"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 тамызда № 23983 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының 2021 жылғы 12
тамыздағы № 437 бұйрығымен
бекітілген

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тегін көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) не "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 3-қосымшадағы "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      4. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорация құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге оларды қабылдаған күні жеткізуді қамтамасыз етеді.

      5.  Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сәйкестендіруді жүзеге асырады және құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша келісім береді.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:

      бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі;

      үшінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау.

      2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:

      бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі;

      үшінші кезең: коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына беру, оның ішінде тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырылады;

      төртінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау.

      3) республикалық мемлекеттік мекеменің не республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:

      бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі;

      үшінші кезең: жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру:

      тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қолдаухаты негізінде теңгерімінде берілетін тұрғын үй бар республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешім қабылдауы;

      тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының тапсыру актісіне қол қоюы және тапсыру актісін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары) және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысының бекітуі және тұрғын үй бойынша шешімдер қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу;

      төртінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті 2 жұмыс күні ішінде қабылдаудан бас тартады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

      1) коммуналдық тұрғын үй қорынан, коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру кезінде:

      тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі немесе дәлелді бас тарту;

      көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт.

      2) республикалық мемлекеттік мекеменің не республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру кезінде:

      тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі немесе дәлелді бас тарту;

      беру актісі;

      көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт.

      8. Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасалғаннан кейін Қаулының  23-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жергілікті бюджетке төленуі тиіс тұрғын үйдің құнын төлеу жүргізіледі.

      Тұрғын үйді меншікке өтеусіз алған кезде төлем жүргізілмейді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен кезеңдері:

      1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру кезінде:

      бірінші кезең – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы;

      екінші кезең – тұрғын үй комиссиясының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдауы, оның ішінде:

      көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын толық және олардың Заңның, Қаулының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;

      көрсетілетін қызметті берушінің жергілікті атқарушы органның (мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің) тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіру туралы дауыс беру және шешім қабылдау үшін құрамын қалыптастыруы не дәлелді бас тартуы;

      көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешімін ресімдеуі және қол қоюы;

      көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы;

      үшінші кезең – көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау.

      2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру кезінде осы тармақтың 1) тармақшасындағы сияқты.

      Коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына беру тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының тұрғын үйді қабылдау-тапсыру актісіне (беру актісіне) қол қоюы және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты басшысының тапсыру актісін бекітуі;

      тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу;

      көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы.

      3) республикалық мемлекеттік мекеменің не республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру кезінде:

      бірінші кезең – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы;

      екінші кезең – тұрғын үй комиссиясының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдауы, оның ішінде:

      көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толық және олардың Заңның, Қаулының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;

      көрсетілетін қызметті берушінің жергілікті атқарушы органның (мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің) тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіру туралы дауыс беру және шешім қабылдау үшін құрамын қалыптастыруы не дәлелді бас тартуы;

      көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешімін ресімдеуі және қол қоюы;

      үшінші кезең – тұрғын үйді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру, оның ішінде:

      облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның атына қолдаухат жолдау;

      облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қолдаухаты негізінде теңгерімінде берілетін тұрғын үй бар республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешім қабылдауы;

      тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының тұрғын үйді қабылдау-тапсыру актісіне (беру актісіне) электрондық форматта қол қоюы және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары) басшысының және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысының тапсыру актісін бекітуі;

      тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу;

      көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы;

      төртінші кезең – көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) өздері тұратын тұрғынжайларды жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш;

      2) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері (қажет болуына қарай ақпараттық жүйеде мәліметтер жоқ болған жағдайда);

      3) жалдау шарты не тұрғынжай ордері;

      4) көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі ұсынады;

      5) халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;

      6) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;

      7) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;

      8) тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігін растайтын құжат;

      9) Қағидалардың 3-қосымшадағы сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтері (2007 жылғы тамыздан кейін), меншік құқығында оларға тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы туралы мәліметтер, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтер, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтері отбасының барлық мүшелеріне көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттар бойынша дәлелді ескертулері болған кезде көрсетілген қызметті берушінің орындаушысы Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілелетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырады.

      11. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының, тұрғын үй қатынастары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Кодекстің 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны шағымды қарайтын органға жібереді. Шағымды көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      13. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы:

      көрсетілетін қызметті берушімен, уәкілетті органмен – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен – оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      14. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не орын алған жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасымалдағышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      15. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шағымдануға Кодекстің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Мемлекеттiк тұрғын үй
қорынан берілетін тұрғын
үйлерді жекешелендiру"
мемлекеттік қызмет көрсету
жөніндегі қағидаларға
1-қосымша

      Нысан

  Нұр-Сұлтан, Алматы және
Шымкент қалаларының,
аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы
органдарының тұрғын үй
қатынастары саласындағы
функцияны жүзеге асыратын
құрылымдық бөлімшесінің атауы
  ____________________________
  ____________________________
  мекенжайы бойынша тұратын
  азаматтан (ша) _____________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Өтініш

      Мен ______________________________________________ болып табылатындықтан

      (толық Т.А.Ә.) (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі) маған жалдау (қосымша жалдау)

      20 __ жылғы "__" ___________ № ___ шартына сәйкес _______________________ мекенжай бойынша тұрып жатқан пәтерімді жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Қосымша: ________________________

      (барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері келісім береді)

      Мен, __________________________________________________________

      (Т.А.Ә., туыстық дәрежесі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________________ мекенжайы бойынша

      пәтерді ______________________ атына ақысыз жекешелендіруге келісемін.

      (Т.А.Ә.)

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береміз.

      Көрсетілетін қызметті алушы қол қойды және жіберді: сағат _ _ , 20__ жылғы "__" _____:

      Көрсетілетін қызметті алушының және отбасының кәмелетке толған мүшелерінің ЭЦҚ-дан алынған деректері:

      ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты.

      Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:

      Көрсетілетін қызметті беруші қабылдады: сағат _ _ , 20__ жылғы "__" ______:

      Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері:

      ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты.

  "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларға
  2-қосымша

      Нысан

  Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын құрылымдық
  бөлімшесінің атауы
  ____________________________
  ____________________________
  мекенжайы бойынша тұратын
  азаматтан (ша) _____________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Өтініш

      Маған және менің отбасыма____________________________________

      (толық Т.А.Ә.) (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      жалдау (қосымша жалдау) 20 __ жылғы "__" ___________ № ___ шартына сәйкес ______________________________________ мекенжай бойынша тұрып жатқан пәтерімді қалдық құны бойынша сатып алу (немесе тұрғын үйдің құнын _______ мерзімге (он жылға дейінгі мерзімге) бөліп-бөліп төлеу, бастапқы жарна ______ (30 % кем емес) жолымен жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Қосымша: ________________________

      (барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері келiсiм береді)

      Мен, __________________________________________________________

      (Т.А.Ә., туыстық дәрежесі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________ мекенжай бойынша пәтерді

      ________________________________ атына жоғарыда көрсетілген шарттармен

      (Т.А.Ә.) жекешелендіруге келісемін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береміз. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береміз.

      Көрсетілетін қызметті алушы қол қойды және жіберді: сағат _ _, 20__ жылғы "__" _____ ;

      Көрсетілетін қызметті алушының және отбасының кәмелетке толған мүшелерінің ЭЦҚ-сынан деректер:

      ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.

      Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:

      Көрсетілетін қызметті беруші қабылдады: сағат _ _, 20__ жылғы "__" ______:

      Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері:

      ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.

  "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларға
  3-қосымша

"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжеткізу арналары)

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі;
үшінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі;
үшінші кезең: коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына беру, оның ішінде тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырылады;
төртінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.
3) республикалық мемлекеттік мекеменің не республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі;
үшінші кезең: жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру:
тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қолдаухаты негізінде балансында берілетін тұрғын үй бар республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешім қабылдауы;
Тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының тапсыру актісіне қол қоюы және тапсыру актісін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары) және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысының бекітуі, және тұрғын үй бойынша шешімдер қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу;
төртінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу. ) республикалық мемлекеттік мекеменің не республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі;
үшінші кезең: жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру:
тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қолдаухаты негізінде балансында берілетін тұрғын үй бар республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешім қабылдауы;
Тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының тапсыру актісіне қол қоюы және тапсыру актісін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары) және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысының бекітуі, және тұрғын үй бойынша шешімдер қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу;
төртінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдамайды.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) коммуналдық тұрғын үй қорынан, коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
- тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі немесе дәлелді бас тарту;
- көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт.
2) республикалық мемлекеттік мекеменің не республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
- тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі немесе дәлелді бас тарту;
- тапсыру актісі;
- көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт.

6

Мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төлемді алу тәсілдері

Тегін.
Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Қаулының 23-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жергілікті бюджетке төленуі тиіс тұрғын үйдің құнын төлеу жүргізіледі.
Тұрғын үйді меншікке өтеусіз алған кезде төлем жүргізілмейді.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі

1) өздері тұратын тұрғынжайларды жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш;
2) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері (қажет болуына қарай ақпараттық жүйеде мәліметтер жоқ болған жағдайда);
3) жалдау шарты не тұрғынжай ордері;
4) көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі ұсынады;
5) халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
6) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
7) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
8) тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігін растайтын құжат;
9) Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтері (2007 жылғы тамыздан кейін), меншік құқығында оларға тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы туралы мәліметтер, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтер, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтері отбасының барлық мүшелеріне көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қаулыда белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болғанда, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айрылғанда.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефоны Министрліктің интернет-ресурстарында орналастырылған: www.miid.gov.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.