ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған бу және ыстық су құбыржолдарына зерттеп-қарауды және техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 442 бұйрығымен бекітілген |
Бу және ыстық су құбыржолдарына зерттеп-қарауды және техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Бу және ыстық су құбыржолдарына зерттеп-қарауды және техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 118) тармақшасына сәйкес әзірленді, 0,07 мегаПаскаль (бір шаршы сантиметрге 0,7 килограмм күш) (бұдан әрі – МПа, кгс/см2) жоғары қысыммен және (немесе) судың 115 Цельсий градустан (бұдан әрі – °С) жоғары қызу температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және ыстық су құбыржолдарына (бұдан әрі – құбыржолдар) қолданылады және құбыржолдарына зертеп-қарауды және техникалық куәландыру жүргізу тәртібін тиянақтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2. Осы Нұсқаулық қолданылатын құбыржолдар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес төрт санатқа бөлінеді.
3. Құбыржолдың оған кіре берісте (онда осы параметрлерді өзгертетін құрылғылар болмаған кезде) ортаның жұмыс параметрлері бойынша анықталған санаты оның ұзындығына қарамастан барлық құбыржолға жатады және жобалық құжаттамада көрсетіледі.
4. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
5. Құбыржолдарды зерттеп-қарау, техникалық куәландыру және сынау кезіндегі өлшеу құралдарын, бақылау және сынау әдістерін таңдағанда, құбыржолдарға арналған пайдалану құжаттамасының талаптарын және "Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – қолдану нәтижесінде ерікті негізде "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі туралы және халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбесі туралы, ал олар болмаған жағдайда – зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 96 шешімімен бекітілген стандарттарды басшылыққа алу қажет.
2-тарау. Құбыржолдарды зерттеп-қарау және оның нәтижесін ресімдеу
6. Құбыржолдарды зерттеп-қарауды құбыржолдарды ақаусыз жағдайда ұстауды және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға мерзімді түрде, жылына бір реттен сирек емес, оларды ақаусыз жағдайда ұстауды және қауіпсіз пайдалану жағдайын қамтамасыз ету үшін жүргізеді.
7. Зерттеп-қарау жүргізу алдында зерттеп-қарау жүргізудің жұмыс көлемін, жүргізу тәртібін және мерзімдерін айқындайтын зерттеп-қарау жоспары әзірленеді.
8. Құбырды зерттеп-қарау Қағидалар және осы Нұсқаулық талаптарына сәйкес жүргізілетін құбырды техникалық куәландыруды алмастырмайды.
9. Құбырларды зерттеп-қарау кезде:
қағидалармен талап етілетін техникалық құжаттардың болуы мен мазмұны;
құбырларға қызмет ететін қызметкерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы біліміндерін даярлау мен тексеруді ұйымдастыру;
арматураның, бақылау-өлшеу аспаптары мен сақтандыру құрылғыларының ақаусыздығын қарау, тексеру жолмен жабдыққа байқауды жүзеге асыру;
құбырлардың техникалық жай-күйі мен қызмет көрсетудің Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;
анықталған бұзушылықтарды және бұрынғы тексерудің сәйкес еместіктерін жою бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардың орындалуы тексеріледі.
10. Құбыржолдарды зерттеп-қарау нәтижелері жасалған жері мен уақыты, зерттеп-қарау объектісі және оны жүргізу уақыты туралы мәліметтерді, зерттеп-қарау кезіндегі объектінің нақты жағдайы мен жүргізілген жұмыстар сипаттамасы, анықталған ақаулықтар, бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер (бұзылған немесе оған сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актінің талабына сілтеме жасай отырып), зерттеп-қарау нәтижелері туралы негізделген қорытындылар, анықталған бұзушылықтар мен сәйкессіздіктерді жою бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды қамтитын тексеру актісі түрінде осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес ресімделеді.
11. Құбырдың иесі құбыржолдарды ақаусыз жағдайда ұстауды және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тексеру актісінің ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етеді.
3-тарау. Құбыржолдарды техникалық куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу
12. Құбыржолдар іске қосар алдында және пайдалану барысында Қағидалармен белгіленген мерзімдерде техникалық куәландырудан өтеді.
13. Жаңадан орнатылған құбыржолдарға техникалық куәландыру оларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде есепке қойғанға дейін және барлық дәнекерлеу жұмыстары, термиялық өңдеу және Қағидаларда көзделген бақылаудың барлық түрлері аяқталғаннан кейін, сондай-ақ тіреулер мен ілгіштер орнатылғаннан және түпкілікті бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады.
14. Техникалық куәландыру алдында құбыржолдар жұмыс істеп тұрған құбыржолдар мен жабдықтардан ажыратылады.
15. Жаңадан монтаждалған құбыржолдар оқшаулау салынғанға дейін техникалық куәландырудан өтеді. Жылу электр станцияларында дефектоскопияның бұзбайтын әдістерімен құбыржолдардың (құбырлардың, фасонды бөліктердің) элементтерін 100 % бақылаудың оң нәтижелері және жылу оқшаулаусыз дәнекерленген жіктер мен ернемектік қосылыстарды қарау үшін ұсыну шартымен жапсырылған оқшаулағышы бар жіксіз құбырлардан дайындалған жаңадан монтаждалған құбыржолдар техникалық куәландыруға жол беріледі.
16. Құбыржолдарды техникалық куәландыру мынадай ретпен жүргізіледі:
техникалық құжаттаманы тексеру;
сыртқы қарау;
гидравликалық сынақ.
17. Техникалық құжаттаманы тексеру кезінде:
құбыржол тақтайшаларындағы тіркеу нөмірінің паспортта жазылғанға сәйкестігі;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы даярлаудан және білімін тексеруден өткен, құбыржолды ақаусыз жағдайда ұстауды және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың болуы;
технологиялық регламенттің, жөндеу журналының болуына, құбыржолдардың бос орын ауыстыруларының көлемі мен бағыты туралы жобалық деректердің және осы орын ауыстыруларды бақылау жөніндегі формулярлардың болуы тексеріледі.
18. Жаңадан монтаждалған құбыржолды сыртқы қарау кезінде құбыржолдың дайындалуы, монтажы және схемасы (тіректердің, компенсаторлардың, арматуралардың, түсіру, үрлеу және дренаждық құрылғылар мен реперлердің орналасуы) Қағидалардың, жобаның және тіркеу кезінде ұсынылған құжаттардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Барлық дәнекерленген қосылыстар беткі жарықтарға, ағуларға, тіліктерге, күйіктерге, аяқталмаған кратерлерге, шала пісірілімдерге, кеуектілікке, және де қосылатын элементтердің осьтерінің сынуына немесе перпендикулярсыздығына, жиектердің жылжуына, жобалық тігістердің мөлшері мен пішінінің шегінуне мұқият қаралады.
Жылу желілерін қарау кезінде бұдан басқа, құбыржолдарды жерасты және жерүсті төсеуге қойылатын Қағидалар талаптарының орындалуын, бу және ыстық су құбыржолдарын өнім құбыржолдарымен бірлесіп төсеуге қойылатын талаптардың сақталуын, арматураның дұрыс орналасуын (қызмет көрсету және жөндеу ыңғайлылығына), камералар мен туннельдерде люктердің болуы мен дұрыс орналастырылуын, құбыржолдар мен көтергіш металл конструкцияларды коррозиядан қорғауды тексереді.
19. Құбыржолдарға гидравликалық сынақ барлық дәнекерлеу жұмыстары мен термоөңдеу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ тіректер мен аспаларды орнатқаннан және түпкілікті бекіткеннен кейін жүргізіледі. Бұл ретте орындалған жұмыстардың сапасын растайтын құжаттар ұсынылады.
Гидравликалық сынақ үшін температурасы 5 oС төмен емес және 40 oС жоғары емес су қолданылады.
Құбыржолдарға гидравликалық сынақ қоршаған ауаның оң температурасы кезінде жүргізіледі. 10 МПа (100 кгк/ см2) және одан жоғары қысыммен жұмыс істейтін бу құбыржолардына гидравликалық сынақ кезінде олардың қабырғаларының температурасы кемінде 10 oС рұқсат етіледі.
Құбыржолдағы қысым бірқалыпты көтеріледі. Қысымды көтеру жылдамдығы құбыржолды дайындауға нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетіледі.
Қысымды көтеру үшін сығылған ауаны пайдалануға жол берілмейді.
Сынақ кезіндегі қысым екі манометрмен бақыланады. Манометрлер бір типтегі дәлдік класы, өлшеу шегі және бөлу бағасы бірдей болып қолданылады.
Құбыр мен оның элементтерін сынама қысыммен ұстау уақыты кемінде 10 минутты құрайды.
Сынақ қысымы жұмыс қысымына дейін төмендегеннен кейін құбыржолды оның бүкіл ұзындығы бойынша мұқият тексеру жүргізіледі.
Гидравликалық сынақ нәтижелері, егер:
дәнекерленген қосылыстарда және негізгі металда ағулар, тамулар, терлеулер;
деформация, жарылулар немесе бөліну белгілері байқалмаса, қанағаттанарлық деп танылады.
Ақаулықтар анықтаған кезде техникалық куәландыру жүргізген тұлға олардың сипатына қарай құбыр жұмысына тыйым салу, оны уақытша пайдалануға қосу, кезекті техникалық куәландыру мерзімін қысқарту, жиі техникалық куәландыру, пайдалану параметрлерін азайту туралы шешім қабылданады.
20. Дәнекерлеуді қолдана отырып, жөндеуден кейін құбыржолға техникалық куәландыруды жүргізу кезінде жөндеу жұмыстарын орындау кезінде (қолданылған материалдардың сапасы, дәнекерлеу сапасы) Қағидалардың талаптары толық сақталғанын құжаттар бойынша (жөндеу жұмыс сызбалары мен формулярлар, өткізілген жұмыс сипаты туралы мәліметтер және қолданылған материалдар туралы мәліметтер) тексеру және жөндеуге ұшыраған құбыржолдардың учаскелерін мұқият тексеру қажет.
21. Екі жылдан астам жұмыс істемейтін күйде болған құбыржолдарды техникалық куәландыру кезінде жоғарыда келтірілген нұсқауларды орындаудан басқа:
консервациялау режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру (технологиялық регламенті бойынша);
іріктемелі тәртіппен құбырдың ішкі беттерінің жай-күйі (фланецті қосылыстарды бөлшектеу, ысырмаларды алу, жекелеген учаскелерді кесу жолымен);
жылу оқшаулау жағдайы тексеріледі.
Құбыржолдардың қабырғаларының немесе дәнекерлеу жіктерінің жай-күйіне қанағаттанғысыз сыртқы белгілер болған жағдайда құбыржолдардың оқшаулауы ішінара немесе толық алып тасталады.
22. Техникалық куәландырудың нәтижелері мен рұқсат етілген қысымды және келесі техникалық куәландыру мерзімдерін көрсете отырып, құбыржолды пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындыны куәландыруды жүргізген адам құбыржолдың паспортына жазады.
Егер құбыржолды техникалық куәландыру кезінде ақаулар табылса, онда олар орналасқан жері мен мөлшері көрсетіле отырып, паспортқа жазылады.
23. Егер құбыржол техникалық куәландыру кезінде оның қанағаттанғысыз сыртқы белгілерінің болуы және беріктігінің жоғалуын көрсететін ақаулар анықталса, құбыржолды бұдан әрі пайдалануға болмайтындығына паспортта сәйкес дәлелді жазба келтіріледі.
24. Техникалық куәландыру процесінде қосымша сынақтар мен зерттеулер жүргізу кезінде техникалық куәландыруды орындаған тұлға құбыржолдың паспортына оларды жүргізу қажеттілігін туғызған себептерді және үлгілерді іріктеу орындарын көрсете отырып, осы сынақтар мен зерттеулердің нәтижелерін жазады.
25. Қосымша сынақтар мен зерттеулердің нәтижелерін, егер онда паспортқа қоса берілетін тиісті хаттамалар мен формулярларға сілтеме жасалған болса, паспортқа жазбауға жол беріледі.
26. Паспортқа жазба жасап, техникалық куәландыру жүргізген тұлға жазбаны лауазымын және куәланыру күнін көрсете отырып, өз қолымен растайды.
27. Рұқсат етілген жұмыс параметрлері мен келесі техникалық куәландыру мерзімдері көрсетілген техникалық куәландыру жүргізілгеннен кейін құбыржолды пайдалануға рұқсатты оны орындаған тұлға береді, бұл туралы паспортта жазба жасалады.
Бу және ыстық су құбыржолдарына зерттеп- қарауды және техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа қосымша |
Нысан
Кәсіпорын ___________________________________________________________
Құбыржолды зерттеп-қарау
АКТІСІ
Қала, ауыл 20__ ж. "__" ______
Тексеру _____________________________________________________________
(құбырдың мақсаты)
жұмыс ортасының параметрлері ________________
есепке алу (тіркеу) № _________________________
20__ ж. "__" ___________ бастап пайдаланылады
Схема (формуляр, сызба) № ___________________
зерттеп-қарау жүргізілген уақыт 20__ ж. "__" ___________
орнатылған: _________________________________________________________
(зерттеп-қарау кезіндегі құбырдың жай-күйін, жүргізілген дұмыстарды сипаттау)
____________________________________________________________________
(бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер, нақты ақауларды және олардың орналасқан
жерін көрсету)
Жүргізілген зерттеп-қарау нәтижелері бойынша
____________________________________________________________________
(зерттеп-қарау нәтижелері туралы негізделген қорытындыларды, ұйымдастырушылық
және техникалық іс-шараларды көрсету)
Қарап-тексеруді жүргізген
________ ________________ ______________
(лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)