Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 531 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 маусымда № 22932 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 4 маусымдағы
№ 531 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында:

      1 және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарына сәйкес әзірленді, дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері мен тұрақты мекемелерінің (бұдан әрі - субъектілер) бухгалтерлік есепті "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалардың қолданысы:

      1) Заңға сәйкес Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент Сақтандыру брокерлерінің филиалдары және Қазақстанның Даму Банкі;

      2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленетін мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бухгалтерлік қызметтің басшысы (бұдан әрі – бас бухгалтер) бас бухгалтер немесе халықаралық және ұлттық стандарттарға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есептің жүргізілуі мен қаржылық есептіліктің жасалуын қамтамасыз ететін басқа лауазымды тұлға болып табылады.

      Бас бухгалтерді субъекті басшысы тағайындайды және лауазымынан босатады және субъекті басшысына тікелей бағынады.

      Бас бухгалтердің лауазымына "Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген) бекітілген, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін тұлға тағайындалады. Жария мүдделi ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер тағайындалады.

      Лауазымға тағайындау жазбаша нысанда ресімделеді.

      Бас бухгалтердiң талаптары бухгалтерлiк қызметке құжаттар мен мәлiметтерді тиісті ресімдеу және уақтылы ұсыну бөлігінде субъектiнiң барлық бөлiмшелерi үшін мiндеттi болып табылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Субъектінің бөлімшелері арасында активтердің қозғалысын есепке алу үшін нысандары "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" № 562 Бұйрықпен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген (бұдар әрі – 562-бұйрық) ішкі орнын ауыстыруға арналған жүкқұжат қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесінде "Ішкі өткізу" нысаны немесе тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат ресімделген жағдайда қорларды ішкі өткізуге арналған жүкқұжатты жасау (ресімдеу) талап етілмейді.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Қорлардың өткізілуін есепке алу үшін нысаны 562-бұйрықпен бекітілген, қорларды шетке беруге арналған жүкқұжаты қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат ресімделген жағдайда қорларды шетке беруге арналған жүкқұжатты жасау (ресімдеу) талап етілмейді.".

      2. "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 3-тармағына, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 2-тармағына, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру тәртібін анықтайды.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) виртуалды қойма – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін автоматты режимде қамтамасыз етуге арналған ЭШФ АЖ модулі (бұдан әрі – Модуль)";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. ЭШФ "Алушының деректемелері" С бөлімінде:

      1) "ЖСН/БСН" деген 16-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ЖСН немесе БСН көрсетіледі (жол толтыруға жатады).

      Егер "Алушының санаты" деген 20-жолдың "Резидент емес" Ғ немесе "Бөлшек сауда" деген "I" торкөзі белгіленсе, бұл жол толтыруға міндетті болып табылмайды;

      2) "Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің БСН" деген 16.0-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің БСН немесе заңды тұлғаның татратылған құрылымдық бөлімшелерінің БСН немесе заңды тұлғаның татратылған құрылымдық бөлімшелерінің БСН көрсетіледі;

      3) "Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН" деген 16.1-жолда түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берген кезде қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның БСН көрсетіледі;

      4) "Алушы" деген 17-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының атауы көрсетіледі (жол толтыруға жатады):

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), егер "Алушының санаты" деген 20-жолда "Бөлшек саудада өткізу" деген "I" торкөзі белгіленген жағдайда, бұл жол толтыру үшін міндетті болып табылмайды;

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты не жеке практикамен айналысатын адамдардың – ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және (немесе) атауы;

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – заңды тұлғаны (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшені) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы. Бұл ретте, ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігіндегі дәстүрге, оның ішінде іскерлік айналымдағы дәстүрге сәйкес аббревиатуралар пайдаланылуы мүмкін;

      5) "Қатысу үлесі" деген 17.1-жолда бірлескен қызметке қатысу үлесі көрсетіледі. Бұл жол "Жеткізушінің санаты" деген 20-жолда "D" деген ұяшықты белгілеген жағдайда толтырылуы мүмкін;

      6) "Орналасқан орнының мекенжайы" деген 18-жолда Салық кодексінің 74-бабы 7-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының орналасқан жері көрсетіледі. Орналасқан жерінің мекенжайы туралы ақпараттар болмаған жағдайда, жол толтырылмай қалдырылады оны қолмен толтыру құқығы болмайды (жеке тұлғаның атына ЭШФ жазып берген жағдайда, жол толтыру үшін міндетті емес);

      7) "Ел коды" деген 18.1-жолда "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – КОК-ның №378 шешімі) бекітілген әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес елдің әріптік коды көрсетіледі (Шешімге 22-қосымша).

      Аталған жол тауарды экспортқа өткізген кезде немесе бір заңды тұлға шегінде тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге беруге (жылжытуға) байланысты толтыруға жатады, басқа да жағдайларда "KZ" автоматты түрде толтырылады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттардың деректемелері" F бөлімде "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжат" деген 32-жолда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі, "Нөмірі" деген 32.1 және "Күні" деген 32.2-жолдардан тұрады (егер 32.1 немесе 32.2-жолдардың бірін толтырған жағдайда, онда аталған жолдың екіншісі толтырылуы тиіс).

      "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген) сәйкес ТІЖ ресімдеу қолданылатын тауарлар бойынша ЭШФ жазып берген кезде, "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" деген ашық жолда:

      1) ЭШФ АЖ тіркелген ТІЖ нөмірі мен күні;

      2) мемлекеттік сатып алу бойынша тауарды жеткізу кезінде – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес құжаттың нөмірі мен күні қосымша көрсетіледі.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. "Тауарларға арналған декларацияның, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініші және тауарларға ілеспе жүкқұжаттің №, ТС-1 немесе ТС-KZ" деген 15-бағанда:

      1) Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО мүше мемлекет болып табылмайтын, мемлекеттерден әкелінетін және "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1" немесе "2" Белгісіне жататын тауарларды өткізген жағдайда, тауарларға арналған декларацияның 20 мәнді тіркеу нөмірі көрсетіледі (бұл ретте тауарларға арналған декларацияның әртүрлі тіркеу нөмірі бойынша біртекті импортталған тауарлар "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде жеке жолдарында көрсетіледі);

      2) ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1" немесе "2" Белгісіне жататын тауарларды өткізген жағдайда, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің 18 мәнді тіркеу нөмірі көрсетіледі (бұл ретте тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің әртүрлі тіркеу нөмірі бойынша біртекті импортталған тауарлар "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде жеке жолдарында көрсетіледі);

      3) "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1" немесе "2" Белгісіне тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттың 42 мәнді тіркеу нөмірі көрсетіледі (бұл ретте біртекті тауарлар тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттың әртүрлі нөмірлері бойынша "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" G бөлімінің жекелеген жолдарында көрсетіледі);

      4) Қазақстан Республикасының аумағынан "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "3" Белгісіне жататын тауарлар экспортталған жағдайда тауардың шығарылған жері сертификатының 13 мәнді тіркеу нөмірі (ТС-1) көрсетіледі (бұл ретте біртекті тауарлар тауардың шығарылған жері сертификатының әртүрлі нөмірі бойынша "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде жеке жолдарында көрсетіледі);

      5) "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "3" Белгісіне жататын еркін экономикалық аймақ немесе еркін қоймалар аумағында өндірілген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан эскпортталған жағдайда, тауардың шығарылған жері сертификатының 11 мәнді тіркеу нөмірі (ТС- KZ) көрсетіледі (бұл ретте біртекті тауарлар тауардың шығарылған жері сертификатының әртүрлі нөмірі бойынша "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер" деген G бөлімінде жеке жолдарында көрсетіледі).

      Осы бағанда "Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығарылған жерінің белгілері" деген 2-бағандағы "1" немесе "2", сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекетке тауарлардың экспорты кезінде "3" Белгілеріне жататын тауарлар бойынша толтырылады.

      Бұл ретте, "2" Белгісіне жататын тауарлар бойынша аталған баған 2019 жылғы 1 шілдеден бастап міндетті толыруға жатады.

      Модуль арқылы өткізілетін тауарлар бойынша аталған бағанда автоматты түрде толтырылады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Жеткізіп беруші осы Қағиданың 89-тармағында көзделген есептердің біреуін қолданатын "Алушының деректемелері" С бөлімінде:

      "Алушы" деген 17-жолда – "Жеке тұлға" (бұл жол автоматты түрде толтырылады);

      "Орналасқан жерінің мекенжайы" деген 18-жолда – "Бөлшек сауда" (бұл жол автоматты түрде толтырылады) деп көрсете отырып, жеке жолдарды толтыра отырып, тауардың әрбір түрі бойынша бір күнде барлық айналымға ЭШФ жазып беруге құқылы;

      "Алушының деректемелері" С бөлімінің "Алушының санаты" деген 20-жолының "I" торкөзіне – белгі қойылады.

      Қажет болған жағдайда бірнеше ЭШФ жазып беріледі.";

      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЭШФ АЖ жазып берілген және тіркелген, оның ішінде кері қайтарып алынған, күші жойылған және бас тартылған ЭШФ "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдер ішінде мемлекеттік органның ЭШФ АЖ-да сақталады.";

      электрондық шот – фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы Келісімде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1. Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар:

      өкілетті (оператор) – Қазақстан Республикасының шот-фактуралар жөніндегі салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға қатысатын және өнімді бөлу туралы шарттың немесе келісімнің (келісімшарттың) негізінде әрекет ететін заңды тұлға;

      уәкілетті жеке тұлға – заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамдардың электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйесінде құжат айналымы процесінде осындай заңды тұлғаның атынан сенімхат негізінде операцияларды жүзеге асыруға құқық, оның ішінде заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адамдардың атынан электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактура қол қою құқығы берілген заңды тұлғаның қызметкері. Бұл ретте электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактура қолтаңба құқығы тек заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) атынан беріледі;

      электрондық құжат – электрондық-цифрлық нысанда ақпарат табыс етілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына және салық заңнамасы нормаларының тиісті талаптарына сәйкес ЭШФ АЖ арқылы жазып берілетін құжат;

      электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

      электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) – уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол арқылы электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды жазып беру, жіберу, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру, алу және сақтау жүзеге асырылады;

      ЭШФ АЖ қатысушы – ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісімге қол қойған және ЭШФ АЖ-да тіркелген адам;

      ЭШФ АЖ операторы – ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын мемлекеттік орган.

      Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактуралардың нысаны.

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактуралардың нысаны:

      G бөлім. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер мынадай редакцияда жазылсын:

      ""G" бөлімі – "Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер"

№ р/с

Тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу тегінің белгілері

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Тауарларға Декларациясына немесе тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке сәйкес тауарлардың атауы

Тауар коды (ЕАЭО СЭҚ ТН)

Өлшем бірлігі

Саны (көлемі)

Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігі үшін бағасы (тариф)

1

2

3

3/1

4

5

6

7













Шот бойынша барлығы

      Жолдың жалғасы

Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны

Акциз

Өткізу бойынша айналым мөлшері

НДС

Мөлшерлемесі

Сомасы

Мөлшерлемесі

Сомасы

8

9

10

11

12

13













      Жолдың жалғасы

Жанама салықтарды есепке алғандағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны

Тауарларға арналған декларацияның, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, тауарларға ілеспе жүкқұжат №, ТС-1 немесе ТС-KZ

Тауарларға арналған декларациядан немесе тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштен тауар позициясының нөмірі

Тауарлар индентификатор, жұмыстар бойынша, көрсетілетін қызметтер

Қосымша деректер

14

15

16

17

18











      .";

      3. "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына, "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі осы тізбеге сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларында және олардың құжат айналымында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларында және олардың құжат айналымы (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 176-бабына, "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) ресімдеу тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлшек сауда – тауарларды соңғы тұтынушыға сатып алуға және сатуға байланысты сауда қызметінің түрі.

      Бұл ретте соңғы тұтынушы деп – тауарды (ларды) кәсіпкерлік қызметпен және жеке практикамен айналысатын тұлғалармен жүзеге асырумен байланысты емес жеке, отбасылық, үй ішінде және өзге де мақсаттарда пайдалану үшін оларды сатып алатын, сататын жеке тұлға деп түсініледі;

      2) виртуалды қойма – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін автоматты режимде қамтамасыз етуге арналған электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) модулі;

      3) тауар – кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валюталары, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электр энергиясы, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;

      4) тауардың ID – виртуалды қоймадағы тауарлар үшін автоматты түрде жинақталатын сәйкестендіргіш.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өнім беруші (әкелу кезінде – алушы) ТІЖ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) "Виртуалды қойма" модулі арқылы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімдейді, электрондық шот- фактураларға қол қою үшін және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылады.

      Салық төлеуші ТІЖ қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай жағдайларды:

      1) салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда ресімделеді.

      Аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) интернет-ресурсында орналастырылады;

      2) ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында ЭШФ АЖ-да техникалық қателіктер себебінен ТІЖ ресімдеудің мүмкін болмауы расталған жағдайды қоспағанда, ТІЖ электрондық нысанда жазып беріледі.

      Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін өнім беруші (әкелген кезде – алушы) қағаз жеткізгіште ресімдеген ТІЖ техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде ЭШФ АЖ-ға енгізуі тиіс.";

      10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1. ТІЖ мынадай жағдайларда рәсімделмейді:

      1) жеке тұлғаға бөлшек саудада тауарларды өткізу кезінде;

      2) "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6, 7, 7-1-тармақтарына сәйкес өткізілетін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы №104 "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" номенклатуралық (тізімен) сәйкес қаулысымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (аумағына әкелу) кезінде;

      3) алкоголь өнімін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды бір тұлға шегінде және (немесе) бір тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында өткізу кезінде ТІЖ ресімделмейді.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ТІЖ алушы ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ны тіркеген күннен кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде электрондық шот-фактураларға қол қою үшін және Заңда айқындалған тәртіппен ЭЦҚ-мен қол қойылған расталған немесе қабылданбаған ТІЖ-ын ЭШФ АЖ арқылы ұсынуға міндетті. ТІЖ ұсынылмаған не уақытылы ұсынылмаған жағдайда алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Алушының ТІЖ алғаны туралы растауы мынадай жағдайларда:

      1) тауарларды экспортқа өткізген кезде;

      2) тауарларды дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаға өткізген кезде;

      3) алушы бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде бөлшек сауданы жүзеге асыратын субъект болып табылатын салық төлеушіге тауарларды (акцизделетіндерден басқа) өткізу кезінде:

      оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады;

      ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайды;

      ЭҚЖЖ (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) сәйкес бөлшек сауда қызметінің түріне сәйкес келеді;

      деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолданады.

      Мұндай салық төлеуші ТІЖ ресімдеу кезінде алушының санатына автоматты түрде "Шағын сауда нүктесі" белгісі қойылады.

      Осы тармақтың ережесі шегінде ЕАЭО кедендік тек арасының участкілеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) аумағындағы тауарларды өткізуге қолданылмайды;

      4) тауарларды түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде;

      5) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген алушылардың атына ТІЖ ресімдеу кезінде;

      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрамында алтыны бар өнімді өткізу, өткізу кезінде талап етілмейді.".

      4. "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21631 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы тауарларға ілеспе жүкқұжаттар мен олардың құжат айналымын ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және тауарларға ілеспе жүкқұжаттар мен олардың құжат айналымын ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.";

      2-тармақта:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бөлшек сауда – тауарларды соңғы тұтынушыға сатып алуға және сатуға байланысты сауда қызметінің түрі.

      Бұл ретте соңғы тұтынушы деп – тауарды (ларды) кәсіпкерлік қызметпен және жеке практикамен айналысатын тұлғалармен жүзеге асырумен байланысты емес жеке, отбасылық, үй ішінде және өзге де мақсаттарда пайдалану үшін оларды сатып алатын, сататын жеке тұлға деп түсініледі;

      5) виртуалды қойма – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін автоматты режимде қамтамасыз етуге арналған электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) модулі;";

      24) және 24-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) уәкілетті жеке тұлға – осындай заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен, айналысатын адамдардың атынан сенімхат негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулінде операцияларды жүзеге асыруға құқық берілген заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын адамдардың қызметкері немесе өкілі;";

      "24-1) тауар – "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электр энергиясы, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;

      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – электрондық шот – фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген және салық заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес келетін құжат;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) 328.00-нысан – "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 166 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16448 болып тіркелген) бекітілген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында:

      акцизделетін өнімдер, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 1 қазанға дейін;

      виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып беруге жататын тауарлар бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 1 қантарға дейін;

      ДСҰ алып қою тізбесінің тауарлары және цифрлық таңбалау қолданылатын тауарлар бойынша 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 1 тамызға дейін іске асырылады.";

      16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. ТІЖ:

      1) тауарларды бөлшек саудада түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде;

      2) ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан магистральды құбыржол жүйесі бойынша және (немесе) электр беру желілері бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;

      3) ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына магистральды құбыржол жүйесі бойынша және (немесе) электр беру желілері бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде;

      4) алкоголь өнімін қоспағанда, тауарларды бір тұлға шегінде және (немесе) бір тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде;

      5) ыдыс ДСҰ-ның алып қою тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қайтарылатын ыдысты тиеу кезінде;

      6) ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы тасымалдауды бастау орны болып табылатын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;

      7) ДСҰ-ның алып қою тізбесінен тауарларды және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) олар бойынша виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып берілетін тауарларды қоспағанда, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан межелі елі ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы болып табылатын, ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;

      8) "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6, 7, 7-1-тармақтарына сәйкес өткізілетін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы №104 "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" номенклатуралық (тізімен) сәйкес қаулысымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (аумағына әкелу) кезінде;

      9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрамында алтыны бар өнімді өткізуі, өткізуі кезінде ресімдеуге жатпайды.";

      "17. ТІЖ мынадай мерзімдерде:

      1) мыналарды:

      әуе көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде – әуе көлігі ұшып келген (ұшып кеткен) күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      темір жол тасымалдарын, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;

      қалған тауарларды жеткізу (тасымалдау) бойынша:

      Қазақстан Республикасының аумағына:

      ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу кезінде - кедендік тазарту жүргізілген алкоголь өнімін өткізу, өткізу басталғаннан кешіктірмей;

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;

      тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды өткізу, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірмей;

      2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу, тиеп-жөнелту кезінде - тауарларды өткізу, тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірмей;

      Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізу кезінде:

      ТІЖ осы жеткізуге тасымалдау құжаты қалыптастырылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей ресімделетін тасымалдау туралы мәліметтерді көрсете отырып, тауарды темір жол көлігімен жеткізуді;

      ТІЖ тауар өткізілген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделетін бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушіге тауарларды (акцизделетіндерден басқа) көтерме саудада жеткізуді;

      ай ішінде өткізілуін көрсете отырып, өткізу айынан кейінгі айдың 20-ы күнінен кешіктірілмей – автожанармай құю станцияларының бензин мен дизель отынын талондар, отын карталары бойынша өткізуді;

      бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушінің тауарды түпкілікті тұтынушыға өткізу бойынша бір күн ішінде өткізуді көрсете отырып, өткізу күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей ерікті негізде ТІЖ ресімдеуді қоспағанда, тауарларды өткізу, тиеп-жөнелту, өткізу басталғаннан кешіктірмей жүзеге асыру кезінде ресімделеді.";

      "18. ТІЖ алушы ТІЖ растау немесе бас тарту ТІЖ ЭШФ АЖ-да тіркеген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күннен кешіктірмей жүзеге асырылатын, көліктің кез келген түрі арқылы тауарды жеткізуді (тасымалдауды) қоспағанда, ТІЖ ЭШФ АЖ-да тіркеген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ЭШФ АЖ арқылы ТІЖ-ны растайды немесе бас тартады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. ТІЖ жеткізуші (әкелу кезінде – алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша виртуалды қойма арқылы қазақ немесе орыс тілдерінде ресімдейді, ЭЦҚ қояды.

      ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде тауарларды алушы бастапқы ТІЖ ресімдейді, ол арқылы тауарлар оның виртуалды қоймасына түседі.

      Жеке тұлғалардың атына автомобиль көлігімен ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде ТІЖ тауарларды, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті (экспедициялау, курьерлік жеткізу) жүзеге асыратын тасымалдаушы ресімдейді.";

      23-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) алушы бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде бөлшек сауданы жүзеге асыратын субъект болып табылатын салық төлеушіге тауарларды (акцизделетіндерден басқа) өткізу кезінде:

      оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады;

      ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайды;

      ЭҚЖЖ (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) сәйкес бөлшек сауда қызметінің түріне сәйкес келеді;

      деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолданады.

      Мұндай салық төлеуші ТІЖ ресімдеу кезінде алушының санатына автоматты түрде "Шағын сауда нүктесі" белгісі қойылады.

      Осы тармақтың ережесі шегінде ЕАЭО кедендік тек арасының участкілеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) аумағындағы тауарларды өткізуге қолданылмайды;

      4) тауарларды түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде талап етілмейді;";

      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Қағидалардың 23-тармағы 3) тармақшасына сәйкес салық төлеушіге өткізілген тауар бойынша ТІЖ-да алушының "Шағын сауда нүктесі" санаты белгісі қойылған кезде тауарды қайтаруға ТІЖ ресімдеуді жеткізуші жүргізеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Толық емес және (немесе) дұрыс емес деректерді көрсете отырып ресімделген, сондай-ақ алушы растамаған немесе бас тартпаған ТІЖ:

      1) тауарды көліктің кез келген түрі арқылы жеткізу (тасымалдау) кезінде – ЭШФ АЖ-да ТІЖ тіркелген күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;

      2) қалған тауарлар бойынша – ЭШФ АЖ-да ТІЖ тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жеткізуші (әкелу кезінде – алушы) түзетуге немесе кері қайтарып алуға жатады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген тауарлар:

      тауардың ID-ін қамтитын деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы чегінің негізінде;

      өз мұқтажы үшін, өндірісте, қызмет көрсетуде, жұмыстарды орындауда пайдалану кезінде;

      бүлінген, жоғалған, ұрланған, кәдеге жаратылған кезде;

      қадағалап отыру тоқтатылған кезде;

      осы Қағидалардың 23-тармағының 3) тармақшасында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін, бөлшек сауда субъектісіне ТІЖ ресімделген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін автоматты түрде ресімделген ТІЖ бойынша тауарларды алу кезінде өткізуге ТІЖ ресімдеусіз виртуалды қоймадан есептен шығарылады.";

      7-тарау алып тасталсын;

      99-тармақ алып тасталсын;

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. ТІЖ ресімдеу кезінде жеткізуші (әкелу кезінде – алушы), егер 100-1-тармақта өзгеше белгіленбесе, "Қосымша мәліметтер" ашық жолында құрамында алтыны бар бастапқы жер қойнауын пайдаланушының сәйкестендіру нөмірін, егер бұл мәліметтер жеткізуші, алушы туралы мәліметтерге сәйкес келмесе көрсетеді.

      Бұл талап аффинаж зауыттары мен алтын өңдеу фабрикаларына қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 100-1-тармақпен толықтырылсын:

      "100-1. Ломбардтар ломбард алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған, үшінші тұлғалардың (кепіл берушілердің/жүк берушілердің) мүлкі болып табылатын, құрамында алтыны бар тауарды жария сауда-саттық (аукциондар) арқылы өткізген кезде ТІЖ-нің "Жеткізушінің санаты" ашық жолында "Кепіл ұстаушы/сақтаушы" деп белгілейді.

      ТІЖ-нің "Қосымша ақпарат" деген G бөлімінің 17-бағанында:

      ломбардтың меншігіне айналмаған құрамында алтыны бар мүлікті өткізу кезінде – "Ломбард алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған үшінші тұлғалардың (кепіл берушілердің/жүк берушілердің) мүлкін жария сауда-саттық арқылы өткізу";

      ломбардтың меншігіне айналған құрамында алтыны бар мүлікті өткізу кезінде – "Ломбард алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған үшінші тұлғалардың (кепіл берушілердің/жүк берушілердің) мүлкі меншігіне айналдырылған" деп көрсетіледі.

      Бұл ретте құрамында алтыны бар өнімнің бастапқы жер қойнауын пайдаланушының, сондай-ақ кепіл берушінің/жүк берушінің сәйкестендіру нөмірін көрсету талап етілмейді.";

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. ТІЖ-де құрамында алтыны бар өнімнің бастапқы шығарылған жері немесе оны өндіруші көрсетілмеген құрамында алтыны бар өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 105-тармақпен толықтырылсын:

      "105. Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайларда жанар-жағармай материалдарын алушы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша айналым жасалған күнгі айдан кейінгі айдың 15-і (он бес) күнінен кешіктірмей, осы жанар-жағармай материалдарын жеткізушіге шот-фактура жазып беру туралы жүгінеді, ал жеткізуші осындай талапты, оның ішінде жанар-жағармай материалдарын алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген тұлға арқылы жанар-жағармай материалдарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе жанар-жағармай материалдарын сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындайды.

      Шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күнгі айдан кейінгі айдың 15-і (он бес) күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.".

  Бұйрықтар тізбесіне қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1424 бұйрығына
1-қосымша

Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі

Тауардың атауы

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні

1.

Өндірілуі мен айналымы "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын

2021 жылғы 1 қазан

2.

Өндірілуі мен айналымы "Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі

2021 жылғы 1 қазан

3.

Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері

2021 жылғы 1 қазан

4.

Өндірілуі мен айналымы "Заңымен" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін темекі өнімдері

2021 жылғы 1 қазан

5.

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкасымен салыстыру бойынша неғұрлым төмен, кедендік әкелу баж ставкасы қолданылатын Тауарлар тізбесіне енгізілген (осы Тізбенің 9-тармағында көрсетілгеннен басқа) тауарлар

2022 жылғы 1 тамыз

6.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар

2021 жылғы 1 қазан

7.

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар

2021 жылғы 1 қазан

8.

Халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңбалауға жататын тауарлар

2022 жылғы 1 тамыз

9.

Виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар

2022 жылғы 1 тамыз