Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 22 қазандағы № 1092 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қазанда № 24886 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8328 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында "БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 тарау. Жалпы ережелер";

      2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Осы Стандарттың күші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына және Даму Банкіне қолданылмайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 тарау. Бухгалтерлік есеп жүргізу";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер актив ретінде танылады, егер:

      активке байланысты болашақ экономикалық пайда субъектіге түсуі мүмкін;

      активтің өзіндік құны сенімді өлшенеді;

      актив әдеттегі қызмет барысында кейіннен сату үшін сатып алынбайды.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау кезінде табыс есепті күнге операцияның аяқталу сатысын көрсету арқылы танылады.

      Операцияның аяқталу кезеңі орындалған жұмысты сенімді бағалауды қамтамасыз ететін тәсілмен анықталады, атап айтқанда:

      орындалған жұмыс туралы есептер;

      көрсетілген қызметтер, жұмыстар қызметтердің, жұмыстардың орындалуының жалпы көлемінің пайызы ретінде;

      келтірілген шығындардың жалпы күтілетін шығындарға пропорционалды қатынасы.

      Қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін операцияның нәтижесін сенімді бағалау мүмкін болмаған кезде кіріс танылған өтелетін шығыстар сомасында ғана танылады.

      Шарт бойынша ақша қаражатын алу күтілмесе, шарт бойынша келтірілген шығындар сол күні шығын ретінде танылады.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Шығыстар, егер активтің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндеттеменің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың азаюы орын алса, пайда мен шығындар туралы есепте танылады.

      Шығыстар, егер шығындар болашақ экономикалық пайда әкелмесе, сол күні пайда мен шығындар туралы есепте танылады.

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3 тарау. Қаржылық есептілікті жасау";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Алдыңғы кезеңге қатысты салыстырмалы ақпарат қаржылық есептіліктегі барлық сандық ақпарат үшін ашылады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4 тарау. Өтпелі ережелер".

      2. "Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 тарау. Жалпы ережелер";

      6 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Қазақстан Республикасының заңнамасында қызметтің жекелеген түрлері бойынша кірістерді, шығыстарды, активтер мен міндеттемелерді есепке алуда бөлу көзделген жағдайда бөлек есеп жүргізеді.

      Бюджеттен нысаналы түсімдерді алушылар нысаналы түсімдер шеңберінде алынған (шеккен) кірістердің, шығыстардың, активтер мен міндеттемелердің бөлек есебін жүргізеді.

      Сенімгерлік басқару шарты бойынша мүлікті баланс ұстаушы (бұдан әрі - Баланс ұстаушы) мемлекеттік мекеме Баланс ұстаушы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, мүлікті сенімгерлік басқарушыға (бұдан әрі-Басқарушы) береді.

      Сенім білдірілген мүлік бойынша Басқарушы дербес есеп жүргізеді және жеке қаржылық есептілік жасайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 тарау. Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру тәртібі";

      7 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бас бухгалтер немесе басқа лауазымды адам бухгалтерлік қызметтің басшысы (бұдан әрі - бас бухгалтер) болып табылады.

      Бас бухгалтер қызметке тағайындалады, қызметтен босатылады және тікелей субъектінің басшылығына бағынады.

      Бас бухгалтер лауазымына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 тіркелген) басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келетін адам тағайындалады. Жария мүдделі ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтер тағайындалады.

      Лауазымға тағайындау жазбаша нысанда ресімделеді.

      Бас бухгалтердің бухгалтерлік қызметке құжаттар мен мәліметтерді тиісінше ресімдеу және уақтылы ұсыну бөлігіндегі талаптары субъектінің барлық бөлімшелері үшін міндетті болып табылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3 тарау. Шаруашылық операцияларды құжаттау тәртібі";

      24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Бастапқы құжаттар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалады және ол болған кезде субъектінің мөрімен бекітіледі.

      25. Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізілмейді. Қалған бастапқы құжаттарға түзетулер операцияға қатысушылармен келісім бойынша ғана енгізіледі, бұл түзетулер енгізілген күнді көрсете отырып, құжаттарға қол қойған адамдардың қолдарымен расталады.

      Электрондық тасымалдағыштағы бастапқы құжаттағы қателерді түзету "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкес ресімделген, бұрын жасалған бастапқы құжатқа (нөмірі мен күні) "түзетілді" деген белгісі бар сілтемені, осы құжатқа бұрын қол қойған операцияға қатысушылардың қолдарын қамтитын түзету нөмірі мен күнін көрсете отырып, жаңа түзетілген бастапқы құжатты жасау арқылы жүзеге асырылады. Түзетілген бастапқы құжатты электрондық тасымалдағышта ресімдеу кезінде бұрын жасалған "күші жойылды" мәртебесі бар бастапқы құжат сақталуға тиіс.

      26. Субъектінің атынан әрекет ету құқығын ресімдеу үшін сатып алушының қоймасынан тыс активтерді алу кезінде нысаны "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі – 562 бұйрық) қағаз және электрондық жеткізгіштегі сенімхат қолданылады. Сенімхаттар ақша мен активтерді сақтау үшін толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасасқан тұлғаларға беріледі. Сенімхатқа субъектінің басшысы қол қояды және осы ұйымның мөрімен (ол болған жағдайда) немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен бекітіледі.

      Сенімхатсыз әрекет ететін атқарушы органның басшысына сенімхат талап етілмейді.

      Нысаны 562 бұйрықпен бекітілген берілген сенімхаттарды есепке алу журналы берілген сенімхаттарды тіркеу, оларды алу және тапсырманы орындау үшін қолданылады және сенімхаттарды беруге және тіркеуге жауапты тұлғада немесе электрондық жүйеде (электрондық құжат болған жағдайда)сақталады. Барлық беттер нөмірленеді, тігіледі және осы ұйымның мөрімен (ол болған жағдайда) бекітіледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Өнім берушінің ілеспе құжаттарының деректерімен сандық және (немесе) сапалық айырмашылығы бар келіп түскен активтерді ресімдеу үшін нысаны 562 бұйрықпен бекітілген активтерді қабылдау туралы акт қолданылады. Активтерді қабылдау туралы Акт материалдық жауапты адамның және жөнелтушінің (өнім берушінің) өкілінің немесе мүдделі емес Тарап өкілінің қатысуымен екі данада жасалады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Қорларды өткізуді есепке алу үшін нысаны 562 бұйрықпен бекітілген қорларды тарапқа беруге арналған жүкқұжат қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат ресімделген жағдайда қорларды шетке беруге арналған жүкқұжатты жасау (ресімдеу) талап етілмейді.

      Бақылау - касса машинасын пайдалана отырып бөлшек сауда кезінде қорларды босатуға арналған жүкқұжаттың орнына бақылау кассалық чек не тауар чегі (бақылау касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда) беріледі.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Есеп берілетін сомалар субъектінің қызметкерлеріне, сондай-ақ жіберуші тараптың қызметкерлеріне беріледі.

      Есеп беретін сомаларды есепке алу жіберуші тараптың әрбір жұмыскері, жұмыскері бөлінісінде жүргізіледі. Есеп беруге берілген қолма-қол ақша қаражатын есепке алу субъектінің есеп саясатымен регламенттеледі, бұл ретте мақсатына қарай есеп беретін тұлғаның аванстық есебін ұсыну, қолма-қол ақша қаражатын қайтару мерзімдері белгіленеді.

      Нысаны 562 бұйрықпен бекітілген аванстық есепке субъект басшылығы қол қояды және бухгалтерлік қызметке тапсырылады. Бухгалтерлік қызмет аванстық есепті және есепте қалған қолма-қол ақша қаражатын уақтылы тапсыруды қамтамасыз етеді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4 тарау. Түгендеу жүргізу тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5 тарау. Бухгалтерлік есеп құжаттарын сақтау тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:

      "75-1. Қайта сұрыптау нәтижесінде артық және кемшіндерді өзара есепке алуға тек бір ғана тексерілетін кезеңде бір ғана тексерілетін тұлғада, бір ғана атаудағы қорларға қатысты және бірдей мөлшерде ерекшелік түрінде жол беріледі.

      Қайта сұрыптауға жол берілгені туралы материалдық жауапты адамдар комиссияға егжей – тегжейлі түсініктемелер береді.";

      мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

      "6 тарау. Сенімгерлік басқару шарттары бойынша операцияларды есепке алу тәртібі

      82. Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру ол берілген күнгі Баланс ұстаушының бухгалтерлік есебінде есептелетін құн бойынша жүзеге асырылады.

      Мүлікті сенімгерлік басқаруға алғанын растау "сенімгерлік басқару" деген белгісі бар мүлікті қабылдау-беру актісі болып табылады.

      83. Басқарушының мүлікті сенімгерлік басқару операцияларын көрсетуі құрылтайшы (Баланс ұстаушы) қабылдаған есеп саясатын қалыптастыру қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      84. Сенімгерлік басқаруға берілген мүлікті кіріске алу сенімгерлік басқару шартында белгіленген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      Сенім білдірілген мүліктің Баланс ұстаушысы мемлекеттік мекеме болып табылатын жағдайларды қоспағанда, Басқарушы сенім білдірілген мүлік бойынша амортизациялық аударымдарды Баланс ұстаушы қабылдаған тәсілмен және пайдалы пайдалану мерзімі шегінде есептейді.

      85. Баланс ұстаушы қаржылық есептілікті жасау кезінде оған басқарушы ұсынған активтер, міндеттемелер, кірістер, шығыстар және мүлікті сенімгерлік басқару қызметі бойынша басқа да көрсеткіштер туралы барлық ақпаратты ұқсас көрсеткіштерді жиынтықтау арқылы қамтиды.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының