Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс арқылы жолданым беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 213/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23111 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 122/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

      2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 64-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс арқылы жолданым беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 122/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

      2."Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13206 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2021 жылғы 16 маусымдағы
№ 213/НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс арқылы жолданым беру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 122/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс арқылы жолданым беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 64-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына (бұдан әрі – мемлекеттік органдардың басшылары) бейнеконференцбайланыс арқылы жолданым беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 122/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

      2. Бейнеконференцбайланыс арқылы жолданым берілген кезде дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 122/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган – ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;

      3) әкімшілік рәсімге қатысушылар – мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      4) бейнеконференц-байланыс – өзара қашық бірнеше абоненттің нақты уақыт режимінде аудио және бейнеақпарат алмасу мүмкіндігі беріліп, интерактивтік өзара іс-қимыл жасауы үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланылатын көрсетілетін байланыс қызметі;

      5) алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 122/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданыста болады) бұйрығымен;
      6) алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 122/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданыста болады) бұйрығымен;
      7) алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 122/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданыста болады) бұйрығымен;

      8) онлайн-қабылдау – Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылатын, субъектінің, лауазымды тұлғаның жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін бейне-конференцбайланыс арқылы қабылдау жөніндегі әрекеті;

      9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      10) алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 122/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданыста болады) бұйрығымен;

      11) "электрондық үкiмет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – "электрондық үкiмет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      12) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      13) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушылардың кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкімет" веб-порталының өтініштерді қарайтын субъектілерге өтініш беру мәселелері, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрам бөлігі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 122/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

2-тарау. Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференц-байланыс арқылы жолданым беру тәртібі

      4. Мемлекеттік органның бірінші басшылары ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісуімен бейнеконференц-байланысы арқылы қабылдауды өткізуге бөлінген уақытты көрсете отырып, алдағы тоқсанға Кодекске сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушылардың қабылдау кестесін (бұдан әрі – Қабылдау кестесі) дербес бекітеді.

      5. "Электрондық үкімет" веб-порталына орналастыру үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік органның жауапты қызметкері бекітілген Қабылдау кестесін тоқсан басталғанға дейін кем дегенде күнтізбелік он бес күн бұрын жібереді.

      6. Бейнеконференц-байланыс арқылы қабылдау туралы әкімшілік рәсімге қатысушының арызына берген мемлекеттік органдардың шешімдері мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) бейнеконференц-байланыс арқылы қабылдау күнін және өткізу уақытын белгілеу;

      2) егер мәселе мемлекеттік орган басшысының құзыретіне жатпаса, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту.

      Бейнеконференц-байланыс арқылы қабылдау туралы жолданымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін мемлекеттік орган әкімшілік рәсімге қатысушыға осы шешімге қатысты өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік беруге міндетті, ол туралы арыз иесіне алдын ала, бірақ ол қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарланады.

      Тыңдау Кодекстің 63-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      7. Мемлекеттік органның қабылданған шешімі туралы хабарламасы әкімшілік рәсімге қатысушының электрондық поштасының мекенжайына немесе оның жеке кабинетіне "электрондық үкімет" порталы арқылы жіберіледі, сондай-ақ операторға және "электрондық үкімет" веб-порталына орналастырылған бейнеконференц-байланыс арқылы қабылдау бойынша жабдықтар орнатылған Мемлекеттік корпорацияның тізбесіне сәйкес, бейнеконференц-байланыс арқылы қабылдау жүргізілетін Мемлекеттік корпорацияға хабарланады.

      8. Келесі айға бекітілген Кестенің шеңберінде мемлекеттік орган басшыларының қабылдауына әкімшілік рәсімге қатысушыларды тіркеу аяқталған кезде, мемлекеттік органның жауапты қызметкері бейнеконференц-байланыс арқылы қабылдау кестесін (бұдан әрі – кесте) жасайды және бейнеконференц-байланыс арқылы қабылдау жоспарланған ай басталмай тұрып үш күннен кешіктірмей операторға және Мемлекеттік корпорацияға хабарлайды.

      9. Оператор кесте келіп түскеннен кейін бір жұмыс күн ішінде оны "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырады.

      10. Кодекстің 76-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

      Кодекстің 99-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.

3-тарау. Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарларына бейнежолданым арқылы жолданым беру тәртібі

      Ескерту. 3-тарау алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 122/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

  Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс арқылы жолданым беру қағидаларына қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.05.2023 № 122/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

Бейнеконференц-байланыс арқылы жолданым беруді толтырудың үлгісі