнін, айын, жылын көрсету арқылы толтырылады.

      26. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам" және "Орындаушы" деген жолдар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 113 Қаулысына
9-қосымша
  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды жүзеге
асыру қағидаларына
14-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Баламасы 100 000 (бір жүз мың) Америка Құрама Штаттары долларынан асатын сомада экспорт немесе импорт бойынша жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат

      Индексі: ЕIСС_4

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: ________ жылғы ________ айға

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті банк

      Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесіне) дейінгі (қоса алғанда) мерзімде

  Нысан

      Уәкілетті банктің бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________________________________________

Экспорттаушы немесе импорттаушы жөніндегі ақпарат

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Экспорттаушының немесе импорттаушының белгісі

Мекенжайы

Облыс коды

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы

Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат

Экспорт немесе импорт белгісі

Белгісі – шығыс, кіріс

Сомасы

Ескертпе

8

9

10

11





      Атауы _______________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________

      Орындаушы _____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ________________________________________ _______________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  "Баламасы 100 000 (бір жүз
мың) Америка Құрама
Штаттары долларынан асатын
сомада экспорт немесе импорт
бойынша жүзеге асырылған
төлемдер және (немесе) ақша
аударымдары туралы ақпарат"
әкімшілік деректер жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Баламасы 100 000 (бір жүз мың) Америка Құрама Штаттары долларынан асатын сомада экспорт немесе импорт бойынша жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Баламасы 100 000 (бір жүз мың) Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі – АҚШ) долларынан асатын сомада экспорт немесе импорт бойынша жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Уәкілетті банк Нысанды толтыру кезінде баламасы 10 000 (он мыңнан) бастап 50 000 (елу мың) АҚШ долларына дейінгі (қоса алғанда) сомаға жасалған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша қолда бар ақпаратты пайдаланады

      4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

      5. Деректерге түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейінгі 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      6. Егер 5-бағанда "1" белгісі көрсетілсе, 3-баған экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсету арқылы толтырылады.

      7. Егер 5-бағанда "2" белгісі көрсетілсе, 4-баған экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсету арқылы толтырылады.

      8. Егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, 5-бағанда "1" белгісі немесе егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      9. 6-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының заңды мекенжайы көрсетіледі.

      10. 7-бағанда ҚР МС 11 "Әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес экспорттаушының немесе импорттаушының заңды мекенжайы бойынша облыстар кодының алғашқы екі саны көрсетіледі.

      11. 8-бағанда мынадай белгілер көрсетіледі:

      "1" - егер экспорт жөніндегі валюталық шарт болса;

      "2" - егер импорт жөніндегі валюталық шарт болса.

      12. 9-баған мына белгілерді ескере отырып толтырылады:

      "1" - шығыс төлемі үшін (бейрезиденттің пайдасына төлем және (немесе) ақша аударымы);

      "2" - кіріс төлемі үшін (экспорттаушының немесе импорттаушының пайдасына төлем және (немесе) ақша аударымы).

      13. 10-бағанда АҚШ долларымен жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы сомасы көрсетіледі.

      14. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам" және "Орындаушы" деген жолдар Нысан қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 113 Қаулысына
10-қосымша
  Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды жүзеге
асыру қағидаларына
15-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке (оның филиалына) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына ұсынылады

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Шетел банкіндегі шот арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпарат

      Индексі: ЕIСС_5

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең:__________ жылғы __________ай

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылатын шетелдік банкте шоты бар экспорттаушы немесе импорттаушы

      Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 (жиырмасына) дейін (қоса алғанда)

  Нысан

Экспорттаушының немесе импорттаушының деректемелері

Шетел банкіндегі шот бойынша ақпарат

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері

Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың деректемелері

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Атауы

Елі

Нөмірі

Валютасы

Нөмірі

Күні

Нөмірі

Күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      кестенің жалғасы

Экспорттаушының немесе импорттаушының міндеттемелерді бейрезиденттің пайдасына орындауы

Бейрезиденттің міндеттемелерді экспорттаушының немесе импорттаушының пайдасына орындауы

Күні

Міндеттемелерді орындау тәсілінің коды

Мың бірлікпен сомасы

Ескертпе

Күні

Міндеттемелерді орындау тәсілінің коды

Мың бірлікпен сомасы

Ескертпе

13

14

15

16

17

18

19

20









      Атауы _______________________ Мекенжайы ________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________

      Орындаушы _____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Мөр орны
(жеке кәсіпкерлік
субъектілерін қоспағанда)
  "Шетел банкіндегі шот арқылы
экспорт немесе импорт
жөніндегі валюталық шарттар
бойынша міндеттемелерді
орындау туралы ақпарат"
әкімшілік деректер жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Шетел банкіндегі шот арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпарат" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Шетел банкіндегі шот арқылы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпарат" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды есептік нөмір берілген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылатын шетел банкінде шоты бар экспорттаушы немесе импорттаушы ұсынады.

      4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

      5. Деректерге түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейінгі 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.

2-тарау. Нысанды толтыру

      6. 1-бағанда заңды тұлға үшін – атауы, жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      7. 2-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.

      8. 3-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.

      9. 4-бағанда экспорттаушы немесе импорттаушы шот ашқан шетел банкінің атауы көрсетіледі.

      10. 5-бағанда шот ашылған шетел банкі орналасқан ел көрсетіледі.

      11. 6-бағанда шетел банкіндегі шоттың нөмірі көрсетіледі.

      12. 7-бағанда шетел банкінде ашылған шот валютасы көрсетіледі.

      13. 8-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.

      14. 9-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күні көрсетіледі.

      15. 10-бағанда экспорт және импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі.

      16. 11-бағанда экспорт және импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі.

      17. 13 және 17-бағандарда міндеттемелерді орындау күні көрсетіледі.

      18. 14 және 18-бағандарда міндеттемелерді орындау тәсілінің кодтары көрсетіледі:

      11 - аккредитив шеңберіндегі төлем және (немесе) ақша аударымы;

      12 - банк кепілдігі шеңберіндегі төлем және (немесе) ақша аударымы;

      13 - экспорт бойынша алдын ала ақы (импорт бойынша алдын ала жеткізу);

      14 - экспорт бойынша тауарды тиегеннен кейін ақы төлеу (импорт бойынша тауарға ақы төлегеннен кейін жеткізу);

      15 - бейрезидентке қойылатын талап ету құқығын басқа резидентке есепке алу, беру, резиденттің борышын басқа тұлғаға аудару;

      16 - бейрезиденттің міндеттемелерді орындамауы тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін алу;

      17 - вексельді беру;

      18 - бағалы қағаздарды беру;

      19 - жұмыстарды орындау, қызмет көрсету;

      20 - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы ішінде тауарлардың орнын ауыстыру;

      29 - міндеттемелерді өзге де орындау.

      19. 15 және 19-бағандарда сома шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

      20. Қажет болған кезде есепке өзге қосымша ақпарат және түсіндірмелер берілген анықтама қоса беріледі.

      21. "Атауы", "Мекенжайы", "Телефоны", "Электрондық пошта мекенжайы", "Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам" және "Орындаушы" деген жолдар Нысан қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда толтырылады.