БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 25 маусымдағы № 412 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 745 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.".
2. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.".
3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жеке құрамының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 644 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19292 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларында:
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға жіберілген кезде іссапар шығыстарын өтеу";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шет мемлекеттерге шығыстарды өтеу кезінде "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысының нормаларын басшылыққа алу қажет.
Егер келісімде (шартта немесе келісімшартта) тәулікақы төлеу көзделмесе, тәулікақыны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі төлейді.
Олар үшін нормалар нақты шығындар бойынша белгіленген елдерге іссапарға жіберілген жағдайда өтеу растау құжаттары ұсынылған кезде жүргізіледі.".