Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесін бекіту

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі N 278 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 10 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4337

      «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.09 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен заңнамада белгіленген жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2006 жылғы 31 шілдедегі
N 278 бұйрығымен  
бекітілген     

  Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан
өткені туралы сертификаттар беру ережесі

      1.  Осы Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның (бұдан әрі - кәсіби ұйым) аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар (бұдан әрі - сертификат) беру тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.09 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      2. Кәсіби ұйымның мүшелері болып табылатын аудиторлар үш жылда бір реттен жиі емес аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өтеді.

      3. Кәсіби ұйымда аудиторлардың біліктілігін тұрақты арттырудың мақсаты аудиторлар меңгерген кәсіби білімдер мен дағдыларды тереңдету, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ аудит жөнінде ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.09 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      4. Аудиторлардың біліктілігін арттыру кәсіби ұйымның басшысы бекіткен біліктілікті арттырудың жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі, ол кәсіби ұйымның ресми сайтында орналастырылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.09 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  2. Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан
өткені туралы сертификаттар беру

      5. Сертификат беру үшін кәсіби ұйым:
      өзінің мүшелерін халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына, сондай-ақ аудиторлық қызмет саласындағы заңнаманың өзгерістері мәселелері бойынша оқытады;
      тыңдаушыларды тиісті оқу материалдарымен қамтамасыз етеді;
      қазіргі заманғы оқу-материалдық база құрады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.09 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      6. Біліктіліктілігін арттырудан табысты өткен аудиторларға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат беріледі.

      7. Сертификаттар конференциялар, конгрестер, съездер мен өзге ұқсас іс-шаралар барысында берілмейді.

      8. Кәсіби ұйым берілген сертификаттардың тізілімін жүргізеді.

                                          Аудиторлардың біліктілігін
                                            арттыру курсынан өткені
                                           туралы сертификаттар беру
                                              ережесіне 1-қосымша

                              Сертификат
___________________________________________________________ берілді
                              (аты-жөні)
ол 20__ жылғы "___" _______ бастап "___" ________ қоса алғанда
____________________________________________________________________
                        (кәсіби ұйымның атауы) 
жалпы көлемі ____________________________ сағат
_______________________________________________________________курсы
бойынша біліктілігін арттырудан өтті
____________________________________________________________________
                   (Кәсіби ұйым басшының аты-жөні, қолы)

Мөр орны
Берілген күні 20___ жылғы "___" ____________