Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және "Сәйкестікт

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 399-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 маусымда № 22967 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына, "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.09.2023 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.09.2023 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 8 маусымдағы
№ 399-НҚ бұйрығына
1-қосымша

Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

№ р/с

Рұқсат беру талаптары

Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары

1

*Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы.
Егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы. Мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде орта білімнен кейінгі білімге рұқсат етіледі.

Осы Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны (бұдан әрі – Мәліметтер нысаны)


2

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде мәлімделетін аттестаттау бағытында сертификаттау жөніндегі маман ретінде сәйкестікті растау жөніндегі органда мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл.
Қазақстан Республикасында мәлімделетін аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органдар болмаған кезде мәлімделетін қызмет бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтіліне рұқсат етіледі.

Мәліметтер нысаны


3

Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту.
Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларды даярлау жөніндегі курстарды өткізу ұзақтығы сексен академиялық сағаттан кем емес уақытты құрайды.
Қазақстан Республикасында аттестаттаудың жаңа бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау жөніндегі курстардан өту үшін жағдайлар болмаған кезде кемінде академиялық қырық сағат көлемінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде курстардан өтуге рұқсат етіледі.

Мәліметтер нысаны

Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – бір жыл.

4

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде мәлімделетін аттестаттау бағытында аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда сәйкестікті растау жөніндегі органда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту.

Мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы кемінде бес есеп (кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) немесе бір схема бойынша сериялық өндірілетін өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі кемінде жеті есеп мәліметтерінің нысаны

Мәлімделетін аттестаттау бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға сәйкестікті растау жөніндегі объектіге бару арқылы даярлау (қайта даярлау) жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланған, карантиндік режим енгізілген, карантин және (немесе) шектеу іс – шаралары белгіленген жағдайда мәлімделетін аттестаттау бағытында қашықтықтан өту режимінде практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі.

2. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары

1

* Сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғада сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау бойынша жоғары білімінің болуы.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – тамақ өнеркәсібіне қатысты өндірістік және өңдеу салаларын даярлау бағытында жоғары білімінің болуы.
Энергетикалық менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – энергетикаға қатысты инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларын даярлау бағытында жоғары білімінің болуы.
Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, физика-математика ғылымдары бағытында жоғары білімінің болуы.
Экологиялық менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – қоршаған орта, жерге орналастыру, су ресурстары және су пайдалану, физикалық және химиялық, биологиялық ғылымдар даярлау бағытында жоғары білімінің болуы.
.
Медициналық бұйымдардың сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – медицина, денсаулық сақтау, фармация, фармацевтикалық өндіріс технологиясы, биология және биотехнология немесе инженерлік және өңдеу салалары бағытында жоғары білімінің болуы.
Активтерді басқару менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес бағытында жоғары білімінің болуы.
Жеткізу тізбегінің қауіпсіздік менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, көлік, логистика, көлік тасымалын, қозғалысын және пайдалануды ұйымдастыру бағытында жоғары білімінің болуы.
Жылжымайтын мүлік объектілерін басқару менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, кадастр, жерге орналастыру бағытында жоғары білімінің болуы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы- аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – құқық, әлеуметтік ғылымдар, бизнес, қаржы, экономика бағытында жоғары білімінің болуы.
Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғалар үшін – құқық, әскери іс, әлеуметтік ғылымдар бағытында жоғары білімінің болуы.
Егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

Мәліметтер нысаны


2

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органда мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл, мәлімделетін аттестаттау бағытында сертификаттау жөніндегі маман ретінде немесе сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл.
Қазақстан Республикасында мәлімделетін аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органдар болмаған кезде мәлімделетін қызмет бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтіліне жол беріледі.

Мәліметтер нысаны


3

Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту.
Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау курстарын өткізу ұзақтығы кемінде сексен академиялық сағатты құрайды.
Қазақстан Республикасында аттестаттаудың жаңа бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау жөніндегі курстардан өту үшін жағдайлар болмаған кезде кемінде академиялық қырық сағат көлемінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде курстардан өтуге рұқсат етіледі.

Мәліметтер нысаны

Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.

4

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде мәлімделетін аттестаттау бағытында аттестатталған және осы бағытта кемінде екі жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда сәйкестікті растау жөніндегі органда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту.

Мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні болатын төрт есептен кем емес мәліметтер нысаны (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда)

Мәлімделетін аттестаттау бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту даярлау (қайта даярлау) жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның сәйкестікті растау объектісіне баруымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланған, карантиндік режим енгізілген, карантин және (немесе) шектеу іс – шаралары белгіленген жағдайда мәлімделетін аттестаттау бағытында қашықтықтан өту режимінде практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі.

3. Қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары

1

*Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы.
Егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

Мәліметтер нысаны


2

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органда мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе сарапшы-аудитор ретінде мәлімделетін аттестаттау бағытында жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Қазақстан Республикасында мәлімделетін аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органдар болмаған кезде мәлімделетін қызмет бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтіліне рұқсат етіледі.

Мәліметтер нысаны


3

Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту. Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі курстарды өткізу ұзақтығы кемінде сексен академиялық сағатты құрайды.
Қазақстан Республикасында аттестаттаудың жаңа бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау жөніндегі курстардан өту үшін жағдайлар болмаған кезде кемінде академиялық қырық сағат көлемінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде курстардан өтуге рұқсат етіледі.

Мәліметтер нысаны

Қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.

4

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде (растайтын құжатты қоса бере отырып) мәлімделетін сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағытында аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудитордан мәлімделетін аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту.
Қазақстан Республикасында аттестаттау бағыттары бойынша практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту үшін жағдайлар болмаған кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кемінде қырық академиялық сағат практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі.

Мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы кемінде бес есеп беретін мәліметтер нысаны (сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда)

Мәлімделетін аттестаттау бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту даярлау (қайта даярлау) жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның сәйкестікті растау объектісіне баруымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланған, карантиндік режим енгізілген, карантин және (немесе) шектеу іс-шаралары белгіленген жағдайда мәлімделетін аттестаттау бағытында қашықтықтан өту режимінде практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі.

4. Персоналды растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары

1

*Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы.
Егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

Мәліметтер нысаны


2

Мәлімделетін қызмет бағытында мамандығы бойынша кемінде бес жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Мәліметтер нысаны


3

Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту.
Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларды даярлау немесе олардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарды өткізу ұзақтығы кемінде сексен академиялық сағатты құрайды.
Қазақстан Республикасында даярлау, қайта даярлау жөніндегі курстардан өту үшін жағдайлар болмаған кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кемінде академиялық қырық сағат көлемінде курстардан өтуге рұқсат етіледі.

Мәліметтер нысаны

Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.

4

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде екі жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудитордың сәйкестікті растау жөніндегі органында сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың мәлімделген бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуі.
Қазақстан Республикасында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту үшін жағдайлар болмаған кезде тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдарына рұқсат етіледі.

Мәлімделетін аттестаттау саласында тағылымдамадан өткені туралы кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары туралы мәліметтер нысаны

Сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың мәлімделетін бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту даярлау (қайта даярлау) жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның сәйкестікті растау объектісіне баруымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланған, карантиндік режим енгізілген, карантин және (немесе) шектеу іс- шаралары белгіленген жағдайда мәлімделетін аттестаттау бағытында қашықтықтан өту режимінде практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі.

5. Процестің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары

1

* Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы.
Егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделетін қызмет бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

Мәліметтер нысаны


2

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органда мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында жұмыс өтілі кемінде үш жыл.
Қазақстан Республикасында сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың мәлімделетін бағытында процестің сәйкестігін растау жөніндегі органдар болмаған кезде мәлімделетін қызмет бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтіліне рұқсат етіледі.

Мәліметтер нысаны


3

Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту.
Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларды даярлау немесе олардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарды өткізу ұзақтығы кемінде сексен академиялық сағатты құрайды.
Қазақстан Республикасында даярлау, қайта даярлау жөніндегі курстардан өту үшін жағдайлар болмаған кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кемінде академиялық қырық сағат көлемінде курстардан өтуге рұқсат етіледі.

Мәліметтер нысаны

Процестің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.

4

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда сәйкестікті растау жөніндегі органда мәлімделетін аттестаттау бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту.
Қазақстан Республикасында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту үшін жағдайлар болмаған кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кемінде қырық академиялық сағат көлемінде практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі.

Мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы кемінде үш есеп беретін мәліметтер нысаны (кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда)

Мәлімделетін аттестаттау бағытында практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту даярлау (қайта даярлау) жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның сәйкестікті растау объектісіне баруымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланған, карантиндік режим енгізілген, карантин және (немесе) шектеу іс- шаралары белгіленген жағдайда мәлімделетін аттестаттау бағытында қашықтықтан өту режимінде практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі.

      Ескертпе:

      * Жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жіктелуіне сәйкес.

  Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторларға
қойылатын рұқсат беру
талаптарына, оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
қосымша

Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны

      _______________________________________________________________

      (аттестаттаудың мәлімделетін бағыты)

      Толтырылған күні___________________________________________________

      Жеке деректері:

      Тегі_______________________________________________________________

      Аты_______________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________

      Туған жылы________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі___________________________________________

      Білімі _____________________________________________________________

      Аяқтаған оқу орнының атауы_________________________________________

      Аяқтаған жылы_____________________________________________________

      Білімі туралы құжаттың (диплом) нөмірі________________________________

      (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаты бар болса, Қазақстан Республикасының аумағында заңнамамен белгіленген тәртіппен білім беру туралы құжатты нострификациялау туралы мәліметтерді көрсету)

      Диплом бойынша мамандығы_________________________________________

      Диплом бойынша біліктілігі__________________________________________

      Ғылыми дәрежесі (бар болса) _________________________________________

      Аттестаты (бар болса) _______________________________________________

      (сарапшы-аудитордың)

      20 ____ жылы "___" ______________ № __________________________берілген

      Жұмыс орны _______________________________________________________

      Лауазымы_________________________________________________________

      телефоны__________________________________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы_____________________________________________

      2. Жұмыс өтілінің бар екендігі туралы деректер:

Күні

Ұйым атауы, лауазымы

Негізгі міндеттемелері

басталуы

аяқталуы





      3. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысқандығы (практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуі) туралы деректер:

Жұмыстар жүргізу кезеңі

Тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы

Орындалған жұмыстар тізбесі




      4. Даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы деректер:

Курстардан өту күні

Оқу түрі, сағат саны

Мамандануы (қызмет бағыты)

Куәліктің нөмірі және берілген күні

Оқытуды өткізген оқу орталығы






  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 8 маусымдағы
№ 399-НҚ бұйрығына
2-қосымша

Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Техникалық реттеу туралы Заң) 7-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар – осы Қағидаларға сәйкес тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;

      2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – техникалық реттеу саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

2-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      3. "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау үшін уәкілетті орган кемінде бес адамнан тұратын сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия құрады. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына уәкілетті органның және аккредиттеу жөніндегі органның өкілдері енгізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.09.2023 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды жолдайды:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      осы Бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;

      мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өту туралы есептердің (бұдан әрі – есеп) электрондық көшірмелері, мынадай мөлшерде:

      өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп;

      менеджмент жүйесі бойынша – тағылымдамалардың жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні болатын төрт есеп (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда);

      персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары;

      процесс бойынша – мәлімделетін аттестаттау бағытындағы кемінде үш есеп (сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда).

      Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

      6. Аттестаттан айырылған немесе тоқтатыла тұрған немесе мерзімі өткен сарапшы-аудиторларды қоспағанда, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданысын ұзарту үшін аттестаттау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күнде көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында сарапшы-аудитор аттестатының қолданысын ұзартуға беретін жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;

      осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есептің электрондық көшірмесі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.09.2023 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Бұрын аттестатталған сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда кемінде 40 (қырық) академиялық сағат көлемінде мәлімделетін аттестаттау бағытында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

      8. Атын немесе тегін ауыстыруға байланысты сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатына өзгерістер енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы редакциялауға еркін нысандағы өтініш жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші редакциялауға өтінішті ол тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      10. "Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес баяндалған.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші электрондық құжаттар және (немесе) мәліметтер келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.09.2023 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші Заңның 19-бабына сәйкес 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында хабарлама жібереді.

      14. Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын (бұдан әрі – аттестат) беру не аттестаттың қолданылу мерзімін 5 (бес) жылға ұзарту не осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.09.2023 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Аттестат беру туралы шешім Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның оң шешімі негізінде көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен ресімделеді.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.

      17. Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Техникалық реттеу саласындағы заңнаманың, осы Қағидалардың талаптарына, сондай-ақ осы Бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

      18. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті қарау мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады.

      19. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

      20. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау аттестаттан айырылған күннен бастап екі жыл өткен соң жүргізіледі.

      21. Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде аяқталатын сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар аттестаттарының қолданысын тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шараларының, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне және оның күші жойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартады.

      22. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

      23. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап дереу sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жіберу арқылы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпарат міндетті түрде ұсыныла отырып, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, авторизация сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторын хабардар етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      24-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.09.2023 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      25-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.09.2023 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес нәтижелерге сот тәртібімен шағым жасайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағидалар 26 және 27-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.09.2023 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау, аттестаттарының
қолданылуын ұзарту және
"Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      __________________________________________________________________________

      (аттестаттау органының толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (аттестаттау бағыты)

      жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, жұмыс орны, мекенжайы, телефоны)

      Өтініш

      Мені _________________________________________________________________

      (аттестаттау бағыты)

      сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретінде аттестаттауды сұраймын. Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды толық орындауға міндеттенемін.

      Ақпараттық жүйелерде жазылған, заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісемін ___________________________________________

      20 __ жылғы "__" ____ (Электрондық цифрлық қолтаңба)

      Қоса беріліп отырған құжаттар

      20 __ жылғы "__" ____ (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау, аттестаттарының
  қолданылуын ұзарту және
"Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
  соответствия"
  Нысан
  Форма

Тағылымдамадан өткені туралы есеп

      _______________________________________________________ сәйкестікті растау жөніндегі

      (аттестаттаудың мәлімделетін бағыты)

      ________________________________________________________________________________

      (сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      (есептің мәтіні)

      Сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға (тағылымдамадан өтуші)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні) (қолы)

      Тағылымдама жетекшісінің пікір-мінездемесі:

Бағалау саласы

Бағалау (қанағаттанарлық, қанағаттарлықсыз)

Білімі:


Қазақстан Республикасы заңнамаларының негіздері


Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік құқықтық актілері мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар


Жұмыстар мен тексерулер жүргізу әдістері мен рәсімдері, тексерілетін объектілердің сипаттамалары, оларды бағалау әдістері мен тәсілдері, есептерді, қажетті құжаттар мен жұмыс нәтижелері бойынша қорытындыларды дайындау


Білімді іс жүзінде қолдана білу


Жеке қасиеттерін іске асыру


Жалпы баға


      Тағылымдама жетекшісі_______________________________________________________

      (сарапшы-аудитор, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) аттестаттың тіркеу нөмірі және берілген күні)

      ____________________________________________________________________________

      (сарапшы-аудитор ретіндегі лауазымы, жұмыс орны, жұмыс өтілі)

      ____________________________________________________________________________

      (тағылымдама жетекшісінің қолы) (тағылымдама жетекшісінің тегі және аты-жөні)

      Ұйым басшысы

      ____________________________________________________________________________

      (ұйым басшысының қолы) (ұйым басшысының тегі және аты-жөні)

      Мөр орны (бар болса)

      Ескертпе:

      Есеп мәтінінде:

      1) тағылымдамадан өту күні (күндері), тағылымдама өткен ұйымның атауы және мекенжайы (Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген ұйымның аккредиттеу аттестатының нөмірі және қолданылу кезеңі), сондай-ақ қашықтықтан өту режимінде тағылымдамадан өткен жағдайда қашықтықтан өту режимінде тағылымдамадан өту себебі;

      2) жұмыстар қандай қағидалар мен рәсімдерді анықтайтын құжаттарға сәйкес жүргізілгені;

      3) тексерілетін тексеру объектісінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы шешім қабылдауға негіз болған құжаттарды (сертификаттау/декларация рәсімінің қорытындысы, сынау хаттамаларының нөмірлері) көрсете отырып, жұмыстарды жүргізу тәртібі;

      4) сәйкестік сертификатын беру/беруден бас тарту туралы қабылданған шешім (тексерілетін ұйымның атауын және мекенжайын көрсете отырып).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.09.2023 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау, аттестаттарының
қолданылуын ұзарту және
"Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
  соответствия"

Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары

      Өнімнің сәйкестігін растау:

      1) машина жасау;

      2) автокөлік құралдары;

      3) металлургиялық;

      4) радиотехникалық, электр техникалық және кәбілдік өнімдер;

      5) электрондық және байланыс құралдары;

      6) бағдарламалық құралдар мен дерекқорлар;

      7) жеңіл өнеркәсіп;

      8) құрылыс материалдары, конструкциялар мен бұйымдар, ағаш өңдеу;

      9) жиһаз;

      10) тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өндірісі;

      11) химия және тұрмыстық химия;

      12) парфюмерлік-косметикалық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы;

      13) мұнай және оны қайта өңдеу өнімдері;

      14) газ және оны қайта өңдеу өнімдері;

      15) қатты отын және оны қайта өңдеу өнімдері;

      16) қару (қызметтік-штаттық, азаматтық) және оның оқ-дәрілері;

      17) жарылғыш заттар мен бұйымдар және олардың негізіндегі басқа да өнім түрлері;

      18) пиротехникалық;

      19) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдары.

      2. Қызметтердің сәйкестігін растау:

      1) автожанармай құю станциялары мен мұнай өнімдері базалары;

      2) қонақ үй;

      3) қоғамдық тамақтандыру;

      4) шаштараздар;

      5) автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

      6) туристік және экскурсиялық;

      7) теміржол көлігіндегі экспедиторлық қызметтер;

      8) химиялық тазалау;

      9) көлік-экспедиторлық.

      3. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау.

      4. Персоналдың сәйкестігін растау.

      5. Процестің сәйкестігін растау:

      1) органикалық өнім өндіру;

      2) халал өнімдерін өндіру.

      Ескертпе:

      1. Біртекті өнімдер тобы бойынша сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаға тағылымдамадан өту туралы кемінде бес есеп және бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторлар үшін – сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті өнім тобының бағыттарының бірі бойынша ұсынылған тағылымдамаларды немесе сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті ескере отырып жолдаманы кейіннен аттестаттай отырып ұсынуға рұқсат етіледі.

      2. Аттестаттаудың жаңа бағыттары енгізілген кезде аттестаттаудың жаңа бағыты енгізілгенге дейін осы өнімнің сәйкестігін растауды жүргізген бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі.

      3. Қолданыстағы стандарттардың орнына жаңа стандарттар енгізілген кезде сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жаңадан аттестатталатын жеке тұлғалар үшін жаңа стандарт енгізілгенге дейін қолданыстағы стандарт талаптарына сәйкестікті растауды жүргізген сарапшы-аудиторда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі (сарапшы-аудиторда мәлімделген аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы құжат болған кезде).

      Қолданыстағы стандарттардың орнына жаңа стандарттар енгізілген кезде бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторлар үшін мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде 40 (қырық) академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өту талап етіледі.

      Алғаш қабылданған стандарттарды енгізу кезінде (қолданысқа енгізу мерзімі 2 (екі) жылдан кем) енгізілетін стандарт бойынша оқудан өту және соңғы 5 (бес) жыл ішінде сарапшы-аудитор ретінде мамандығы бойынша жұмыс өтілі талап етіледі.

  Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау, аттестаттарының
қолданылуын ұзарту және
"Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторды ттестаттау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      ___________________________________________________________________________

      (аттестаттау органының толық атауы)

      сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын ұзартуға беруші жеке тұлғадан

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________ (

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, жұмыс орны, мекенжайы, телефоны)

      Өтініш

      _______________________________________________________________________

      (аттестаттау бағыты) сәйкестікті растау жөніндегі

      сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын ұзартуды сұраймын.

      Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды толық орындауға міндеттенемін.

      Ақпараттық жүйелерде жазылған, заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      20 __ жылғы "__" ____ (Электрондық цифрлық қолтаңба)

      Қоса беріліп отырған құжаттар

      20 __ жылғы"__" ____ (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау, аттестаттарының
қолданылуын ұзарту және
"Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
5-қосымша

Сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын ұзартуға беретін жеке тұлға мәліметтерінің нысаны

      _______________________________________________________________

      (аттестаттаудың мәлімделетін бағыты)

      Толтырылған күні ____________________________________________________
      Жеке деректері:
      Тегі________________________________________________________________
      Аты_______________________________________________________________
      Әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________
      Туған жылы ________________________________________________________
      Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________
      Жұмыс орны _______________________________________________________
      Лауазымы_________________________________________________________
      Тұрғылықты мекенжайы _____________________________________________
      2. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу туралы деректер:

Жұмыстарды жүргізу кезеңі

Тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы

Орындалған жұмыстардың тізбесі




      3. Даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы деректер:

Курстардан өту күні

Оқу түрі, сағат саны

Мамандануы (қызмет бағыты)

Куәліктің нөмірі және берілген күні

Оқытуды жүргізген оқу орталығы






      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.09.2023 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау, аттестаттарының
қолданылуын ұзарту және
"Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп

      ________________________________________________________________________

      (аттестаттау бағыты)

      Тегі _____________________________________________________________________

      Аты __________________________ Әкесінің аты (бар болса) _____________________

      20___ жылғы "_____" ______________ берілген № _________________________________.

      ____________________________________________________________________ аттестаты

      (сарапшы-аудиторды аттестаттау бағыты)

      Есепті кезең 20__ жылғы "___" ______________ 20____ жылғы "__" ________ дейін.

      Есептік кезең ішіндегі орындалған                        Есептік кезең ішіндегі

      жұмыстар туралы мәліметтер                  орындалған жұмыстар нәтижесі

      _____________________________________________________________________________

      (негізгі жұмыс орны)

      _____________________________________________________________________________

      (аттестаттың қолданысын тоқтата тұру, аттестаттан айыру туралы мәліметтер)

      _____________________________________________________________________________

      (сарапшы-аудитордың тегі және аты-жөні) (қолы, күні)

      _____________________________________________________________________________

      (ұйым басшысының тегі және аты-жөні) (қолы, күні)

      Мөр орны (бар болса)

      Ескертпе:

      1) есепті кезеңде орындалған жұмыстардың нәтижелерінде аттестатты ұзартуға беретін сарапшы-аудитор қол қойған сәйкестік сертификатының/сәйкестік туралы декларацияның нөмірі мен берілген күні немесе сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау нәтижелері көрсетіледі.

      2) Есепті кезеңнің әрбір жылы үшін сертификатталған өнімді сертификаттау/декларациялау/инспекциялық бақылау жүргізу жөніндегі жұмыстарды немесе менеджмент жүйелерін аттестаттау бағыты бойынша кемінде үш жұмысты қоса алғанда, мәлімделетін аттестаттау бағытындағы кемінде бес жұмыс көрсетіледі.

  Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау, аттестаттарының
қолданылуын ұзарту және
"Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
7-қосымша

"Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Өтінімді тіркеген сәттен бастап − 6 (алты) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестаты не аттестаттың қолданылу мерзімін 5 (бес) жылға ұзарту не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 84-бабына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-мерекелер туралы Заң) 5-бабына сәйкес электрондық құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Кодекстің 84-бабына және мерекелер туралы Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.beta.egov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8
8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өту туралы есептердің (бұдан әрі – есеп) электрондық көшірмелері, мынадай мөлшерде:
өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп;
менеджмент жүйесі бойынша – тағылымдамалардың жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні болатын төрт есеп (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда);
персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары;
процесс бойынша – мәлімделетін аттестаттау бағытындағы кемінде үш есеп (сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда).
2) Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын ұзарту үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында сарапшы-аудитор аттестатының қолданысын ұзартуға беретін жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есептің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген Техникалық реттеу саласындағы заңнаманың, осы Қағидалардың талаптарына, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 (7172) 70-19-98 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.

  Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды
аттестаттау, аттестаттарының
қолданылуын ұзарту және
"Сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы-аудиторды
аттестаттау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестаты

      Сарапшы-аудиторлар тізілімінде тіркелген

      __________________________________________

      20__ жылғы "___" _____________ № ___________

      20__ жылғы "___" ______________ дейін жарамды

      Осы аттестат ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      сарапшы-аудиторларға қойылатын Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетінін және

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталғандығын куәландырады.

      Аттестат 20__ жылғы "___" __________ Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде берілді.

      _________________________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))