Аудиторлардың біліктілігін арттыру Қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 514 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 маусымда № 22921 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 06.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидалары, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысаны бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4337 болып тіркелген);

      2) "Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 486 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8131 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2021 жылғы 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 1 маусымдағы
№ 514 Бұйрығымен бекітілген

Аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидалары, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі және нысаны

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидалары, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты алу тәртібі мен нысаны (бұдан әрі – Қағидалар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және аудиторлардың біліктілігін арттыру тәртібін, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты (бұдан әрі – сертификат) алу тәртібі мен нысанын айқындайды.

2 тарау. Аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидалары

      2. Аудиторлар 3 (үш) жыл ішінде 120 (жүз жиырма) сағат оқыту мөлшерінде, бірақ жылына 20 (жиырма) сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бұл кезең "аудитор" біліктілік куәлігін алған жылдан кейінгі жылдан басталады. Экономикалық, қаржылық, бақылау-тексеру немесе құқық салаларындағы немесе жоғары оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық қызмет саласындағы аудитордың жұмыс өтіліндегі үзіліс, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс үш жылдық кезеңге енгізілмейді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 25.08.2023 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Аудиторлардың біліктілігін үнемі арттырудың мақсаты аудиторлардың кәсіби білімдері мен дағдыларын тереңдету, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ аудит бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 25.08.2023 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Міндетті оқу сағаттары бойынша біліктілікті арттыру курстары кәсіби ұйымда немесе ол айқындаған аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдарда өтеді және қалған қосымша сағаттар осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен өтеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 25.08.2023 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Біліктілікті арттыру курсының міндетті сағаттарының кемiнде 60 (алпыс) сағаты қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттары, халықаралық аудит стандарттары, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамасы бойынша теориялық және тәжіриебелік мәселелерді және қаржылық есеп пен есептілік, аудит, басқарушылық есеп, қаржы және қаржылық менеджмент, салықтар, құқық, этика саласындағы мәселелерді зерделеуді қамтиды.

      6. Кәсiби дамудың тиісті саласында кәсiби бухгалтерлер мiндеттi сағаттар бойынша есепке алу аттестаттау бойынша, сондай-ақ ғылыми жұмыстарды жазу, қорғау және жариялау өткізілетін пәндер бойынша сертификаттар қабылданады.

      7. Біліктілікті арттыру курстарының қосымша сағаттары аудиторлардың кәсіби дағдыларын неғұрлым тереңдетіп дамыту мақсатында өткізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 25.08.2023 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Қосымша сағаттар бойынша есепке алуға кәсіби ұйымда немесе аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді көрсететін кәсіби ұйымдар айқындаған ұйымдарда біліктілікті арттыру курстарынан өту, сондай-ақ кәсіби салаларда: ғылыми жұмыстарды, мақалаларды, баяндамаларды, кітаптарды қорғау және (немесе) жазу немесе жариялау, конференцияларда, форумдарда, брифингтерде, тренингтерде, семинарларда және іс-шараларда сөз сөйлеу, арнайы жұмыс топтарында, оқытушылық және зерттеу саласындағы қызметке қатысу және онда жұмыс істеу қабылданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 25.08.2023 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың тізімін кәсіби ұйым айқындайды.

      10. Кәсіби ұйым қосымша сағаттарға баға беруді және оларды есепке алуды кәсіби ұйым мониторинг нәтижелері бойынша кәсіби ұйымның интернет-ресурсында жарияланған ішкі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      11. Кәсіби ұйым біліктілікті арттырудан өткен аудиторлардың тізімін жүргізеді, аудиторлардың біліктілікті арттырудан өтуіне қатысты мониторингті жүзеге асырады. Мониторингтің мақсаты аудитордың біліктілікті арттыру курстарынан уақытылы және/немесе жеткіліксіз өту (сағат саны бойынша) фактілерін анықтау болып табылады.

      Кәсіби ұйым кәсіби даму қажеттілігін айқындайды, өзінің интернет-ресурсында аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді көрсету үшін өзі айқындаған ұйымдардың тізімдерін және өз мүшелерінің тізімдерін (олардың келісімімен) жариялайды, сондай-ақ аудиторлардың біліктілігін олардың мүшелігін жалғастырудың міндетті шарты ретінде тұрақты арттыру талабын белгілейді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 25.08.2023 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11-1. Кәсіби ұйым және (немесе) аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді көрсететін өзі айқындаған ұйымдар:

      1) аудиторларды осы Қағидалардың 6 және 8 тармақтарына сәйкес оқытады;

      2) тыңдаушыларды тиісті оқу материалдарымен қамтамасыз етеді;

      3) заманауи оқу-материалдық базасын құрады.

      Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 25.08.2023 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Аудиторлар кәсіби ұйымға біліктілігін арттыру курстарынан өту туралы растайтын құжаттарды біліктілігін арттыру курстарынан өту жылынан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.

      13. Аудиторлардың біліктілігін арттыру міндетті түрде кәсіби ұйымның басшысы бекіткен біліктілікті арттыру жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі, ол кәсіби ұйымның ресми сайтында орналастырылады.

      14. Аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын онлайн режимінде өткізуге жол беріледі. Аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын онлайн режимінде өткізу кезінде кәсіби ұйымның және (немесе) аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді көрсететін өзі айқындаған ұйымдардың онлайн режимде курстар өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін меншікті және (немесе) жалға алынған қашықтықтан веб-порталы (платформасы) болады.

      Аудитор онлайн режимінде біліктілікті арттырудан өту кезінде төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келеді:

      1) компьютердің немесе ноутбуктың болуы, сондай-ақ 70кбт/с кем емес жүріп өту мүмкіндігі бар интернетке қосылу мүмкіндігі;

      2) жеке басын сәйкестендіру үшін камера қосылымын қамтамасыз ету.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 25.08.2023 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 тарау. Аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі

      15. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 25.08.2023 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Біліктілікті арттырудан табысты өткен аудиторларға осы Қағидалардағы қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат беріледі.

      17. Білімді таратуға байланысты конференциялар, конгрестер, съездер және іс-шаралар барысында сертификаттар берілмейді.

      18. Кәсіби ұйым берілген сертификаттардың тізімін жүргізеді.

  Аудиторлардың біліктілігін
арттыру, аудиторлардың
біліктілігін арттыру
курстарынан өткені туралы
сертификатты алу тәртібі және
нысаны қағидаларына қосымша
нысаны

Аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 25.08.2023 № 897 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________берілді

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      ол 20____ жылғы "___" ____________ бастап "___" ___________ қоса алғанда

      ____________________________________________________________________

      (кәсіби ұйымның және (немесе) аудиторлардың біліктілігін арттыру

      жөніндегі қызметтерді көрсету үшін өзі айқындаған ұйымның атауы)

      жалпы көлемі ___________________________________________________ сағат

      _______________________________________________________________курсы

      бойынша біліктілігін арттырудан өтті

      __________________________________________________________________________

      (Кәсіби ұйым және (немесе) аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді

      көрсету үшін өзі айқындаған ұйым басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған

      жағдайда), қолы)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Берілген күні 20___ жылғы "___" ____________