"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2021 жылғы 28 шiлдедегі № 444 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 шiлдеде № 23781 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымының қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қаруға және патрондарға рұқсаты бар адамдар ұсынылған құжаттарды тексеру, қару немесе патрондарды өндіру және сақтау орнын тексеру және лицензияның қолданылуын бақылау Заңда белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Қару ұстауға рұқсаты бар адамдарға рұқсатты, ресімделетін адамдар сотталығы жоқтығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 076/у нысаны бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қару ұстауға медициналық қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушылардың азаматтық және қызметтік қаруды қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларының білуіне даярлау (қайта даярлау) бағдарламалардан өткені туралы анықтамаларды ұсынғаннан кейін бес жылда кемінде бір рет өндіруші-кәсіпорын басшысы еркін нысанда ресімдейді.";

      11-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      11-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Азаматтық және қызметтік қаруын сатып алған адамдар тұрғылықты жері бойынша Орталықтарда кейінен әр бес жыл сайын қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуі бойынша тексерістен өтеді.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Туристік мақсатта, жеке және қызметтік істері бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін белгіленген тәртіпте ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктер азаматтық қаруды, өздері сол елдердің азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініштері бойынша, оны сатып алған күннен бастап 7 (жеті) күн ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкететін жағдайда ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша жалпы негіздерде сатып алады.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Түгендеу жүргізу үшін ұйымда кемінде үш адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясы құрылады. Түгендеу комиссиясына түгендеу жүргізілетін заңды тұлға басшыларының бірі, бухгалтерлік қызмет қызметкерлері және қару мен патрондарға рұқсаты бар, салыстырып тексерілетін қарудың құрылымы мен номенклатурасын, сондай-ақ онымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын зерделеген басқа да мамандар енгізіледі. Заңды тұлғада заңды тұлға болып табылмайтын аумақтық жағынан алыс орналасқан филиалдар болған кезде ұйым – заңды тұлға басшысының бұйрығымен қызметкерлер, оның ішінде осы филиал басшыларының бірі қатарынан филиалдың тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясы құрылуы мүмкін.

      Түгендеу комиссиясының құрамы Комиссияның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейді. Ерекше жағдайларда комиссия мүшелерін ауыстыру түгендеу жүргізілетін заңды тұлға басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның басшысы қару мен патрондарға түгендеу жүргізу үшін жағдай жасайды, оны жүргізу уақытында комиссия мүшелерін олардың басқа міндеттерді атқаруынан босатады, сондай-ақ қарумен және патрондармен жұмыс істеуге жіберілген техникалық қызметкерлердің қажетті санын бөледі.

      Ұйым басшысы қаруды түгендеуге қатысатын адамдарға ішкі істер органдары Заңның 19-бабы 1 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін қаруға рұқсатты ресімдейді.

      Есепке алу бойынша тексеру үшін заңды тұлға заңды тұлға басшысының бұйрығына сәйкес сауалнама деректерін және атқаратын лауазымын көрсете отырып, Қаруға жіберуге үміткер адамдардың тізімін есепке алу орны бойынша аумақтық ішкі істер органына жібереді.

      Тексеру нәтижелерін алғаннан кейін Заңның 19-бабы 4-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 9) тармақшалардың және 1-тармақтың талаптарына сәйкес заңды тұлға басшысының бұйрығымен келетін адамдарға қаруға рұқсат ресімделеді.";

      135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "135. Жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтауы қару иесінің тұрғылықты жері бойынша мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты тұратын жерінде еденге немесе қабырғаға берік бекітілген, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм болатын және есігінде ішкі құлпы бар металл шкафта (сейфте) сақталады. Қаруды тұрғын бөлмелердің қабырғаларына ілуге жол берілмейді.

      2) қалалық елді мекендерде (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтағы кенттер) азаматтық қару иесінің тұрақты тұратын жері (пәтер, жеке үй) электр желісіне және қосалқы электрмен қоректендіру көзіне тұрақты (тұрақты және қосалқы қоректендіру көзінің болуы) үй-жайларды күзетудің сертификатталған жүйесімен (дабыл сигналын меншік иесінің немесе оның отбасы мүшелерінің ұялы телефонына немесе күзет ұйымына беру мүмкіндігі бар сигнализация) жабдықталады.

      Қару иесінің қалауы бойынша қаруды және оның патрондарын тікелей сақтау жүзеге асырылатын бөлмелерді немесе металл шкафты (сейфті) ғана сигнализациямен жабдықтауға жол беріледі.

      Күзет сигнализациясының түрі мен типін қару иесі айқындайды;

      Жеке тұлғаның қолында коллекциялық қару болса, оны сақтау орны оператор-фирмалардың орталық тандырылған бақылау пульттеріне шығатын сигнализация мен жабдықталады;

      3) қару иесі ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған кезеңде (іссапар, демалыс, емделу, әскери қызмет өткеру) қару иесінің тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына немесе ОСП қару уақытша сақтауға тапсырылуы қажет;

      4) қарумен бірге оның патрондарын (азаматтық тегіс ұңғылы қарудың жалпы саны 500 данадан аспайтын, азаматтық ойық қарудың ойық қарудың әрбір бірлігіне 100 данадан аспайтын, газдық қарудың 50 данадан аспайтын патрондарын, 500 граммнан аспайтын аңшылық оқ-дәріні) сақтауға жол беріледі;

      5) азаматтық қару иелеріне:

      қалалық жерде тұратын азаматтық тегіс ұңғылы қарудың жалпы саны 500 данадан астам, бірақ 2000 данадан аспайтын патрондары осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының талаптарын сақтай отырып, жеке металл шкафта (сейфте) сақталады;

      ауылдық жерде тұратын азаматтық тегіс ұңғылы қарудың жалпы саны 500 данадан астам, бірақ 2000 данадан аспайтын патрондары осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарын сақтай отырып, жеке металл шкафта (сейфте) сақталады;

      6) азаматтық қару мен оның патрондарын сақтау ішкі істер органдарының алдын ала жазбаша хабарламасынан кейін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын орталықтандырылған сақтауға құқығына ішкі істер органдарының рұқсаты бар субъектілердің қару сақтауға арналған бөлмелерінде жол беріледі;

      Осы Қағидалардың 120, 121 және 122 - тармақтарының тиісті талаптарына сәйкес 5 (бесеу) бірліктен артық коллекциялық қаруын сақтау арнайы жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады. Үй-жайдың болмауы жағдайында, көрсетілген санынан артық қару ОСП-да сақталады.

      Қарудың иесі осы Қағидаларының 27, 28-қосымшаларына сәйкес ОСП-да қаруды сақтауға шарт жасағаннан кейін қаруды сақтауға шарттың көшірмесін қоса бере отырып, қарудың тіркелген орны бойынша аумақтық ішкі істер органдарына жазбаша хабарлайды.

      Азаматтық және қызметтік қарулардың айналымына бақылауды жүзеге асыратын полиция қызметкері хабарлама алғаннан кейін келісімшарт нөмірін және оның қолданылу мерзімін көрсете отырып, қаруды сақтау орнын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер банкінің ақпараттық жүйесіне жазба енгізеді.

      Бұдан әрі келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қару мен оның патрондары иесінің тұрғылықты жерінде сақтау шарттарын сақтауды бақылау жүзеге асырылмайды.

      Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қарудың иесі оның қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, қаруды тіркеу орны бойынша ішкі істер органына келісімшартты ұзарту үшін растайтын құжаттарды ұсына отырып, келісімшарт автоматты түрде ұзартылған жағдайда (келісімшартты автоматты түрде ұзартудың шарттары түпнұсқа шартта көрсетілген) растайтын құжаттармен жазбаша түрде хабарлайды.

      Сақталған қарулар ОСП-нің әр тоқсан сайынғы тексеруі кезінде тексеріледі;

      7) қаруға сатып алынған қосымша ауыспалы оқпанына қару иесінің тіркеу орны бойынша аумақтық ішкі істер органдарында сақтауға және алып жүруге жекелеген рұқсат ресімделеді;

      8) мыналарға:

      сейфте қарумен бірге бөгде заттарды (сақталатын қарудың алынатын және ауыстырылатын аксессуарларын қоспағанда), оның ішінде ақша купюраларын, бағалы қағаздарды, зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаты жоқ қарудың басқа түрінің патрондарын сақтауға;

      қаруды иесінің тұрақты тұратын жерінен тысқары жерлерде (жеке үй, пәтер, қонақ үй, дәліз, қызметтік кабинет, жертөледе, маусымдық уақытша үй-жайда, бақтағы, саяжайдағы үй, гараж, монша, балкон, лоджия, сарай, вагон, лашық, шатыр), сондай-ақ жатақханаларда (бір отбасының мүшелері жеке бөлмеде тұратын отбасылық жатақханаларды қоспағанда), уақытша вахталық үй-жайларда, жайылым учаскелерінде, фермерлік және шаруа қожалықтарында, туысқандарында, таныстарында сақтауға;

      одан әрі пайдалануға жарамсыз жағдайда қаруды сақтауға;

      өзге адамдар, оның ішінде туысқандар мен отбасы мүшелеріне қолжетімді жерлерде қаруы бар сейфтің кілттерін қалдыруға;

      қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсаты бар қару иелерінің бір сейфте қаруды бірлесіп сақтауына;

      ішкі істер органдарында тіркелмеген, оның ішінде тіркелуге жатпайтын қаруды сақтауға жол берілмейді;

      9) Азаматтық қаруды сақтау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығымен бекітілген "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 тіркелген) мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары тәртібінде қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарымен жүзеге асырылады;

      10) тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын қоспағанда, белгі беру қаруын, механикалық тозаңдатқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды, өзін-өзі қорғау қаруын сақтау үй-жайларда орналасқан, құлыппен жабылатын, металдан, ағаштан немесе пластикадан жасалған шкафтарда (бұл ретте ағаштан немесе пластикадан жасалған шкафтардың қабырғаларының қалындығы 5 мм. кем емес) жүзеге асырылады және шкафтарға рұқсаты тек қару иесінде болуы тиіс.";

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының 5-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының 8-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес:

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы
М. Кожаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология

      және табиғи ресурстар министрлігі

  Министрдің м.а.
2021 жылғы 28 шілдедегі
№ 444 Бұйрығына
1- қосымша
  Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондары
айналымы қағидаларына
5-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін жүзеге асыратын жеке күзет ұйымдарының қызметкерлеріне қару-жарақ нормалары

      Қару:

№ р/с

Жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері

Қызметтік қару (күзет қызметін жүзеге асыру кезінде)

Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, электрлі қару, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қару

Тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы қару (мылтық, карабин)

1

2

3

4

1

Ауысымның аға күзетшісі

1 бірлік


2

Сыртқы күзет орнындағы күзетші

постқа 1 бірлік

постқа 1 бірлік

3

Ішкі күзет орнындағы күзетші

постқа 2 бірлік


4

Ұтқыр жедел ден қою тобының аға күзетшісі

1 бірлік


5

Ұтқыр жедел ден қою тобының күзетшісі


 
1 бірлік

6

Ұтқыр жедел ден қою тобының жүргізушісі

1 бірлік


7

Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетші

1 бірлік


      Қару патрондарының нормалары

№ п/п

Қару түрі

Патрондар саны, дана

Объектіні күзетуге кірісетін күзетшілерге, немесе мобильді топтарда беріледі:

патрондардың азаймайтын қоры қару бірлігіне

оқу мақсаттары үшін 1 күзетшіге патрондардың шығыны жылына

1.

Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қару

16 патронға дейін (2 дүкенде)

16

12

2

Тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы қару (мылтық, карабин)

10 патрондарға дейін

10

12

      Ескертпе:

      1. Күзеттің барлық түрлерінің қару резерві-жарақта бар әрбір 10 бірлікке 1 бірлік қару.

      2. Тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7 немесе № 8 бытырамен не жарақат салатын патрондармен оқталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 08 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5139 болып тіркелген) қарудың зақымдау факторларының адамға жол берілетін әсерінің тиісті нормалары бойынша қолдануға рұқсат етілген электрлік қару пайдаланылады.

      3. Бағалы металдар мен алмаздарды, көмірсутек шикізаттарды өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектілерді, банктерді, электр станцияларын, жылуэлектрорталықтарды және электр беру желілерді, жарылғыш, улы және есірткі заттардың, радиобелсенді материалдардың қоймаларын (қойма орындарын), мемлекеттік материалдық, сондай-ақ бағалы және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде теміржол және әуе көлігінің қоймаларын (қойма орындарын) күзету кезінде тегіс ұңғылы қару үшін патрондарды оқтармен немесе № 0; № 1 бытыралармен оқтауға жол беріледі.

      4. Объектілерді күзету кезінде жеке күзет ұйымдарына қызметтік қаруды қарудың әрбір бірлігіне 2 патрондан аспайтын есеппен жарық-дыбыс әсер ететін патрондармен жарақтандыруға рұқсат етіледі.

      5. Жеке күзет ұйымдарының қарумен не қарусыз объектілерді күзету жөніндегі қызметі күзет қызметтерін көрсету туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

  Министрдің м.а.
2021 жылғы 28 шілдедегі
№ 444 Бұйрығына
2-қосымша
  Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
8-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы мемлекеттік инспекторлары мен жануарлар мен өсімдік әлемін қорғау, қалпына келтіру, пайдалану жөніндегі ұйым қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген нормалар

№ р/с

Лауазымы

Тапанша

Карабин

Тегіс ұзын ұңғылы (карабин)

1

Жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор

1

немесе 1

немесе 1

2

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор

1

немесе 1

немесе 1

3

Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы

1

немесе 1

немесе 1

4

Орманды қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері

1

немесе 1

немесе 1

      Оқ-дәрілер:

№ р/с

Қарудың атауы

Патрондардың саны (дана)

ауысымға арналған қызметкер

бірлікке азаймайтын қор

жылдық шығын:

бір адамға практикалық атыс үшін

қару бірлігіне атуды тексеру

1

тапанша

16 (2 оқжатарда)

24

8

4

2

карабин

10 патрон (қорапта)

30

10

5

3

Тегіс ұзын ұңғылы (карабин) қару

10 патрон (қорапта)

30

10

5

      Ескертпе:

      Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің жалпы санынан аспауы тиіс, бұл ретте 10 бірлікке қаруға бір резервтік ұстауға рұқсат етіледі.

      Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөліністері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.

      Мамандандырылған ұйымның жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымның жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор - мемлекеттік табиғи қорықтың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктің, мемлекеттік табиғи резерваттың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктің жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері, орманшы, орман шебері, орман күтуші, мемлекеттік инспектор (қорықшы), аңшылық маман).

      Мемлекеттік орман инспекциясының және мемлекеттік орман күзетінің қызметкері - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлінісінің орманды қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орман шебері, орман күтуші, мемлекеттік инспектор (қорықшы), аңшылық маман).

      Тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7 немесе № 8 бытыралармен оқталады не жарақат салатын патрондармен оқталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 08 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5139 болып тіркелген) қарудың зақымдау факторларының адамға жол берілетін әсерінің тиісті нормалары бойынша жарақат салатын әрекеті бар патрондары қолдануға пайдаланылады.

      Қорқауларды, қарғаларды, сауысқандарды, ала қарғаларды, қаңғыбас иттерді ату үшін тегіс ұңғылы қару патрондарын № 1; № 0 немесе № 00 бытыралармен оқтауға жол беріледі.