"Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 шiлдедегі № 681 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 шiлдеде № 23586 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай мазмұнда жазылсын:

      ""Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "1. Осы Камералдық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және камералдық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасынының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалатын мәндерде қолданылады.";

      5-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "5. Камералдық бақылауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) Заңның 14-бабы 3) тармақшасының және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының заңының (бұдан әрі-мемлекеттік сатып алу туралы заң) 16-бабы 5) тармақшасының негізінде мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен мемлекеттік аудит объектісіне бармастан, тұрақты негізде жүргізеді.";

      3-тарау мынадай мазмұнда жазылсын:

      "3-тарау. Камералдық бақылаудың сапасын бақылау және мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың шағымдарын қарау сапасына бақылау";

      22-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "22. Уәкілетті органның ведомствосы веб-портал арқылы осы Қағидалардың 17-тармағында белгіленген мерзімдер аяқталғаннан кешіктірмей 300 000 000 (үш жүз миллион теңгеден және одан көп) теңгеден және одан көп мемлекеттік сатып алуды және мемлекеттік сатып алу қатысушысыларының шағымдарды қарау камералдық бақылау сапасын бақылауды жүзеге асырады.";

      29-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "29. Қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша мынадай:

      1) мемлекеттік аудит объектісі шағымданатын барлық мәселелер қанағаттандырылған жағдайда – қарсылықты қанағаттандыру туралы;

      2) мемлекеттік аудит объектісі шағымданатын мәселелер ішінара қанағаттандырылған жағдайда – қарсылықты ішінара қанағаттандыру туралы;

      3) мемлекеттік аудит объектісі даулап отырған барлық мәселелер Заңның 58-5-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қанағаттандырылмаған жағдайларда-осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша шешім осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қорытындымен ресімделеді.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қорытынды автоматты түрде тіркеледі және мемлекеттік аудит объектісіне веб-портал арқылы жіберіледі.";

      31-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "31. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешіммен және (немесе) аумақтық бөлімше жіберген хабарламамен келіспеген жағдайда шағымдарды қарау тәртібі осы Қағидаларға 7-қосымшада көзделген. Осы Қағидалардың 17-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацында көзделген шағымды қарау нәтижелері бойынша шешіммен және (немесе) аумақтық бөлімше жіберген хабарламамен келіспеген жағдайда тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның ведомствосына жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы мемлекеттік аудит объектісі хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық бөлімшенің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) және актілеріне (шешімдеріне) уәкілетті орган жанындағы апелляциялық комиссияға осы Қағидалардың 8-қосымшаға қажет болған жағдайда шағым бередіне алған күннен бастап шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін келіп түскен шағымдар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік" Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      35-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "35. Осы Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жіберілген уәкілетті орган ведомствосының шешімімен және (немесе) аумақтық бөлімшенің хабарламасымен келіспеген жағдайда тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші уәкілетті орган ведомствосының шешімін алған және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі осындай хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы уәкілетті органға қажет болған жағдайда шағым береді не сотқа жүгінеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін келіп түскен шағымдар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік" Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      37-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "37. Осы Қағидалардың 35-тармағының бірінші бөлігінде көзделген қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган мынадай:

      1) қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;

      2) осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Апелляциялық комиссияның шешімі жазбаша нысанда шығарылады және мемлекеттік аудит объектісінің орындауы үшін міндетті болып табылады.";

      осы Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа мазмұндағы 1, 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын;

      осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 681 бұйрығына
1-қосымша
  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі

№ р/с

Камералдық бақылау тәуекел профилінің атауы

Камералдық бақылау тәуекел профилінің деректерін таңдау шарттары

Камералдық бақылау тәуекел бейінінің бұзылуы

1.

Ұйымдастырушының, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі.

1. Конкурс (аукцион) тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу.
2. Мемлекеттік сатып алудың нысанасы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылады.
3. Ұйымдастырушының (Тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) біліктілік талаптары мен шарттарын "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 9 және 21-баптарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұза отырып көрсетуі.

Ұйымдастырушының, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі:
1) әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейді және негізсіз қиындатады;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайды;
3) әлеуетті өнім берушілердің санын, оның ішінде:
- әлеуетті өнім берушілерге қойылатын кез келген өлшенбейтін сандық және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптарды белгілеу;
- тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаулардың, сондай - ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамалардың мазмұны-мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұзу.
Заңның 9 және 21-баптарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұзу.

2.

Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының заңды бұза отырып, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекітуі.

1. Алдын ала талқылау хаттамасы қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Алдын ала талқылау хаттамасы конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына ескертулерден тұрады.
3. Бекітілген конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы белгіленген.

Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының заңды бұза отырып, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекітуі.
Заңның 22-бабының 2-тармағын бұза отырып шешім қабылдамау не шешім қабылдау.

3.

Өзге әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру (Заңның 51-бабының талаптарын бұза отырып).

1. Мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылатын тауарлардың жекелеген түрлері, жұмыстар, қызметтер.
2. Мемлекеттік сатып алу Заңның 51-бабының нормаларын бұза отырып, өзге әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының/ Тапсырыс берушінің өзге әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін, сондай-ақ Заңның 51-бабының талаптарын басқа да бұза отырып жүзеге асыруы.

4.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлмеу.

1. Конкурс тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Заңның 20-бабында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лоттарға бөлмеу.

Заңның 20-бабын бұза отырып, конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, Тапсырыс берушінің лоттарға бөлмеуі.

5.

Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына әкеп соққан шешім қабылдау.

1. Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама ресімделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес комиссия әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурстық өтінімін (аукциондық өтінімін) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес не сәйкес келмейді деп тану туралы шешім қабылдады.

Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) Заңның 10, 27 және 33 – баптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 150 және 344-тармақтарын және Қағидаларға 4-қосымшаның 41-тармағын бұза отырып әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін қабылдамауы.

6.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, әлеуетті өнім берушіге рұқсат беру туралы шешім қабылдау.

1. Конкурс/аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама ресімделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурстық өтінімін (аукциондық өтінімін) тану туралы шешім қабылдады.

Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін Заңның 10, 27 және 33-баптарын, сондай-ақ. Қағидалардың 150 және 344-тармақтарын және Қағидалардың 4-қосымшасының 41-тармағын бұза отырып жіберуі.

7.

Шартты жеңілдіктерді қолданбау немесе заңсыз қолдану.

1. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама ресімделген, бұл ретте олар Өтті деп танылған.
2. Конкурстық комиссияның өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолдануының не қолданбауының негізділігі.

Конкурстық комиссияның Заңның 21-бабын, сондай-ақ Ереженің 153-166-тармақтарын бұза отырып, әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдіктерді заңсыз қолдануы не қолданбауы.

8.

Алдын ала рұқсат беру хаттамасында конкурстық (аукциондық) өтінімдердіқабылдамаудың егжей-тегжейлі себептерін көрсетпеу.

1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Қалыптастырылған және жарияланған алдын ала рұқсат беру хаттамасында:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) талаптарына сәйкес келмеу себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып тізбесі);
2) веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) талаптарына сәйкес келтіру және ұсыну қажет құжаттардың тізбесі қамтылмайды..

Алдын ала рұқсат беру хаттамасы жоқ:
1) өтінімдерді қабылдамау себептерінің, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, егжей-тегжейлі сипаттамасы);
2) Заңның 27 және 33-баптарын, сондай-ақ Ереженің 128, 326-тармақтарын бұза отырып, веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге біліктілік талаптарына және конкурстық/аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру және ұсыну қажет құжаттардың тізбесі.

9.

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем, сондай-ақ тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз.

1. Заңның 13-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем, сондай-ақ тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз болып айқындалған.

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу заңның 43-бабының 22-тармағын бұзумен өткізілді.

10.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыруға тиіс орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді.

Заңның 8-бабына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

Заңның 8-бабына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

11.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу.

Веб-порталда орналастырылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша ақпарат толық емес және/немесе Заңның 38-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдерді бұза отырып.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ақпараттың толық орналастырылмауы, сондай-ақ Заңның 38-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдердің бұзылуы

12.

Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлінбеуі.

1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Заңның 5-бабында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лоттарға бөлмеу.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Заңның 5-бабын бұза отырып лоттарға бөлмеуі.

13.

Техникалық ерекшелік баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тауар таңбаларына, пайдалы модельдерге және басқа да сипаттамаларға нұсқауды қамтиды.

1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасында тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулар қамтылады.

Заңның 38-бабының 2-тармағын бұза отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасында тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулар қамтылады.

14.

Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу – мемлекеттік сатып алудың тәсілін заңсыз қолдану.

1. Тапсырыс беруші тікелей жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберді.
2. Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін негіздеме Заңның 39-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейді.

Заңның 39-бабының 3-тармағын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілін заңсыз таңдау.

15.

Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін заңсыз таңдау.

1. Тауар биржалары арқылы өткізілген тауарларды мемлекеттік сатып алу.
2. Биржалық тауарлар тізбесінде сатып алынатын тауарлардың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2015 жылы 31 наурызда № 10587 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Биржалық тауарлар тізбесіне сәйкес болуы.

Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алу Заңның 42-бабын бұза отырып жүзеге асырылды.

16.

Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін оларға өз өтінімдерін сәйкес келтіруге құқық бермейтін негіздер бойынша заңсыз қабылдамау.

1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделген конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурстық өтінімін (аукциондық өтінімін) конкурсқа қатысуға өтінімдерді сәйкес келтіру құқығын ұсынбай тану туралы шешім қабылдады.

Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін Заңның 27 және 33-баптарын, сондай-ақ Қағидалардың 137 және 333-тармақтарын бұза отырып қабылдамауы.

17.

Ұйымдастырушының (Тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) талқылау қорытындылары бойынша конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) өзгерген жағдайда не техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттама (жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі) болған кезде конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі.

1. Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау хаттамасы ресімделген конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Алдын ала талқылау хаттамасына сәйкес конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына ескертулер бар.
3. Ұйымдастырушының (Тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Заңның 9 және 21-баптарын бұза отырып біліктілік талаптары мен шарттарын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қорытындылары бойынша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын көрсетуі.

Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі:
1) әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейді және негізсіз қиындатады;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайды;
3) әлеуетті өнім берушілердің санын, оның ішінде:
- әлеуетті өнім берушілерге қойылатын кез келген өлшенбейтін сандық және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптарды белгілеу;
- тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің мазмұны;
4) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұзады.
Заңның 9 және 21-баптарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұзу.

18.

Құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу.

1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Сатып алу сомасы төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Заңның 37-бабының 1-тармағын бұза отырып баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылды.

19.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда заңсыз талаптар.

1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу жарияланған.
2. Мемлекеттік сатып алудың нысанасы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылады.
3. Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) Заңның 9-бабының 7-тармағын бұза отырып біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда біліктілік талаптарын белгілеу.

20.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) уақтылы орналастыру.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын веб-порталда орналастыру күнін тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілген күнмен салыстыру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таратылуы шектеулі ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмау.

21.

Мемлекеттік сатып алу көлемінің сәйкестігі.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының көлемін тиісті бюджеттің (даму жоспарының) немесе жеке қаржыландыру жоспарының көлемдерімен салыстыру.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бюджетке (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтығында мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту (нақтылау).

22.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау.

Заңның 5-бабы 5-тармағына сәйкес тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында):
1) қосылған құн салығын есепке алмай, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың отыз пайызы мөлшерінде алдын ала төлем (аванс) көрсетілмеген;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылмаған.

23.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді енгізу.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді енгізу 4), 9), 31), 32) заңның 39-бабы 3-тармағының 35) және 35) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады.

24.

Демпингтік баға есебін заңсыз қолдану/қолданбау.

1. Конкурс тәсілімен өткізілген жұмыстарды жарияланған мемлекеттік сатып алу.
2. Ұйымдастырушылардың конкурстық құжаттамада демпинг белгісін және демпингтік бағаны есептеу сомасын белгілеуіне не дұрыс белгілеуіне жол берілмейді.

Заңның 26-бабын және Қағидалардың 174, 175, 175-1 және 176-тармақтарын бұзу.

25

Олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала білікті іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды Заңның талаптарын бұза отырып, жүзеге асыру

1. Олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала білікті іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала білікті іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Заңның 31-бабы 1-тармағын бұза отырып өткізіледі.

Олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала білікті іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды Заңның 31-бабы 1-тармағының талаптарын бұза отырып жүзеге асыру

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 681 бұйрығына
2-қосымша
  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

      20___ жылғы "___" __________                                    № _____

      ________________________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы)

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісінің атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы.

      Заңның 31–бабының 2-тармағына сәйкес Сіз камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы осы хабарламаны (бұдан әрі-хабарлама) ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындау қажет.

      Хабарлама қарсылықтарды қарау нәтижелерін ескере отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтар жойылған жағдайларда орындалды деп танылады.

      Бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты (қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды) камералдық бақылау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) 4 – қосымшаға сәйкес хабарламаны жіберген уәкілетті органға веб-портал арқылы мемлекеттік аудит объектісі ұсынады.

      Қағиданың 35-тармағына сәйкес хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, мемлекеттік аудит объектісі оны веб-портал арқылы жеткізген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қарсылықты қажет болған жағдайда жібереді.

      Қажет болған жағдайда қарсылыққа қарсылықтың дәлелдерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады, сондай-ақ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес лауазымды адамдардың әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

      Заңның 60-бабына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Анықталған бұзушылықтар сипатталған қосымша ___ парақта. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган аумақтық ведомствосының басшысы

      _____________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (Қолы) (бар болса)

  Камералдық бақылау
нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды
жою туралы хабарламаға
қосымша

      Мен,____________________________________________________________ (лауазымы, уәкілетті органның атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес камералдық бақылау жүргіздім

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (бақылау нысанасы)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________ негізінде
(өтініш беруші туралы мәліметтерді көрсете отырып, тәуекелдерді басқару жүйелері/шағымдар)

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________________ арқылы
(ақпараттық жүйенің атауы)

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мынадай бұзушылық (-тар) анықталды:

Бұзушылық тармағының нөмірі

Тәуекел бейіні

Ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы

Бұзушылықтарды растайтын құжаттардың деректемелері мен атаулары

1 –тармақ




2 –тармақ







      (Әрбір бұзушылық фактісі жеке тармақпен белгіленеді және тәуекел бейінін көрсете отырып, ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатын сипаттай отырып, толассыз тәртіппен нөмірленеді. Бұзушылық сипаттамасында бұзушылықтарды растайтын құжаттардың деректемелері мен атауларына сілтеме жасалады)

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде анықталған бұзушылықтар Камералдық бақылау жүргізу қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жойылуға жатады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 681 бұйрығына
3-қосымша
  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау элементтері бұзушылықтарды жою тәсілдері

Камералдық бақылау бағыттары

Деректерді іріктеу үшін тәуекелді басқару жүйесінің критерийлері

Тәуекелдерінің профилі

Камералдық бақылау

Бірінші бағыт

Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Олар бойынша мемлекеттік сатып алуалдын ала білікті іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу
Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген тікелей жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы, егер мынадай талаптар бар болса (жеке-жеке):
1) Мемлекеттік сатып алу сомасы екі миллион теңгеден асады;
2) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының бірдей атаулары мен кодтары бар Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының бір тармағы бар;
3) Олар бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға шағымдар келіп түскен мемлекеттік сатып алу
Тауар биржалары арқылы жоспарланған мемлекеттік сатып алу

№ 1-бейін – Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі

1 нұсқа. Конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу) *

2 нұсқа. Егер конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) тиісті шешімінің күшін жою*

№ 3-бейін – Басқа әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінмемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ("Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының талаптарын бұза отырып (бұдан әрі – Заң)).

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 4-бейін – Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында лоттарға бөлмеу.

Мемлекеттік сатып алудың күшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жою

№ 9-бейін – Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі он бес күнтізбелік күннен аз, сондай-ақ, тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз

Мемлекеттік сатып алудың күшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жою

№ 10-бейін – Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысымен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу

Мемлекеттік сатып алудың күшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жою

№ 24-бейін– Демпингтік баға есептеу заңсыз пайдалану/пайдаланбау

Мемлекеттік сатып алудың күшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жою

№ 25-бейін – Олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала білікті іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды Заңның талаптарын бұза отырып, жүзеге асыру

Мемлекеттік сатып алудың күшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жою

№ 14-бейін – Мемлекеттік сатып алудың – мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілін заңсыз қолдану.

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу*

№ 15-бейін – Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін заңсыз таңдау.

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*

Екінші бағыт

Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу

№ 2-бейін– Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау нәтижесі бойынша конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) тиісті ескертулер бола тұра, ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің Заң бұзушылықпен конкурстық құжаттаманы бекітуі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 17-бейін – Ұйымдастырушының техникалық спецификация орнына жабдықтардың (механизмдер, машиналар) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі болған кезде талқылау қорытындысы бойынша конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) өзгерту жағдайларында конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

Үшінші бағыт

Сомасы үш жүз миллион теңгеден асатын конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу және (немесе) тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің шағымдары келіп түскен конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу

№ 8-бейін – Алдын ала рұқсат беру хаттамасында конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қайтарудың нақты себептерін көрсетпеу.

1 нұсқа. Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

2-нұсқа. Егер ұйымдастырушымен қорытынды туралы хаттама рәсімделсе, ұйымдастырушының (тапсырыс беруші) тиісті шешімінің күшін жою*

№ 5-бейін – Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына әкеп соқтырған шешім қабылдау.

Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

№ 6-бейін – Әлеуетті өнім берушіге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып рұқсат беру туралы шешім қабылдау.

Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

№ 16-бейін – Әлеуетті өнім берушілерге олардың өтінімдерін заңсыз қайтару

1 нұсқа. Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

2-нұсқа. Егер ұйымдастырушымен қорытынды туралы хаттама рәсімделсе, ұйымдастырушының (тапсырыс беруші) тиісті шешімінің күшін жою*

Төртінші бағыт

Сомасы үш жүз миллион теңгеден асатын конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу және (немесе) Заңның 47-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде шағымдар келіп түскен конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу

№ 5-бейін – Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына әкеп соқтырған шешім қабылдау.

Қорытынды туралы хаттаманы хабарламамен сәйкестікке келтіру*

№ 6-бейін– Әлеуетті өнім берушіге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып рұқсат беру туралы шешім қабылдау

Қорытынды туралы хаттаманы хабарламамен сәйкестікке келтіру*

№ 7-бейін – Шартты жеңілдіктерді қолданбау немесе дұрыс қолданбау

Қорытынды туралы хаттаманы хабарламамен сәйкестікке келтіру*

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау

Лоттың сомасы екі миллион теңгеден асатын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу және (немесе) олар бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға шағымдар келіп түскен мемлекеттік сатып алу

№ 3-бейін – Өзге әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру (Заңның 51-бабының талаптарын бұза отырып)

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 9-бейін – Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі он бес күнтізбелік күннен аз, сондай-ақ, тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 11-бейін – Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 12-бейін – Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлінбеуі

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 13-бейін – Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде техникалық спецификациясында тауарлық белгілер, пайдалы модельдер және басқа сипаттамалары көрсетіледі

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 18-бейін – Баға ұсынысын сұрату тәсілімен жылдық көлемі құндық түрде республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселік мөлшерінен асатын біркелкі тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 19-бейін – Мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылған жағдайда заңсыз талаптар.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою


Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау

№ 20-бейін – Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) уақтылы орналастыру.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) хабарламамен толықтыруларды орналастыру*

№ 21-бейін – Мемлекеттік сатып алу көлемінің сәйкестігі

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*

№ 22-бейін – Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*

Бір көзден алу тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау

Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген, егер мынадай талаптар болса, тікелей жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы (жеке-жеке):
1) Мемлекеттік сатып алу сомасы екі миллион теңгеден асады;
2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының бірдей атаулары мен кодтары бар Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының бір тармағы бар.

№ 14-бейін – Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу – мемлекеттік сатып алудың тәсілін заңсыз қолдану

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу*


Тауар биржалары арқылы жоспарланған мемлекеттік сатып алу

№ 15-бейін – Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін заңсыз таңдау

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 16 шілдедегі № 681
4-бұйрығына
қосымша
  8-қосымша
өткізу қағидаларына
камералдық
бақылау

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің немесе ведомствосының және оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым

      "___"__________ 20___жылғы _____

      Осы __________________________________________________________________

      (Өтініш берушінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі) келіспейтіні туралы хабарлайды.

      _______________________________________________________________________
(Шағым жасалған құжаттың атауы, нөмірі, күні) келесі негіздер бойынша:

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Баяндалғанның негізінде:

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________.

      Өтініш беруші _________________________ ____________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)) (қолы)