Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 9-тармағының екінші бөлігіне және 72-1-бабы 3-тармағының сегізінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ерікті тарату жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 133 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7662 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өз еркімен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін бекіту туралы";
кіріспесі және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 9-тармағының екінші бөлігіне және 72-1-бабы 3-тармағының сегізінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өз еркімен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері бекітілсін.";
Көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ерікті тарату жөніндегі нұсқаулық осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
Өз еркімен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері
Осы өз еркімен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері (бұдан әрі – Тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 67-бабы 9-тармағының екінші бөлігіне және 72-1-бабы 3-тармағының сегізінші бөлігіне сәйкес әзірленді және өз еркімен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының (бұдан әрі – қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы) тарату комиссияларының (бұдан әрі – тарату комиссиясы) қызметін ұйымдастыру, тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторлар комитетін қалыптастыру мен қызметінің ерекшеліктерін, сондай-ақ тарату комиссияларының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жүргізу, касса құжаттарын жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркімен тарату (бұдан әрі – тарату) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату (бұдан әрі – қызметін тоқтату) процесінің басталуы тарату комиссиясын құру күні болып саналады.
2. Тарату комиссиясын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган):
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркімен таратуға;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей құрады.
Тарату комиссиясының құрамын өзгерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы жүзеге асырады.
2-тарау. Тарату комиссияларының қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері
3. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап және тарату, қызметін тоқтату процесі аяқталғанға дейін:
1) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы акционерлерінің жалпы жиналысының, басқа да органдары мен лауазымды адамдарының өкілеттіктері, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мүлкін басқару және міндеттемелерін өтеу бойынша өкілеттіктері, олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;
2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атынан немесе есебінен жүзеге асыралатын іс-әрекеттердің оларды тарату комиссиясының төрағасы не осы әрекеттерді жасауға төраға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты берген тұлға жасаған кезде ғана заңды күші болады;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қатысты, мүліктік сипаттағы талаптарды тарату комиссиясы Тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктеріне және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қарайды.
4. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап оған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының істер мен мүлкін басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер өтеді.
Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының істерін, оның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету бойынша істер аяқтау үшін шаралар қабылдайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінің акционерлермен есеп айырысуды қамтамасыз ету бөлігіндегі ережесі қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.
Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атынан және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде дербес іс-әрекет жасайды.
5. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысын басқарады. Тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға тағайындайтын орынбасары атқарады.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары және (немесе) өкілдіктері болған кезде оларды таратуды жергілікті жерлерде құрылатын тарату комиссиясының бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) жүргізеді.
7. Бөлімшені тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен тағайындалатын оның басшысы (бұдан әрі – бөлімше басшысы) басқарады. Бөлімше басшысы өз қызметін оған тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат негізінде жүзеге асырады. Бөлімше басшысы мен бөлімше тарату комиссиясының төрағасына есеп береді.
8. Тарату комиссиясы мүшесінің, бөлімше басшысының құқықтары мен міндеттері, еңбекке ақы төлеу талаптарын қоса алғанда, тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын еңбек шартында айқындалады.
Жұмысқа қабылдау тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресімделеді.
Тартылған қызметкердің құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе өтеулі қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекітетін әрбір қызметкерге арналған лауазымдық нұсқаулықтарда айқындалады.
9. Тарату комиссиясының төрағасы жедел басшылық жасауды жүзеге асырады, бөлімшелер басшыларының жұмысын және бөлімшелер қызметін бақылайды.
10. Тарату комиссиясы тарату комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес тарату, қызметін тоқтату рәсімін жүзеге асырады.
11. Жұмыс жоспары жартыжылдыққа бөліне отырып, бір жылға жасалады және тарату комиссиясы құрылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде және жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірілмей уәкілетті органға мәлімет үшін ұсынылады.
Тарату комиссиясы жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпаратты жарты жылдықтың қорытындылары бойынша уәкілетті органға ұсынады.
12. Кредиторлардың өкілдері, ірі акционерлердің өкілдері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де тұлғалары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 88-бабының 3-тармағына сәйкес тарату комиссиясының құрамына енгізіледі.
13. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап:
1) бірінші жұмыс күні:
уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркімен таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы шешімінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органының тарату комиссиясын құру туралы шешімінің көшірмелерін көру үшін қолжетімді орынға орналастырады;
Тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерінің 47-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, кассаға ревизия жүргізеді, ақша қалдығын өз еркімен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ағымдағы шотына есепке алады;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының банктік шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына (бұдан әрі – банк) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгілері бар жаңа құжаттарды ұсынады;
2) 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшылығынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, электрондық ақпарат тасымалдағыштарды, бағдарламалық қамтылымды, бланкілерді және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басқа барлық құжатын құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-өткізу туралы қажетті актілер жасай отырып талап етеді;
мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы", "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамдарын тарату, қызметін тоқтату туралы хабардар етеді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мүлкін иеліктен айыру жөніндегі, тарату комиссиясы жасамаған мәмілелерді тіркеуге, сондай-ақ кепіл ұстаушысы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгілейді;
3) 10 (он) жұмыс күні ішінде:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының банк шоттарын салыстырып тексереді және оларды жабады, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының теңгедегі және (немесе) шетел валютасындағы ағымдағы шотын ашады;
орталық заң органының ресми баспа басылымдарында кредиторлардың шағым-талаптарын ұсыну тәртібін, мерзімдерін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының өз талаптарын ұсыну мекенжайын міндетті түрде көрсете отырып, өз еркімен тарату, қызметін тоқтату туралы ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын, мемлекеттік кіріс органдарын таратудың басталғаны, қызметін тоқтатқаны туралы хабардар етеді;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының толық материалдық жауапкершілік алатын тұлғаларының, оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізудің автоматтандырылған электрондық жүйесіне және қаржылық пен өзге де есептілікті өңдеуге рұқсаты бар тұлғалардың аясын анықтайды;
тарату комиссиясы құрылған күні электрондық түрде қолда бар бухгалтерлік құжаттаманы басып шығаруды жүзеге асырады. Мұндай құжаттама электрондық түрде болмаған жағдайда, көрсетілген күнге қағаз тасымалдағыштағы құжаттама негізге алынады;
4) 30 (отыз) жұмыс күні ішінде:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері мен қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарады;
өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің қажетті мөлшерін жалдайды;
кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекенжайын белгілейді және оны талдамалық есеп деректерімен салыстырып тексереді;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының әрбір кредиторына тарату туралы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының әрбір кредиторына қызметін тоқтату туралы жазбаша хабар береді;
кредиторлар туралы мәліметтер болмаған жағдайда қолда бар деректемелерді және жазбаша хабарлама берудің мүмкін болмау себептерін көрсете отырып, акт жасайды;
қабылдау-өткізу актісі бойынша активтерді, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мүлкін қабылдайды, сақтандыру агенттеріндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы шарттарының (полистерінің) бланкілері мен қолма-қол ақша қалдықтарын алады;
таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының істері мен құжаттарын қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындайды;
5) таратудың, қызметін тоқтатудың барлық кезеңі ішінде:
таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторлары талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бекітілген аралық таратылу балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін анықтайды;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату, қызметін тоқтату мақсаттарына сәйкес оның активтерін басқарады;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бағдарламалық қамтамасыз етуінің және ақпаратты электрондық тасымалдағыштарының, сондай-ақ басқа да ақпараттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құжаттары мен мүлкінің сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;
жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын екі мерзімді баспа басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын тарату өндірісінің барысы туралы ақпаратты есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) ақпанынан кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атынан сотта талап қояды және оның мүддесін білдіреді;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының дебиторларынан берешекті алу шараларын қабылдайды;
6) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мүліктің жеткіліксіздігі фактісі белгілі болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану туралы сотқа өтініш береді;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы активтерінің жетіспеушілігі анықталған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Сақтандыру қызметі туралы заңның 30-1-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға бұрын берілген жазбаша міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандырады;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату туралы есепті және тарату балансын жасайды және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату туралы есепті және активтер мен міндеттемелер туралы тарату есебін жасайды, оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органына бекіту үшін ұсынады;
8) құжаттарды мұрағатқа сақтауға өткізеді және бұл жөнінде уәкілетті органға мәлімдейді;
9) Тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының теңгедегі және (немесе) шетел валютасындағы ағымдағы шоты оның бас офисі тұрған жердегі банкте ашылады.
Тарату комиссиялары қызметі ерекшеліктерінің 47-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимитін қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның ішінде филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының барлық ақшасы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ағымдағы шотына аударылады.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының алдында берешегі жоқ жеке немесе заңды тұлғалардың жазбаша талабы бойынша тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркімен таратуға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтауға рұқсат алғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының банк шоттарына келіп түскен ақшаны қайтарады.
15. Тарату комиссиясының мүшелері мен қызметкерлері (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері мен қызметкерлері) тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы құқық қорғау органдарына немесе сотқа белгіленген тәртіппен өтініш береді, сондай-ақ бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.
16. Жұмыс жоспарында белгіленген мерзімдер бұзылған жағдайда тарату комиссиясы күнтізбелік 10 (он) күннің ішінде уәкілетті органға тиісті құжаттардың көшірмелері қоса берілген тиісті жазбаша түсіндіруді ұсынады.
17. Тарату комиссиясы жасаған жұмысы туралы есептерді, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты да уәкілетті органға ұсынады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының жасаған жұмысы туралы есептерді беру нысандары, мерзімдері және кезеңділігі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13638 болып тіркелген, "Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 65 қаулысында белгіленген.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарында және өкілдіктерінде өз қызметін жүзеге асырып отырған тарату комиссиясының бөлімшелері жасаған жұмыстары туралы есепті тарату комиссиясының төрағасына ұсынады.
3-тарау. Тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту ерекшеліктері
18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркімен таратуға байланысты барлық шығыстар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен ғана жұмсалады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға байланысты барлық шығыстар, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.
Тарату өндірісіне, оның ішінде тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз етуге байланысты шығыстар, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттілігінен пайда болатын шығыстар кезектен тыс және тұрақты түрде жүргізіледі. Тарату массасын мақсатсыз жұмсауға, сондай-ақ тарату шығыстарына арналған қаражатты күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімге резервтеуге жол берілмейді.
19. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының шығыстарын реттеу мақсатында тарату комиссиясының қызмет ету кезеңінде Тарату комиссиялары қызметі ерекшеліктерінің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасы жасалады.
20. Тарату комиссиясы құрылғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннің ішінде тарату шығыстарының сметасын қалыптастырады және күнтізбелік 15 (он бес) күннің ішінде сметаны қарайтын уәкілетті органға оны түсіндірме жазбасымен бірге келісу үшін ұсынады.
Тарату шығыстарының сметасына тарату комиссиясының төрағасы (ол болмаған кезеңде – орынбасары), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.
Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбір ай бөлігінде жасалады.
Тарату комиссиясы жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей тарату шығыстарының сметасын кейіннен келісу үшін уәкілетті органға ұсынады.
Кредиторлар комитеті құрылғанға дейін тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді.
Тарату комиссиясының төрағасы тарату шығыстарының сметасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органмен келіскеннен кейін ғана енгізеді.
21. Кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген соң тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей кредиторлар комитетіне бекітуге береді.
Тарату шығыстарының сметасын бекіту туралы немесе оны бекітуден бас тарту туралы кредиторлар комитетінің шешімі хаттамамен ресімделеді.
22. Тарату комиссиясы кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары сметасының көшірмесін түсіндірме жазбасымен бірге оны бекіткен күннен кейінгі 1 (бірінші) жұмыс күні уәкілетті органға ұсынады.
23. Тарату комиссиясының төрағасы кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасына міндетті түрде кредиторлар комитеті алдын ала бекітетін өзгерістер мен толықтыруларды енгізе алады.
24. Егер тарату шығыстары алдыңғы кезеңде жүзеге асырылмаса және оларды жоспарланған кезеңде жүзеге асыру қажеттілігі туындаса, онда аталған шығыстар жоспарланған кезеңдегі тарату шығыстарының сметасына енгізілуі тиіс.
25. Тарату шығыстарының сметасын келіскен не бекіткен орган оның орындалуына бақылау жасайды.
26. Тарату комиссиясы, уәкілетті орган мен кредиторлар комитеті таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру, келісу және бекіту кезінде тарату шығыстарының нақтылық, негізділік, мақсатқа сай болу және шынайылық қағидаттарын басшылыққа алады.
Тарату шығыстарының нақтылық қағидаты тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезінде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының нақты қаржылық жағдайын, оның ішінде кредиторлар алдындағы берешектер көлемін негізге алуды көздейді.
Тарату шығыстарының негізділік қағидатын тарату өндірісінің белгілі бір кезеңінде қажет болатын шығындардың объективті қажеттігі деп түсінген жөн.
Тарату шығыстарының мақсатқа сай болу қағидаты тарату комиссиясының жұмсап отырған шығындары алға қойылып отырған мақсатқа сәйкес келетіндігін, яғни тарату өндірісін аяқтауға және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторларымен, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерімен есеп айырысуға бағытталғандығын білдіреді.
Тарату шығыстарының шынайылық қағидаты жұмсалған шығындарды тарату комиссиясының құжаттамалық тұрғыдан растауын білдіреді.
27. Тарату шығыстарының сметасында шығынның мына баптары көзделеді:
1) қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары;
2) бюджетке аударымдар бойынша шығыстар;
3) әкімшілік шығыстар;
4) тауар-материалдық құндылықтарын сатып алуға арналған шығыстар;
5) іссапар шығыстары;
6) болжанбаған шығыстар;
7) өзге де шығыстар.
28. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы қызметкерінің еңбегіне ақы төлеу шығыстары мына шығындарды көздейді: тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу, еңбек шарттарының негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына жұмысқа тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша ақы төлеу таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бар филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша қызметтер көрсететін тартылған қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеу шығындарын қамтиды.
29. Еңбекке ақы төлеу бөлігіндегі тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған еңбек шарттарына және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарға негізделеді. Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарының бабы тарату комиссиясының төрағасы бекітетін штат кестесіне сәйкес қалыптасады.
Тарату шығыстарының сметасына ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша төленген ақыны енгізу кезінде тарату комиссиясы жасалған ақылы қызмет көрсету шарттары негізінде есеп айырысады, ол бойынша қызметтер күн сайын көрсетіліп, ақы ай сайын төленеді.
30. Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес жасалады.
31. Тарату комиссиялары сатып алынатын әртүрлі қызметтер мен тауар-материалдық қорын шығыстар сметасына енгізу кезінде есептерді тиісті өңірде белгіленген тарифтік кестелер мен орта нарықтық бағалар негізінде жүргізеді.
32. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің іссапарға шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
33. Болжанбаған шығыстар тарату комиссиясының кезек күттірмейтін қажеттіліктеріне жұмсалатын, мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштерден аспайтын жоспарланбаған шығындарды құрайды.
34. "Болжанбаған шығыстар", "Басқа да шығыстар" шығындарының бабы бойынша шығыстардың басқа бабындағы артық шығындарға байланысты шығыстар, сондай-ақ келісілуі не бекітілуі Тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерінде көзделген қажеттіліктерге жұмсалатын шығыстар жүзеге асырылмайды.
35. Тарату комиссиясы жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды шарттармен, шот-фактуралармен, чектермен және өзге де растаушы құжаттармен растайды.
36. Басқа бап бойынша үнемдеу есебінен бір баптың қаражатынан артық шығынды жұмсауға жол берілмейді.
37. Тарату комиссиялары қызметі ерекшеліктерінің 38-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келіскенге дейін немесе оны кредиторлар комитеті бекіткенге дейін шығыстарды жұмсауына жол берілмейді.
38. Тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органмен келіскенге дейін тарату комиссиясының бірінші кезектегі іс-шараларды өткізуіне байланысты шығындардың мына баптары бойынша шығыстарды жұмсауына жол беріледі:
1) тарату, қызметті тоқтату туралы хабарландыруды жариялау қызметтері;
2) байланыс қызметтері (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, пошта және анықтамалық қызметтер бойынша шығыстар, интернет желілерін пайдаланғаны үшін жұмсалатын шығыстар);
3) коммуналдық қызметтер;
4) қол қою үлгілері мен мөр таңбасы бар құжаттарды нотариатта куәландыру қызметтері.
39. Тарату шығыстарының сметасын уәкілетті органның келісуден (кредиторлар комитетінің бекітуден) бас тарту негіздемелері:
1) Тарату комиссиялары қызметі ерекшеліктерінің 26-тармағында көзделген тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру қағидаттарын тарату комиссиясының сақтауын көрсететін түсіндірме жазбаны;
2) жоспарланған (жұмсалған) шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынбауы болып табылады.
40. Уәкілетті орган тарату шығыстарының сметасын келісу туралы немесе оны келісуден бас тарту жөнінде тарату комиссиясына жазбаша нысанда хабарлайды.
4-тарау. Тарату комиссияларының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жүргізу, касса құжаттарын жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдері
41. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтері, кассирі, ал бөлімшелерде – басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді, тарату комиссиясының кассасына келіп түскен ақшаның уақтылы кіріске алынуына бақылау жасайды.
42. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлік құжаттарға қол қоятын тұлғаларды бұйрықпен анықтайды.
Бір кассирі бар тарату комиссиясында оны ауыстыру қажет болған жағдайда кассирдің міндеттерін атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледі.
43. Қолма-қол ақша операцияларымен жұмысты орындап отырған, сондай-ақ өзге құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерімен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.
44. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтау, сондай-ақ кассалық операцияларды және құжаттарды жүргізу күзет, өрт және дабыл сигнализациясы құралдарымен бекітілген және жабдықталған, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтармен жарақтандырылған үй-жайда жүзеге асырылады.
45. Тарату комиссиясы кассасының (бұдан әрі - касса) жұмысы аяқталған соң ақшаны және құндылықтарды сақтауға арналған үй-жай бір топтамасы кассирде, ал екіншісі – бас бухгалтерде не тарату комиссиясының төрағасында (бөлімше басшысында) болатын кілттермен жабылады және тарату комиссиясының мөрімен сүргі соғылады.
46. Кассада қолма-қол ақшамен жасалатын операциялардың есебі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - № 231 Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
47. Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимиті мына шектер бойынша анықталады:
тарату комиссиясының бас офисінде - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
тарату комиссиясының бөлімшелерінде - 100 000 (жүз мың) теңге.
48. Тарату комиссиялары қызметі ерекшеліктерінің 47-тармағында белгіленген күнделікті лимит сомасы жоғарылап кеткен кезде тарату комиссиясының кредиторлармен есеп айырысу мақсатында банктерден, мүлікті сатудан, дебиторлық берешекті өндіріп алудан алған қолма-қол ақшаны сақтауы қызмет көрсететін банктен ақшаны алған күнді қоспағанда, 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақша оларды сақтау мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күні тарату комиссиясының ағымдағы шотына есептеледі.
49. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирі қол қойған кассалық кіріс құжаттары бойынша (қолма-қол ақша жарнасына хабарлама және кассалық кіріс ордері) жасалады және кассалық кіріс кітабында бір күн ішіндегі жалпы сома ретінде көрсетіледі. Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресімделеді.
50. Кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның ішінде дебиторлық берешекті өтеу есебінен және мүлікті сатудан алынған ақша) кассаға сол күні кіріске алынады және Тарату комиссиялары қызметі ерекшеліктерінің 47-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимитін қоспағанда, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тарату комиссиясының ағымдағы шотына аударылады.
51. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордерлері бойынша жүргізіледі. Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордерлер бойынша ресімделеді.
52. Ақшаны кассалық шығыс ордері бойынша беру кезінде кассир немесе оның орнындағы адам алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етеді, құжаттың атауын және нөмірін, кім және қашан бергенін жазып алады.
53. Қолма-қол ақшаны кассир немесе оның орнындағы адам тек кассалық шығыс ордерінде көрсетілген адамға ғана береді.
54. Егер ақшаны беру Азаматтық кодексте белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша жасалса, онда кассир ордер мәтінінде ақшаны алушының тегінен, атынан және бар болса - әкесінің атынан кейін ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегін, атын және бар болса - әкесінің атын көрсетеді.
Егер ақша ведомость бойынша берілген болса, онда ақшаны алу үшін қол қоятын орынның алдына кассир "Сенімхат бойынша" деген жазба жасайды. Сенімхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордеріне немесе ведомосқа қосылып тігіледі.
55. Кассалық операциялар нәтижесінде пайда болған және кассалық құжаттар бойынша ресімделмеген ақшаның және құндылықтардың артық болуы немесе кем шығуы тиісінше кіріске алынуы немесе акт жасай отырып, кассирден өндіріп алынуы тиіс.
56. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасы, тарату комиссиясының бас бухгалтері мен кассирі, ал бөлімшелерде бөлімше басшысы қол қояды.
57. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің және жұмысқа тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу әрбір алушыға кассалық шығыс ордері жасалмай-ақ төлем (есеп айырысу-төлем) ведомостары бойынша не қызметкердің банк шотына соманы аудару арқылы жүргізіледі.
58. Төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосының титул (басқы) парағында тарату комиссиясы төрағасының және тарату комиссиясы бас бухгалтерінің қолы қойылған, қолма-қол ақшаны беру мерзімдерін және жазбаша түрде сомасын көрсете отырып, қолма-қол ақшаны беру туралы рұқсат беру жазбасы жасалады.
59. Жалақы төлеудің белгіленген мерзімдері өткен соң кассир:
1) төлем ведомосында төлем жасалмаған адамдардың тегінің қарсы тұсына мөртабан басады немесе қолымен "Депонирленген" деген белгі қояды;
2) депонирленген сомалардың тізілімін жасайды;
3) ведомостың соңына депонирлеуге жататын жалақының нақты төленген сомасы мен алынбаған сомасы туралы жазба жасайды, осы сомаларды төлем ведомосының жалпы жиынтық сомасымен салыстырып тексереді және өзінің қойылған қолымен бекітеді;
4) ведомоста нақты төленген соманы көрсетеді.
60. Тарату комиссиясының қызметкерлеріне қолма-қол ақша тарату өндірісіне байланысты мақсаттар үшін есепті түрде беріледі.
Ақшаны есепті түрде берудің негіздемесі тарату комиссиясының бас бухгалтері мен төрағасы қол қойған осы шығыстардың қажеттігін негіздейтін ресімделген құжаттар (оның ішінде тарату комиссиясының баян жазбалары, есептеулері, хаттамалары) болып табылады.
61. Есепті тұлғалар есепті түрде берілген сомалар бойынша оларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, іссапарлық шығыстар бойынша іссапар мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алынған сомалардың нысаналы мақсатқа жұмсалғанын растайтын құжаттарды (барлық растаушы құжаттар қоса берілген аванстық есептерді, тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің төлемі туралы чектерді) береді.
Есепті түрде берілген ақша мына жағдайларда:
1) нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағанда;
2) мақсатты пайдаланылғанын растайтын құжаттар болмағанда қайтарылуы тиіс.
Есепті түрде берілген ақша оларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, ал іссапар шығыстары кезінде іссапар аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қайтарылуы тиіс.
62. Кассалық кіріс құжаттары, кассалық шығыс ордерлері мен баланстан тыс ордерлер нақты әрі түсінікті етіп, өшірусіз, жөндеусіз немесе түзетулерсіз толтырылады.
Кассалық шығыс ордерлерінде оларды жасау негіздемесі беріледі және оған қоса берілетін құжаттар атап көрсетіледі.
63. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері қосымшаларымен бірге күні, айы және жылы көрсетіліп, кассирдің немесе оның орнындағы адамның "Алынды" немесе "Төленді" деген мөртабанымен немесе қойылған қолымен міндетті түрде жабылуы тиіс.
64. Жұмыс күнінің соңында кассир кассалық кіріс және шығыс ордерлері негізінде № 231 Қағидаларға сәйкес бір күн ішіндегі кассалық айналымдар мен құндылықтардың қалдықтары туралы жиынтық анықтаманы жасайды және оның қорытындыларын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырып тексереді. Салыстырып тексеру тарату комиссиясының кассирі мен бас бухгалтерінің қойылған қолдарымен расталады.
65. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның қозғалысын және мақсатты пайдаланылуын есепке алу үшін Тарату комиссиясы қызметінің ерекшеліктеріне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кітабын (бұдан әрі - касса кітабы) жүргізеді, ол нөмірленуі, тігілуі және мөрмен жабылуы тиіс. Касса кітабындағы парақтар саны төрағаның (бөлімше басшысының), бас бухгалтердің және кассирдің қолдарымен расталады.
66. Касса кітабы өшірулерсіз және келісілмеген түзетулерсіз жүргізіледі.
Қате түзетілген жағдайда "Түзетілді" деген жазба жасалады да, ол түзетілген күні көрсетіліп, тарату комиссиясы кассирінің және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады.
Касса кітабын дұрыс және уақтылы жүргізуге бақылау жасау тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледі.
67. Күн сайын жұмыс күнінің соңында кассир бір күн ішіндегі операциялардың (кіріс және шығыс бойынша) қорытындысын есептейді, касса кітабындағы қолма-қол ақшаның қалдығын, сондай-ақ басқа да құндылықтардың келесі күнге қалған қалдығын шығарады, ол тарату комиссиясы кассирінің, бас бухгалтерінің және төрағасының (бөлімше басшысының) қолдарымен расталады.
68. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлік есептің деректері арасында алшақтық болған кезде, бас бухгалтер бұл туралы алшақтық себептерін анықтау шараларын қабылдау үшін тарату комиссиясының төрағасына (бөлімше басшысына) хабарлайды. Артық қалу немесе кем шығу расталған жағдайда артық қалу (кем шығу) сомалары, аталған алшақтықты анықтау күні мен уақыты көрсетіле отырып акт жасалады. Осы актіге кассадағы қолма-қол ақшаның анықталған артық қалу (кем шығу) себептерін түсіндірген кассирдің түсініктеме жазбасы қоса беріледі.
69. Кассир касса жинақталған соң касса құжаттарын қалыптастырады және жинақтап тігеді. Касса құжаттарын қалыптастыру кезінде баланстық шоттар бойынша (нөмірлеудің өсу ретімен) кіріс және шығыс бойынша жеке-жеке іріктеледі. Мемориалдық құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмірлері бойынша басында кіріс, содан соң шығыс құжаттары іріктеледі.
70. Касса құжаттары келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей әр күн үшін жеке папкаларға қалыптастырылады.
Жинақталып тігілген құжаттардың жинақталған деректері саналады және бір күн ішіндегі кассалық айналымдар туралы жиынтық анықтама деректерімен салыстырылып тексеріледі.
Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық кіріс және шығыс ордерлерінің бір күн ішіндегі кассалық айналымдар туралы анықтамалар касса құжаттарының алдындағы папканың басына орналастырылады.
71. Тарату комиссиясының төрағасы белгілеген мерзімдерде, бірақ тоқсанына кем дегенде 1 (бір) рет қолма-қол ақшаны толық қайта санау (банкнотты - парақтап, монеталарды - топтамалар бойынша) және басқа құндылықтардың болуын тексеру арқылы кассаға ревизия жасалады.
Кассаны ревизиялау өндірісі үшін төрағаның бұйрығымен сандық құрамы кемінде үш адамнан тұратын, жүргізілген ревизия нәтижелері туралы акт жасайтын комиссия тағайындалады.
72. Ревизия барлық құндылықтарға тексеру жүргізеді және ақша мен құндылықтарды талан-таражға салу және кем шығу мүмкіндігін жасыра алмайтын жүйелілік бойынша жасалады.
Кассадағы құндылықтардың кем немесе артық шығуы анықталған жағдайда актіде кем шығу немесе артық қалу сомасы және олардың пайда болу жағдайлары көрсетіледі.
5-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының активтерге иелік етуі және кредиторлардың шағым-талаптарын (өтініштерін) қарауы
73. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының меншікті мүлкін, бағалау құны бар мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басқа да талаптарын қамтиды және тарату массасын қалыптастыруға негіз болады.
Тарату массасына таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының меншік құқығына жатпайтын мүлкі енгізілмейді.
74. Тарату комиссиясы құрылған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мүлкіне (активтеріне), жеке шоттарына, міндеттемелеріне, құжаттарына түгендеу жүргізеді, сондай-ақ таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының уәкілетті қызметкерлерінің қатысуымен баланстық шоттарының және меморандум шоттарының барлық қалдықтарын салыстырып тексереді және қабылдау-өткізу актісі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мүлкі мен құжаттарын қабылдайды.
Бухгалтерлік есеп деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы жылына кем дегенде 1 (бір) рет, сондай-ақ мынадай жағдайларда міндетті түрде түгендеу жүргізеді:
тарату комиссиясының материалдық жауапты және лауазымды адамдарын, оның ішінде төрағасын және (немесе) бас бухгалтерін ауыстыру;
мүлікті ұрлау немесе асыра пайдалану, сондай-ақ бүлдіру фактілерін анықтау;
табиғат апаттары, өрт, апаттар және төтенше сипаттағы өзге де мән-жайлар.
75. Түгендеу жолымен анықталған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының барлық активтері тарату массасына енгізілуге тиіс.
Тарату комиссиясы құрылған күні сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтері мен міндеттемелерінің есебіне енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтері аралық тарату балансында көрсетіледі.
Тарату комиссиясы құрылған күні сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтер мен міндеттемелер туралы есебіне енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтері аралық тарату балансында көрсетіледі.
Тарату комиссиясы қызметінің ерекшеліктеріне 74-тармағына сәйкес жүргізілген түгендеу барысында анықталған мүліктің жетіспеушілігі аралық тарату балансына енгізіледі және жеке шотта есепке алынады.
76. Тарату комиссиясы мүлікке баға беру бойынша бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тарта отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мүлкіне (санаткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) баға береді.
77. Егер таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қолда бар ақшасы кредиторлардың және акционерлердің талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы Азаматтық кодексте белгіленген тәртіппен және кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті сату жоспарына сәйкес жария сауда-саттық тәртібімен мүлікті сатады.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалында кредиторлар комитеті болмаған кезде таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мүлкін сату Жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мәлімет үшін жібереді.
78. Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мүлкін мына:
сатылатын мүлікке сол өңірдегі мүліктің ұқсас түрлеріне қойылған нарықтық бағасынан кем емес баға белгілеу;
мүлікті неғұрлым жоғары бағамен сату;
мүлікті сатудан зиянды барынша азайту.
79. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының дебиторлары берешекті өтеу есебіне, оның ішінде сот шешімін орындау есебіне мүлікті өткізу, бағалаушы жүзеге асырған, мүлікті бағалау туралы есеп болған кезде ғана жүзеге асырылады.
80. Кредиторлар тарату комиссиясына растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша шағым-талаппен өтініш жасайды.
Кредиторлардың шағым-талаптарында талаптың мөлшері туралы (негізгі борыштың, сыйақының, шығындардың, айыппұл санкцияларының мөлшері туралы жеке-жеке) мәліметтер қамтылып, талаптың негіздемесі мен мөлшерін растайтын құжаттар (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері және басқа да құжаттар) қоса беріледі.
81. Тарату комиссиясы шағым-талапты алған күннен бастап оны күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қарастыруы тиіс.
82. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы шағым-талапты қарау кезінде қойылған талаптың заңдылығын және оның негізділігін тексереді.
83. Шағым-талапты алған тарату комиссиясы өтініш иесінің негізделген талаптарын таниды және оған шағым-талапты қарау нәтижелері туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Шағым-талапқа берілген жауапта:
1) жеке тұлғаның тегі, аты және бар болса әкесінің аты, заңды тұлғаның толық атауы, шағым-талап берген өтініш иесінің пошта деректемелері, жауап беріліп отырған шағым-талаптың күні мен нөмірі;
2) егер шағым-талап толық немесе ішінара заңды деп танылған жағдайда, орынды деп табылған сома, егер шағым-талап ақшалай бағалауға жатпайтын болса, оны қанағаттандыру мерзімі мен тәсілі көрсетіледі;
3) шағым-талап толық немесе ішінара қайтарылған жағдайда, Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне және шағым-талапты қабылдамауға негіз болған құжаттарға жасалған сілтемесі бар қабылдамау негіздемесі көрсетіледі;
4) жауапқа қоса берілген құжаттар мен өзге де дәлелдемелердің тізбесі көрсетіледі.
84. Егер шағым-талап толық немесе ішінара қабылданбаған жағдайда өтініш иесіне шағым-талаппен қоса алынған құжаттар қайтарылады, сондай-ақ шағым-талап берген өтініш иесінде олар жоқ болса, шағым-талаптың қайтарылуын негіздейтін құжаттар жіберіледі.
Тарату комиссиясының шағым-талапты кредитордың растаушы құжаттарды ұсынбауына байланысты қайтаруы кредитордың тарату комиссиясына шағым-талаппен және шағым-талапты қабылдау үшін белгіленген мерзім ішінде талап етілген құжаттарды қоса бере отырып, қайта өтініш жасауына кедергі келтірмейді.
85. Жауап арнайы немесе бағалы хатпен, оның жөнелтілуін белгілеуді қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралдарымен жіберіледі.
86. Шағым-талаптарды беруге арналған мерзім тарату, қызметті тоқтату жөніндегі хабарландыру баспасөзде жарияланған күннен бастап есептеледі және кемінде 2 (екі) айды құрайды.
87. Шағым-талаптарды мәлімдеу, сондай-ақ барлық мәлімделген шағым-талаптарды қарау мерзімі өткеннен кейін тарату комиссиясы күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде активтер мен міндеттемелерге жүргізілген түгендеу нәтижелерін ескере отырып, аралық тарату балансын жасайды.
Филиалдары және (немесе) өкілдіктері бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аралық тарату балансы филиалдар мен өкілдіктердің аралық тарату баланстарын ескере отырып жасалады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансы мен оның қосымшалары, оның ішінде кредиторлар талаптарының тізілімі акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының аралық тарату балансын және оған қосымшаларды, оның ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.
Тарату комиссиясы бекітілген аралық тарату балансының көшірмесін қосымшаларымен бірге уәкілетті органға 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.
88. Тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тізілімін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жасайды және ол Сақтандыру қызметі туралы заңның 72-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес келуге тиіс.
Кредиторлар талаптарының тізіліміне даусыз болып табылатын және тарату комиссиясы мойындаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы кредиторларының талаптары кіреді.
89. Егер шағым-талап берген кредитор бір уақытта таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының борышкері болып табылса, онда шағым-талапты қарау кезінде тарату комиссиясы ұсынылған құжаттарға сәйкес аралық тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мен борышкердің бір адам ретінде сәйкес келуін өзара талаптар сынағын өткізу туралы мәселені қарастырады және қалыптасқан айырма сомасын аралық тарату балансына енгізеді.
Аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін өзара талаптарды есепке алу осы кредитордың талаптарын қанағаттандырудың тиісті кезегі басталған кезде ғана жүргізіледі.
90. Соттардың шешімдері бойынша орындаушы құжаттар орынды деп танылған талаптар болып табылады және аралық тарату балансы мен орындалмаған сома мөлшерінде тиісті кезектілікпен кредиторлар талаптарының тізілімінде есепке алынады.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ағымдағы шотына ұсынылған, заңды күшіне енген соттардың шешімдері бойынша атқарушы құжаттар кредиторлардың талаптарын есепке алу үшін тарату комиссиясының төрағасына беріледі.
6-тарау. Кредиторлар комитетін қалыптастыру мен қызметінің ерекшеліктері
91. Таратылатын, қызметін тоқтататын кезде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
92. Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторлар комитеті құрамының тізімін аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қалыптастырады, оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде бекіту үшін уәкілетті органға жібереді. Тарату комиссиясы кредиторлар комитеті құрамының тізімін Тарату комиссияларының қызметі ерекшеліктерінің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды.
93. Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлар талаптарының тізіміне енгізілген талаптардың ең көп сомасы (кредиторлық берешектің ең жоғары сомасы) бар кредиторлар Сақтандыру қызметі туралы заңның 72-бабында көзделген кредиторлардың әрбір санатынан бір-бір өкілден енгізіледі.
Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға тарату өндірісіне қатысу үшін аталған кредиторларды кредиторлар комитетінің құрамына енгізу туралы ұсыныс жібереді.
Кредитордың жазбаша келісімі болған кезде ол кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі.
Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бұрынғы басшы қызметкерлері, сондай-ақ бұрын екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған, оларға қарсы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезінде жүктелген міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не басқаларға басымдық беретін іс-әрекеттерді орындаған фактінің (фактілердің) орын алуы белгіленген кредиторлардың өкілдері енгізілмейді.
94. Кредиторлар комитетіне енгізілген кредиторлардың саны кемінде үш адамды құрайды.
Кредитордың талаптары толық қанағаттандырылған жағдайда, ол кредиторлар комитетінің құрамынан шығарылады.
Мұндай жағдайда тарату комиссиясы кейіннен уәкілетті органға бекіту үшін кредиторлар комитетінің тізімін бере отырып, кредиторлар комитетінің құрамына өзгерту енгізеді.
95. Тарату комиссиясы комитеттің бірінші отырысын өткізу орны мен күні туралы кредиторлар комитетінің барлық мүшелеріне хабарлайды.
Кредиторлар комитетінің бірінші отырысы кредиторлар комитетінің құрамы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі. Кредиторлар комитеті бірінші отырыста дауыс беру рәсімінде дауыстар тең түскен кезде шешуші дауыс құқығы берілетін комитеттің төрағасын сайлайды. Кредиторлар комитетінің келесі отырыстары комитет анықтайтын тәртіппен және мерзімдерде шақырылады.
Кредиторлар комитетінің төрағасы комитеттің жұмыс жоспарын жасайды және бекітеді.
96. Кредиторлар комитеті:
1) тарату өндірісі барысында жасалатын барлық құжаттармен танысады;
2) кредиторлардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы шағымдарын қарауға қатысады;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын тарату өндірісі барысында кредиторлар құқықтарының, мүдделерінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы туралы, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы уәкілетті органға хабарлайды;
4) тарату комиссиясының іс-әрекеттері бойынша сотқа және уәкілетті органға шағымданады;
5) мүлікті сату саудасы мен тарату комиссиясының отырыстарын қоса алғанда, кез келген тарату рәсімдерін жүргізген кезде оған қатысатын кредиторлар комитетінің мүшелері арасынан кредиторлардың өкілдерін сайлайды;
6) тарату комиссиясынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты беруін талап етеді;
7) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының өндіріп алуға мүмкін болмайтын дебиторлық берешегінің мөлшерін бекітеді;
8) тарату комиссиясы ұсынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мүлкін сату жоспарын бекітеді;
9) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жай-күйін ескере отырып, тарату шығыстарының сметасын бекітеді;
10) тарату комиссиясының жекелеген кредиторларды хабардар етудің мүмкін еместігі туралы актісін бекітеді;
11) тарату комиссиясының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтер мен міндеттемелер туралы есебінен мүлікті шығару туралы актісін бекітеді.
Кредиторлар комитеті болмаған, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмаған жағдайда, осы тармақтың 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерді тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.
97. Кредиторлар комитеті отырысының нәтижелері кредиторлар комитетінің отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Кредиторлар комитетінің шешімі "комитеттің бір мүшесі - бір дауыс" қағидаты бойынша отырысқа қатысушы кредиторлар комитеті мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
Кредиторлар комитетінің отырысы егер де онда құрамның кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды болып табылады.
98. Кредиторлар комитетінің құрамына кірмей қалған кредиторлардың барлығы кредиторлар комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде кредиторлар комитетіне ұсынымдар беру құқығымен кредиторлар комитетінің отырысына қатысады.
____________________________________________
(таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атауы) ____ жылғы ________ тоқсандағы тарату шығыстарының сметасы
№ | Шығыстар баптарының атауы |
Жоспарланатын шығыстар сомасы | |||
айы | айы | айы | тоқсан бойынша барлығы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары | ||||
1.1 | тарату комиссиясының төрағасының және мүшелерінің сыйақысы, оның ішінде: | ||||
1.1.1 | сыйақы | ||||
1.1.2 | жеке табыс салығы | ||||
1.1.3 | міндетті зейнетақы жарналары | ||||
1.1.4 | міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру | ||||
1.2 | еңбек шарттарының негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясының тартылған жұмысшыларына еңбекақы төлеу шығыстары: | ||||
1.2.1 | лауазымдық жалақы | ||||
1.2.2 | жеке табыс салығы | ||||
1.2.3 | міндетті зейнетақы жарналары | ||||
1.2.4 | міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру | ||||
1.3 | ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған тұлғалардың жұмыстарына ақы төлеу шығыстары, оның ішінде: | ||||
1.3.1 | қызмет көрсету ақысы | ||||
1.3.2 | жеке табыс салығы | ||||
1.3.3 | міндетті зейнетақы жарналары | ||||
1.3.4 | міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру | ||||
2 | Бюджетке аударымдар бойынша шығыстар | ||||
2.1 | әлеуметтік салық | ||||
2.2 | әлеуметтік аударымдар | ||||
2.3 | міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру | ||||
2.4 | мүлікке салынатын салық | ||||
2.5 | көлік құралдарына салынатын салық | ||||
2.6 | жер салығы | ||||
2.7 | қосымша құн салығы | ||||
2.8 | жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы | ||||
2.9 | өзге салықтар және бюджетке аударымдар бойынша шығыстар | ||||
3 | Әкімшілік шығыстар | ||||
3.1 | қызметтік және шаруашылық қажеттіліктер үшін көлік жалдау қызметтері | ||||
3.2 | байланыс қызметтері | ||||
3.3 | үйлер мен ғимараттар күзеті және сигнализациясы бойынша қызметтер | ||||
3.4 | көлікті күзету қызметтері | ||||
3.5 | көлікке арналған тұрақтарды ұсыну қызметтері | ||||
3.6 | көлікті тіркеу қызметтері | ||||
3.7 | көлікті техникалық тексеру бойынша қызметтер | ||||
3.8 | көлікті сақтандыру қызметтері | ||||
3.9 | жұмысшыны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыйлықақыларын төлеу қызметтері | ||||
3.10 | коммуналдық қызметтер | ||||
3.11 | негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, оларға техникалық, сервистік қызмет көрсету (тексеру) жұмыстары | ||||
3.12 | үй-жайды жалдау | ||||
3.13 | тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу қызметтері | ||||
3.14 | мүлікті бағалау қызметтері | ||||
3.15 | бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері | ||||
3.16 | жылу жүйелерін іске қосуға дайындық жасау қызметтері | ||||
3.17 | сантехникалық жұмыстар | ||||
3.18 | мүлікті сақтау қызметтері | ||||
3.19 | мемлекеттік баж салығын төлеу | ||||
3.20 | нотариалдық куәландыру қызметтері | ||||
3.21 | мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру бойынша қызметтер | ||||
3.22 | терезелерге, есіктерге арналған торларды дайындау және орнату жұмыстары | ||||
3.23 | аукциондар өткізу жөніндегі қызметтер | ||||
3.24 | инкассация қызметтері | ||||
3.25 | сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер | ||||
3.26 | аудит өткізу жөніндегі қызметтер | ||||
3.27 | құжаттарды аудару бойынша қызметтер | ||||
3.28 | телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе көшіру | ||||
3.29 | бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізу бойынша орталық депозитарий қызметтері | ||||
3.30 | банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпай жүзеге асырылған ақша аударымдары мен төлемдері жөніндегі қызметтер | ||||
3.31 | құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа өткізу қызметтері | ||||
3.32 | таратуды тіркеу үшін алым төлеу | ||||
3.33 | коллекторлық қызметтер | ||||
4 | Тауар-материалдық құндылықтарын сатып алуға арналған шығыстар | ||||
4.1 | офистік жабдықтарды жұмыс жай-күйінде ұстау | ||||
4.2 | көлік құралдарын ұстау | ||||
4.3 | үй-жайларды ұстау | ||||
4.4 | қағаз және бланк өнімдерін сатып алу | ||||
4.5 | кеңсе тауарларын сатып алу | ||||
4.6 | жанар-жағар май материалдарын сатып алу | ||||
5 | Іссапар шығыстары | ||||
6 | Болжанбаған шығыстар | ||||
7 | Өзге де шығыстар | ||||
Жиынтығы |
Тарату комиссиясының төрағасы
_____________________________________ _______
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер _________________________________ _______
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Орындаушы __________________________________ _______
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Телефон
________________________________________________________________________________
(таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атауы)
Кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кітабы
__________________________________________________________
Басталды: _________________
Аяқталды: _______________
Кітаптағы жазба оны толық пайдаланғанға дейін жүргізіледі
Кіріс | ||||||||
Түскен күні | Кімнен қабылданды (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) | Кіріс құжаттарының саны (бір данада) | Сомасы цифрмен (валюта түрін көрсете отырып, бірлікпен) | Сомасы жазбаша | Нысаналы мақсаты | Кассирдің қойған қолы | Тарату комиссиясы бас бухгалтерінің қойған қолы | Тарату комиссиясының төрағасы (бөлімше басшысы) қойған қолы |
Бір күнгі жиынтығы | ||||||||
Шығыс | ||||||||
Берілген күні | Кімге берілді (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) | Шығыс құжаттарының саны (бір данада) | Сомасы цифрмен (валюта түрін көрсете отырып, бірлікпен) | Сомасы жазбаша | Нысаналы мақсаты | Нысаналы мақсаты | Нысаналы мақсаты | Нысаналы мақсаты |
Осы күнгі жиынтығы... |
Растау жазбасы
_______________________________________________________________________________, (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атауы) 20 жылғы "_____" ___________ жазбаларға арналған (күні) (айы) осы кітабындағы жиынтық __________ нөмірден бастап____________ нөмірді қоса алғанда нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген ___________________________________________________ парақ бар. (саны жазбаша көрсетіледі)
20 жылғы "_______" ______________
Тарату комиссиясының төрағасы
(бөлімше басшысы) __________________________________________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) қолы
Тарату комиссиясының
бас бухгалтері _______________________________________________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) қолы
Тарату комиссиясының кассирі ________________________________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) қолы
Кредиторлар комитеті құрамының тізімі ________________________________________________________________ (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атауы)
Р/с № | Кезектіліктің (санаттың) нөмірі мен атауы | Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалының кредиторлар комитетінің құрамына енгізілетін кредитордың атауы | Кредиторлық берешек сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 |
Тарату комиссиясының
төрағасы _____________________________________ _______
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер _________________________________ _______
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Орындаушы __________________________________ _______
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Телефон