"Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс мдарына,музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгерістер мен тол

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 желтоқсанда № 25910 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12608 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабы 5-тармағына және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және республикалық және жергілікті бюджеттен мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеудің тәртібін (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) айқындайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-1-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

92 %

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ

      ";

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

19.

86 %

"Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" РМҚК

      ";

      реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

24.

85 %

"Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы" РМҚК

      ";

      реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

26.

70 %

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

      ";

      реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

28.

90 %

"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

      ";

      ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      КеАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова